Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Теңестіру корытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы



1.1.3 Теңестіру корытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы

 

Криминалистикалық теңестіру процесуалды түрде тергеушімен (анықтаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады.

Теңестіру қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады:

• бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау;

• екінші кезең, сараптама шеңберіндегі теңестіру көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.

Бағалаудың бірінші кезеңінде - сарапшының берген қорытындысынын мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылган тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.

Теңестіру зерттеулерін жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұсқада болуы мүмкін:

1. іздестірілетін объектінің тепе-тендігін анықтау мүмкіндігінің болмауы теңестірулау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, мысалы, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен қалдырылғанын анықтау мүмкін емес.

Теңестіруге мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған гильза сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан атылуы мүмкін; оқига болған жердегі шегелер мен сезіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мэшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін; жәбірленушінің денесіндегі жарақат сезіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.

Мұндай нұсқаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:

• жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сезіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;

- жәбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен H. Үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын;

- суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын;

Ыктималды қорытындылар бойынша сарапшы объектілердің жалпы белгі-лермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың теңестірулық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады;

3. мақұлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мөртаңба - "Каспий" банкісінің мөрімен басылмаған; мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған "Наган" револьверімен атылмаған; жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған; К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу көздері бір жерден емес және т.б.

Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады;

4. мақұлданған тұжырым: мысалы, бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған; жәбірленуші мәйіттен және сезіктіден алынған бытыра бұрын бір бүтінді құраған; жәбірленуші мен сезіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу кайнар көздері бір; "фомкадан" табылған лак-бояу кабатгарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.

Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды. Теңестірулық тұжырымдарды мақұлданған және мақұлданбаған түрде бағалау - дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның үшінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның үшінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоқка шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.