Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



2.3. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі психологтар мен педагогтардың жинақтаған тәжірибелері негізінде оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың зейіні, қабылдауы, қызығушылық қабілеттері дамиды. Сонымен бірге олардың оқу қызметі, ой еңбегі де дамиды. Оқыту үрдісінде оқушылар тек білім алып қоймайды, олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді. Оқыту барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дамуына әсер етеді. Әр жастағы оқушының даму ерекшеліктеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білу, оқу материалдарының дамудың құралы ету-мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін баланың таным үдерісін, қабілеттерін дұрыс бағалауда, оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуіне көмек көрсетуде, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда оқушының белсенділігін қолдап отыру қажет.

6-7 сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктері өте көп. Биологиялық, фи-зиологиялық дамуы баланың психологиялық дамуына өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Оқу материалын ұғыну оны қабылдаудан басталады. Қабылдаудың өзі бар бейнелермен беріліп тұрған объектілерді салыстыру, ойлана отырып мағлұматтарды өз бетімсн жұмыс жасауда бейнелеу болып табылады. Осы жастағы балалардың зейіні бастауыш сыныптағыдай қызықты нәрселерге көңіл аударумен ғана шектелмейді. Бұл жаста баланың ой-өрісі біршама қалыптасады, қызықты емес затқа да көңіл аудара алады. Олар мазмұнды мағынасына қарай есінде сақтауды ұнатады. Сонымен қатар, алған білімді өз бетімен жұмыс жасауда қажетті деңгейде қолдана алады.

Қазақ тіліндегі сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының теориялық негізін жасаған ғалым Н.Ж.Құрманова оқушының оқу үдерісінде ақыл-ойының жетілуін теориялық деңгейде білім алумен байланыстырады. Осы жөнінде: "Оқушылардың теориялық деңгейде білім алуы, теориялық ойлауы дамуы дегеніміз - тілтану үдерісінде анализ (талдау) мен синтезді (жинақтау), дедукция мен индукцияны, лингвистикалық экспериментті, модельдеуді, логикалық операциялардың қолданылу жолдарын еркін меңгеруі, соған мүмкіндік беретін дағдылардың қалыптастырылуы" - деп пайымдайды.

Адам сөйлеген кезінде тіл арқылы белгілі бір ұғымдарды білдіреді. Осы ақпараттарды сезіну, қабылдау, түйсіну, ойлау, жеткізу тәрізді психологиялық құбылыстар арқылы іске асады. Бұның бәрі адам жадында қалыптасып, сөйлеу арқылы сыртқа шығарылады. Тілді меңгеру оқушының психологиялық сөйлеу. қабылдау, есту, зейін, тағыда басқа қабілеттері арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, тіл психологияның зерттеу обьектісі болып табылады. Психология ғылымында тілді - тіл және сөйлеуді біріккен тұлға ретінде қабылдайды. Тіл қарым-қатынас құралы болғандықтан, тілдік қатысым әрекетінде өзінің бүкіл қызметін айқындап керсете алады. Психологиялық                          зерттеу тұрғысынан тіл – сөйлеу процесінде пайда болған ұғымдарды қабылдауы, ес сақтауы, оны ойлаудан өткізу, түйсіну тәрізді психологиялық қасиеттер негізінде зерттеледі. Оқушы өзінің ойлаған ойын, қуанышын, мұң-мүқтажын, сезімін, пікірін, тілді қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сыртқа шығара алады. Бала психикасының дамуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеуде қолдана алуы маңызды қызмет атқарады. Оқушы сөз арқылы өзін қоршаған ортамен қатысым әрекетіне түссе осының негзінде өзінің қоғамның бір бөлшегі екендігін танып біледі. Оқушының тілді меңгеруі, сөздік қорының кеңеюі, оның сөйлеу дағдылары мен икемділіктерінің пайда болуы сияқты жағдайлар психолог-педагог, тілші ғалымдардың ғасырлар бойы назарында болып келеді. Оқушының сөздік қорының мол болуы, тілді меңгеру деңгейі, оның даму психикасына тікелей әсер етеді және онымен бірлікте, байланыста болады. Баланың сөздік қоры үнемі дамып отырады. Бұған оқушыны қоршаған ортасының кеңеюі, оның психикалық қабілеттерінің жетілуі, жас ерекшеліктері әсер етеді.

