|
|||
ш кіріс айнымылысы бар толық дешифратор. Логикалық теңдеулері және оның жұмысын түсіндіретін ақиқаттық кестесі.8. Үш кіріс айнымылысы бар толық дешифратор. Логикалық теңдеулері және оның жұмысын түсіндіретін ақиқаттық кестесі.
Дешифратор немесе декодер дегеніміз кірістегі n-разрядты екілік коданы шығысында ондық санға түрлендіретін комбинациялы типті функционалды түйін. Дешифратордың әрбір шығыс функциясы кіріс сигналдарының мүмкін болатын m комбинацияларының біріне сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, кіріс сигналының әрбір нақты комбинациясы үшін оған сәйкес шығыс функциясы мысалы логикалық 1-ге сәйкес келетін белгілі бір мәнді қабылдайды, ал қалғандары логикалық 0 мәнін қабылдайды. Егер n дешифратор кірісі m санды шығыспен m=2n қатынасымен байланысқан болса, онда дешифратор толық дешифратор деп аталады. Мысалы, толық емес дешифратор деп 4 кірісі және 10 шығысы бар дешифраторды айтамыз, ол екілік коданы екілік-ондық кодаға түрлендіру үшін қолданылады. Дешифратор жұмысы шифратордың ақиқат кестесі сияқты кестемен баяндалады, мұнда тек кіріс және шығыс сигналдары орындары ауысқан. Сұлбатехникалық түрде дешифраторла ЖӘНЕ және ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінен жасалынады. Соңғы жағдай үшін дешифратор терістеуші шығысы бар дешифратор деп аталады. Сызықты деп аталатын ең қарапайым дешифратор сұлбасында әрбір шығыс функциясын іске асыру үшін жеке n-кірісті ЖӘНЕ және ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтері қолданылады. ЖӘНЕ (немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС) логикалық элементтерінің кірістеріне кіріс сигналының мәніне сейкес комбинация беріледі. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінен тұратын дешифратордың шартты графикалық белгіленуі 5.2-суретте көрсетілген. Әрбір ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементтерінің шығысында m шығыс функциясының біреуінің инверсиясы орындалады. Және бұл жағдайда оның шығысында қозған кірістердің ең үлкенінің номеріне сәйкес екілік кодадағы сан бейнеленеді. Приоритетті шифраторлар одан да күрделі операцияларды орындауға арналған, мысалы, келген сұраныстарға бірінші кезекті қызмет көрсету құқығын таңдап беру. Кеңінен қолданысқа ие болған дешифратордың сызықты сұлбасының логикалық элементтер саны минималды және каскадты (пирамидалы және ткібұрышты) дешифраторларға қарағанда жылдамдығы жоғары.
5.2-cурет. Дешифратордың шартты графикалық белгіленуі.
Сызықты дешифратор жылдамдығы бір ғана логикалық элементтің қайта қосылу уақытымен анықталады. Дешифратор түрлі комбинациялық сұлбаларда, мысалы, мультиплексорда, демультиплексорда, кода түрлендіргіштерінде қолданылады және жады құрылғыларында дешифратор көмегімен ақпарат жазылатын немесе оқылатын ұяшықтар таңдалынады. «2n түрден 1» типті дешифратормен қатар, кодалар мен сандарды қандай да бір қажетті формаға түрленіретін арнайы дешифраторларда қолданылады.
|
|||
|