Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ІІ ТАРАУ.  ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



ІІ ТАРАУ.  ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ-ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығы мен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.

  Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділікпен саналық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісімен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін көздейтін мүддесі- білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады.

  Педогогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруды қарастырады.

  Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:

- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;

- оқу-танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;

- оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.

Сондай-ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:

- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

- оқу үрдісінде мәселік оқытуды кеңінен енгізу;

- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;

- бірте бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б.

Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.

  Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерден басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.

  Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:

оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғаліммен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Галант, Л. Аристова, М. Данилов, Г. Щукина, Р. Лемберг);

танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б. Есипов, Сабыров, М. Скатин, Б. Айтмамбетова, т.б.);

оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И. Лербер, Б. Коротяев, М. Құдайқұлов);

іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);

оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский А.Қазмағамбетов).

Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейітанымдық міндеттерді өз бетінше, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгейжоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мүнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейдеоқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.

Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан сырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық жәнееріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жүмыс етуі оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мүғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бүл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мүғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.

Оқушылардың танымдық белсенділігі - баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен біліктерді іс-жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп,өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.

 

 

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім

тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.