|
|||
Оқ ататын қару, оқ-дәрі және оны қолдану іздерін криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі1.1.6 Оқ ататын қару, оқ-дәрі және оны қолдану іздерін криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі
Сот баллистикасының түсінігі – ол криминалистикалық техникалық саласы ретінде, оқ ататын қаруды, оқ–дәріні және оны қолдану іздерін, оның амалдарын, әдіс және табу тәсілін, өңдеп ол объектілерді айғақты дәлел ретінде зерттеп оқып үйренеді. Сонымен сот-баллистикасының объектілері болып мыналар саналады: - оқ атылатын қару (қолмен ұстайтын) оның бөлшектері; - оқ-дәрі оған (жабдықтар мен бөлшектер); - атылу нәтижесінде оқ–дәріде және басқа заттарда пайда болған іздер; Ерекшеліктерді айыру объектілері және сот баллистикасының бағытын анықтайды, олар мыналар: - оқ ататын қарудың, оқ дәрінің және оның іздерінің пайда болу, және өзгерту әрекеттерді заңдылығын оқып білу; - тауып алу амалын қабылдап өңдеу және сол объектілерді айғақты дәлел ретінде белгілеп алу; - өңдеу методикасы және оқ ататын қаруды соған ұқсас мерей жарақтарды, оқ-дәрілерді, олардың бҮлшектерді және ідердің қылмысты ашу мақсатындағы әсерін зерттеу амалдары; - эксперттік зерттеудің практикасын жинақтап қорыту, қаруды қолдарын, қылмысты жасауда мүмкіндік туәыззу жағдайын білу және оны жасаудың әрекетін жою; - оқ ататын қарудан зақым келу мен оның материалдық бөлшектерін үйрену. Баллистика – геректің сөзінен шыққан «тастауң, «лақтыру» мағнаны түсіндіреді. Сот баллистикасы өзінің міндетін шешерде әскери- техникалық ғылымның деректеріне, атап айтқанда ішкі және сыртқы баллистиканы өңдейтін теориялық жағдайына жүгінеді. Сот баллистикасы, криминалистикалық техника басқа салаларымен де тығыз байланысты, оның ішінде трасологиямен. Сонымен топтық тиістілік және қаруды теңдестіру трассологияның жекелік қасиетін, іздерді бейнелеу механизмін қҮру, оларды топтастыруды тағы с.с. анықтайды. Қару мен оның іздерін зерттегенде: мысалы, оқ– дәрілер, тығындар, бытырарлар физикалық және физика– химиялық әдістерді пайдаланылады. Сот баллистикасы мен сот медицинасы бір – бірімен тығыз байланысты. Оқ ататын қарудан алған адамның дене жарағатын сот медицинасы, сот баллистикасының жалпы орнын ескере отырып зерттейді. Практикада сот медициналық және баллистикалық экспертизаны қҮрама (комплексті) түрде тағайындау көп кездескен. Сот-баллистикасының осы көрсетілген бағыттары, басқа ғылымдармен тығыз байланыста болып, тақырыптардың бет алысы мен экспертизм зерттеуді, қаруды қарап шығуда және оның қолдану іздері мен көп сурақтардың шешімін шешуге мүмүкіндік туғызады: 1. Сұрақтарға объектінің оқ ататын қаруға қатыстылығын оқ–дәрі мен қарудың техникалық жағдайын анықтауға мүмкіндік туғызу, (дәл осы объект оқ ататын қару болып саналады ма, қару түзу ма және атуға жарамды ма тағы сол сияқтылар жатады). 2. Сұрақтарға, қару оқ–дәрілердің оның бөлшектерінің сайманның топтық байланысын анықтауға (осылар мен гильзалардың қандай түріне жатады, қарудың қандай үлгісінен атылған болуы мүмкін тағы с.