Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰҒЫРЛАРЫ



2.2. ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰҒЫРЛАРЫ

Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін жетілдіру проблемасына педагогтердің, психологтердің еңбектері арналған. Бүл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Ежелгі Рим философтерінің еңбектерінде білімді игеруде шәкірттердің танымдық іс-әрекеті олардың дамуында ерекше орын алатындығы айтылады. Оқыту үрдісіндегі баланың танымдық іс-әрекетінің маңыздылығы Я.Коменский, И.Песталлоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, А.Дистервег оқыту барысында баланың танымдық іс-әрекеті сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.

Оқытуды күшейту құралы ретінде танымдық іс-әрекетті дамыту тура-лы құнды пікірлер Ф.Бэкон, Ф.Рабле, М.Монтень, Д.Локк, Я.Комен-ский, Ж.Руссо, К.Гельвеций, Д.Дидро, А.Лавуазье, И.Песталоцци, И.Кант және т.б. еңбектерінде айтылған.

Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылы М.Монтень оқытудағы танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын және ондағы мүғалімнің басшылық рөлі туралы "Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның білуге құштарлыгы дамиды" деп жазды.

Қазақ мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде Ы.Алтынсарин көп үлес қосты. Ол оқу-тәрбие жұмысымен тек сабақ уақытында ғана шұғылдану жеткіліксіз екенін айтып, мұның сыныптан тыс түрлерін көрсетіп берді.

Алтынсаринның пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. "Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс" деп санайды ұлы ағартушы.

Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу, танымдық іс-әрекет жолдарын табу, тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру сала-сында Алтынсарин еңбектері маңызды болып табылады.

Алтынсаринның мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары, қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, т.б. оның өз зама-нындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты білгенін көрсетеді. Ол "Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек" деп жазды. Ы.Алтынсарин шәкірттің танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше тоқта-лады: "... оқыту әдістері ~ балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымга, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол" деп, әсіресе, танымдық іс-әрекетте мүғалімнің басшылық рөліне мән берді. "Мұғалім балалармен істес болады; егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек" деп түйіндейді ол ойын.

Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Қүнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы, Абайдың "Жетінші қара сөзіндегі" ақыл-ой белсенділігі туралы пікіріне құлақ түрелік. "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да, тұра жүгіріп "Ол немене?", "Бұл немене?" деп, "Ол неге үйтеді?", "Бұл неге бүйтеді?" деп, көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үцйренсем екен деген".

Ш.Қүдайбердиев білім беруде шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл-парасатын дамытуды басты бағдар деп таныды. Берілетін білім мен оның тәлімдік-тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді. Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі түрғысынан қарап, білім алудың өнегелі жолын дұрыс көрсете білді. Демек берілетін білім де, тәрбиелік тәлім де шәкірттің шамасына үйлеспесе, нәтиже шықпайтынын дөп баса айтқан: "Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен бейімділігіне қарай жүргізілсе дүрыс болады".

Сондай-ақ, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев сынды қазақ педагогтері де танымдық әрекет туралы құнды пікірлер айтты. А.Байтүрсынов "Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұгалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек" деп жазды.

Г.Кулагина оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеруді қажетсінуі және бейімделуі, танымдық міндеттерді бөгде біреудің тікелей көмегінсіз шешу қабілеті іс-әрекет мақсатын айқындауға және оған түзету жасауға бейімділігі ретінде қарастыруды көздейді.

Танымдық іс-әрекетті үйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бүл мәселені өмірде шешудің түрлі жолдарын төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (А.Әбілқасымона, Б.Есипов, М.Скаткин, Ә.Қүдайқүлов, Е.Голланд, Н.Хмель, т.б.);

- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру (Д.Богоявленский, Е.Кабанова-Меллер, А.Қазмағамбетов, Д.Эльконин, т.б.);

- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, С.Смаилов, А.Мустояпова, т.б.);

- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский, Н.Половникова, Т.Шамова, .б.).                        

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыруға әлеуметтік педагогикалық факторлардың ықпалын (Ф.Берукштене), жаратылыстану-математика ғылымдарын оқып-үйрену барысында танымдық іс-әрекетті жандандыру (В.Тесленко), танымдық іс-әрекет әдістері мен тәсілдері жүйесін бөліп көрсетуде (Л.Вяткин) зерделеген арнаулы зерттеулерді де атап өту қажет. Ал бір авторлардың танымдық іс-әрекет оқып-үйренуші бөгде адамның көмегінсіз жүзеге асатын кез келген әрекетпен салыстыратынын (Л.Аристова, Р.Низамов, т.б.), екінші біреулері тек шығармашылық әрекетпен ғана салыстыратынын да (М.Данилов, Н.Дайри, И.Лер-нер, т.б.) айта кеткеніміз орынды.

Жоғарыдағы шолудан айқын көрініп тұрғандай, танымдық іс-әрекет мазмұнын бір аяда ғана ашуға болмайтын күрделі ұғым екенін байқауға болады.

Г.Щукинаның пікірі бойынша, бұл мәселені педагогикалық жолмен шешу үшін педагогикалық үрдістің қызықты жақтарын, қоршаған ортаның оқиғаларын объективті түрде мүмкіндігінше ашып көрсету шарт, балада болатын кездейсоқ оқиғаларға, моралдық, эстетикалык, адамгершілік, ғылыми қазыналарға қызығу жағдайын үнемі қолдап-қуаттап отыру керек. Сөйтіп, барлық оқу және тәрбие жүйесінде адамға, оның шығармашылық белсенділігіне, жан-жақты дамуына ықпал ететіндей өздеріне тән талапкерлікті мақсатты түрде қалыптастыруға қол жеткізу қажет. Мүнда автор танымдық іс-әрекетті нысандарына және қоршаған дүние оқиғаларына, тенденцияларға, ұмтылысқа деген адамның бағыт таңдаудағы психикалық үрдіс ретінде қарайды. Жеке бастың осындай оқиғалар, түрлі жағдаяттар ықпалымен іс-әрекеттермен айналысуы оған белсенділікті арттырудың қанағаттанарлық қажетін алып келеді. Мұның өзі барлық психикалық үрдістердің ерекше пәрменді де ықпалды өтуін қамтамасыз етеді. Әсіресе, қоршаған дүниеге, оның нысандарына, құбылыстарына, үрдістеріне (немкеттілік, енжарлылық, белсенді ойлау, жарқын эмоция, талпыныс, т.б.) талдау жасап, қорытындысын шығару жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізеді.

Психологтердің зерттеулеріне қараганда, танымдық іс-әрекеттің қалып-тасуы өздігінен түйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол - тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаган позиция-сымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жагдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы (кітаптар, зертханалық құрал-жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі моделдер, техникалық құралдар, т.б.); жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.

Ғылыми зерттеулерді талдап, жан-жақты саралау нәтижесінде оқушылардың танымдық іс-әрекет үғымына мынадай анықтама беруге мүмкіндік береді. Сонымен оқушылардың танымдық іс-әрекеті- жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық жеке қасиеттерін жөне біліктерін дамытатын оқу материалының мазмүны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы. Демек, оқу-танымдық әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.