Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Нормативтік белгілер. Анықтамалар



Нормативтік белгілер

1.ОҚМА ҒӨЗ Сот сарапатама орталығы

2. ҚР Конституциясы

3. ҚР Қылмыстық Кодексі .Алматы 1997

4. ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі .Алматы 2000

5. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі .Алматы 1999

6. ҚР ІІМ 16.06.2004 № 544 бұйрығы “Тергеу, анықтау және жедел криминалистикалық қызметтің өзара бірлесе әрекеттесуі туралы”

7. Жедел іздестіру іс шаралары туралы заңы. Алматы 2001

8. ҚР “Сот сараптамсы туралы заңы” 1997. Алматы

Анықтамалар

 

Трасология деп – қылмыс механизмін көрсететін әр түрлі іздердің пайда болу заңдылықтарын оқып үйрететін және қылмысты әшкерелеу мақсатында іздерді жинап, зерттеудегі әдіс-құралдарды жетілдіретін криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.[1]

Із дегеніміз – қор­шаған ортада қылмыс жасаудың салдарынан, оған дайындалып жасыруға дейінгі аралықтағы әр түрлі өзгерістер.

Алдын – ала зерттеу – келіп түскен материалдармен маманның танысу мәселені мәселені анықтауы, тиісті шешім қабылдауы.

Статикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объектінің әрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дәлме-дәл бейнеленуі нәтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есіктегі бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.

Динамикалык іздер дегеніміз - із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нәтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған, үйкелген және т.б.іздер жатады.

Қысым іздері – кедергінің(бөгеттің) бетінде бұзу құралдарының соққысы нәтижесінде басылып түcyi арқылы пайда болады.

Сот баллистикасы – криминалистикалық техникалық саласы ретінде, оқ ататын қаруды, оқ–дәріні және оны қолдану іздерін, оның амалдарын, әдіс және табу тәсілін, өңдеп ол объектілерді айғақты дәлел ретінде зерттеп оқып үйретеді.

Иір ойықтар – ол бұрынданың іздеріне ұқсас тереңдіктер олар снарядты айналу қозғалысына келтіріп, ұшу тұрақтылығы мен қашықтықты қамтамасыз етеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.