Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Арысын тосып əлі отыр 6 страница



Неше күннен бері жон арқасы құрыстанып, ұрынарға қара таба алмай жүрген Қиялханның жерден іздегені көктен табылды. Миллиард құмырсқалар талаған миы аспан төсіне бұлт іліне дауаланған. Өзінен-өзі сыздап, шатынап ауыртқан көз етінің қызуы қайтып, солқылдаған шықшыт балғасын ұрмады; қанағатсыз түйсіктің шоғын үрлеген көңіл көрігін


баспады; иығынан он батпан ой жүгін сілкіп тастап, жас ботадай ойнақтап саяқ тартты. Көкірегін ашып, желге қар- сы ұзақ жүгірді. Бұл – қазымыр ойдан қашқаны. Бірақ күн шығып тұрғанда өз көлеңкесінен өзі безген оспадарлықтан айырмасы жоқ еді бұл қылығының.

«Данконың жүрегіндегі алау найзағай алдында пайда бо- латын көкшіл ұшқындардан тұтанған деуші еді ғой, қайда сол құдіретті ұшқындар. Қайда сол көкірегін қарс айырып, жүрегін жұлып алып қараңғыда қарманған халықты жарық- қа бастаған Данколар. Мүмкін, көкшіл ұшқын енді жүз жыл- да да, мың жылда да көзге көрінбейтін шығар, əлде сол құді- ретті ұшқындарды көретін Данко жоқ па біздің арамызда?». Қара түнек аспан, теріскейден соққан алай-түлей жел əл- гінде ғана айнаға қарап, шашын тарап сыланған табиғатты астан-кестен етті. Жер мен көк тұтасып көкжиекті жұтып қойған. Алып қарағайлар, салба самырсындар басы ұлар- шу, ілгері-кейін теңселіп суылдап желігеді. Бұл маңда бір- де-бір құс қалмаған, əлдеқайда... алысқа ықтатып алып кет- кендей. Аңқылдап соққан жел Қиялханды да дедек қақты- рып, үйіріп ойнайды. Енді бір сəтте долы жел ішін тартты да, бар дүние тына қалды. Сонсоң бетті шарпыр ып-ыстық желемік əлдекім бүркіп жібергендей зу етіп өте шығып еді, жолындағы ағаш біткен жусап қалды. Балталап шапқандай морт-морт сынған қарағайлар ыстық желдің күре жолы бо- лып жайрап жатыр. Табиғаттың осыншалық тылсым күші- не қайран қалған Қиялхан Жылқыбайдың жұртындағы қара

тасты іздеуге кірісті.

Таудың арғы жағында дабылын қағып, далбасалап жүр- ген найзағай қыр көрсете бері жақындап келеді. Жақындаған сайын, күркірі күшейіп, от қамшысын оңды-солды осқыла-


ды. Қиялханның жүрегі жиі-жиі соқты: «Қалай болғанда да көкшіл ұшқындарды көруім керек».

Күн тас төбеден күркірей бастады. Жан шошырлық ала- пат қуатпен ақырғанда, қан тамырындай от сызықтар пай- да болады. Шашы жалбырап, делдиіп аспанға қарап тұрған жігіттің делебесі қозып кетті білем, алақанын жайып көкке шапшиды. Ал, найзағай болса екі санын сабалап, қарқ-қарқ күліп мазақтайды.

«Қайдасың көкшіл ұшқындар?! Жердемісің, көктемі- сің...».

Табиғат аяқ-астынан осылайша толғатты. Толғағы қатты болды. Енді от қамшының соққысына шыдай алмай, ағыл- тегіл жылауы ғана қалды. Ағыл-тегіл жыласа, жаны тазара- ды. Жаны тазарса, қабағы ашылып, зобалаң тиіп жүдеген əлемді шуаққа бөлейді. Жүдеп-жадаған əлем дастарқанын қайта жайып, маңдайы жіпсіп шайын ішеді. Өзен-бұлақтар той жасайды. Моншаға түсіп шыққан орман бұрқырап бу- санады.

«Қайдасың көкшіл ұшқындар?! Жердемісің, көктемі- сің...».

Аспаннан шабарман тамшылар суыт түсе бастағанда, Қиялханның су қараңғыға айнала бастаған көзінің алды дəл түсіндегідей жап-жарық болып кетті де, көкшіл ұшқындар- ға толды. Алқара əуеден қылаулап түскен ұшқынды ұстап алмаққа тұра жүгірді, бірақ қолына енді ұстай берсе, ғайып болады. Бұдан соң екіншісіне ұмтылады, ол да бұл жете бере жоғалады, осылайша алдамшы ұшқынның арасында арпалысқан Қиялхан əбден демі құрып шаршады. Шаршап барып дəу қара тасқа отыра кетті. Сонда ғана өзі іздеген Жылқыбайдың жұртындағы тас осы екені ойына оралды.


