|
|||
I. Арысын тосып əлі отыр 8 страницаАуылың көшіп барады таудан асып... Ардақ есейген шағында алғаш рет шыншыл, қылаусыз көңілмен егіле жылады. Сосын көлдің аса салқын суын омы- рауына дейін кешіп барды да, алқынған үнмен: «Алмас, кел- ші жаным, тағы да. Тағы да су шашысып ойнайық», – деді көзі ұшқындана. Əлі де балалық желіктің уыздай құшағын- да жүрген ол Алмас екеуінің арасында өткен сонау жылдағы оқиға – күнəсі мен кір шалған кірбіңі жоқ, балдырған қы- лықтар екенін жəне ойнағаны өз жұрағаты екенін де сезбе- ген. Тағы боп өскен қызға адамдардың бəрі бірдей секілді еді. Су шашысып ойнап, көңіл құртын өлтірсе болды. Тіпті де олай емес екен. Көл шолп-шолп сүйісіп мазасын алды... * * *
Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазы- ны қарды жарып та шыға беретін тау бөктерінің былтыр- ғыдан қалған күреңсесі күлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, алашабырланып жатыр. Тау ішін- де көкжиек жақын болады. Тауда тұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек – қоп-қою жалқынды са- ғым іркіліп барып, əлгі көк күмбезімен көмкерілген. Жаз- ғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда-мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың- құздарын ұзыннан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көк- темнің шуағына алақанын жая бастаған орман соңғы нөсер- ден жаңа ғана ес жиып бусанады. Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай ұшып келген бір топ шүрегей Марқакөлдің айдынын төсімен тілгілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелді. Осы көріністің қай-қайсысы да Қожаны қызықтыра ал- ған жоқ. Жаралғалы көзқашты қылған, қайталана беретін мезгілдің əртүрлі мінез-қылықтары шал үшін таңсық емес. Қайта жанын қажап, зəрезап қылатын. Кей ретте өлкенің осы күйінен қарадай жиреніп, басы ауған жаққа лағып кеткісі ке- летін. Бірақ қия алмайтын құрғырды. Құлан қағынан жері- генде барар өрісі, шығар биігі қайсы. Қайда барса да Қор- қыттың көрі, ат айналып қазығын таба бермей ме. Қожа, шынында да, Марқакөлдің жағасына шешілмейтін болып арқандалып қалған. Ақшоқының өз маңдайы іспетті қасқая біткен беткейінде өмірінің базары секілді бар малы табын құрып жайылып жүр. Қожа көзін сығырайта, тесіліп ұзақ қа- рады. Өткен өмірінің ой-қырын шолып көріп еді, бəрі-бəрі анау төрт аяқты хайуандарға телулі екен. Егер əзірейіл келіп малын сұраса, жанын берері хақ. Қожаның дөңгеленген ша- ғын шарасы молайып та, азайып та көрген жоқ. Бозжорға- дай майпалып өткен есте қалар жылдары болмаса да, ерте- ңін ойлап қынжылмайтын. Үміт деген ол да бір қыл арқан – алға баян-бағасы болымсыз шаңдақ дүниеге байлап-матап апарады да, қылша мойын талша