Психология мен әдістеменің өзара қарым-қатынасы - бұл педагогикалық ғылымның өзара байланыста қатарласа жүретін салалары арасындағы қарым-қатынас. Психология зерттеу әдістерінің негізінде оқушылардың мінез-құлық қызметінің білімге деген психологиялық ерекшеліктерін зерттейді және анықтайды, оқытудағы әр әдіс пен тәсілге психологиялық тұрғыдан талдау жасап дәлелдейді. Қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік сұрақтарды практикада шешуге және дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мектепте оқыту үдерісі екі жақты, оқыту үдерісіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқушының қызметіне қатысты, оның дамуы, ой қызметі, жаңа білімді игеру қабілеті, практикада алған білім мен білік дағдыларының сақталуы, осының бәрі қазақ тілін оқыту әдістемесінде олардың жалпы және педагогикалық пси-хологиясын жетік меңгермей, ескермей жоғары деңгейде шешілмейді. Психология мүғалімге өзінің әр оқушысының психологиялық дамуын, материалды есте сақтау, қабылдау, дайындық деңгейін білуге мүмкіндік береді, оқушыны жүйелі зерттеуге көмегін тигізетін әдістермен қаруландырады. Бұндай зерттеусіз, бағдарсыз оқушының әр кезеңдегі психологиялық қатынасын білмей, қазақтілі әдістемесіндегі ұсынылатын әдіс-тәсілді нәтижелі қолдану мүмкін емес. Осы әдіс-тәсілдер оқушының психологиясына, олардың жеке ерекшеліктері мен ойлау қабілеттерін, жал-пы дамуын ескере отырып қолданғанда ғана оң нәтиже береді. Психология психофизиологиялық негізде түсінік береді, мысалы, сөйлеу дағдылары, оқу және жазу шапшаңдығы, жазу дағдылары (көру, есту, қол қозғалыстары, сөйлеу факторлары, ішкі ой, қайталау т.б.).

Психология оқушының білім алуда қабылдауына қатысты ойлау операциялары мен механизмдерінің, дерексіз ұғымдарды таңдау мен жинақтап қорыту қабілеттерінің қабылдау процестерінің көтерілуін анықтайды. Психология грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық ережелерді өз бетімен талдай алуға, оны кезеңдерге бөліп, негізгі бөлімін ажырата білуге, оның бірізділігін, өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.

Мұғалім белгілі бір әдіс-тәсілді, жаттығу түрін қолдану нәтижесінде оқушының осы әдіс кезінде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрету керектігін, алдына мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және оларды психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек екенін танып біледі. Мұғалім белгілі бір жағдайға байланысты жұмыс түрінде немесе жаттығу таңдауда осыларды басшылыққа алуы қажет. Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды. Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалды кеңейте оқыту көзделеді. Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескерілген.

Мектеп - оқушылардың зейінін оқу-тәрбие үдерісінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытады, мұғалім - балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде қалыптасады. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды. Зейінсіз өткен жұмыс түрі өзінің мақсатына жете де алмайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай деген: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бүл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек".

Оқу-тәрбие процесінде балалардың өздерінің басынан өткізетін тәжірибесі арқылы еріксіз зейін ерікті зейінге айналады. Ерікті зейіннің пайда болуы балалардың саналылығымен байланысты. Тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқампаздыққа үйретіп, зейінін барлық оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыру қажет. Олардың зейін дәлділігіің өсіп отыруы түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқушылардың зейіні көп жағдайда қызығумен байланысты болғандықтан, оқу үдерісін қызықты, көрнекті етіп жүргізгенде оң нәтиже береді.

Оқытудың дамытушылық қызметі оқу үдерісіңде оқушының жеке дамуымен анықтгалады. Даму барлық бағытта жүреді. Жеке түлғаның тілі, ойлауы, қимыл әрекеттерінің дамуы, сана-сезім, ерік және тиісті мотивацияның дамуы болып табылады. Дамыту қызметі психология мен оқыту және дамытудың өзара қатынасы мәселелерін құрайды. Л.С.Выготский негізін салған психологияның негізгі заңдарының бірі: оқыту өзінен кейін дамытуды ілестіреді деген тұжырымы. Барлық оқыту білім мазмұны мен қызмет нәтижесінде дамиды, ал жеке тұлға психология заңдылықтарына сәйкес іс-әрекет барысында дамиды. Оқытудың тәрбиелік қызметі негізінде жеке тұлғаның оқыту үдерісінде адамгершілік және эстетикалық талғамдары, қоршаған ортаға, өмірге көзқарасы, айналадағы мінез-құлық нормаларына баға бере білу қабілеті, жеке түлғаның өз қажеттілігіне сәйкес іс-әрекет қабілеттерін қалыптастырады.

В.В.Давыдовтың айтуынша, психикалық даму дегеніміз - жеке адамның тарихи түрде қалыптасқан қызмет типтерін игеруі барысында жүзеге асырылатын қабілеттерді қайта жасақтауы. Оқу және тәрбие үдерісі арқылы оқушының қызмет типтері мен соған сәйкес қабілеттерді меңгеруі - оның психикалық дамуының жалпы түрі болып табылады. Осының негізінде дамыта оқыту технологиясының әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздері танылады. Оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде басты мақсат-олардың ойлау шеберлігін дамыту, жетілдіру болмақ. Жеке түлғаның қалыптасуында осы мақсаттар басты орында тұрады Білім - ойлауды дамытудың негізі болып табылады, ал білімді мақсатты түрде меңгеру, қызығушылықпен білім алу - ойлау процесін жетілдіреді, оқушының бой-ында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негіз болады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.