с.). 3. Сұрақтарға, қаруларды теңдестіру (тап осы қарудан атылған оқ па және тағы с.с.). 4. Сұрақтарға, соның жәрдемімен қаруды қолданудың жеке жағдайларын анықтауға (қандай ара қашықтықтан атылған, қару тигізу объектіміне ату мезгілінде қандай жағдайда болған тағы басқа). Осы атылған сұрақтардың едәірі бөлім сот-баллистикалық экспертизамен шешіледі. Сот-баллистикалық экспертизаны қолданудың мүмкіншілігі, қарудың қҮрылсымен танысуды, оның түрлері мен ерекшеліктері, оқ-дәрінің қасиеттері, ату механизмі снаряд пен қарым-қатнасын болжау. Осы сұрақтарға тоқтап кетуіміз керек. Бірінші кезекте оқ ататын қарудың түсінігін талқылап өтеміз. Оқ ататын қару дегеніміз, снаряд (оқ, бытыра, артилерияның ірі бытыралары) газдың қысымымен қопарғыш заттардың жануынан қҮралып, қозғалысқа келтіреді. Сот–баллистикасыоқ ататын қарудың барлық түрлерін зерттей бермейді, ол тек қылмыскерлер жиі қолданатын қолмен оқ ататын қаруды ғана зерттейді. Қолмен оқ ататын қару оның түрлерінің көптігінен әр түрлі негіздерге байланысты топтастырылады: І. Қолдануына қарай: 1. соғыс қарулары (винтовка, карабин, автомат, пистолет, револьвер т.б.); 2. спорттық үйрену құралдары (жаттықтыру мақсатына арналған-кіші калибрлі винтовка, пистолет және револьверлер); 3. аң аулауға арналған (бір ұңғылы, екі ұңғылы, үш ұңғылы мылтық, карабиндер т.б.); 4. криминалды қаруларға (кесілген мылтық (обрез) өздігінен жарылғыш). ІІ. Механизмдердің қимылына қарай: автоматты түрде, ішкі механизмнің от алуына өзінен-өзі жұмыс істеу, (автоматты жартылай автоматты, автоматты емес). ІІІ. Дайындалу тәсіліне қарай: зауытта жасалған, қол-өнер жолмен, қолдан жасалған. IV. Ұңғының ұзындығына қарай: 1. қысқа ұңғылы, 2. орта ұңғылы, 3. ұзын ұңғылы. V. Ұңғы каналының құрылысына қарай: иір ойықты, тегіс ұңғылы, тегіс иір ойықты (парадока). Осы заманғы соғыс және спорттық қарулар иір ойықты болып келеді. Отанды қарулардың негізінде 4 иір ойығы бар шетелдіктерде - 8 дейін. Иір ойықтар – ол бұрынданың іздеріне ұқсас тереңдіктер олар снарядты айналу қозғалысына келтіріп, ұшу тұрақтылығы мен қашықтықты қамтамасыз етеді. Иір ойықтар аралығы танаб деп аталады. Тегіс ұңғылы қарудың иір ойықтары болмайды, оның диаметрі ұңғы каналына келетін домалақ оқтардың санымен өлшенеді, ағылшынның фунд-қорғасынынан дайындауға болады (1 фунд 453 гр.). Тегіс ұңғылы қарудың иір ойықтары тек аузының кесілген жерінде болады. Жанға салып жүретін оқ ататын қарудың негізгі бөлшектері мен түйіндері болып ұңғы саналады. «Затвор немесе казенник, ударно-спусковой механизм, механизм извлечения гильз (выбрасыватель и отражатель), магазин с подающим механизмом, предохранительный механизм, сигнальные приспособления, прицельные приспособления, ложе и рамка». Осы негізгі қарулар ату үшін бірыңғай патрондармен жабдықтандырылады. Ол гильза, капсюл, тамызық қуаты (заряды) және оқтардан тұрады. Оқ және гильзадағы ату іздерінің өзіндік және тұрақты белгісі бар ол