болдырып тұрған сəтінде жігер-қайратыңа тұзақ болып оралады. Қожаны шаршатқан осы – жан жолдасы көп-көп үлпілдек үміт еді. Бұрынғы үміт- арманы – мал басын көбейтуге апарып соға беретін. Былтыр- дан бері Ардақтың болашағы мазалап, ерте ме, кеш пе ұядан ұшар қызының қонар қонысы қинайтын кəрі жанын. – Өлмеген құлға тағы да бір жаз келді, – деді Қожа қы- сықтау келген өткір көзін əлі де қия беттен алмаған қалпы. – Ерттеулі аттай, таң асып өткен жылдар-ай! – Қолын бе- ліне ұстап, ырғала басып үйіне беттеді. Күн Ақшоқыны жа- рып шығып келеді. – Кемпір, – деді Қожа, мосы асып жүрген əйеліне. – Ар- дақ тұрды ма? – Ұйқысы қанбай жатыр-ау деймін. – Жатсын, жата берсін. Саған тартқаны ғой. Ошақтың үш бұтындай боп бір шаңырақтың астындағы үшеуі ертеңгі шайға отырды. Қараша үйдің Ақшоқыға қарап түрулі тұрған есігінен көктемнің салқын самалы шалқыды. Тау басынан жаңа-жаңа көтеріле берген күн нұры да ашық есіктен таласа төрге ұмтылады. Есікке бетін бере отырған Қожа анау жап-жасыл боп жайнап жатқан бетегелі беткей- дің бар аумағын болжай алады. Шай үстінде де құны бардай қадалып қалған. Бір кезде сықсиған көзі бағжаң ете қалды. Ақшоқыдан жалғыз атты жолаушы еңіске қарай құлдилап келеді екен. – Əй, кемпір! – деді кəрлен кесені төңкере беріп. Үнін- де сасқалақтау бар. – Ақшоқыдан бері біреу құлдады ғой, көремісің. Жиыстыр үй-ішін. От пен суға қарап жұтаған си- қымызды білдірмейік. – Сосын өзі апыл-ғұпыл атып тұрып, астауға жармасты. Қожа бір астау тезек əкелгенде, Ардақ пен кемпірі үй- ішін тап-тұйнақтай жинастырып қойған еді. – Əй, қатын, жи мына жапаны жүктің астына, бер жағына тұскиіз ұстап қоярсың. – Неге, ойбай? – Миғұла, жүкті биіктетпеймісің. Қызыңның жасауы ті- реліп тұр ма? Төтенше абыр-сабырдың түпкі сырына түсіне алмай дел- сал тұрған Ардаққа Қожа: – Ки, камзолыңды! Қонақ келгенде, тілің қышымасын. Үндемей отыр, тегінде, – деп зекіді. Жолаушы, шынында да, ұятты қонақ боп шықты. Отыз- дың ар жақ, бер жағындағы қутың қаққан сақа жігіт. Есік- тен «Ассалаумағалейкүм!» – деп, даусын соза амандасып кірді. Жан-жағына тояттамаған бүркіттей жалт-жұлт қарап, шиыршық атып отыр. Сөйлеген сөзі де пысық, үйіріп бара- ды. Қожаны əңгімеге айналдыра беріп, Ардақтың үлкен қой көзін ұстап арбап ала қойды да, сүйкімді келбетпен жыми- ды. Қожаның іші жылып салды. «Күні-түні қайғы жұтып, жан тоздырып жүргенде, күйеубаланы айналайын алланың өзі айдап келді емес пе. Ақсарбас, кемпір, ақсарбас». – Иə, балам, жөн-жосығыңды айта отыр, – деді Қожа жі- гіт дидарынан əлденендей жақсылықтың нышанын тінте. – Қай ауылдан шықтың? – Ақшоқының арғы қапталындағы Мəметек ауылынан- мын, сүйегім – Қожамбет. Мына күншығыс теріскейдегі