Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





nМДЖ-транзисторлар негізіндегі НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық элемент. Схемасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.



5. nМДЖ-транзисторлар негізіндегі НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық элемент. Схемасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.

НЕМЕСЕ – ЕМЕС сұлбасында (4.1, б-сурет) Т1 және Т2 транзисторлар бір-бірімен параллель қосылынған, сондықтан егер оның тек бір ғана кірісіне логикалық 1-ге сәйкес сигнал берсек, онда схеманың шығысында логикалық 0-ге сәйкес сигнал құрастырылынады. НЕМЕСЕ – ЕМЕС сұлбасының кірістерінің жалпы саны 10-ға тең (mили = 10).

НЕМЕСЕ – ЕМЕС сұлбасы кірістерінің бірігу коэффициентінің mили мәні тек логикалық 1-ге сәйкес кернеу деңгейінің төмендеуіменен түсіндіріледі. Логикалық 1-ге сәйкес кернеу деңгейінің төмендеуі кіріс транзисторлардың сток – исток тізбектеріндегі ағатын токтарлар негізінде пайда болатын сұлбаның шығысындағы кернеудің төмендеуіменен түсіндіріледі. МОП транзисторлардың кіріс кедергілерінің жоғары болуынан және соған сәйкес транзисторлардың кіріс ағу тогының мәнінің аздығынан осы транзисторлар негізінде құрастырылынған цифрлы интегралды сұлбалардың жүктемелік коэффициенттері (n= 10–20) өте жоғары болады

 

                                      а)                                                  б)                                            

 НЕМЕСЕ-ЕМЕС (б) ЛЭ электрлі сұлбалары

6. КМДЖ құрылымы негізіндегі ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элемент. Сұлбасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.

 Комплементарлы МОЖ (КМОЖ) құрылымы өткізгіштік типі әртүрлі МОЖ транзисторлардан құрастырылынған терістегіш сұлбаға сәйкес(4.2, а-сурет).

 

         а)                              б)                                        в)                                                                                

4.2-сурет. КМОП элементтерінің сұлбалары: инвертордың (а), ЖӘНЕ-ЕМЕС (б)
                             және НЕМЕСЕ-ЕМЕС (в)

 

Өткізгіштігі n-типтес Т1 транзистордың негізгі электроды (подложкасы) нольдік потенциалға (жерге) қосылынған, ал өткізгіштігі p-типтес Т2 транзистордың подложкасы кернеуі оң мәнді қорек көзіне қосылынған. Т1 және Т2 транзисторлардың затворлары біріктірілінген, олар КМОЖ логикалық элементі сұлбасының кірісі болып есептелінеді. КМОЖ логикалық элементтер nМОП логикалық элементтерге қарағанда статикалық режимде қуатты өте аз пайдаланады (бірнеше және одан аз мкВТ), жылдамдығы жоғары, жүктемелік коэффициенті жоғары (n  15–20) және кернеу бөгеуілі жақсы (логикалық 1-ге және 0-ге сәйкес кернеу деңгейлерінің айырмашылығы жоғары болуы себепті). КМОП интегралды сұлбаларда қуат тек қана сұлба бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқан кезде, басқаша айтқанда тек динамикалық режимде ғана пайдаланылады. Бұл режимде шығыс тізбектегі ток жүктемелік паразитті сиымдылықты зарядтау үшін пайдаланылады.

Логикалық ЖӘНЕ – ЕМЕС функциясын орындау үшін төмендегі nМОЖ-транзисторларды тізбектеп, ал жоғарыдағы pМОП-транзисторларды параллель қосу керек. НЕМЕСЕ – ЕМЕС функциясын орындау үшін nМОЖ транзисторларды параллель, ал pМОЖ- транзисторларды тізбектеп қосу керек. Сонымен қатар КМОЖ структурасын құрайтын nМОЖ және pМОЖ транзисторлардың затворлары бір-бірімен бірігеді және КМОЖ элементтің кірісі болып есептелінеді. Әлбетте КМОЖ логикалық элементтердің кірістерінің бірігу коэффициенті 4-тен жоғары емес(m  4). ЖӘНЕ – ЕМЕС және НЕМЕСЕ – ЕМЕС функцияларын орындайтын КМОЖ сұлбаларда сол функцияларды орындайтын nМОЖ сұлбаларға қарағанда транзисторлардың саны көп. Ол олардың кемшілігі болып есептелінеді.

Бірақ та аса төмен тұтыну қуат және жоғарғы тез әрекетті КМОЖ элементтері аса үлкен интегралды сұлбаларды өңдегенде қолданылады.

 

7. КМДЖ құрылымы негізіндегі НЕМЕСЕ-ЕМЕС логикалық элемент. Сұлбасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.жауабы 6 сұрақта



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.