Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





 3. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы 



 3. Ресейдегі 1917 жылғ ы Ақ пан буржуазиялық -демократиялық революциясы 

         жә не оның Қ азақ стандағ ы қ оғ амдық -саяси ө мірге ә сері

 

Ресей империясының барлық саяси жү йесіне тә н дағ дарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғ ы Ақ пан революциясының нә тижесінде патша ү кіметі қ ұ латылды. Ол Ресей халық тарының, оның алдың ғ ы қ атарлы кү штерінің патша билігіне, крепостниктік қ ұ рылысқ а жә не отарлық езгіге қ арсы кө п жылдық кү ресінің жең ісімен аяқ талды.

1917 жылы 28 ақ панда М. В. Родзянконың басшылығ ымен Мемлекеттік Думаның комитеті қ ұ рылып, мемлекеттік жә не қ оғ амдық тә ртіпті қ алпына келтіруді ө з қ олына алғ анын мә лімдеді. 2 наурыз кү ні Мемлекеттік Думаның Уақ ытша комитеті мен Петроград Кең есінің арасындағ ы келісім бойынша Уақ ытша ү кімет қ ұ рылды. Жаң а қ ұ рылғ ан ү кіметтің қ ұ рамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы кү ні жарияланды. Онда: “Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақ ытша комитеті мү шелері астана жұ ртшылығ ы мен ә скердің қ олдауы, ниеттестігі арқ асында қ азіргі уақ ытта ескі режимнің қ ара кү штеріне қ арағ анда анағ ұ рым табысқ а жетіп отыр. Қ алыптасқ ан жағ дай атқ ару ө кіметін қ ұ руғ а мү мкіндіктер туғ ызды. Осы мақ сатта Мемлекеттік Думаның Уақ ытша комитеті бұ рынғ ы қ оғ амдық -саяси қ ызметімен кө зге тү скен ө кілдерден қ ұ рылғ ан алғ ашқ ы кабинеттің министрлерін тағ айындады”, - деп князь Г. Е. Львов басқ аратын кабинеттің министрлері кө рсетілді. Бұ л кабинет ө з қ ызметінде: 1) саяси, діни, қ арулы кө теріліс жә не т. б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сө з жә не баспасө з бостандығ ын жария етуді; 3) ұ лттық, діни жә не сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқ ару формасын, конституциясын айқ ындайтын жалпығ а бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқ ылы сайланатын Қ ұ рылтай жиналысына тоқ таусыз дайындық жү ргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті ө зін-ө зі басқ ару органдарына бағ ындыруды жә не т. б. демократиялық негіздерді басшылық қ а алатынын мә лімдеді.

Патшалық билікті қ ұ латқ ан Ақ пан революциясын қ азақ қ оғ амы зор қ уанышпен қ арсы алды. “Қ азақ ” газеті 9 наурыздағ ы санында: " …Киіз туырлық ты қ азақ тың оң жағ ынан ай, сол жағ ынан кү н туды, жақ сылық, қ уаныш тек қ ана орыстікі емес, отаны Руссия болғ ан жұ рттың бә ріне тегіс жақ сылық, бә ріне тегіс қ уаныш" - деп жар салды. Ақ пан революциясы қ алың бұ қ араның саяси қ ұ қ ық тарын кең інен пайдалануына мү мкіндік жасады, олардың саяси кү реске ашық араласуын қ амтамасыз етті. Елдегі қ оғ амдық ө мірде саяси партиялардың ролі орасан ө сті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұ ртшылық сө з жә не жиналыс бостандығ ын кең інен пайдаланды.

Уақ ытша ү кіметтің ұ лттық мә селе бойынша қ абылдағ ан алғ ашқ ы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының қ ұ қ ындағ ы діни наным-сеніміне, ұ лтына қ арай шектеушілікті алып тастауы болды. Кө ктен іздегендері жерден табылғ андай болғ ан халық Уақ ытша ү кіметке барынша қ олдау кө рсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның тү пкір-тү пкірінен қ ұ ттық тау жеделхаттар жө нелте бастады. Қ ызылжар қ аласы мен уезінің мұ сылмандары қ алалық мешітте жұ ма-намаз кү ні бү кіл халық қ а шаттық ә келген Уақ ытша ү кімет мү шелеріне ұ зақ ө мір беріп, бақ ытты етуін Алладан ө тініп, жаң а ү кіметке адал қ ызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нә сілдік кемсітушілік жойылды деп, ұ лттар тең дігін қ ағ аз жү зінде болса да жария еткен бұ л акт бұ рынғ ы бұ ратана атанғ ан езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қ азақ халқ ының Ақ пан тө ң керісін зор қ уанышпен қ арсы алуының мә ні де осында болатын.