қарудың нақты анықтау нақты түрін анықтауға жағдай туғызады. Қарудағы – оқтағы және гильзадағы іздеріне қарап ұқсастыру негізінде, қылмысты тексерген де табысты аяқтауға мүмкіндік туғызады. Соның себебін мына мысалдар дәлелдейді: 8 маусым 1992 жылы белгісіз қылмыскер облстройпром комбинатының кассиріне банкіден көп мөлшерде ақша алып келе жатқан арнайы автобусына шабуыл жасап тонап ақшаны алып кетеді. Іылмыскер маска киіп оқ ататын қарумен шабуыл жасап, оқ атқан. Автобустың ішін қараған кезде атылған оқ табылған. Баллистикалық зерттеу кезінде «Наган» тапаншасынан атылғаны анықталған. 10 маусым 1992 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін сезіктеніп іздеуде жүрген азамат Додаев Мавсар Мавлен Үлы Үсталған, үйін тексергенде «Наган» револьвері табылған. Ол өзінің кассирге шабуыл жасап тонағанын мойындамаған, бірақ баллистикалық экспертизаның қортындысы бойынша 8 маусым 1992 жылы оқиға болған жерден алынған оқ Додаевтың үйінен табылған револьверден атылған делінген. Сонында өтірін екіні жоққа шығаратын дәлелдердің қысымымен Додаев М.М. қылмыс жасағанын мойындады. Мылтықтан атылған іздерді теңдестірудің маңыздылығы, гильзалар мен оқтардан бәрі түсінікті болып отыр. Мылтықтың атылу салдарынан тосқауылдарда, іздер құалады, олар негізгі және қосымша деп топтастыылады. Атылудың негізгі іздері – ол тосқауылдағы бүліну, зиян келу түрлері, тікелей өткен ойық, тесілмей қалған ойық және жанама майысық тайқып кетудің қортындысы болып саналады. Қосымша – ол іздерге, мылтық атылған кезде ұңғылың каналынан ұшып шыққан тосқауылда қызған газдар мен қатты ұшқындардың әсері. Осы кезде тосқауылда күйенің жиналуы, үйтіліп қалуы, күйіп қалуы т.б. мүмкін. Негізгі және қосымша атылған іздерге қарап оқ– ататын қарудың қғолданылған жерінде, көптеген тергеуге маңызы бар сұрақттады шешуге болады. Ол сұрақтарға мыналар жатады: - атылу бағыты, - атылу қашықтығы, - атушының тұрған жері, - қару қолданушының жүйесі (система), - (атылған оқтың саны мен кезегін анықтау) сияқты кейбір басқа сұрақтар. Атылу бағыты негізгінде кіру және шығу санылауларына қарап анықталады. Бұл сұраққа жауап беру үшін оқ тиген екі тесіктің санылауының қайсысы кіру және қайсысы шығу боатынын анықтау маңызды. Шығу санылауының көбінше тұақты белгі нышаны болатындар: а) мата ақауы немесе кіру санылауының орнындағы матат бөлшегінің жоқ болуы; б) адамның денесіндегі жарақат айналасындағы 2-3 мм қызыл, қоңыр түсті белдеие шегінділердің бар болуы, теріге оқ тиген кезде механикалық және термиялық ықпал жасаудың қортындысы болып саналады (ол адам жараәат алған соң бірнеше сағаттан кейін пайда болады); в) жақын ара қашықтықтан немесе тақап ату мылтық аузы кесіндісінің түрі сияқты, крест бейнелі терінің тамызық (порох), газмен жыртылу. Шығу санылауы әр түрлі формада және размерде болады: - қатты тосқауылдарды ұштары тегіс емес қайырылған жаңқалар т.