Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



2.4. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Казақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғағна емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық әдебисттердегі талдауда көрсетілгендей, "танымдық белсенділік" терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әр түрлі салада талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінсді:

- биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтереи, Н.А.Бернштейн, А.Илиади, И.М.Сеченок т.б.);

- психологиялық (Б.Г.Ананьев, М.Я.Басов, Л.С.Высотский, Б.ФЛомов, В.С.Мухина, В.А.Мясищев);

- педагогикалық (Ш.А.Амоношвили, Я.А.Коменский, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Г.И.ІДукина, Т.И.Шамова т.б.)

Биологиялық аспект-белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы жөніндс түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бсйімделуін қамтамасыз ететін оған тән тұқым қуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-кайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқига емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсенділік бейне белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштен детерминацияланған іс-әрекетінің бір түрі болып табылады (В.З.Коған). Белсенділік көзі сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер болып табылады. Адам өзіндік табиғи салаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялық аспект тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнінде детерминистік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді, сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді, сыртқы шарттарының нәтижесі және ол ішкі сапарларға тәуелді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттіліктің және сыртқы әсерде жауап беру белсеңділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың жоғарылауына сай өзгеріп отырады. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл - адам жеке тұлға ретіиде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады.

С.Л.Рубинштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді: "Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды". Белсенділік субъектінің объектіге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердің болуын қалайды: объектілерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық; объектіні таңдаудан кейін мақсаты, тапсырмаларды қою; іс-әрекетте объектінің қалыптасуы; мәселені шешуге бағытталуы. Практикалық әрекеттік жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етеді, таниды, өз қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтік тұлғаның аспект мәселелері іс-әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік - адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.

Бұл орайда субъект белсенділігі сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекеттегі өз қатарына қосатын затты іс-әрекетгің бірдей жүйесі болып табылады (Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.А Мясищев, С.Л.Рубинштейн). Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие - әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі мақсатқа жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірумен байланысты:

- белсенділік баланың таным іс-әрекетіне (мақсатқа жетудің тиімді жолдарын тандау, талпыныс, дайындықты жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғаның бір белгісі ретінде түсіндіріледі;

- белсенділік субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік күші, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.