Ақ пан тө ң керісінің қ азақ тар ү шін қ аншалық ты маң ызды болғ анын А. Байтұ рсынов: “Алғ ашқ ы революцияны қ азақ тар тура тү сініп, қ уанышпен қ арсы алса, ол, біріншіден, бұ л революцияның оларды патша ө кіметінің қ анауы мен зорлығ ынан қ ұ тқ аруында жә не, екіншіден, оларды ө зімізді басқ арсақ деген ескі ү мітінің нығ ая тү скенінде еді”, - деп тү сіндіреді. Халық тың Уақ ытша ү кіметке барынша қ олдау кө рсетуіне оның 1916 жылғ ы 25 маусым жарлығ ының кү шін жойып, енді бұ ратаналарды қ ара жұ мысқ а алуды тоқ татуын, ал 7 наурызда 1916 жылғ ы кө теріліске қ атысушыларғ а амнистия жариялау сияқ ты шаралары да ық пал етті. Бұ л жө нінде М. Дулатов: “Сары ә скер” қ арсылық қ ылғ ан елдерге лек-легімен аттанып, қ азақ -қ ырғ ыз даласын қ ызыл қ анғ а бояуғ а кірісіп еді. Он айғ а жетпей патша ө кіметі қ ұ ламаса, Ресейдегі ұ лы тө ң керіс болмаса, не болар еді”, - деп жазды.

Самодержавияның қ ұ латылғ аны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен тү рлі ә леуметтік топтардың, саяси партиялардың ө кілдері жоғ арыдан нұ сқ ау кү тпей-ақ, ө здерінің қ оғ амдық ұ йымдары арқ ылы жергілікті басқ ару органдарын қ ұ руды қ олғ а ала бастайды. Қ оғ амдық негіздегі қ ұ рылғ ан мұ ндай жергілікті басқ ару органдары: азаматтық атқ ару комитеті, біріккен қ оғ амдық қ ұ рама (коалициялық ) атқ ару комитеті деген сияқ ты атауларғ а ие болды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қ азақ станда да қ оғ амдық негіздегі атқ ару комитеттері қ ұ рыла бастады. Мә селен, 3 наурызда Кө кшетауда, 4 наурызда Қ ызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қ оғ амдық ұ йымдардың атқ ару комитеттері қ ұ рылды. Бұ л ұ йымдарғ а тү рлі ә леуметтік топтар мен саяси партиялар мү шелікке ұ мтылды. Бұ л халық тың демократиялық басқ ару дә стү ріне қ ұ лшына араласқ анын аң ғ артады.

Мемлекеттік Думаның Уақ ытша комитеті мен Уақ ытша ү кімет билік орындарын қ ұ ру туралы 5 наурызда арнайы қ аулы жариялады. Осығ ан байланысты жергілікті басқ аруда, ел ө мірін жаң а мазмұ нда ұ йымдастыруда ө згерістер бола бастайды. Наурыз жә не сә уір айлары ішінде ескі ә скери губернаторлық, уездік, болыстық жә не ауылнайлық басқ ару жү йелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақ ытша ү кіметтің облыстық жә не уездік комиссарлық басқ ару жү йесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық жә не ауылдық дең гейде азаматтық комитеттер жә не олардың атқ ару орындары қ алыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұ ларғ а қ осымша облыстық азық -тү лік комитеті, жер комитеті жә не басқ а осы сияқ ты басқ ару орындары қ ұ рылады.

Батыс майдан штабы жанынан земскі жә не қ алалық одақ тардың бұ ратана бө лімін басқ арып жү рген Ә. Бө кейханов 20 наурыз кү ні Торғ ай облыстық комиссары қ ызметіне тағ айындалды. Қ азақ елі патшалық Ресей қ ұ рамына енгеннен бергі уақ ытта оның бірде-бір ө кілінің империяның ә кімшілік жү йесінде губерниялық, облыстық дең гейді қ ойғ анда, тіпті уезд бастығ ы дә режесінде қ ызмет жасамағ андығ ы мә лім. Империяның басқ ару жү йесінде қ азақ тар болыстық атқ арудан жоғ арғ ы қ ызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұ л тұ рғ ыдан Ә. Бө кейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақ ытша ү кімет жағ дайында облыстық басшылық қ а келген бірінші қ азақ болатын.

