|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Зерттеу жүргізу әдістері2.2 Зерттеу жүргізу әдістері 2.2.1 Нысанадағы ату іздерінен органикалық элемент – дифиниламинді анықтау Бұл әдістің мақсаты, отты ауд қолданып ату жүргізген адамның қолынан дифиниламинді анықтау және ату қашықтығын анықтауға бағытталған. Ату қашықтығы дегеніміз—бұл отты қарудың ұңғысының ұшынан зақымдалған нысанға дейінгі қашықтық. Дәстүрлі әдістерде отты қарудан оқ ату нәтижесінің іздерін табу мен ату қашықытығын бағалау атомды-эмиссиялық спектроскопия көмегімен қорғасынның немесе сурьманың оқпен қалған зақымның айналасынан іздеп, табу арқылы жүргізілетін. Хроматографиялық әдіс бұл мақсатта бұрын соңды қолданылмаған. Осы мақсатта хроматты-масс-спектрометриялық әдісті қолдану арқылы бұл мәслені шешуге болатындығын байқау болды. Зерттеу Хроматэк-Кристалл-5000.1 хроматты-масс-спектрометр көмегімен жүргізілді. Бұл аппарат квдруполды масс-детектормен және кварцты капиллярмен жабдықталған. Тәжірибені жүргізуге дайындық қолдан атылатын қарулардын үлгілерді алудан басталды. Бұл қолдан алтылатын қаруларға—Марголин тапаншасы (мөл. 5,6мм), Стечкиннің автоматты тапаншасы (АПС), (мөл. 9мм) және Макаров тапаншасы (ПМ), (мөлш. 9мм) таңдап алынды.[10] Осы таңдап алынған қолдан атылатын отты қарулардан атылған оқтың ату қашықытығын анықтау үшін мақта-мата тоқыма өнімінің қиындыларын 20, 50 және 100 см. қашықтыққа орнаттық. Сонымен қатар, отты қарудан оқ ату үрдісін жүргізген адамның оң қолының артынан 1, 2 және 3 ату жүргізу нәтижелері бойынша, алдын ала ацетонда суланған мақта тампонның көмегімен сүрту арқылы, үлглерді алуды жүргіздік. Отты қарудан нысана бағытында оқ ату жүргізіп болған соң, нысанадан диаметрі 9 см. болатын шеңберлер қиып алынды және бұл қиып алынған шеңбердің ортасында оқпен пайда болған зақым ізі орналасқан. Қиып алынған қиындыны воронкада ацетонды тамшылату арқылы, шайдық. Алынған ацетонды шайындыны ерітндіні хроматты-масс-спектрометрде талдау жүргіздік. Отты қарудан ату жүргізген адамның қолынан алыған сүйкенді мақта тампоны ацентонда экстракцяиланып, алынған экстракция анализге қолданылды. Отты қарудан 20 және 50 см. қашықтықта орналасқан нысанаға тиген оқ ізін қарау шағылысқан жарық сәулесінде және 250х есе үлкейту арқылы микроскопта қарау жүргізгенде, нысананың бетінде ату іздерін бар екендігін байқадық және бұл ату іздері жандйа қалған порохтың бөлшектері сфера тәрізді формада шашыраған түрде байқалды. Нысананың денесіне ене орналасқан металл бөлшектері байқалды. Нысаналарды жуып тастағанда, сфера тәріздес порохтың бөлшектері жойылып кетті де, ал металл қалдықтарының қалғандығы байқалды. [11,12] Үлгілердегі дифиниламин іздерін анықтау градирлеуші графиктің көмегімен және ондағы шыңдардың бикітігі арқылы анықталды. Градирлеуші графикті дифиниламиннің ацетондағы ерітіндісі бойынша тұрғызылды және оның шоғыры 0 ден 100 нг/мл. аралығында анықталды. Бұл алынған нәтижелер 1 және 2 суреттерде көрсетілген. Сонымен бірге дифиниламинді анықтаудың шектіп шекаралары есептелді. Бұл септеулердің нәтижесі 4 кестеде көрсетілген.
SIM-режимінде TIC-режимінде
Сурет 1 – Адамның қолының тері қабатынан дифиниламинді анықтаудың градирлеу графигі (екі шоғырлы диапозонда: SIM-режимінде 0,1-15 нг/мл және TIC-режимінде).
1-график шыңдардың ауданы бойынша; 2-гарфик шыңдардың биіктігі бойынша. Сурет 2- Кедергідегі дифиниламинді анықтаудың градирлеу графигі (шоғыр диапазоны 1-100 нг/мл, TIC-режимінде). 1-график шыңдардың ауданы бойынша; 2-гарфик шыңдардың биіктігі бойынша.
Кесте 2 – Дефиниламиннің метрологиялық сипаттамасын хромат-масс-спектрометрия әдісімен анықтау
Нысанадағы және отты қарудан ату жүргізген адамының қолында дифиниламиннің болуы отты қарудан атылған оқтың саны мен ату қашықтығына байланысты мәліметі 3 кестеде және 3 суреттегі графикпен сипатталып көрсетілген.
