Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Криминалистикалық теңестіру объектілерінің ұғымы (түсінігі). Теңестіру белгілері және оның классификациясы (топтастырылуы)



1.1.2 Криминалистикалық теңестіру объектілерінің ұғымы (түсінігі). Теңестіру белгілері және оның классификациясы (топтастырылуы)

 

Объект ұғымы - криминалистикалық теңестіру теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау - теңестіруның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық теңестіру объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты.

Криминалистикалық теңестіру объектілеріне «қандай дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады.

Криминалистикалық теңестіруның объектісі - жалпы қайталанбайтын теңестірулық белгілер жүйесі мен салыстырмалы түрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады.

Теңестіруның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.

Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:

Біріншіден, материалдық дүниедегі объектілердің сапалылық және сандық жагынан анықталуы.

Екіншіден, материалдық дүниедегі объектілердің салыстырмалы ту.рақты болуы.

Салыстырмалы тұрақтылық - бұл материяның қасиеті, ол болмаса объектінің сапалық жағынан анықталуы мүмкін болмас еді. Қозгалыстың үзіліссіз процесіне қарамастан сапа әр уақытта сақталынады.

Салыстырмалы тұрақтылық дәрежесі объектілердің әр категориясы үшін жекеленген. Мысалы: адамның қол саусағының папиллярлы өрнектері емір бойы өзгеріссіз бір қалыпта болады, олардың тек көлемі ғана өседі. Олар тек қана белгілі бір апатқа түсуден және т.б. жарақатталған, зақымданған не болмаса қандай да бір (ауруға байланысты) жара шығудан ғана өзгеріске ұшырап, қосымша жеке белгілері пайда болады. Адам өлгеннен кейін оның терісі шіріп жойылмайынша, папиллярлы өрнектер сол қалпында сақталады.

Теңестіруланатын объектілер жіктелінеді. Жіктеліну негіздері әртүрлі:

1. дәлелдеу мақсатына байланысты объектілер ізделінетін және тексерілетін болып белінеді. Ізделінетін объектілер дегеніміз - дәлелдеу үшін маңызды қылмыс және оның жағдайлары туралы мәліметтері бар объектілер. Тексерілетін объектінің белгісіне - табылған объектінің ізделініп отырған объекті екендігіне байланысты тергеушінің жорамалы жатады. Олар бірнеше болуы мүмкін және де теңестіру арқылы олардан қажетгі мәліметті ала аламыз.

2. теңестірулық процесте объектілер атқаратын рөліне байланысты теңестіруланатын және

3. теңестірулаушы болып бөлінеді. Теңестіруланатын объект - бұл тепе-теңдігі анықталынатын объект. Теңестірулаушы объект - бұл объектінің көмегімен теңестіруланатын объект анықталады. Объектілерді теңестіруші және теңестірілуші деп бөлудің әдістемелік маңызы бар. Тергеушіге ең алдымен объектінің теңестіруға жататын не жатпайтындығын аныктап алу керек. Мысалы: сыртқы құрылымы бейнеленген іздер табылғанда теңестіруға із қалдырушы объект жатады; бөлшектер табылған кезде бүтін зат бөлініп қалған бөлшек арқылы теңестіріледі; жаппай өндіріс өнімі табылған кезде өнімнің пайда болу көзі теңестіруге жатады және т.б.

4. материалдық ұйымдастырылу әдісі бойынша объектілер жеке және көптік болып бөлінеді. Жеке объектілер фазалық күйлеріне қарай қатты, сұйық сусымалы, газ тәріздес болып бөлінеді. Көптік объектілер - морфологиясы бар және морфологиясы жоқ объектілерге бөлінеді. Мысалы: морфологиясы бар объектілерге - заттардың жинағы, механизмдер (сіріңке қорабы, сағат, қару-жарақ), морфологиясы жоқ объектілерге - үйме дән, топырақ, құм, есірткі массасы жатады.

5. теңестірудің зерттеу объектілері, сонымен қатар, зерттелетін және салыстырма үлгілерге бөлінеді. Зерттелетін объектілер қылмыстық оқиғаға қатысты болуы мүмкін, мысалы, жәбірленуші немесе сезіктінің қолы қойылган құжат, оқиға болған жерден алынған қан дақтары және т.б.[5]

Үлгілер - бұл зерттелінетін объектілердің қылмыс оқиғасына қатыстылығын көрсететін объектілер. Жәбірленушінің немесе сезіктінің қолы қойылған құжатқа қатысты сараптамаға олардың еркін және эксперименталды үлгілері қоса берілуі тиіс. Қан дақтарын теңестіру үшін жәбірленуші мен сезіктінің қан үлгілері алынуы керек [6].

Белгі туралы түсініктің теориялық және тәжірибелік мағынасына тоқтала кетейік.

Белгі ұғымының теориялық мағынасы объектілерді зерттеу әдістемесін өндеп жетілдіруге және жеке сәйкестендірілетін объектілер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін теориялық мәнінен көрініс табады. Тәжірибелік маңызы барлық теңестіруге жататын сараптамалық объектілердің көлемін теңестіру сараптама шеңберінен, яғни ықтималды сараптамалык қорытынды түрлерінің мүмкін емес формаларын қысқартудан тұрады.

Теңестіру белгісі дегеніміз не?

Кез келген материалды объектінің өзіндік қасиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік рөлін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінің сыртқы көрініс табу рөлін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады, Белгі - қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп қарастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиынтығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердің механикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну қажет [7].

Теңестіру белгілері объектінің мәнді белгілері жатқызылады.

Белгілер келесі талаптарға сай болуы керек:

• олар өз бетінше және тэуелсіз болуы тиіс;

• белгінің теңестірулық мәні және кездесу жиілігі болуы қажет;

• жоғары дәрежелі түрақтылықтың болуы тиіс. Теңестіруші белгілердің бірнеше жіктелу негіздері бар:

Дәстүрлі классификациялау:

Теңестірулық белгілер жалпы және жеке болады. Жалпы белгілер дегеніміз - біртектес объектілерге тән жалпы белгілер мен қасиеттерді көрсететін объектінің параметрлері. Жеке белгілер - сирек кездесетін өзіне ұқсас объектілер арасынан бөліп алуға мүмкіндік беретін белгілер, олар пайда болу, тіршілік ету ерекшеліктерін көрсетеді.

Келесі классификация - бұл топтық, бір тектік және жекелеуші белгілерге бөлу. Бір тектік - биология, химия, ботаника, зоология, материалтануда қолданылатын классификациялық белгілер.

Топтық белгілер - ішкі тектік қатыстылықты дифференцияциялауға мүмкіндік береді, мұнда тексерілетін объектілер шеңбері қысқарады, топтық объектілер олардың табиғатына, технологияға, пайдалануына, қылмыстық оқиғаға байланысты болуы мүмкін.

Ерекше белгілер - өте сирек кездеседі. Олар шығу тегімен, өндіру технологиясымен, қолдану шарттарымен, қылмыс жағдайларымен байланысты. Объектінің жеке сәйкестігін анықтау үшін, міндетті түрде жалпы және жеке белгілерін немесе топтық, бір тектік және ерекше белгілерін анықтау қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.