1917 жылы наурыз айы ішінде Орал облыстық комиссары болып Бизянов бекітілді. Ақ мола мен Семей облыстары қ арайтын Дала ө лкелік комиссарлығ ына мемлекеттік кең ес мү шесі И. Лаптев жіберілді.

1917 жылы сә уірде Уақ ытша ү кіметтің қ аулысы бойынша Тү ркістан ө лкесінде нақ ты тә ртіп орнатып, кү нделікті туындап отыратын мә селелерді сол жерде шешіп, ө лкені басқ ару ү шін Тү ркістан уақ ытша комитеті қ ұ рылды. Оның қ ұ рамына Мемлекеттік Дума мү шесі Н. Н. Щепкин, бірінші Дума мү шесі Ә. Бө кейханов, екінші Дума мү шесі М. Тынышпаев, ү шінші Дума мү шелері С. Мақ судов, В. С. Елпатовский, А. А. Липовский, П. И. Преображенский, О. А. Шкапский жә не генерал-майор А. Дә улетшин енді. Комитеттің тө рағ асы болып Н. Н. Щепкин тағ айындалды. Самарқ ан, Ферғ ана, Сырдария, Жетісу, Закаспий облыстарында жә не Хиуа мен Бұ қ ара хандық тарындағ ы орыс поселкелеріне Тү ркістан комитеті Уақ ытша ү кімет атынан билік жү ргізуге ө кілетті болды.

Ә. Бө кейханов Тү ркістан комитеті қ ұ рамына енгенімен, Торғ ай облыстық комиссары ретінде орны босап, оның қ ызметіне ат салыса алмады. Торғ ай облыстық комиссары Ә. Бө кейханов ө з қ ызметінде жергілікті жердің салт-дә стү рін, ерекшеліктерін білетін азаматтарды, ә сіресе, қ азақ тың зиялы азаматтарын мемлекеттік басқ ару орындарына тағ айындауды басшылық қ а алды. Оның ұ сынуы бойынша, Қ останай уездік комиссары болып бірінші жә не екінші мемлекеттік Думалардың мү шесі Ахмет Бірімжанов, Торғ ай уездік комиссары болып Ғ ұ мыр Алмасов, Ырғ ыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мү шесі Ғ абдолла Теміров бекітілді.

Қ азақ облыстарында болыстық комитеттердің қ ұ рылуы барысында да баяғ ыша болыстық қ а таласқ андай таласып, ескі ә детке салғ ан жағ дайлар да кездесіп тұ рды. Ол жө нінде “Қ азақ ” газетінде: “Кө кшетау уезі Айыртау болысы сайлауында зор талас болды. Председательдікке сайланғ ан Ысқ ақ Баймұ рат баласы қ онақ асына кө п қ ой, бір ту бие сойып, 3 мың сом ақ ша шығ арып, ү лкен партия жасап барып сайланып шық ты. Махмұ д тө ре Уә лиханов сайлауды бұ зуғ а жол іздеп Кө кшетауғ а келді” - делінген.

1917 жылы сә уір айында ө ткен Торғ ай облыстық қ азақ съезінің шешіміне сә йкес болыстық, ауылдық -азаматтық комитеттер ұ йымдастыру ү шін Ақ тө бе уезіне 9 адамнан, Ырғ ыз уезіне 9 адамнан, Қ останай уезіне 12 адамнан, Торғ ай уезіне 6 адамнан тұ ратын комиссиялар қ ұ рылды. Бұ л комиссиялар болыстық комитеттерді ұ йымдастыруғ а жан-жақ ты кө мек кө рсетіп, сайлаудың дұ рыс ө туін бақ ылауғ а алды. Ақ тө бе уезіне С. Досжанов, И. Ермұ ратов, Ж. Кенжебаев, Е. Ө темісов жә не т. б. қ ұ ралғ ан комиссия келіп 3 маусымғ а дейін 14 болыста болыстық комитет, 3 ауылдық комитеттің қ ұ рылуының басы-қ асында болды.

