|
|||
I. Арысын тосып əлі отыр 9 страницаТаңнан хабар сезіледі. Ақшоқының ар жағы жұқалаң ғана ақ сəулеге оранған. Жым-жырт ұйып жатқан жайлы түн ала- көбең тартып, бірте-бірте бозғылттана бастады. Көл үстінде көкшіл тұман бар сияқты. Таң алдындағы тау қойнауының мына қалпы мұңға бейім. Алаңсыздық, бейқамдық басым. Өз ішін өзі айқара басып алған Ардақ көлге жете алмай жығылды. Өзегін өкініштің өрті емес, дененің дерті жайла- ған өзінен гөрі өзгені кінəлағандай. Кеше ғана толқынына салып тербеткен қол алыстап бара жатқан балалық шағын- дай қашаңдау қалыпты. Ерні кеберсіген. Ардақ қанша жан- таласып жылжыса да, жете алмай-ақ мысы құрыды. Шіркін, шөліркеген таңдай бір жұтым суға зар. Ол суға жерік еді. «Мені кінəлап көрші!» – деп тепкіленген қыз құрсағын- дағы нəресте жылдар бойы қараңғы қапаста қалып, енді- енді еркіндік аңсап, алтын арайлы аспанға ұшар алдындағы құлшынысын жасап жатқан сұңқардай, ұлы сапарға шығар табалдырыққа таяп тұр. Бұлқынған сайын, «енді сен ана- сың!» деп, Ардақ атына зілсіз, əрі тілсіз сəлем жолдап қа- лады. Дүние рақымсыз, əрі керең екен, шыңғырған дауысты ешкім естіп, елеп-ескермеді. Бəрі де күмілжи мүлгіп, «шыр» еткен үнді тыңдауға құштарланғандай. Əне, бір бозторғай да пыр етіп ұшып, шырқай самғап өскелеңдеп барады, таң ата- рын хабарлап тұр-ау... Күн шығар ма, жалпақ жаһан шуақты шұғылаға батар ма... Əттең, бір жұтым суға қол жетер ме... Апыр-ай, осындайда Алмас та келіп қалмайды екен... Су ша- шысып ойнаса, жаны жай табар еді. Ардақ бар қуатын жиып, тағы да жылжыды алға. Бұл жақындаған сайын, Марқакөл алыстай береді... алыстай береді... Одан тек Марқакөл ғана емес, барша ғалам жырақ тар- тып, жападан-жалғыз талақ тастап кеткен секілді. Ол тұң- ғыш рет əлсіздіктің бар дерті: жалғыз жанашырсыз қалуда екенін зерделеді. Ол тұңғыш рет ананың не себепті ардақты, салқар да шалқымалы айдындай айбарлы екенін ұғып, ана жүрегінің зар-запыранын еншіледі. Ол өз шешесін биіктен көрді. Қайран ана; жаны не деген берік еді. Сəбиді дүние- ге келтіруден – Ақшоқыны аунатып жіберу əлдеқайда оңай шығар! «Айналайын, анам-ай, ақылыңды айтшы, мынау жалмауызды қайтып қана жұлып тастаймын денемнен! Ай- налайын, анам-ай, айтшы ақылыңды – мен тағы... тағы да осындай дертке душар бола берем бе, əлде алды-арты осы ма?! Айналайын, анам-ай, айтшы ақылыңды – менің кінəм не, жазығым суға түсіп ойнағаным ба, сол ғашықтар жа- йындағы ертегіні ертелеу айтсаң, осынша отқа күймес пе едім, өрт күйге түспес пе