жы- ныстан аң қарай шықтым да, Марқакөлді жиектей отырған не қылған оңаша үй деп бұрылғаным ғой. Жəне сізді сырт- тай естуім де бар. – Жөн, шырақ. Келіп-кетіп тұр. Мəметек би əлі қуатты ма? Нарыннан бері бөтен жан жібермей, тыртысып-ақ отыр- ау пəлекет. – Шүкір, əзір өткізе қойған жоқ. – Алтайдың бытқыл-бытқылын өзінің-ақ қалың жылқы- сы ақтаңдағын шығарып тоздырды емес пе. Бар жылқысы қаз-қатар тұрып бас қойғанда, қара айрықтың суын тауысып кетеді деуші еді, рас па? – Рас, отағасы. – Пай-пай, заман-ай. Бұдан отыз жыл бұрын менен əрі сірі шыққан тақыр кедей еді. Қулығымен емес, ақылымен-ақ жиып алды ғой үйір-үйір жылқыны. Өзі зəбірсіз адам. – Оныңыз рас, отағасы. Отымен кіріп, күлімен шығып жүрміз. «Əй, сен сондайсың» деп көрген жоқ. Обалы, кəне. Шайды сарқа ішіп, кесені төңкеріп, кейін шегіне берген жігітке шал: – Есімің кім, балам? – деді. – Салық. Қожа кемпіріне дастарқанды жина деген ишара білдірді. Өзі ернін күбір-күбір еткізіп, бетін сипап тұрып кетті. Сырт- тан: – Қой айдап келдім, əке! – деген қыздың жіңішке даусы естілді. Қожа мен кемпірі сойыс қамына кірісіп кетті де, жолаушы жігіт пен Ардақ оңаша қалған. Жігіт үріп ауызға салғандай қыздың аса сұлу бітіміне таңырқай қарап, тамсанып отыр. Əсіресе, жұп-жұмыр аппақ мойны анау бұйра қою қара шашпен камзол жағасын қосып жатқан алтын мойнақ секіл- ді. «Аққудың көгілдіріндей екен? – деді ішінен. – Қатын ғып ап, бетіне қарап қана отырар ма едім. Əттең, тілінің мүкі- сі болмаса. Үйленер едім, «əйелің сақау» деп, жолдастарым құлақ етімді жеп қояр». Өзіне мөлие қараған жігіт жанары Ардаққа пəлендей əсер ете алмады, көкейінде көбіктеніп жатқан əсіре қызыл құш- тарлықтың да нышанын аңғармаған. Ол мұндай жігітті де, мұндай көзқарасты да тұңғыш рет көріп отыр. Кім де бол- сын, осылай қарауға тиісті, кім де болсын қарай береді. Несі бар, Ардақтың өзі де тайсақтай қойған жоқ. Бірақ Алмас баяғыда дəл мынау алпамсадай жігітше жұтынып, қылмаң- дамай-ақ ойнап еді ғой. Ал мынанікі не? Ардақ бұл құпияның байыбына бара алмай дал болды. Ол мынаны ұқпады: Əкесі қонақтың көзінше аузыңды ашпа деп кетті. Неге?! Сөйлемейтін адам бола ма екен? Сол үшін жаратылған жоқпыз ба? Он жеті жылда жалқы сəт дидар- ласқан жігітпен əңгімелеспеу... Анау Ақшоқының ар жа- ғында жер қайысқан ел бар дейді, сол туралы сұраса, несі сөкет. Мүмкін, мынау кеудесі есіктей қара бұжыр кісі Ал- масты танитын шығар... Есен-саулығын сұрап көрсе... Бұл үйге келе ме екен өзі? Əттең, келсе ғой... Ардақ екеуі тағы да суға шомылып ойнар ма еді! Мүмкін, Алмас мұны əл- деқашан ұмытып та кеткен шығар. Мына кісі оған мүлдем ұқсамайтын секілді. Ардақ та дəл осы жігіттей əрі күлкілі, əрі қорқынышты