Кесте 3 - Дифениламинді анықтау а (n=4, Р=0,95)
Хср – орташа мән; Sr – салыстырмалы стандартты ауытқу
Сурет 3 – Отты қарудан ату жүргізген адамының қолының тері қабатындағы және нысананың бетіндегі дифиниламиннің болуы
Алынған нәтижелер хроматты-масс-спектрометр әдісі отты қарудан атылған іздердің құрамындағы органикалық элементтерді, нақтырақ дифиниламинді анықтауда тиімді құрал болып табылады. Дифиниламиннің шоғырын оқтан зақымдалған нысананың, мысалы киімнің бетінен анықтауда келесі тұжырым жасауға негіз бар. Ол тұжырым ату қашықтығына және порохтың түріне қатысты болады. Порохқа қатысты—отты қаруда қоланығна оқ-дәрі түтінді немесе түтінсізпорохпен жарақтанғандығы туралы болады. Сонымен қатар, ұсынылған дифиниламинді ацетонмен бөлу әдісі оқпен зақымдалған нысандарды бейорганикалық элементтен (металл) тұратын бөлшектерді сақтауға және бұл зақымдалған матаны басқа да зерттеу түрілерінде қолдануға мүмкіндік береді. Дифниламиннің 169 а.е.м иондық массасына тән нәтижелер төмендегі кестеде келтірілген.[13,14] Жүргізілген тәжірибелік және практикалық зерттулерден кейін отты қаруды қолдану нәтижесінде нысандардан мыс, сурьма, барий, қорғасынды анықтауда қолданалған зерттеу әдістері кешенді түрде жүргізілді және ол бірнеше сатыдан тұрды. Бірінші сатыда—зерттеуге келіп түскен нысанға қарау жүргзі және суретке түсіруде тұрады. Екінші сатыда—зерттеуге жолданған отты қарудың ұнғысынан атуға қатысты іздерді зерттеу, оның ішінде ұңғыны майлауда қолданылған майлау затының, капсюль қуатынның құрамына енетін ыстардың және жанған және жанбай қалған порохтың бөлшектерін зерттеу. Үшінші сатыда— оқиға орнынан және сезікті тұлағадан алынған оқ-дәріні зерттеу. Бұл зерттеудің мақсаты зерттеу нысандарының топтық белгілерін анықтау және олардың тікелей қолданысқа (атуға) жарамдылығын анықтау және оқ-дәріні жарқату (зауытта әзірленген немесе қолдан жарақталған) тәсілдерін анықтаймыз. Төртінші сатыда— оқ-дәрінің құрадас бөліктеріне кешенді зеттеу жүргізу—оққа (бытыра, картеч, оқ), порох, тығындарға сот-баллистикалық және криминалистиклық зерттеулер жүргізу арқылы, отты қарудың ұнғысынан, атылған қауыздың ішінен, тығынан алынған материалдар мен заттардың оқиға орнынан алынған айғақты заттармен ортақ топтық, түрлік белгілерін анықтау. Осы анықталған белгілер көмегімен оқты шығару тәсілі мен әдісін және олардың бір партиямен шығарылғандығын анықтаймыз. Зерттеудің бесінші сатысында— сот-баллистикалық және криминалистикалық сараптамалар аясында оқ-дәріні жарақтауда қолданылған оқиға орнынан алынған, сезіктіден алынған тығындардың затына және материалына (киіз, картон, қағаз және т.б.), сонымен қатар оқ-дірлерді жарақтауда қолданыған материалдар арқылы отты қарудың мөлшерін анықтау, материалдың (тығынның) шығу көзін анықтаймыз. Егер тығын қолдан жасалған болса оның шығу көзін, ал зауытта әзірленген болса өндіруші зауытты, оның партиясын анықтаймыз. Алтыншы сатыда—адамның (мәйіттің) денесіндегі, киімндегі және ныандардағы оқпен қалған зақымдарды сот-баллистикалық және сот-медициналық зерттеулер аумағында зерттеулер жүргіземіз. Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты отты қарумен қалған ізді анықтау, ондағы кіру және шығу бағытын, олардың шоғырлануын анықтау, ату қашықтығын анықтаймыз. Сонымен қатар сот-медицина қызметкерлері адамның немес мәйіттің денесінен оқты (бытыраны, картечті және оқты) алу жұмыстарын жүргізеді. Сот-баллистика саласының мамандары киімдегі зақымдардың зерттеп, олардың пайда болу механизмін анықтайды және іске қатысты маңызды жәйттерді анықтайды. Сарапшылардың одан кейінгі әрекеттері зерттеуге жолданған отты қарудан тәжірибе ретінде сылыстырмалы зерттеуге қажетті үлгілерді алуға бағыттылаған жұмыстарды атқарады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша ату бағыты мен аты қашықтығына қатысты тұжыры жасалады. Зерттеудің жетінші сатысында –жәбірленушінің, сезіктінің қолдарынан алынған сүйкемелерге қатысты зерттеулер жүргізіп, отты қаруды қолдану іздерін анықтайды. Сегізінші сатыда – сезкті тұлғаның киімдеріне зерттеулер жүргізіліп, оның отты қаруды немесе оқ-дәріні алып жүргендігі анықталады. ҚОРЫТЫНДЫ: Қылмысты дәремелеу сұрақтарын шеше отырып, қылмыскерді анықтап және оның кінәсін қоя білу керек, қылмысты жасауға не итермелегенін, оның себебі мен жағдайын, оқ-ататын қарудың іздерінің әрекеттері қандай болатындығы, әрбір айғақты затты зерттеп тексеру әрбір ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің міндеті болып саналады. Қару мен оның іздерін қолдануды жан-жақты тексеру, зерттеу, тергеу мағлҮматтарын жинауға іс бойынша шындыққа көз жеткізуге, қылмыс жасаған адамды іздеп анықтап оны әшкерелеуге, қылмыстық әрекетін дұрыс дәрежелеуге толығымен алғанда қылмыскерге қарсы күресті шешуге мүмкіндік туғызады.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|