едім. Айналайын, анам-ай, айтшы ақылыңды – неден сорлы болдым, əлде мен туғанда қалжа жемедің бе, əлде əкемді сүймеп пе едің, əкем сені сүймеп пе еді; бір-біріңе жылы сөз айтып, күле қарағандарыңды көрмедім ғой. Айналайын, анам-ау, жұлып тасташы мынау тыпырлаған жаман немені. Кең дүние, не деген тар едің, жаңа сездім ғой... Жазығым не, Жаратқан Ием... жазығым не... суға түсіп ойнағаным ба? Əке, ағайыныңмен татуласып, елге көшіп барар күн туар ма екен... Шықты ғой жаным... құдай-ай, өртендім-ау... өлдім-ау... айналайын, ана, қайда- сың, ұсташы... ұсташы белімді! Сынды ғой! Əттең! Ойбу-уу а-аа-а! Ардақтың ашық үлкен қой көзі тұнжырап, тұңғиық тартып барды да, баяу сөне жаздап, қайтадан шатынап, қан- талап ақиып кетті. – А-а... ааа! Баж еткен дауыс естілгенде, құстай ұшып шешесі де же- тіп еді. Таң аппақ атып, шығар күн Ақшоқының басына қан-қан сəулесін себезгілей бастады. Əлемді алып ұйқысынан таң емес, күн емес, жылаған бала даусы оятқандай, дүр сілкі- нісіп, түлеп-түрленіп сала берді. Түн түнегін серпіп тастап, зіл болып басқан ауыр мұңнан арылған адырлар ертеңгілік мөлдір шуақты сағынышпен қарсы алды. Ақшоқыдан асып кеп түскен күннің қияс нұрын Марқакөл көптен күткен қа- дірменді ғашығындай кеудесіне қонақтатып, айнымастай боп аймаласып жатыр. Бір-бірін қанша қуаласа да, қосыла алмай, қор болып құрып, ізінше жаңасы туындап жататын Марқакөлдің көк бұйра толқындары арпалысып, баз кешкен ағайындардың бірікпейтін тірлігіне ұқсап, қаз-қалпында – баз қалпында ілгерінді-кейін итінеді. Қанға бөгіп, аппақ болып есеңгіреп жатқан балғын дене- ні бар күнəдан, бар азаптан арашалап алғысы келген көлдің əлгі көп толқыңдары жағаға қаншама асығыс ұмтылса да, өз ырқынан, өз арнасынан асып кете алған жоқ. Осының бəрі менің құдіретім деп, табиғат мұртынан жы- мияды. – Қарғам-ау, не болды! – деп ұмтыла берген Қожадан қызының денесін далдалай берді кемпірі. Далдалай берді де: «Ұста! Арбаңдамай», – деді. Бұл – шалына алғаш рет жүргізген əмірі-тін. Қожа тырбаңдаған қызыл шақа нəресте- ні жоғары көтеріп тұрып: – Əкесінің аузын ұрайын! Байға тимесе – тимей-ақ қой- сын. Артымда ат ұстайтын тұяқ қалды... Кемпір, əй, қатын, мына жылбысқа еркек бала ғой! – деп Марқақөлге бір малып ап қойнына тыға салды. Сəбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқақөл: «Əкең менмін, əкең менмін» деп, тебірене күбірлеп жатыр...
САРЫАРҚАНЫҢ ЖАҢБЫРЫ Күн еңкейіп барады. Мен Қызылқайың сарқырамасының жағасындағы кəрі қайыңның түбінде ойға батып отырмын.