қараған бірде-бір адамды көрген жоқ... Қыз көз алдына əнеугүні көрген түсін елестетті. «Түсі екен дейді. Мезгілдің көз жасындай ақ жауын сіркіреп тұр. Ардақ осы құйып тұрған нөсерге қарамай, əдетінше Марқақөлге шомы- лып жүр екен дейді. Бір мезгілде судан сойталдай-сойталдай он шақты қара бұжыр жігіт шыға келді де, Ардақты ұстап алды. Сосын... сосын қызды сен алмайсың – мен аламын деп жақ-жақ боп таласып, төбелеседі екен дейді. Сосын... сосын оны бірдей суға батып кетеді де, қып-қы- зыл боп қан шығады шөккен тұстан. Ардақ тағы да жалғыз, мүлдем жалғыз қалған еді...». Мынау кісі соның біреуі секіл- ді. Өз ойына өзі күліп жіберді. – Неге күлдің, құрбым? – ?! – Үндемейді екенсіз... Онда үндемес ойнайық... – ?! – Əлде сөйлей білмейсіз бе? Сіз секілді дала періштесіне ойын-той, сауық-сайран ғана өріс бола алады... Атың Ардақ қой? Ардақ ақырын ғана басын изеді. Сұмдық-ай, сөйлесе не етті. Əкесі естіп қояды ғой. Жо-жоқ, бірдеме деу керек шы- ғар. Жарылып кетермін. Мына кісінің сөзі де, қарасы да қы- тықты келтіреді екен. Суға түсер ме еді. Мүмкін, жүзу біл- мейтін шығар... Қазандай басын суға тығар ма едім. – Жалғыз өзің иен тауда зерікпей қалай тұрасың? – Сол сəт Қожа: – Ардақ, бері кел, шешеңе ішек-қарын аршыс, – деп дауыстады сырттан. Ет желініп болған соң, төсек салу қамы басталды. Ол кез- де Салық тысқа шығып кеткен. – Қонақ жігітке қайда саламыз төсекті? – деді Қожаның ақылынсыз қия баспайтын кемпірі. – Уай, қолабай, салсаңшы осы үйдің бір бұрышына. Ардақ тағы да көз ілген жоқ. Шал мен кемпір төсекке жамбастары тиісімен, өтірік-шынын кім білсін, қор ете түс- кен. Қонақ жігіт те ұйықтап кеткен секілді. Жер ошақтағы оттың шоғы əлі де сөнбей, қоламта арасында жылтырап жа- тыр. «От та ұйықтаған жоқ, – деді Ардақ күбірлеп. – Мен де ояумын. Ана кісі Апам секілді маубас екен». – Салық жөткі- рініп барып, бері қарай аунап түсті. Ұп-ұзын боп өлік іспетті сұлап жатыр. Беті көрінбейді. Ардақтың далаға шыққысы келді. Сыбдырын сездірмеуге тырысып, төсектен ептеп түсті де, шапанын жамылып есікке беттеді. Кемпір мен шалдың жарыса пысылдағанынан өзге дыбыс естілмеді. Қонақ жігіт енді іргеге аунап түскен. Ояу жатқан секілді... Ай қорғалапты. Қараңғы. Құлаққа Марқакөлдің бір қа- лыпты сылп-сылп етіп таңдайын қаққаны ғана естіледі. Жұлдыздар тіпті жақын тұр. Көлден ескен қоңылтақ самал бар. Көктемгі ауадан жас балаусаның иісі шығады. Ақшоқы жақтан ат кісінеді. Үйірін сағынған торы шолақ болар. Мал екеш – мал да жалғыздықтан құлазиды екен-ау. Обалың жер қойнына итше ырылдасып кіретін адамдарда шығар... Марқакөл Ардақты тұнжырап, томаға-тұйық қарсы алды. Өкпелеп жатыр. Беті қара барқынданып көрінбейді. Шешіне