Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Белгілер мен қысқартулар



Белгілер мен қысқартулар

 

ҚР – Қазақстан Республикасы

ӘдМ–Әділет Министрлігі

ССО –Сот сараптама орталығы

ОҚАҒӨЗ –Оңтүстік Қазақстан Аймақтық ғылыми өндірістік зерттеу

ОҚО–Оңтүстік Қазақстан облысы

ІІД – Ішкі Істер Департаменті

ТБ–Тергеу Бөлімі

АІІББ– Аудандық Ішкі Істер Бөлім Бастығы

ҚК– Қылмыстық Кодекс

ҚІЖК – Қылмыстық іс жүргізу кодексі

мм – миллиметр

т.б. – тағы басқа

т.с.с. – тағы сол сияқты

УК – ультракүлгін

Кіріспе

 

Ғылыми-техникалық прогресс өмірдің барлық саласына терең еніп келеді. Осы прогресстің қол жеткізген табыстарын қылмыспен күресте, қылмыстың алдын алуда қолдану талабы туындайды [1].

Бұл мәселелерді шешуде криминалистика маңызды рол атқаруда. Осы мәселелерді шешуде криминалистика белгілі бір ғылыми білімді қолданады. Ол білімдерінің бірі теңестірулау (теңестіру) тәсілін қолданды.

Бұл қылмысты тергеу барасында іс бойынша маңызды жәйттердің орын алғандығын дәлелдеуде тепе теңдіктің бар немес жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Іс жүзінде теңестіруның мәні бұл, оның көмегімен түрлі жәйттерді атап айтқанда:

- сезіктінің, жауапкердің, куәгердің, жәбірленушінің тұлғасын анықтауда;

- оқиға орнында тааблған қол, аяқ киім, бұзу құралының, отты қарудың іздерінің кіммен, қандай құралмен, отты қарумен қалғандығын анықтауда;

- және тағы басқа да көптеген жағдаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмысқа қарап тиімді жүргізіп, оның себептерін жоюдағы негізгі шарт, әр қылмысты жылдам және толық ашып қылмыскерлерді жазасыз қалдырмауды толық қамтамасыз ету керек. Оған қылмысты оқ ататын қаруды қолданып жасаған категориясы да жатады.

Қаруды қолдану адамдардың денсаулығына үлкен қауіпқатер туындады. Сондықтан қылмыскердің қаруды қолдануы, жазаны ауырлататын жағдай болып саналады.

Қазақстан Республикасында қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмыстық жауапкершілікке тартылады (ҚР ҚК 287 бап).

Жеке қылмыстарды (кісі өлтіру, тонау, бас бостандығынан айырылған, орыннан қашқандар) оқ ататын қаруды қолданып жасайды және олардың қаруды, оқ дәрісі, әрекет іздері айғақты дәлел болып саналады.

Осыған байланысты анықтама органдарында, тергеушілерде ату ара қашықтығы, атқан орны, қарудың қандай түрінен атылған туралы тағы сол сияқты оқиғаны тексерген жағдайда мәнін анықтауда мүмкіндік туғызатын көптеген сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.