I Жазатырдан елең-алаңнан шыққан қос атты күн екіндік- ке таянғанда, Аршаты ауылына келіп түсті. Жүрістері суыт емес, аттарын сипай қамшылап қатты аяң мен бүлкек ит желістен оздырған жоқ-ты. Сондығы ма, міністерінің алқы- мы мен құлағының түбі ғана жіпсіпті. Өздері сергек. Дік-дік түсе-түсе қалысты да, аттарын бұғының қатып-семіп қал- ған мүйізі қағылған кермеге байлай салды. Ағаштан қиып салынған қос бөлмелі үйге беттеді. Айнала сыңсыған қалың тайга. Қия бетке орналасқан жиырма шақты киіз үй етекке домалап кетердей. Бойларын көкке маңғаз созып, аса тəкаппарлықпен жайлап қана тер- беліп тұрған ағаштың ұшар басына қарасаң, бөркіңді қолы- ңа аласың, қазбауыр ақша бұлт торлаған аспанды көресің. Шайырдың иісі қолқаңды атады. Алтай табиғатының осы бір оқшау көрінісін қызықтағысы келді ме, дөңгелек жүз- ді, сұңғақ бойлы, құба шұбарлау жігіт қапсағай денелі қауға сақал шалды оздырып жіберіп, өзі жүрісін ірке берді. Салт аттылардың бөтен сыңайын таныған бірлі-жарым адам жас- қаныссыз бедірейіп тесіле қарады. Ши борбай айран бет үш- төрт бала құйрығын сабалап құйғытып кеп қалды да, бөтен болған соң, сілеусін көрген еліктей едірейіп қалт тұра қалыс- ты. Қапсағай шал «Насыбай бар ма?» – деп, жорта тап беріп еді, бажбаң етіп ыржиысты да, бет алды тыраңдай жөнелді. – Ақсақал, сіз үйге кіре беріңіз. Мен сыртта тұра тұра- йын, – деп құба жігіт шалға қарады. Шал бұрылған да жоқ. – Мейлің. Жігіт шағын ғана ауылдың жүдең қалпына көз жүгірте тұрып, қабағын кіреукелендіре тық-тық жөтелді. Күндізгі жүріс жон арқасын құрыстырып тастапты. Салт көп жүрме- гендігі болар. Бағана ет қызуымен білмепті. Екі иығы мен қара саны талып, адымын аштырмайды. Күн алып дəу шо- қылардың қалқасында қалды. Мұнда ерте батады екен. Бірақ ұйыған қоңыр барқыт кеші ұзаққа созылып барып, ымырт үйіріліп, көз байланады. Алтай табиғаты қаншама əсем бол- ғанмен, ауыл адамдарын əбден жалықтырған секілді. Жо- лаушы жігіттің үн-түнсіз айналаға көз тастап, балаша аң- тарылған жұмбақты тұрысына бірер жалтақтасты да, үйле- ріне беттеді. Сонан соң əр түңдіктен болар-болмас жетімек ұшқындар ұшты. Тау кешінің өзгеше сырын ұққысы, зер- делеп алғысы келді ме, жолаушы жігіт сонау батып кеткен күннің артында қалған қызыл батсайы жалқынға қарап тұр. Көңілі бейжай. Көңілін татар əніндей мұңды да зарлы сезім басқан. «Тағдыр тарантасы қайда əкеліп тастады. Енді қай- да апарады. Адам бұл пəниде тек жүре беруі керек шығар. Адам бұл тертедей ғана шолақ өмірде тек күліп қана өтуі керек емес пе еді. Бірақ менде жүру бар да, күлу жоқ. Өмі- рімнің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді. «Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», – деп кім ұсы- нар алдыңнан игілікті. Шоқпыттың қайда қалмаған бір ұлы. Егер ертеңгі күні көзің жұмылып кетсе, бата оқылып, бет сипалады. Қырық күннен соң ұмытыласың. Қандай сорлы əрі аянышты пенде деген. Мынау жаһанға келіп-кеткеніңді кім білер, кім сезер. Меңдеген сырқатым күндердің