Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Порохтың құрамын анықтау



2.1.2 Порохтың құрамын анықтау

 

Зерттеудің мақсаты сынамалардың құрамында мыстың элементтерін анықтауға бағытталды және отты қарудың қолдану барысында пайда болған іздердің компоненттік құрамына әсерін бағалау болып табылады. Отты қаруды қолдану немесе ату барысында оның ізіндерінде мыстың бөлшектернің болуы, қапталған оқтың материалына байлансты. Бірақ түрлі баспаларда шетелдік және отандық зерттушілердің еңбектерінде отты қарудан оқ ату барысындағы нысанның бетіндегі жанған оқ-дәрінің іздерінде мыстың іздері бар екендігі айтылған [9]. Атудан кейінгі нысанның бетіндегі прохтың ізінде мыстың айтарлықтай мөлшерінің болуы, нақты қандай оқтың қолданылғандығы, оның түрін (қапталған, қапталмаған) анықтауда айтарлықтай қындықтар туғызады. Талдау жүргізу атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісімен және сынаманы электротермиялық атомизациялау әдісімен жүргізіледі. Ол үшін сынаманы келсі тәсілмен әзірлейміз, порохтың 0,01-0,03 гр массалық салмағын 3 мл. ацетонда және жабық ыдыста ерітеміз. Ыдыстағы ерітіндіні ультардыбыстың көмегімен араластырамыз. Алынған ерітіндіні талдау барысында қолданамыз.

Порохтағы элементтер құрамын градирлеу графигин тұрғызу әдісі көмегімен орындаймыз. Зерттеу нәтижелері төмендегі кестеде келтірлген.

Бұл кестеден көргеніміздей, порохтың сынамасында мыс және қорғасын бар.

Бізге белгілі болғандай порохты әзірлеу барысында жартылайөнімдер және оның құрамдас компоненттері, прохотың түйіршектері құрал-жабыдқатармен үйкеледі. Бұл құар-жабдыөтар мыстан және оның қоспаларынан әзірленген. Нәтижесінде мыстың порохтың құрамында табылуы оны әзірлеу барысында құрал-жабдыөтармен әрекеттесуі және технологиялық үрдіс барысында пайда болуымен түсіндіруге болады. Мемлекттік стандартқа сәйкес, металдардың микроқоспаларының порохта табылуы реттелмеген. Сондықтан, ату барысындағы іздердегі мыстың және қорғасынның болуы тек қана қауызды және оқты әзрлеуде қолданылған материалдан ғана пайда болуы емес сонымен бірге порохтың құрамында болуымен байланысты.

 

Кесте 1 – Кең қолданыстағы порохтардың құрамы

Оқ-дәрінің атауы (маркасы) Сu (мкг\г) Sb (мкг\г) Рb (мкг\г)
Аңшы оқ-дәрісі «Сунар» 6,4 ±0,4 0,01 0,9 ±0,1
Аңшы оқ-дәрісі  «Сунар» 5,1 ±0,1 0,01 0,7 ±0,1
Аңшы оқ-дәрісі «Сокол» 4,6 ± 0,2 0,01 1,2 ±0,1
Револьвер оқ-дәрілері үшін мөлшері 7,62 мм 36 ±2 0,01 2,3 ± 0,3
Тапанша оқ-дәрілері үшін мөлшері 9 мм 39 ±1 3,3 ± 0,2 5,2 ± 0,2
Тапанша оқ-дәрілері үшін МПЦ немесе 7Н7) мөлшері 5,45 мм 5,8 ±0,1 0,01 495 ± 64
Автоматтарға арналған оқ дәрілер үшін ( трассирующий) мөлшері 5,45 мм 2,2 ± 0,2 0,01 4 ±0,5
Автоматтарға арналған әскери оқ дәрілер үшін мөлшері 5,45 мм 5,0 ± 0,4 0,01 0,8 ±0,1
Автоматтарға арналған бос оқ-дәрілер үшін мөлшері 5,45 мм 3,9 ± 0,2 0,01 0,5 ± 0,06
Спорттық сақиналы тұтандырушы оқ-дәрілері үшін 5,7 ± 0,2 0,01 15±1
Құрылыс-монтаж жұмыстарын атқрауға тапаншаларға арнлаған оқ дәрілер үшін 19 х 6,8 мм (В-7 тобы) 1,9 ±0,1 0,01 4 ± 0,07
Құрылыс-монтаж жұмыстарын атқрауға тапаншаларға арнлаған оқ дәрілер үшін 22 х 6,8 мм (Д-4 тобы) 1,0 ±0,1 0,01 3,4 ±0,1
Аңшылық оқ дәрісі «Сокол»ГОСТ 22781-77 г. 8,1 ±0,5 0,01 0,8 ± 0,05
Аңшылық оқ дәрісі «Сокол» ГОСТ 22781-77 г. 8,0 ± 0,4 0,01 1,4 ±0,1

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.