1917 жылғ ы Ақ пан революциясынан кейін Қ азақ станның қ оғ амдық -саяси ө мірінде белсенділіктің айтарлық тай арта тү суіне облыстық, уездік қ азақ комитеттері ү лкен ә сер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (тө рағ асы - Ә лібеков); 11-наурызында - Семейде (тө рағ асы - Р. Мә рсеков); Омбыда (тө рағ асы - Е. Итбаев); наурыздың аяғ ында - Верныйда (тө рағ асы - И. Жайнақ ов) қ ұ рылғ ан жә не т. б. облыстың қ азақ комитеттері " Қ азақ " газетінің кө мегімен бірден-ақ қ азақ тардың облыстық съездерін дайындауғ а кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қ оғ амдық жә не басқ а комитеттермен де, Уақ ытша ү кіметтің органдарымен де ынтымақ тастық жасады. Мысалы, Ә. Бө кейханов - Торғ ай облысы бойынша, М. Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А. Шкапскиймен бірге) Уақ ытша ү кіметтің комиссарлары болды. Ал, А. Байтұ рсынов, М. Шоқ аев, М. Дулатов, Ж. Досмұ хамедов, Х. Ғ аббасов, Ж. Ақ паев, А. Бірімжанов, Ә. Кенесарин, Р. Мә рсеков, тағ ы басқ а қ азақ зиялыларының ө кілдері Уақ ытша ү кіметтің жергілікті органдарында жұ мыс істеді. Осындай байырғ ы қ азақ халқ ының, ә сіресе, ұ лт зиялыларының саяси белсенділігі ө скен жағ дайда 1917 жылдың кө ктемінде: Торғ ай (Орынбор қ аласы, 2-8 сә уір, 300-ден астам делегат, тө рағ асы - А. Байтұ рсынов), Жетісу (Верный қ аласы, 12-13 сә уір, 81 делегат, тө рағ асы - И. Жайнақ ов), Орал (Орал қ аласы, 19-22 сә уір, 800-ден астам делегат, тө рағ асы - Ж. Досмұ хамедов), Ақ мола (Омбы қ аласы, 25 сә уір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, тө рағ асы - А. Тұ рлыбаев) қ азақ облыстық съездері ө ткізілді. Бұ л съездер ұ лт азаттығ ын, жер мә селесін, діни, мә дени, қ оғ амдық -саяси, ә леуметтік-экономикалық жә не басқ а да проблемаларды шешу жолындағ ы кү рестегі қ азақ қ оғ амының қ алың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұ мтылуымен қ атар, олардың осы мақ саттарғ а жетудегі тактикалық бағ ыттарын жасау жолында ө здерінің одақ тастары мен қ арсыластарын да ашық кө рсетуге тырысты. Облыстық съездердің ішінде Торғ ай съезі кө лемі мен қ абылданғ ан шешімдері бойынша айрық ша ерекшеленді. Съезд жұ мыстарына Ә. Бө кейханов, А. Байтұ рсынов, М. Дулатов, А. Қ алменов, М. Шоқ аев, М. Жұ мабаев жә не басқ а да сол кезең дегі жас қ азақ ойшылдары шешуші ық пал жасады. Соның арқ асында съезд шешімдерінде " Алаш" қ озғ алысының бағ дарламалық талаптары ө з кө рінісін тапты.

Сонымен қ атар, байырғ ы қ азақ жұ ртшылығ ының тү рлі топтарын біріктіріп, олардың аттарын анық тау мен шешу мақ сатында Торғ ай съезі Бү кіл қ азақ съезін шақ ыруғ а қ аулы қ абылдап, оны шақ ыру мен бағ дарламалық қ ұ жаттарын дайындау ү шін ұ йымдастыру бюросын сайлады. Оның қ ұ рамына Ә. Бө кейханов, М. Дулатов бастағ ан қ азақ ұ лт зиялыларының белгілі тобы енеді. Съезд осы жылы мамыр айында Мә скеуде ө ткізуге тиіс болғ ан Бү кілресейлік мұ сылмандар съезіне делегаттар сайлады.

1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұ сылмандар съезі болып ө тті. Съезде ұ лттық -территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұ лттық автономия қ ұ ру мә селелері қ аралды.