күнінде алып жесе, артымнан аңырап қалар кімім бар? Е... е... Ма- қыш, ақын емес, дəруіш болғаның осы». Жігіт ауыр күрсінді. Көзіне ащы жас іркілді. Таудың кешкі салқын лебі бойын ұс- тап тоңдыра бастады. Желбегей жамылған кеудешесін қау- сырынып, қоналқы үйге кірді. Сығырайған май шамның жарығы бөрене-бөрененің ара- сынан мүгі сапсиған ағаш үйді қара көлеңкелеп тұр. Төр ал- дында дөңгелек тақтай стол. Стол үстінде орта тегене қы- мыз. Сыңайы – ішіп орталаса керек. Қауға сақал шал төрде бір шынтақтай жатыр да, оң жағын ала ағаш төсекке арқа- сын сүйей, бір жақ көзінің тарыдай ағы бар тағы бір қарт отыр малдас құрып. Махмұттың сəлемін сақалын саумалай ілтипатпен қабыл алды. – Уағалайкүмассалам, жол болсын, балам! Төрге шық. Былай, ана жолсерік атаңның ар жағына шығып кет. Сыртта көп аялдап қалдың-ау. – Махмұттың ол əдетін жақсы білем, Ореке. Кеш бол- са, күбірлеп түзде жүреді. Əлгінде қымыз ішуге шақырт- тырмағаным да сол. Ойдың адамы ғой. Кешкі көкжиекке көз жібермесе, ұйықтай алмайды білем, – деп Махмұттың орнына жауапты қауға сақал берді. Көзі шегір, шəушиген сары бəйбіше қымыз құйып беріп отыр. Кимешегінің жақ- тауын қайта-қайта созғылап, самайынан құлағына ысыра береді. Тегі, тар тігілген секілді. «Шүкір» деген есендіктен соң, лəм деп аузын ашқан жоқ. Тұқырған күйі жалын шал- ған ағаш ожаумен үйірілген сары қымызды дамылсыз сор- сор сапырады. Ішінде жалын жатса да, бала жылап жатса да, сездірмейтін мерез адам сыңайлас. Əлгі əңгіменің ақыры шолақ қайырылды да, қылқ-қылқ қымыз ішісу біраз үнсіздік жайлатты. Төргі үйде не бары беймəлім. Алдыңғы ауыз үйде қаза- қы қара сықырлауық төсек, бірер бөстек, жез құман, ортада- ғы дөңгелек стол мен үй иесі шалдың ескі ішігінен өзге жə деген зат жоқ. Оң жақ босағада күміс маңдайы жалтырап, қасқайып жатқан қазақы шапқан ер-тұрман ғана, зəудеғалам ұры түссе, қолына ілігері. Бұл үйдің бар байлығы осы – ер, бар шайлығы – қымыз секілді. Ербең еткен бала көрінбейді. Махмұттың жай-күйін Шағиман шал таныстырса керек, үй иесі «Баянауылдың азаматы екенсің ғой» дегеннен бас- қа қадалып ештеңе сұрамады. Тіпті сұраса да Махмұттың əңгіме айтар реті жоқ-тын, дəуілдекті суқаны сүймей, мына отырыстан ерқашты болайын деген. Күндізгі ұзын-сонар іркілдек жүріс соқты ма, аса шаршастың райы бар жүзін- де. Қымызға да зауқы шаппайды. Дел-сал маужырап отыр. Осы ретте сары кемпір шегір көзін бақшайтып бір қарады да, күңк етті: – Балам, шаршасаң жат, төсек сап берейін, – деді Махмұт- тың мына күйіне шынымен жаны ашығаны ма немесе қусы- рылып бара жатқан қымыздың қамы ма, оншасын ажырату қиын. – Сөйтіңізші, əже. Демалғаным дұрысырақ болар. Жатуын жатса да Махмұт көпке дейін көз ілмеді. Ертеңі- не бір сəт көз жүгірткен жоқ, өткенін есіне ала берді ауық- ауық. Қымызға қызған екі шал дүрілдесіп əңгімеге кірісті. Сары кемпірде үн жоқ, тобық жұтқандай томпайып отыр-ау. «Қаратай қазақтарының мінезі қызық екен, – дейді Махмұт ішінен, – ғажап, тылсым