«Қазір осы тасқа жай түссе қайтемін? Мейлі, түссе түсе берсін. Жасынмен бірге қара жерге қағылармын; сонсоң енді мың жылдан соң жайдың оғын алып жер бетіне қайта шы- ғармын... Соғыста шейіт болғандар мен жай түсіп өлгендер жұмаққа барады дейтін сөз бар. Қазір жасын жайратса со- ғыста қаза тапқан əкемді тауып алармын. Қараңызшы, хала- йық? Майдан басталған жоқ па? Əне, мылтық атылды, əне бомба жарылды... тра-та-та... тра-тра-тата... ура!».

Бұл шақта əр қарағай найзағай қайсымыздың қабырға- мызды қақыратар екен деп, тағдырына табынып тұрған. Аспан ойылып жерге түскендей аса қатты үн шыққанда, Қиялхан екі көзін тарс жұмып, екі құлағын басты да, өлуге ыңғайланды. Ол төбемнен бомба жарылды деп ойлаған. Бі- рақ найзағай бұл тұстан алысқа түскенге ұқсайды. Басына топырлап жауған оқ емес, бармақтай-бармақтай бұршақтар- тын. Бəрібір орнынан тұрған жоқ, өлі мен тірінің екі арасын- да ілініп-салынып делқұл отыр. Бұршақ төпелеп көп жауды, ұзақ жауды. Сүт пісірім уақыттан кейін пышақ кескендей ты- йылды да, қаспақ-қаспақ бұлттар быт-шыт айырылып, бей- берекет тыраңдай қашты. Жер бетіне моншақ шашып тас- тағандай – аппақ, беткейдің алты айрығынан тер сорғалап, бұршақ теңдеген бұлақтар етекке шауып барады. Күн қуа- на күліп жіберіп еді, көктің жиек-жиегіне іркіліп қалған ақ мақта бұлттар бағанағы əумесер қылығына ұялғандай қыза- раң қақты. Ал орман-тоғай, бұта-қараған, шөп-шалам болса сілікпесі шығып, əлі де есін жия алмай есеңгірейді. Шіри бастаған жерағаштың қуысынан баршатышқан мен тиін сы- ғалайды. Қына басқан жартасты паналаған қарақұс есіней- кісінеді. Шəуілдеп ит үрді. Тіршілік басталды! Қиялхан орнынан тұрып, өзін «құдай» алмағанына əрі қуанды, əрі


өкінді. Қара тасқа жай түспеді. Судан шыққан тышқандай сүмірейіп қыбыр-жыбырға қайта көшкен баяғы ауылға ілби аяңдады. Бұлақтың жағасында жеңгесі кір жуып отыр... ал жалғыз қарағай бықсып жанып жатыр!

Жалғыз қарағай бықсып жанып жатыр! Ұзына бойы қақ айырылып ырсия ашылып қалған, маңайы толған сынған, өртенген бұтақ.

– Қайным, қайда жүрсің? Ақ апаң іздеп келді біздің үйге.

«Ақ апанікіне сіздер іздеп баруларыңыз керек емес пе?» – деп айта жаздап қалды да, тіліне тиек сала қойды. Үндеме- ген қалпы жай түсіп өртенген қарағайға қарап қалды.

– Отындыққа жақсы болды, – деді жеңгесі қолындағы кір- ді тасқа ұрғылаған қалпында. – Бір бұтақ сындырсаң, штраф салушы еді, Алла тағаланың өзі жығып берді, штрафын енді сол құдайға салсын.

Қиялхан бұл жолы да сөзге араласпады. Томсарған күйі өрт шалған қарағайға жақындады. «Мүмкін, жай оғын осы қарағайдың түбінен қазып алу керек шығар» деген үміт кө- ңілде көктей бастап еді.

