|
|||
Логикалық теңдеулер бойынша триггерлердің типтері, олардың ақикат кестелері және шартты белгілері.9. 1 стробтаушы, 2 мекендік және 4 ақпараттық кірістері және 1 ақпараттық шығысы бар мультиплексордың функционалды сұлбасы, тағайындалуы, логикалық теңдеуі және жұмыс істеу принципі.
Мультиплексор деп бірнеше кіріс араларынан бір шығысқа келіп түсетін ақпаратты тасымалдауды басқаруға арналған комбинациялық құрылғы. Мультиплексорда ақпараттық кіріспен қатар, адрестік (басқарушы) және мультиплексор жұмысына рұқсат беруші стробтаушы кірістері болады. Адрестік кірістердегі сигналдар дәл қазіргі кезде қандай кіріс шығысқа жалғанғанын білдіреді. Әдетте m – ақпараттық кірі саны мен n – адрестік кірістері арасында m=2n қатынасы орнатылған. Құрамында 1 стробтаушы, 2 адрестік және 4 ақпараттық кірісі бар мультиплексор жұмысы келесі логикалық теңдеумен баяндалады: (5.2)
мұнда Е - стробтау кірісіндегі сигнал, оның активті деңгейі мультиплексор жұмысына рұқсат береді. Егер жұмыс істеуге рұқсат беруші Е стробтаушы кіріске логикалық 1 сигналы (Е=1) берілсе, онда xi ақпараттық және aj адрестік сигналдардың мәніне (i = 0, 1, 2, 3 және j = 0, 1) қарамастан мультиплексордың шығыс сигналы нөлге тең болады. (2) логикалық теңдеуге сәйкес келетін мультиплексордың сұлбасы және оның шартты графикалық белгіленуі 5.3-суретте көрсетілген. 5.3-суреттегі сұлбада екі кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтері кірісіне адрестік сигналдар берілетін дешифратордың шығыс сигналдарымен басқарылады.
а) б)
5.3-сурет. Мультиплексор сұлбасы (а) және шартты графикалық белгіленуі (б)
Сонымен, дешифратор көмегімен төрт екі кірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтердің біреуі таңдалынады. Мультиплексор жылдамдығы дешифратордағы ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтеріндегі сигналдарды үлестірудің кідіріс қосындысымен анықталады. Мультиплексорлар MUX (ағылшынның multiplexor деген сөзінен шыққан) немесе MS (multiplexor selector) белгілерімен белгіленеді. Жұмысқа рұқсат беруші Е кірісі мультиплексордың функционалды мүмкіндіктерін кеңейту үшін де қолданылады. Мультиплексор универсалды құрылғы болып табылады, оның негізінде түрлі комбинациялық және тізбекті сұлбалар жасалынады. Мультиплексорлар параллельді коданы тізбекті кодаға түрлендіруге арналған сигналдардың коммутатор-селекторы ретінде жиі қоданылады. 10. 1 стробтаушы, 2 мекендік және 1 ақпараттық кірістері және 4 ақпараттық шығыстары бар демультиплексордың функционалды сұлбасы, тағайындалуы, логикалық теңдеуі және жұмыс істеу принципі.
Демультиплексордеректерді адрестік кірістердегі сигналдарға байланысты бір ақпараттық кірістен бірнеше шығыстардың біреуіне тасымалдауды басқаруға арналаған комбинациялы логикалық құрылғы. Сонымен, демультиплексор мультиплексор жұмысына қарама қарсы функцияны орындайды және жалпы жағдайда бір ақпараттық кірісі, n адрестік кірісі және m ақпараттық шығыстары болады. Әдетте, демультиплексорда да мультиплексордағыдай m=2n қатынасы орнатылған. Мұндай жағдайда демультиплексор толық деп аталады, ал m<2n жағдайында толық емес демультиплексор деп аталады. 2 адрестік кірісі, 1 ақпараттық кірісі, стробтау кірісі және 4 ақпараттық шығысы бар демультиплексор жұмысы келесі логикалық теңдеулермен баяндалады: (5.3)
(5.3) теңдеуге сәйкес ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінен жасалған демультиплексор сұлбасы мен шартты графикалық белгіленуі 5.4-суретте көрестілген. Демультиплексор DMS немесе DMX әріптері арқылы белгіленеді. 5.4-суретте көрсетілген демультиплексор сұлбасында ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерін басқару үшін 2 кірісі бар дешифратор қолдануға болады.
а) б)
5.4-сурет. Демультиплексор сұлбасы (а) және оның шартты графикалық белгіленуі (б)
Демультиплекор шығыстары санын өсіру үшін мультиплексор кірістері санын өсірудегі әдіс қолданылады. Демультиплексорлар тізбекті коданы параллельді кодаға түрлендіру үшін қолданылады. Демультиплексордың ақпараттық кірі-сіне стробтаушы сигнал берсе, ол дешифратор режимінде жұмыс істей алады.
11. Бірразрядты толық қосындылағыш. Ақиқат кестесі, ЖӘНЕ-ЕМЕС базисіндегі S(сумма) - функциясы үшін логикалық теңдеуі және жұмыс принципі.
12. Бірразрядты толық қосындылағыш. Ақиқат кестесі, ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисіндегі S(сумма) - функциясы үшін логикалық теңдеуі және жұмыс принципі.11 сурак ішінде 13. Логикалық теңдеулер бойынша триггерлердің типтері, олардың ақикат кестелері және шартты белгілері.
|
|||
|