Қ азақ станда алғ ашқ ы Кең естер 1917 жылы наурызда пайда бола бастады. Жұ мысшы жә не солдаттарғ а қ арағ анда шаруа депутаттарының Кең есі кейінірек, яғ ни мамыр жә не маусым айларында қ ұ рыла бастады. Кең естердің кө пшілігін алғ ашқ ы кезде эсерлер мен меньшевиктердің ұ сақ буржуазиялық партиясы ө кілдері басқ арды. Бұ ғ ан большевиктердің ә лсіздігі мен аздығ ы, жергілікті жұ мысшылар ұ йымшылдығ ының жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі, Қ азақ станның ә леуметтік-экономикалық даму дә режесінің тө мендігі себеп болды. Кейбір мә ліметтерге қ арағ анда, 1917 жылдың наурыз-сә уір айларында Қ азақ станда 25-тен астам Кең естер, оның ішінде 8 жұ мысшы, 9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кең естері жұ мыс істеген. Ө зінің пайда болуынан бастап Қ азақ стан Кең естері, ә сіресе, жұ мысшы жә не шаруа депутаттарының Кең естері ө здерінің қ ұ рамы жө нінен кө пұ лтты болды. Кең естердің қ ұ рамына орыстар, қ азақ тар, украиндар, татарлар, ұ йғ ырлар, ө збектер жә не басқ а халық тардың ө кілдері енді. Солдат депутаттары Кең естеріне кө бінесе орыстар, украиндық тар, ішінара татарлар кірді.

Орталық Азияда жә не Қ азақ станның оң тү стігінде мұ сылман депутаттарының Кең естері қ ұ рылды. 1917 жылғ ы 16-21 сә уірде Ташкентте мұ сылман депутаттары Кең естерінің І ө лкелік (Тү ркістандық ) съезі ө тіп, ол Уақ ытша ү кіметті қ олдады жә не Ресейді басқ арудың ең жақ сы нысаны Тү ркістанғ а жә не басқ а да ұ лттық аймақ тарғ а кең кө лемде автономия берілетін жағ дайдағ ы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Қ ұ рылтай съезіне дайындалуғ а жә не «Шура-и Ислам» мұ сылмандар партиясының бағ дарламасын тануғ а шақ ырды.  

Осы жерде айтып кететін жағ дай 1917 жылы кө ктемде мұ сылмандар қ озғ алысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы қ ұ рылғ ан болатын. Ташкенттегі съезде (1917 ж. сә уір) қ алыптасқ ан «Шура-и Ислам» партиясының Шымкентте, Ә улиеатада, Перовскіде, Қ азалыда жә не басқ а қ алаларда жергілікті ұ йымдары болды, оларғ а мұ сылман дінінің православие дінімен тең қ ұ қ ық тылығ ы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқ у орындарының ашылуы, Мекеге қ ажылық қ а баруғ а рұ қ сат ету жә не басқ а да діни қ ұ қ ық тар мен бостандық тар ү шін кү рескен татар, ө збек, қ азақ діни қ айраткерлері мен қ атардағ ы мұ сылмандар кірді.  

Қ азақ стандағ ы қ ос ө кіметтің орталық аудандарғ а қ арағ анда ө зіндік ерекшеліктері болды, бұ л ө лкенің отар ретінде ә леуметтік-экономикалық жә не саяси даму дең гейіне, оның кө пұ лттығ ы мен халқ ының қ ұ рамы негізінен ұ сақ буржуазия ө кілдерінен шық қ андығ ына байланысты еді. Тап осындай жағ дай Тү ркістан ө лкесінде де орын алды. Мұ нда патша ө кіметі қ ұ лағ ан соң биліктің ү ш тү рі орнады: олар – Кең естер, Уақ ытша ү кіметтің атқ ару комитеттері жә не мұ сылмандар ұ йымы. Егер алғ ашқ ы екі билік сырт жағ ынан қ арағ анда жергілікті халық тың мү ддесіне онша жаны ашымай бұ рынғ ы саясатты жү ргізсе, ал ұ лттық зиялылар басқ арғ ан оның соң ғ ысы жергілікті тұ рғ ындарды алаң датқ ан мә селелерді шешуге тырысты.

Сонымен, Ақ пан революциясының жең ісінен кейін Қ азақ станда қ оғ амдық -саяси ө мірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, ә сіресе, олардың жергілікті ұ йымдары мен топтары ө з ә серін тигізді. 1917 жылдың кө ктемінде болып ө ткен облыстық қ азақ съездері болашақ партияның бағ дарламасын ә зірлеуге кө мектесіп, съездерге қ атынасқ ан делегаттар мен қ азақ комитеттерінің мү шелері " Алаш" партиясының ә леуметтік негізін қ ұ рады. Осылайша, 1905 жылдың ө зінде-ақ қ ұ руғ а ә рекет жасалғ ан " Алаш" партиясы іс жү зінде 1917 жылдың мамыр айында қ алыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқ санында жү зеге асқ ан еді.