мінезді адамдар. Адамдар сырын ұғу қиын ғой». Махмұт Алтайдың өр қойнауына келгелі, осындай тайталас ойдың ұшығынан ұстай алмай жүрген. Мына өзін Шəңгіштайға бала оқытуға апара жатқан Ша- ғиман шалдың жүріс-тұрысы, қысылмай қайқайтып тұрып дүңк еткізетін сөздері, керек жерде кəдеге жарататын ақыр заман ылпың-жылпың қулығы, нар жығар қаруы мен өт- кір, сексеуілдің шоғындай əмісе жайнап тұратын көзі аса таңырқатқан-ды. Болыс екінің біріне тапсырмайды ғой жа- уапты шаруасын. Бірақ Шағиман – Махмұттың сирек жо- лықтырған шалы. Қара дүрсін орысшасы мен там-тұмдаған моңғолшасы, шүлдірлеген қытайшасы бар. Шаруасын ың- ғайлауға келгенде, қай ұлтпен болсын тіліне тиек сап көрген жоқ. Арқаның еліндей емес, діндарлығы да босаң. Тамақ- тың алды-артынан «құдай жарылқасын» деп бет сипағаны болмаса, күніне бес уақыт шоңқаңдап намаз оқып, құманын сүйреген кезін кезіктірмеген. Махмұт бұған да қайран қал- ды. Əр нəрсені тез сезіп, мəн-мағына тастай қарайтын жіті көңіл Алтай қазақтарының ғұрпын жыға танымай сарсаң. Қазір де ертеңін емес, бүгінін ойлап жатыр. Осынау тау хал- қының жайсаң да жабыңқы, еркін де қатыгез, қаһарлы да жасқаншақ, шаттықтары мен сорлылықтары аума-төкпеле- не беретін оқшау тірлігін бағамдап жатыр. Өздері тақылда- ған тақуалығы, сораптап кетер ділмарлығы жоқ, тұйық жұрт. Осының бəрі Махмұт көңіліне бұрынғыша өрнекті жыр ұялатпаған, топырлап кеп тоғытылып қалған ғаламат əсер, түпсіз ой жыр көзін тұмшалап, жігіт сезімін буып тастаған- ды. Алтайда туатын өлең əдетінше лақ етпей, шым-шымдап, сыздықтап, сірнеленіп шығатын-ау... Сығырайған жалғыз терезеден түскен сəуле таңның атқа- нын əйгілей алмады бұл үйге. Бозамықтанған жарықтан əр заттың нобайы ғана бұлдырайды. Үркер тас төбеге шыққан- ша, көз ілмей жатқан Махмұт талықсып барып, қатты ұйық- тап кетіп еді. Əсіресе, қазір маңдайы жіпсіп, ессіз, еркін һəм тəтті ұйқыда жатыр. Мынау жарбиған ағаш үй өртеніп кетсе де, сезбес еді. Түндегі анталаған көп ойдың кесірі ме, əйте- уір, сандырақ түстің сан-сапалағын көрді. ...Баянауылдың шыңайты мына Алтайдан əлдеқайда биік- теп, көк күмбезіне бой созып кеткен екен. Ұшар басы ба- рып-барып шыңылтыр көк тасқа айналып, найзаланып біт- кен. Қап-қара бұлттан болар-болмас қана болжанады. Дүние ызың-шудан адыра қалған тұл, əлем-тапырық дауыл алдын- дағы тылсым тыныштық секілді. Мүбəдə көзге түртсе көргі- сіз түнге айналды. Тек Баянауылдың тауы ғана көзге шалы- нар. Махмұт осы таудың етегінде еді, енді бір уақытта қо- ңырқай оба тастардан жеңіл ырғып-ырғып өтіп, Баянға тыр- мыса бастады. Қоңырқай тастар бітіп, көк тайғақ жылтыр шыңға ұласты. Махмұт жан дəрмен өрмелей берді, өрмелей берді. Үстіндегі лыпасының түгі қалмаған. Тырнағының кө- бесінен, қос тізесінен сорғалаған қан ақты. Құр сүлдері. – Баянның басында əкеңнің құны қалған жоқ, етекке түс! – деп əлдекім ақырып еді, Махмұт құлағына да ілмеді оны. Əлгі əлдеқайдан күңіреніп шыққан сайқымазақ дауыс əжуа келекеге айнала бергенде: – Өрмеле, Махмұт! Шынар басына шықпасаң, шындық қуғаның неткенің! – деп дауыстады. «Міне, қараңыз, Мах- мұт Баянауылдың аспанмен тілдескен шыңында тұр. Аспан- да күн жоқ, тек Махмұт қана. Əлгіндегі тұлан тұтқан қа- раңғылық сейілген, дүние Махмұттан тараған нұрдан қуат алып, шұғылаға шомылып тұр. Қазақтың дарқан даласы гүл-бəйшешекке бөленіп, иран бағындай құлпырады. Мах- мұт қолында – найза. Найза емес-ау, қаламсап. Соған сүйе- ніп тұр ол. Əлден уақытта, əлдеқайдан өзгеше тегеурінді қол Махмұтты шың басынан бөріктей іліп алды да, түпсіз шыңырауға тастап жіберді. Шыбын жаны шырқырай зулап, жұлдыздай ағып бара жатқанда, Шағиман шал қағып алды». Махмұт булығып барып, көзін ашып еді, Шағиман шал жіпсіген маңдайынан сипап тұр екен. – Есіңді жишы, балам, шаршап ояндың-ау. Шошынып қала ма деп, маңдайыңнан сипап ояттым, – деді майда қоңыр дауыспен. Махмұт Шағиманның үлкен ұялы көзінен əкелік қамқорлықтың айтып жеткізгісіз игі райын байқады. Басы зеңгіп, ауырып қалған екен, таудың суық суымен ұзақ жу- ынды. Күн сонау апайтөс таулардың басынан енді-енді ғана қылтиып келеді. Ауыл адамдарының көбісі ұйқыда. Қолын- да жүгені бар əлдекім жалғыз аяқ соқпақпен орманға бет- теді. Шағиман шал аттарды ерттеп қойыпты. Ертеңгіліктің таза жұпар иісі сарайыңды салқын тарттырып, бой сергітеді. Тау саһары соншалық сұлу. Айтып жеткізе алмайсың. Таби- ғат толайым бар інжуін дəл осы өңірге төге салғандай. Тіпті əудем жерде жер ошақтың отын көсеп, көк түтінді бықсы- тып отырған сары кемпірдің ана қаракеті өзіне бір түрлі жа- расымды, аса ұнасымды іспетті. Аршатының кешінен таңы, таңынан кеші артық, өзіңді ессіз құмарлыққа, ынтызарлыққа итермелейді екен. Махмұт осыны бажайлады. Күн көкжиектен көтеріле бере, екі жолаушы атқа қонды. Бірі – Алтайдың көмпіс сұңғыла шалы да, екіншісі – бола- йын деп бола алмай, толайын деп тола алмай тыраштанып жүрген Сарыарқаның боздағы. Бірінің ендігі үміті, көрер таңы – əзіргі тірлігі. Шығандап кетер өрісі жоқ бар болға- ны – Əбдікерім болыстың тауанын шақпау. Өз иесіне əділ, адал ниетімен қызмет қылу, шау тартқан шалдың өткені мен болашағы осыған көгендеулі. Ал желкілдеп шыққан көк шөптей жаңа ғана қауашағын ашып келе жатқан жаса- мыстың өткені аяулы, ертеңі бұлдыр да арайлы. Екеуінің тірлігі екі басқа. Екі басқа болғанымен – мəмілелес. Екеуі- нің талап-талғамы, ой-арманы екі басқа. Екі басқа болға- нымен – өзектес. Ол өзектестік жалпы иісі қазақ баласына деген ұлы махаббат, ыстық ықылас, жамандық атаулыны мансұқ етіп, мынау тұрлауы жоқ пəниге адамның ең асыл қа- сиеті – адамгершіліктің ұрығын себу. Сайып келгенде, олар- дан бұдан зор ерлік, бұдан асқан инабат дəмету – бекершілік болар. Қос жолаушының əзіргі ойы тоқайлас келеді. Мынау қа- тыгез даланың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, бейқам жомарт таңы, неткен ғажап едің! Өрелдің өріне келгенде, Махмұттың қылаң қарагері Ша- ғиман шалдың тобылғы торысынан оқ бойы озып, сар желіп кетті.