бастап еді, сырт жағынан сыбдыр шығып, қалт тұрып қал- ған. Өзіне қарай жасқаншақтана жақындап келе жатқан қо- нақ жігітті таныды. «Бұл ұйықтап жатыр еді ғой». Ол ұйық- тап жатпаған екен. – Түнде кісі суға түсе ме? – деді Ардақты қолынан ұстап. Қыз қымсынған жоқ. – Мен ылғи шомыламын. – Тоңбайсың ба? – Жоқ. – Қорықпайсың да ғой. – Неден? – Аю-қасқырдан... Қазір, айталық, менен... – Мен қолқу дегенді білмеймін. – Оның жақсы екен. – Салық екінші қолын қыздың мықы- нына апара беріп еді, ыршып кетті. Салып жіберер деп Са- лық та сасып қалған еді. Қыз енді алыстау тұрды. – Оның не, Ардақ? – Қытығым келеді. Салық жорта күлген болды. – Қытығыңды басармын мен. – Ол тағы да тақала түсті. – Қайтіп? – Құшып-сүйіп. – Құшып-сүйгені несі? Менің қытығым суға түспей ба- сылмайды... Кел, онан да шомылып, су шашысып ойнайық... Баяғыда Алмас екеуміз тəуи-ақ ойнағанбыз. – Мен малту білмеймін ғой. – Жүрексініп тұр. Əйтсе де қыздың жалаңаш тəнін көргісі келген Салық: – Түссек – тү- сейік, – деп, шешіне бастады. Салық тоңғанын білмей де қалды. Уылжыған жас қыз- дың қызулы денесін құшақтап, алысып, қуысқан боп, айма- лап құмарынан шығып-ақ жүр. Екеуі жеті қараңғы түнде ақ шабақша асыр сап, меңірейіп, жусап жатқан тауды азан-қа- зан қылды. Ардақ есінен мүлдем ауысты білем, Салықтың көп-көп дарақы қылықтарына мəн бермеді. Бойжетудің қақ- пай көрмей пісіп-жетілген жанартаулары бір-ақ түнде жары- лып, мас қылып, буын-буынын алған. Алпамсадай жігітті ал- қымынан алып, сығымдап апарды да, қауға басын сұп-суық суға тығып-тығып жіберді. Егер қыз шындап кетсе, өз əлінің жетпейтіндігін сезді ол. Енді ол сақтыққа, алдауға көшкен. Аш белінен қапсыра қысып тұрып, ернінен, көзінен, ал- қымынан қаба-қаба сүйіп, қытығын əбден кетірген соң ғана, Ардақ шым-шымдап жуасып, ырқына көше бастап еді. Өне бойы жылқы бағып, неше сықылды асауды үйреткен сарта- қым дəніккен қыр жігіті ендігі сəтте оны қолына лып еткізіп көтеріп алып, жағаға шықты. Жағаға шықты да, өз киімдері- нің үстіне сұлата жатқызды. Ардақ қарсылық көрсете алған жоқ. Баяғыда Алмас екеуі дəл осылай ойнаған. Қыз денесі əлі де суыққа сорғызбай, күйіп жатыр. Су иесі Сүлеймен- нің қызындай жарқырап жатқан аппақ дене бір сəт бұлық- сып, бір сəт тулап барды да, алпамсадай жігіттің бауырында тұншығып қалды. Ақ шағаладай айқасқан қос дене тылсым тыныштыққа көшіп еді: – Кет алы! Аймас бүйтіп, ауыл- тып ойнамайтын, – деген булықты сөзден кейін шорт үзіл- ді. Салық сонандай жерге жалп ете түсті. Ардақ атып тұрып қаша жөнелген. Ол түн түнегінің қап-қараңғы қойнына ағараң қағып сіңіп бара жатты. Қожа құзғын сəріден тұрса да, «күйеу жігітті» көре алма- ды. Етігі жатыр, өзі жоқ...
