Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



1.3. ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Танымдық іс-әрекет мазмұны мен біріккен диалогті іс-әрекет формасы арқылы білім қалыптастыру үрдісі индивидуалды іс-әрекет нәтижелері мен мағыналарының, мақсаттарының арасындағы байланыстары мен қатынастары барысында жүзеге асады. Психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынадай анықтама береді «жеке адамдардың өзара әрекеттестігі белсенділік жүйесін ұйымдастырады, өндірістегі материалдық және рухани мәдени нысандарын мақсатқа сәйкес бағыттайды». Жоғары психикалық функцияның өзі бастапқыда біріккен іс-әрекетке қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол баладағы ішкі психикалық үрдіске айналады. Л. Выготский тұжырымында былай деп көрсеткен: «қандай да функция баланың мәдениетті дамуына сахнаға екі рет шығады, екі жоспарда, біріншіден әлеуметтік, екіншіден, психологиялық, біріншіден адамдыр арасында..., одан кейін бала ішінде. Мысалы: бала сөзі бастапқыда қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы болып табылады, дамудың ұзақ жолынан өткеннен кейін ол ойлау құралы және ішкі сөйлеу болып қалыптасады. Оқыту үрдісі негізінде жоғары психикалық функция қалыптасуы үлкендер мен баланың біріккен іс-әрекетінен көрінеді. Кейбір зерттеушілер адам психикасының қарқынды дамуын бір беткей түсініп, оның осы қасиеттерінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дегенде жаңа мен көненің арасындағы күрес жайлы айтылып отыр. Диалектиканың заңдылығы бойынша, жаңа дегеніміз-көненің негізінде өріс алып, оны жеңеді, бірақ бір жолата құртпайды, көнеден қалған «қалдықты» өзінің өркендеуі үшін пайдаланады. Осы қағиданы кейбір зерттеушілер еске алмай психика өзгергенде үздіксіз өзгеріп отырады да, ең аяқ кезінде қалдық деген кездеспейлі дейді. Бұл түгелдей қате пікір. Себебі, бұрынғы білімнен ештеңе қалмай, психика үнемі жаңа сипатта кездесетін болса, онда ешқандай психикалық дамудың болуы мүмкін емес. Психиканың дамуында көнеден қалған қалған біз инвариант (лат – «өзгерілмейтін» деп атадық та, осыған тіркелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп алдық. Осы мысалды А. Льентев келтіре отырып тұқым арқылы берілетін қасиеттің түкке тұрмайтынына, баланың психикалық дамуын түгел әлеуметтік ортасы шешетініне дәлел ретінде сүйенеді.

  Ал балалық шақ психикасы дегеніміз – бұл оқыту және меңгерудің қарқынды дамуы. Балалық шақтың дамуы туралы В. Штерн, Ж. Пиаж және Д. Эльконин, П. Блонский, Л. Выготский, В. Давыдов еңбектерінде көрініс тапқан.

Оқушылардың психикалық дамуына жетекші рөлді ақыл-ой интеллектісіне бұрады, жеке адамның қоғамдағы әлеуметтік детерминациялануын В.Шабельников: «...сол қоғамның езгісіне, үстемділігіне бағынуы емес, оның белгілі қоғамдық іс-әрекет арқылы одан бөлінуі» деп көрсетеді. Психологиялық дамудың кезеңдері жеке адамның әлеуметтік тарихи табиғатын, әрі оның өздігінен дамуының заңдылықтарын ашады.

Д. Элькониннің анықтамасы бойынша кезеңдердің әрбір жұптары жеке адамның дамуындағы бір дәуірді құрайды. «Бір дәуірден келесісіне өту баланың операциялық-техникалық мүмкіндіктері, міндеттері мен іс-әрекетттері қисындары арасындағы сәйкессіздік тұсында пайда болады». Ендеше танымдық оқы іс-әрекеті барысында жалпы әлеуметтік бағыты да соған орай танымдық іс-әректі негізінде өзгереді. Баланы өзінің әлеуметтік ортасымен, сыныптағы орнымен бірге біріктіре, ұштастыра отырып қарастыру қажет. Психологияда осыған орай қарым-қатынас үш жағынан топтасып бекітіледі: коммуникативтік (тілдік), интерактивтік және перцептивтік. Психалогия коммуникативтік қабілеттілікті анықтайды; жеке адамның индивидуалды-психологиялық ерекшелігі қалай, оның басқа адамдармен бірлесуіне және қарым-қатынас жасауын тиімділікпен қаматамасыз етеді. Қарым-қатынас жасай білуге қабілеттілігі оның танымдық іс-әрекетінің маңызыдылығын көрсетеді. Мысалы, біріншіден, қоршаған ортамен қақтығысқа түсу ортасы. («Менің істегім келеді!»); екіншіден, қарым-қатынасты ұйымдастыра алуы («Мен істей аламын!»); үшіншіден, өлшемі мен шартын білем («Мен білем!»).

  Ал А. Брудный қарым-қатынастың интерактивтік қызметін көрсетеді. Инструменталдық қарым-қатынас – белгілі еңбекте және басқару үрдісінде ақпарат алмасу құралы. Перцептивтік қарым-қатынас жағы адамды оның түсінуі, қабылдау бағасы. Басқа адамды таныстыра отырып, индивид жақсы, нақты бірлескен әрекет перспективаларын анықтауға мүмкіндік алады. А. Бодалев өз еңбектерінде «адамды адамның тануы» деген ұғыммен жиі айырбастайды. Адамды адамның қабылдау механизмін ашуда екі серіктестер болады. С. Рубинштейн сөзімен айтқанда, басқа адамды «оқи» отырып, оның сыртқы жүріс-тұрысына қарап, біз сол адамның сыртқы көрсеткіштерінің мәнін ұғынуға тырысамыз. Ол үшін оқыту үрдісінің маңыздылығы оның құрамындағы мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, тәсіл құралдары және оқытуды ұйымдастыру бастауыш мектепте дұрыс жолға қойылуы тиіс.

  Танымдық іс-әрекет – оқу үрдісінің құрамына кіретін, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялық білім.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.