II Махмұттың Əбдікерім болыстың қол астына кеп бала оқытқанына жыл уағынан асқан. Ту Семейден қажыған- дықтан емес, қамыққандықтан, ашу мен ызаны ауыздықтай алмағандықтан, парықсыз қазақ арасына тартып берген жас жігіт алаңсыз əрі бейқам өмір құшағына енгендей еді. Ша- һарда кем көрініп жүргенше, ызың-шудан ада Қатонқарағай- да дем алып, бала оқытып жүргенін артық санаған. Əбдіке- рім болыстың бұған деген көзқарасы екі ұшты. Сыр бермей- тін сырбаз бай оны да ал дегенде-ақ сынай қарсы алып еді. Əлі күнге өз пікірін сездірмеген. Болыстың алғашқы жүзде- суі Махмұт көңіліне де əдемі əсерін қалдырған. Сəлем беріп кіріп келген қалаша киінген жігітті Əбді- керім: – Е... е, ақын жігіт, сен екенсің ғой. Төрлет, шырақ. Атың Сұлтанмахмұт па еді? Алтай – Баянауыл емес, Махмұт бол- саң да жарар, Сұлтан бола алмассың, – деп қақтаған күміс- тей аппақ маңдайына аса жарасымдылықпен қиыла орналас- қан қара қасын кере кеңк-кеңк күліп алған. – Анау-мынау адам емессің ғой. Сөз төркінін түсінетін боларсың. Атаңның əзілін көңіліңе ауыр алма, – деп уытты қалжыңның артын бықсытпай майпаздай салған. Бірақ сөз астарын аңғарып қалған Махмұт жүзінің жайдары қалпын бұзбастан: – Алашқа барып Сұлтан болғанша, өз еліңе барып ұлтан бол дегеніңіз-ау бұл, ақсақал. Мүбəдə мен Алтайға сұлтан болайын деп те, ұлтан болайын деп те келмегенім рас. Мө- ріңіз де, төріңіз де өзіңізде қалады. Секем алмаңыз. Менікі де қалжың, Əбеке. Əзілің жарасса, атаңмен ойна деген, – деп күле жауап берген. Тоғыз қанат ақ отау. Қаратай елінің игі жақсылары түгел- дей осында жиналған екен. Əбдікерім орыс ғұрпынша жаға- лай таныстырып өтті. Күзге айнала бастаған мезгілдің күшті сары қымызы қыздырып дүрілдесіп, көңілді мəжіліс құрып отыр. Қалтасынан ақ торғын бет орамалын алып, жіпсіген маңдайына басты болыс. Быршып терлеп, қалжасы əбден жағып отыр. Есендіктен соң бір сəт үнсіздік басып еді, Əб- дікерім: – Уа, Мұса! Ахметбек пен Жанмырзаның арасында бітіс- пей жүрген не дау еді? Шақыртшы мұнда! Сен шеше алма- саң, көмейінің желі бар мына ақын жігіт шешер, – деп шаға- ладай аппақ тісін ақсита күлді. Мұса есік жақтағы бадырақ көз жыпылық қара бұжыр жігітке иек қақты. Бұл үйдің əр ым-жымын қас қақтырмай сезу қадетіне қалыптасып кеткен жігіт сыртқа тұра атылды. Есіктен екеу кірді. Алдыңғысы – жап-жас жігіт те, екіншісі – орта жастан асқан кемиек шал. Маңдай тісі түгелімен жоқ, опырық ауыз. Тегі, қарттықтан емес, қанқұрттан түсіп қалған секілді. Анасы – Ахметбек те, мынасы – Жанмырза екен.
|
|||
|