* * *
Қожаның күдігі дəл келді. Ардақты айттырып келген ешкім болмады. Салық төбесін қайтып көрсетпей, судай сіңіп, тастай батып алған. Түн жамылып бірер келіп кетке- нін де білмейтін сияқты. Шалды қазір қинап жүрген – есен- сауында қызын ұзату қамы емес, барған сайын аяғы ауыр- лап, жүріс-тұрысының сылбыр тартуы-тын. Анада кемпі- рі құлағына əлденені сыбырлағанда, шашын бұрап-бұрап, тұтамдай ұстап алып, соққыға мықтап жығып еді. Отыз жыл отасқан кемпіріне тұңғыш рет қол көтерткен сөз, күн- ді-күн тықсырған сайын, бұлтартпайтын дəлелін көз алдына көлденең тарта берген. Торы шолағын мініп, тау асып қаң- ғырып кеткісі келген, мынау тірі қорлықты көрмей, мерт болғысы келген; қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген осы-ау, он жеті жыл еркек-ұрғашының не еке- нін білмей тағы боп өскен қызын өз қотанынан ұзатпаса да, уыз тазалығын уысынан шығарып алыпты. «Болмайтын іске бордай егілмей, болаттай берік болу» ғана қалыпты. Ұшар құсты темір торға қамап, алақаныңмен басып отыра алмай- ды екенсің. Көңірсіген көп дүниеден көз жазып қала бересің. Қызыңның көргенділігін көршіңнен сұра деген сол. Жылай- сың – шыдайсың». Қожа бір-ақ күнде күрт түсіп, жүні жығылып жүдеп кетті. Бұрынғыдай емес ашу шақырып айқайлап, пейілін тарылт- пай, жуас əрі немкетті қарайтын боп алған əр нəрсеге. Ол елге көшіп бармағанына енді өкінді. Ардақ та өзгеше халде еді... Алғашқы белгілері біліне бастағанда, қызық көріп шешесіне айтқан. Сонда шүйкедей кемпір мұны тас қып құшақтап алып, ертеден қара кешке дейін аңыраған еді... Содан бұған ет пісірім уақыт өмір тура- сында, сол өмірдегі Адам-Ата мен Қауа-Ана турасында əң- гіме шерткен. «О, баста, – деген шешесі, – адам бір-ақ дене екен. Төрт қол, төрт аяғы болған деседі. Жасаған ием пайда қылған пендесі бұлайша біреу-ақ боп ғұмыр кешіп, ұрпақ қалдыра алмайтынын ескеріп, екіге бөлген екен деседі. Қыз бен жігіт те, сүйіскен ғашық жандар да осыдан басталған екен деседі». – Ғашықтал деген не? – деген сонда Ардақ. Шешесі жа- уап бере алмай көп қиналған. Көп қинала отырып, ертегі қиссалардағы бірін-бірі сүйген ұлы махаббат иелері жайлы əлінше əңгімелеп көрген. Сонда Ардақ тағы да: «Əкем еке- уіңнің алаңда да ғашықтық болды ма?» – деп еді. Кемпір тағы да қиналған: «Қайдам, қалқам, жылтыңдап біздің ауыл- ға келгіштеп жүруші еді, бір күні алып қашып кетті ғой». Бірақ мынау мазаң дүниенің сиқырын кеш түсінген. Ана- сының əлгі əңгімесі осы жасында емес, сегізінде айтылса, мүмкін, дəл осындай ағаттық жіберіп, əке-шешесін осын- шалық сарсаңға салмас па еді. Тегі, қателік өмір өрлерінде- гі сүрініс үлкендерден басталады-ау деймін. Кейінгі ұрпақ- қа сол ағалар ағаттығын не қайталайды, не жаңсақ істі сол қалпында үйренер. Қателіктер əсте өздігінен, əмбе төтеден пайда болып көрген емес. Қателіктер ғайыптың қайғысынан тумаған, төрткүл дүниедегі əр минут сайын теріс-қағыс ат- талып жатқан қадамдардан, бір кезде қате басқан адамдар- дан келер ұрпаққа ауысып отырған секілді. Салықтың жалт етіп жоқ болу мақсатын Ардақ та, шал-кемпір де сезген жоқ- тын. Жайы келсе, ол сонау Ақшоқының қойнауында аға- йын-жұрттан аласталып қараша үй отыратынын білмейтін де. Мұның бəрі-бəрі