Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Электроника және схематехника курсы бойынша емтихандық сұрақтар тізімі



Электроника және схематехника курсы бойынша емтихандық сұрақтар тізімі

1. К531 сериялы ТТЛ ИС-ң базалық элементі. Сұлбасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.

2. Үш күйлі ТТЛ-сұлбаның жұмыс істеу принципі.

Оның күйлерін басқару үшін D2 диоды мен басқарушы Б деп аталатын КЭТ кірістерінің біреуі пайдаланады. Егер басқарушы Б кірісіне логикалық 1 (жоғарыдеңгейлі оң мәнді)кернеуін берсек, онда оған сәйкес КЭТ-ң Б-Э өтуі мен D2 диоды жабық болады және элемент кәдімгіше жұмыс істеп, логикалықЖӘНЕ-ЕМЕСфункциясын орындайды. Егер Б кірісіне логикалық 0 (төменгі деңгейлі) кернеуін берсек, онда сұлбадағы Т1, Т2 және Т3 транзисторлар жабылып, элемент үшінші күйге ауысады. ТТЛ ИС-ң қолданылуымен байланысты олардың тағы бір ерекшелігін айта кеткен жөн. Егер элементтің кейбір кірістері қолданылмаса, яғни оларға логикалық 1 немесе логикалық 0 сигналдары берілмесе, онда оларды бос қалдырмай, логикалық 1 кернеу деңгейіне (немесе кедергісі 1кОм қосымша кедергі арқылы қорек көзіне) қосу керек. Әдетте бір резистор ТТЛ элементтерінің 20 пайдаланылмаған кірістерін қосу үшін қолданылады.

  

3. К500 сериялы ЭБЛ ИС-ң базалық элементі. Сұлбасы, теріс логикадағы орындайтын функциялары және жұмыс істеу принципі.

4. nМДЖ-транзисторлар негізіндегі ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элемент. Сұлбасы, оң логикадағы орындайтын функциясы және жұмыс істеу принципі.

 

                                      а)                                                  б)                                                

 

4.1-сурет. nМОЖ транзисторында ЖӘНЕ-ЕМЕС (а)

Төменде ЖӘНЕ - ЕМЕС және НЕМЕСЕ - ЕМЕС функцияларын орындайтын екі кірісті логикалық элементтердің электрлік сұлбалары көрсетілінген (4.1-сурет). Бұл сұлбаларда стоктік қорек көзі есебінде оң мәнді кернеу пайдаланылады. Логикалық 1 сигналына кернеудің жоғарғы деңгейі сәйкес, ал логикалық 0 сигналына оң мәнді кернеудің төменгі деңгейі сәйкес. Екі сұлбада да үш транзистордан пайдаланылады. Т0 транзистор стоктік жүктеменің функциясын атқарады, ал Т1 және Т2 транзисторлар логикалық функцияларды орындау үшін пайдаланылады. Олар ашылу және жабылу ауысу режимдерінде жұмыс жасайды. nМОЖ –транзисторлар негізінде құрастырылынған ЖӘНЕ –ЕМЕС функциясын орындайтын логикалық элементтің сұлбасында (4.1, а-сурет) ауысу режимінде жұмыс жасайтын Т1 және Т2 транзисторлар бір-бірімен тізбектеліп қосылынған. Сол себепті сұлбаның шығысында төменгі деңгейлі кернеуді алу үшін Т1 және Т2

транзисторлардың затворларына жоғарғы деңгейлі логикалық 1 сигналына сәйкес кернеулерді беру керек. Соныменен, ЖӘНЕ – ЕМЕС элементтің екі кірістерінде де логикалық 1-ге сәйкес сигналдар болғанда оның шығысында логикалық 0-ге сәйкес сигнал болады. ЖӘНЕ – ЕМЕС логикалық элементтің кірістерінің (ауысу режимінде жұмыс жасайтын кіріс транзисторлардың) санының жоғарғы мәні 4-ке тең (mи = 4). ЖӘНЕ – ЕМЕС логикалық элемент сұлбасында кіріс транзисторлардың санын арттырған кезде сұлбаның топологиясы қиындалынады, сұлбаның тығыздылығы азаяды және оның кернеу бөгеуіліне тұрақтылығы төмендейді (логикалық 0 сигналына сйкес кернеудің артуына байланысты).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.