б. Тегіс емес ойықтарда атудың бағытын анықтау оңай себебі оқ тосқауылға қыстырыплып қалады немесе алдына түседі. Атудың аралығы (дистанция) дегеніміз– ол мылтықтың аузынан тосқауылдағы санылауына дейінгі қашықтық. Атудың аралығыдағы төмендегіше ажырату қабылданған: а) нысанаға тақап ату, б) жақын қашықтықтан ату, в) жақын емес қашықтықтан немесе алыс қашықтықтан ату. Нысанаға тақап ату – оған қарудың аузы объектіге жанасып атылу жатады. Тақап атудың белгі нысаны болатындар: -кіру саналауының айналасындағы тканнің жыртылуы тамызық (порох) газінің әсерінен сұралып (крест бейнелі «Тң бейнелі, тесік кесінді) болуы; - толық жанбаған тамызық (порох) және күйенің аз мөлшерде жиналуы. «Жақын қашықтықтан атудың» аралығы қаурдың барлық түріне, әр түрлі: - пистолет, тапаншалар (револьверлер) - 50-80 см; - автоматтар, карабиндер – 100 см; - аңшылар қаруы – 250–300 см. Жақын қашықтықтан ату, объектідегі қандай бір нәрсеге бағытталған атудың қосымша іздерінің бар болуымен сипатталады: - термиялық іздердің әсер етуі – кіру санылауының айналасындағы, матасын немесе шаштың үйітілуі, күюі, тосқауылдық тамызық (порох) таздирінен өзінен – өзі қирауы; - күйенің бар болуы жанбай қалған порошокта және үңгір нүкте сияқты іздердің механикалық әрекеттері; - белдеменің ысқылануы оқ материалының дақ немесе шашыранды түрдегі іздері. Пытыраны атудың аралығын, шашулы көлемінен анықтауға болады. Тағы анықтама таблицалары қолданылады, ол пытыра шеңберінің диаметрін атудың аралығына тәуелділігін анықтайды. Жақын емес қашықтықтан атуға, жоғарыда айтылған құбылыстар байқалмаған қай болса да саналады. Атқан адамның тұрған орнын – оқ ойықтарының бар болуын екі қозғалмайтын объектілерді нысаналау жолымен анықталады, олардың мәні мыналардан тұрады. Екі ойықты, жіп тарту арқылы қосса, ол оқтың ұшқан сызығына тура келеді. Жіпті байлай нысаналау ол оқтың қай жақтан атылған орнын анықтауға мүмкіндік береді. Егер ойықтар бір–біріне жақын орналасқан болса, онда ойықтарға қағазға оралған түтікшелер қою керек. Сол түтікше арқылы нысаналау да, атқан адамның тұрған орнын көрсетеді. Үлкен арақашықтықтан атқанда, атушының шындығында тұрған орнынан әлде қайда жақын болуы, нысаналаумен айқындалады, себебі оқтың Үшу троекториясы түзу емес, қисық сызық болып көрінеді. Бұдан басқа атушының тұрған орнындағы аяқ киім іздерінен, қарудан лақтырылған гильзалардың жатқан жерлерінен де анықтауға болады. Аяқ киімдер ізінің қардағы, жұмсақ, топырақ немесе дымқыл жердегі орналасуына қарап, үлкен мүмкіндікпен атудың бағытын анықтауға болады. Оқтың қабын (гильзасын) жүйесін мен өрнегін (моделіне) біле, анықтау таблициясының есебімен атушының тұрған орнын анықтауға болады. Қару қолданушының жүйелерін жобалап анықтау–алдында қаралғандай оқиға болған жерден табылып, атылған оқтарды, оның размерін, құрылысын, ұңғы каналының жиегінде кесілген іздерін т.б. зерттеу арқылы шығарылады. Аңшылар қаруын қолданғанда оқтың қабына (гильзаға) ғана көңіл аударып қоймай тығындарға да қарау керек. Себебі қылмыстарды тергеу практикасында көптеген оқиғалар белгілі, олар қылмыстың негізгі жағдайын ашуға мүмкіндік туғызады. Оны мына мысалдар дәлелдейді: Қостанай обласы, Алғабас ауданы, Целинный совхозында Өз үйінің жанында Андреев С.