Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Статикалық жадының ТТЛ-базисіндегі сақтау элементі. Сұлбасы және ақпаратты сақтау, оқу және жазу режимдердегі жұмысы.



25. Статикалық жадының ТТЛ-базисіндегі сақтау элементі. Сұлбасы және ақпаратты сақтау, оқу және жазу режимдердегі жұмысы.

 Статикалық жады SRAM - (Static Random Access Memory) динамикалық (DRAM) жадыға қарағанда статикалық режимде (яғни оған қатынас құру орындалмаған кезде) қорек көзіне қосылған жағдайда ақпаратты қажетті уақытқа дейін ұзақ түрде сақтай алады. Еркін түрде таңдайтын статикалық жадының жады элементтері ретінде қарапайым статикалық триггерлер қолданылады. Бұл элементтер динамикалық жадының жады элементтерімен салыстырғанда айтарлықтай күрделі және кристаллда көп орын алады, бірақ олар басқаруда қарапайым және регенерация процесін талап етпейді.

Биполярлы ТТЛ-, ЭБЛ- және И2Л сұлбаларынан жасалынған жады элементтерінің жылдамдығы өте жоғыры, бірақ бағасы қымбат. nМОЖ- және КМОЖ сұлбаларынан жасалынған жады элементтері экономикалық тұрғыдан тиімді болып келеді, олар аз қуатты батареялармен қоректену кезінде ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Жоғары тығыздықпен орналасуы, қорек көзін көп тұтынуы және ақпаратты сақтау бағасының жоғарлығы сттикалық жадыларды дербес компьютерлердің негізгі жадысы ретінде қолдануға мүмкіндік бермейді.

 

11.1-сурет. Биполярлы транзисторлар  (ТТЛ-технологиялар) негізіндегі статикалық жадының сақтау элементінің құрылымы

 

11.1-ші суретте ТТЛ-технологияны қолданатын сақтау элементінің принципиальді электрлі сұлбасы келтірілген, ол 3 D типті матрицалық ұйымдастырылған статикалық сақтау құрылғыларында қолдануға арналған.

26. Статикалық жадының nМДП-транзисторлар негізіндегі сақтау элементі. Сұлбасы және ақпаратты сақтау, оқу және жазу режимдердегі жұмысы.

 11.2-ші суретте бірретік таңдауы болатын 2 D типті статикалық сақтау құрылғысының сақтау элементінің ең кеңінен таралған сұлбасы келтірілген. Сақтау режімінде қолданылатын қуатты біршама азайту мақсатымен комплементарлы МОЖ (КМОЖ)-құрылымдардағы сақтау элементтерінің сұлбасы кеінен таралған (11.3-сурет).

Кеш-жады жылдамдығы салыстырмалы түрде баяу құрылғылар жұмысын (мысалы, динамикалық жады) жылдамдығы жоғары құрылғылар жұмысымен (мысалы, процессор) келістіру үшін арналған. Кеш-жадыны қолдану жұмыс барысында бүкіл жүйенің өнімділігін төмендететін күту циклдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен кеш-жады ең алдымен процессор жағынан қатынас құрылуы мүмкін негізгі жадының жиі қолданылатын ақпарат блоктарының көшірмесін сақтауға арналған.

 

 

11.2-сурет. nМОП-транзисторларда жасалынған статикалық жадының сақтау элементінің сұлбасы

 

Негізгі жадымен салыстырғанда кеш-жадының жылдамдығы жоғары, өйткені ол табиғаты бойынша статикалық жадыға жатады және триггерлі сұлбалардан жасалынады. Сондықтан кеш-жадының сыйымдылығы кішкентай, оларда деректер және катологтар (cache-directory) блоктарының шектелген саны ғана сақталады. Сонымен жүйелік тақтаның динамикалық жадының тек бір бөлігі ғана кештелінеді, мысалы Pentium үшін DRAM негізгі жадысының бірінші 64 Мбайт бөлігі ғана кештелінеді. Кеш-жадының сыйымдылығы ондағы қатарлар санымен анықталады, мұнда өлшемдері көрсетілген деректер блогы бейнеленеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.