Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Зерттеудің мақсаты мен міндеті



1.2. Зерттеудің мақсаты мен міндеті

Отты қаруды қолданумен болған қылымыстық жәйттер қазіргі таңда жиіліп кетуде, осыған сәйкес оқиға орнында түрлі нысандар табылып, алынады. Ьұл оқиға орнынан алығна нысмагдар көмегімен отты қаруды анықтау қажеттілігі туындайды.

Криминалистикалық зерттеу тұрғысынан осындай қылмыс жәйттерінің нысаны ретінде оқ-қауыз және отты қрауды қоданған іздерін табу, бекіту, алу және зерттеуде арнайы криминалистикалық техникалар мен түрлі құралдар көмегімен жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі таңда криминалистиканың міндеттерінің қатарына қолдағы техникалық әдістерді одан әрі дамытып, уақыт талаптарына сәйкес жетілдіру болып табылады. Осы міндеттерге сәйкес бұл ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты ішкіістер органдарына қолданып отырған криминалистикалық әдістерді одан әрі дамыту бағытында жұмыстарды қарастырдым.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Шикізат және өнім мінездемесі, оларға қойылатын талап

2.1.1 Оттық қаруды қолдану нәтижесінде нысандардан мыс, сурьма, барий, қорғасынды анықтаудың әдістері

Криминалистикалық міндеттерді шешу барысында түрлі нысандардың бетінде отты қаруды қолдану барысында пайда болған іздер маңызды рол атқарады. Атыс нәтижесінде пайда болған іздер өз кезегінде механикалық қоспалар, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың өнімінен ьұрады.

Бейорганикалық өнімдерге мыс, қорғасын, барий және олардың тотықтары жатады. Олардың шығу тегі тұтандырғыш (кпсюль) құрамындағы және оқтың бетінің материалдары болып табылады. Органикалық заттар жарылғыш заттың (оқ-дәрінің) жану процесінде жанбай қалған бөлшектері—дифиниламин түрінде болады.

Отты қарудан ату барысында пайда болатын іздері бар нысандар кез-келген заттар мен материалдар болуы және бұл нысандар отты қарудан оқ аут үрдісі барысында оның ұңғысына жақын орналасқан нысандарда, кейбір жағдайларда атушы адамның қолында, киімдерінде қалуы мүмкін. Сондықтан тәжірибе осы аталған нысандарға қатысты жүргізілді.

Бейорганикалық құрамдар заттарды зерттеудің тиміді әдістеріне атомды-абсорбциялық спектрометрия және рентгенді-флоуресценті анализ ді айтаға болады. Атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісі өте сезімтал әдіс болып талады, ал екінші рентгенді-флоуресценті талдау зерттеу нысанын қиратпайтын әдіске жатады, бұл криминалистикалық зерттеу барысында зерттеу нысанына қатысты маңызды талаптарды орындайдың.

Органикалық құрамдас заттар—дифениламинді анықтау анализін жүргізу үшін хромато-масс-спектрометрия көмегімен жүргізге тиімді. Заманауи хромато-масс-спектрометрия құралдары жоғары тиімді капиллярлы колонкалармен жабдықталған және олар өте сезімтал құрал. Масс-спектрлер қоры бар, бұл қор арқылы заттарды теңестіруді ұстап тұру уақыты арқылы және масс-спектр бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы айтылғандардың негізінде тәжірибе екі сатыда жүргізіледі.

Бірінші этапта атомды-абсорбциялық спектрометрия және рентгенді-флоуресценті анализ арқылы отты қаруды қолдану барысында пайда болған өнімдердегі бейоргнаикалық құрамдастарды зерттеуге бағытталды, ал екінші сатыда органикалық компоненттерді—дифениламинді хромат-масс-спектрометрия әдісімен анықтау әдістемелеріне жүрігдім. Сонымен қатар, атомды-абсорбциялық спектрскопия көмегімен шығу тегі алауан түлі түтінсіз оқ-дәрілерге қатысты зерттеулер жүргізілді. Бұл жүргізілген зерттеулердің мақсаты бұл дәрілердің құрамында мыс, суоьма, қорғасынның бар-жоқтығын анықтауға бағытталды.

Зерттеуді бастамас бұрын алдымен жұмысты ыңғайластыру үшін қажетті аппаратуралар, үлгілерді алу әдістері мен дайындау жұмыстары атқырылыды.

Зерттеу нысанының бетінен мыс, сурьма, қорғасын, баридің мөлшерлерін анықтау үшін атомды-абсорбциялық спектрометрия әдісін қолданып жүргіздік. Бұл аталған әдісті қолданудағы ерекшелік, отты қаруды қолдану ізінің мөлшері өте аз болуына қарамастан, зерттеу нысанының аз мөлшері арқылы өте аз концентрациядағы өнімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл зерттеуді жүргізу барысында нәтижелерді өлшеудің нақтылығына және дұрыс өлшенуіне көптеген факторлардың әсері маңызды рол атқарады. Жұмыс жүргізу үшін МГА-915 атомды-абсорбциялық спектрометр көмегіне жүрігдік және бұл құрылғыда сынама электротермиялық атомизация және селективті емес жұтылымдарды Зееменовский коррекциясы көмегімен жүргізілді. МГА-915 атомды-абсорбциялық спектрометрия құралында атомизация пирографитпен қапталған трубакалы графитті пешете (кюветте) жүргізілді.

Ол үшін сынама кюветке ерітінді күйінде дозатордың көмегімен салында, сона соң кептіріледі. Кепкен сынама импульсты режимде 10000С температурадан бастап 29000С температура аралағында атомизацияда өтеді.

Атомизация процессі барысында пештің пироқаптамасы ұдай тозуға ұшырайды және бұл тозу алынатын нәтижеге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұндай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында атомизацияның ең тиміді темпертауралық режимі таңдап алынды. Бұл тиімді режим қажетті сезімталдықты және өлшеуді қайта жүргізуді қамтамасыз етті. Сонымен бірге графитті кюветтің пироқабатының аз тозуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар пироқабаттың тозуына мыс, сурьма, қорғасын және барийге сезімталдыққа әсер етуші жәйттер де зерттелді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.