С. өлігі табылған. Оқиға болған жерді қарап шыққында өліктің жанынан жартылай жанып кеткен әағаз тығынның әалдығы табылған. Ол қағаз типографиялыә және әол текетімен арифметикалық мысалдар жазылған екінші-үшініші класстарға арналған парақ болып шықты. Іолмен жазу таңбалары экспертизасының қортындысы тығындағы жазу тексті оқушы Николай Кузнецовтікі екенін анықтаған. Кузнцовтің үйін жасағанда патрондар алынған. Табылған тығындар мен оқиға болған жерден алынған тығында салыстырғанда бір бүтін парақтан жасалғаны анықталған. Тексеру барысында С.Андреевті атып өлтірген. Иванов С. деген сол совхоздың тұрғыны болып шықты, өлтіру мақсатында Кузнецовтан қаруды сұрап алған. Ауыр қылмыстарды ашудағы, оқ ататын қарудың іздердің қолданудың маңызы осындай. Осы көрсетілген оқ ататын қарудың іздері ереже бойынша оқиға болған жерді қарап шыққанда табылады. Барлық табылған заттар қаралып, алынып, жазылып қою керек, кейін айғақты зат ретінде іске тіркелу керек. Қаруларды, оқ-дәрілерді, оқты, гильзаларды іздеп табу үшін, мынадай аспаптар қолданылады (метал іздегіш, магнитті көрсеткіштер, шуптар). Заттарды алу және орау кезінде төмендегі ережелер сақталу керек: - қару оқталмаған болуы керек, ұңғылық аузы жағы бірнеше ақ таза қағаздармен оралып қарудың өзіде қағазбен ұқыпты түрде оралу қажет; - барлық айғақты заттар (оқтар, гильзалар, пытыралар) жеке ақ қағаздарға оралып, бөлек оралған пакеттер немесе коробкаларға ішінде қандай заттың барлығы туралы жазу жазылып, уақыты, орны, табылған жері көрсетіледі; - (тақап немесе жақын аралықтан) атылған іздері бар бұйымдар бүтіндей немесе бөлшек түрде алынады. Осы жоғарыда аталған айғақты заттардың барлығы сот-баллистикалық экспертизаның обьектілері болып, мына сұрақтарға шешеді: - осы қару түзу және атуға жарамды ма? - осы қарудан іске қосу ілмегін (крючок) баспай атуға бола ма, болса қандай жағдайда? - осы оқ – дәрілер қарудың қандай түрінде арналған және атылуға жарамды ма? - оқиға болған жерден алынған оқтар және гильзалар қарудың қандай жүйесінен немесе үлгісінен (моделінен) атылған? - оқиға болған жерден табылған оқ (гильзалар) қарудың бір түрінен атылған ба? - оқиға болған жерден табылған оқ (гильзалар) осы көрсетіліп отырған қарудан атылған ба? Оқ ататын қарудың іздерін қолдану туралы сұрақты талқылап шығып, қорытынды ретінде атап өту керек: 1. Қару бөлшектерінің гильзалардағы және оқтағы іздерінен бөлек, үлгі (моделіне) және қарудың түп нұсқасына толығырақ көңіл бөлу керек, себебі ол хабарлар алып қаруды қолданғанды іздестіріп,мүмкіндік береді. 2 Негізгі және қосымша ату іздері, оқтың бағыты және ату қашықтығы, атушының тұрған орны, қару қолданушының жүйесі сияқты аса маңызды жағдайда анықтауға мүмкіндік туғызады. Осының барлығы жасалынған қылмыстың жағдайын жан-жақты, толық тергеу жүргізуге мүмкіндік туғызады.
|
|||
|