Шалабайдың айтағы еді. Інісіне шын- дап өшіккен Шалабай қайтіп мұқатудың айла-шарғысын із- деп жүріп, солқылдап бойжетіп отырған Ардақтың абыро- йын төгуге байлам жасап, ауылдағы ең еті тірі, жылпос жігіт Салыққа астыртын қолқа салған: «Қожа сақау қызын ұза- тып, қалың мал алмақ қой. Кей ақымақтар тіліне емес түрі- не қарап айттырып қояр. Тілеуіңді құдай берсін, сол қыздың шаруасын барып тəмамдап қайт», – деп қадалған соң, атқа қонған-ды Салық. Бұл оқиғадан Қожа бейхабар болатын. Сезіктенсе, қанын ішер еді ғой жылпос неменің. Кедейдікі кезеңде деген сол да. Үш күн болды, Қожа мен кемпірі Ардақты күзетіп отыр. Жастық базардың көп-көп қызық дəуренінен аттап өтіп, ана- лықтың қауызына бірден оранған жас ару аяғы ауырлаған са- йын, тыншу көре алмады. Ауық-ауық жүрегі айнып құсқы- сы келеді, бұрынғыдай емес, тамаққа да тойымсыз; сіркесін су көтермей есеңгіреп жүр. Бүйірі бүлк етіп, ішіндегі сəби тебініп қалған сəтте, шыңғырып далаға қашатын. Мінсіз ақ бетіне сепкіл қаптап, мұрнының үстіне ноқта пайда болды. Балтыры мен қара саны да жуандап, домбығып кеткен. Өте көңілсіз, салғырт. «Неге екенін білмеймін, – деді бір күні шешесіне, – өлгім келеді». Бүгін де көз іле алған жоқ. Кірпігі-кірпігіне айқаспай, кө- рер таңды көзімен атқызып жатыр. Дəл шығар есікте көл- денеңінен төсек салып, Ардақты аңдып жатқан əке-шешесі күбір-күбір сөйлеп, көпке дейін ояу отырды. Қазір үндері шықпайды. Қалғып кеткен секілді. Май шам бықсып жанып тұр. Түтіні қолқаны қабады. Үй қара көлеңке. Ардақ быр- шып, терлеп, ерні кеберсіп, шөліркеп жатыр. Өмірдің ащы- тұщысын көрмеген басы толғақтың алғашқы толқынында- ақ талмаусырап, құлында-құлынын шығарды. Бірақ көпке дейін дəтке қуат етіп, тыпыршымай шыдап баққан. Сылып тастайтын сырттағы жара емес, шыбын жаны бар бала бол- ған соң, не лаж? Машығында жоқ төтеден келген құбылыс- тың түпкі бір сыры тұманды. Ардақтың кəперіне кірмеген бұлың-бұлың керібаққан дүниелер. Өмір мен өлімнің, арзан мен қымбаттың парқын əлі де айырып үлгермеген жас қыз өз жүрегінің нəрін де, барын да кəделі іске бағыштар халге жетіп, бағамдай алмай мерт болмақ па? Ыза, кек, ашу деген- ді білмей бейкүнə өскен қыз қыр қызғалдағындай құлпыр- ған шағында, шадыр-шатағы мол тайғақ тағдырдың құрбаны боп кетпек пе? Жо-жоқ, Ардақ əлі қауашағын ашпаған ба- лауса, айықпас ауыр мұңға батып, аза қылатындай панасыз емес, аюдай ақырған əкесі бар; кем-кетіксіз ғұмыр кешетін пенде жоқ; кең əлемнің кем-тарлығы болмай тұрмайды... Ардақтың өңі реңсіз, жүдеу. Əр нəрсеге нанғыш бала жүрегі рақат, бақыт атаулы ұшпаққа арман құсын ұшыра алмай, қор болып жатыр. Ол дəл осы ретте үмітсіз де еді. Тұла бойын талдырып, тепсінген нəресте жарық дүниеге – нұрлы сəулені көруге асыққан сайын азаптап, құрсағын тепкіледі. Іңірле- ген үй, ірімтік-ірімтік ой, тұлан тұтқан жүрек пен əлсіреген жүйке – бəрі-бəрі арпалысып, күш күресіп, туар туманың жолын күтіп, дайындық қамына кіріскен сияқты. Ардақ қат- ты қысылып барып, ішін тарта ышқынып қалды да, төсектен аунап түсті. Жаңа ғана көзі ілінген қос қария бұл дүрсілге оянған жоқ. Шыдай алмай шыңғырып қоятынын сезді. Ішін басқан күйі атасының үстінен аттап сыртқа шығып кетті.
|
|||
|