Тарихта " Алаш" партиясының саяси ұ йым болып қ ұ рылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығ ында ө ткен бірінші Бү кілқ азақ съезі айқ ындап берді. Съезд жұ мысына сол кезде қ азақ даласының алты облысынан: Ақ мола, Семей, Торғ ай, Орал, Жетісу, Ферғ ана жә не Бө кей ордасынан делегаттар қ атысты. Съезде 14 мә селе кү н тә ртібіне қ ойылды: мемлекеттік басқ ару жү йесі; қ азақ облыстарының автономиялығ ы туралы; жер мә селесі; халық милициясын ұ йымдастыру; земство туралы, халық ағ арту ісі; сот ісі; дін мә селесі; ә йелдер мә селесі; қ азақ тар облыстарында Қ ұ рылтай жиналысына делегаттар сайлау; бү кілресейлік мұ сылман съезі туралы; қ азақ саяси партиясын қ ұ ру туралы жә не т. б. Осылардың ішінде ө зінің мазмұ ны мен саяси маң ызы жағ ынан ұ лттық автономия, жер мә селесі мен Қ ұ рылтай жиналысына дайындық мә селелері бірінші кезекте, ө те саяси пікірталас жағ дайында талқ ыланды. Мысалы, ұ лттық автономия туралы А. Байтұ рсынов пен М. Дулатов тә уелсіз автономиялық Қ азақ мемлекетін жақ тап сө йлесе, Ә. Бө кейханов қ азақ ұ лттық -территориялық автономияның Ресейдің қ ұ рамында болуын жақ тады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде қ ұ рылуына басты назар аударды. Бү л кө зқ арас кө пшілік делегаттардың қ олдауына ие болды. Сонымен съездің қ арарында: " Қ азақ облыстары территориялық -ұ лттық автономия қ ұ қ ығ ын алуы тиіс" деп жазылды. Сондай-ақ, жер мә селесі де қ ызу талқ ығ а салынды. Съезд Қ азақ станның барлық аймақ тары мен Бұ хара, Ферғ ана, Хиуадағ ы қ азақ тар қ ауымдастығ ынан Қ ұ рылтай жиналысына ұ сынылғ ан 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады. Олардың арасында " Қ азақ " газетінің жетекшілері, қ азақ ұ лттық -либералдық қ озғ алысының кө семдері Ә. Бө кейханов, А. Байтұ рсынов, аймақ тардан А. Ермеков, Х. Ғ аббасов, Ж. Х. Досмұ хамедовтар, М. Тынышбаев, М. Шоқ аев, С. Асфендияров болды.

Съезде қ аралғ ан барлық мә селелер талқ ыланып, шешімдер қ абылдану барысында қ азақ ұ лт зиялыларының ық палы басым болып отырды. Сайып келгенде, Орынборда ө ткен бірінші Бү кілқ азақ съезі " Алаш" қ азақ ұ лттық саяси партиясын шын мә нінде заң дастырды. Атқ ару комитеті негізінде партияның басқ арушы органы сайланды.

Сонымен, қ орыта айтқ анда, Кең естік дә уірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда ү кіметін буржуазиялық ұ лтшылдық қ озғ алысының кө рінісі деп бағ алап келді. Алайда, біздің жоғ арыда атап кө рсеткеніміздей, жалпы Алаш қ озғ алысы, соғ ан байланысты XX ғ асыр басындағ ы қ азақ ұ лт зиялыларының қ оғ амдық -саяси қ ызметінде " ұ лтшылдық тың ", " буржуазияшылдық тың " ешқ андай да белгісі болғ ан емес. " Алаш" қ азақ халқ ының нағ ыз ұ лттық демократиялық партиясы болды. Сондық тан, қ азіргі де, болашақ ұ рпақ тың да санасында оның ө мір сү рген уақ ыты қ азақ халқ ының ғ асырлар бойы армандағ ан ө зінің толық тә уелсіздігін қ алпына келтіру жолындағ ы кү ресінің ең маң ызды бір кезең і деп бағ алануы керек.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.