Үйге қайтып келгенде де, осы ойдан арыла алған жоқ. Ақ апаның айналып-толғанғаны, жаңбырдан соңғы шұғы- лаға шомылып албыраған əдемі кеш, қайта туған əсем өңір еліктірмеді. Оның миында найзағай ойнап, санасында сан- сыз көкшіл ұшқындар ұшып жүр. Өңі ме, түсі ме, қай дү- ниеде жүр – ол жағы тұманды. Көз көріп, құлақ естімейтін меңіреу аралға апарып тастағандай жалғызсырайды. Көңілі- нен ел көшіп кеткен бос, иен үйдей жел кеулеп уілдейді. Ол өзін тіпті басқаша сезінді, басқаша... Бейхабар тіршіліктің бар үзірін азапты ойдың құрбандығына шалды да, біте қай- нап, бірге өскен шексіз де шетсіз қиялдың соңынан тенті-


реп кетті. Жанарын жаулаған көкшіл ұшқындар сол найза- ғай ойнаған күні мұның жүрегіне дарымаған. Дарымағаны, бұдан Данконың өр серпіген өжеттігін, Данконың алаулаған арманы мен өз əрекетіне деген риясыз сенімін таба алмаған. Ал, құдіретті ұшқындар дүниенің машақатынан безген зəу- де біреуге дарымақ емес – ағынға қарсы жүзер, арқар ұран- ды ағайынның ғана несібесі. Қиялханның ендігі үміті ібіліс іспетті, алдарқатып қана қашаңдап, түпсіз тұңғиыққа жүр- жүрлемек. Мұқым дүние жүзі жалғыз адамның қамын ой- ламайтыны рас болса, жалғыз адамның бүкіл дүние жүзін ойлап бас қатыруы қандай шатасқандық. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар бірлік тек Қиялханның ғана мақсаты емес, ізгі ниеттегі əр адамның ішін өртеген арманына айнал- са... Амал не, көксеген күн туғанша, тұлыпқа мөңіреп қал- маймыз ба?..

Ол өзін бұрынғыдан əлдеқайда бақытты сезінді. Енді не істейтінін, соғысқа қарсы қалай күресетінін біледі. Оның мақсаты айқын. Намақұл болып келген мүмкіндік нақты шындыққа айналды. Шындыққа айналды да, тəуекелшіл қарекетке бастады. Қолына күрек, қайла алады да, жасын түскен жалғыз қарағайдың түбін қазады; түн қазады, күн қа- зады – мəңгі қазады, əйтеуір, жайдың оғын қашан тапқан- ша қазады. Сонда бұған дейін миын қашаған ой қол күшіне ауысады. Егер жайдың оғын тауып алса, əлемнің тағдыры өз құдіретіне көшеді: дүниені құртып та, құтыртып та, құлпыр- тып та жібере алады. Қандай керемет десеңші, – егер жасын- ды қолына ұстап жүрек тамырына жалғаса, мың-миллиард мылтықтың ешқайсысы атылмай, көмекейі кептеліп қалмақ! Иə, сонда еш əйел жесір, бала жетім қалмайтын болады. Өкі- ніш, пəруəйсіз зиятты ғұмыр кешеді. Адамдар арманда өл-


мейді, «мен екінші дүниеге аттандым» дейді де, күлімсіреп көзін жұмады. Түс өңімізге, өңіміз түсімізге ұласады. Үлкен ауыл кішкене ауылды, үлкен адам кішкене адамды, үлкен ел кішкене елді жəбірлемейді, шекаралар жойылады, жазық- сыз жандардың су болып аққан қаны тыйылады, соғыс үшін сайланған қару-жарақ та, соғыстан сақтанған қару-жарақ та, цивилизациясы артта қалған жұртты ел қатарына жеткізу- ге қайта қорытылады; Мальта мен Қазақ ООН-ның төрінде отырады, ал Қиялхан Анджелаға наз айтады... Өйткені фило- софтың тілін философ табатыны бесенеден белгілі...

 

VII

Міне, ұдайы үш күн болды, Қиялхан жай түскен жалғыз қарағайдың түбін қазып жүр. Үйге бармаған соң, Ақ апа ан- да-санда тамақ əкеліп береді. Ал бүкіл ауыл дүр сілкініп жа- ғасын ұстады. Баяғыдағы киіз үйлі заман болса, мұны жұрт- қа тастап, əлдеқашан қаша көшіп кетер еді. Одырайысып сонадайдан қарасады да, бастарын шайқай таңдайын қаға- ды. Жүрек дауалатып келетін – кемпір ғана. Бүгін Тойғанбай келді. Қиялханның топырақ-топырақ бетіне бажырая қарап көп отырды. Бірдеңе дегісі бар, бірақ сескенеді білем. Тек кетерінде ғана тіл қатты.

– Бəрі бекершілік. Соғыс болмауы мүмкін емес. Тіпті, со- ғыссыз бейбітшілік əсте орнаған жоқ.

– Ал, мен, – деп айғай салды Қиялхан, – соғысты тек ки- нодан ғана көргім келеді. Ең əуелгі жауым – сенсің. Сенімен майдан ашуым керек. Жоғал осы жерден!

Төртінші күні сиыршы ағасы келді. Інісіне тіл қата алмай, қипақтап ұзақ тұрды. Шұңқырға қарғып түсіп көмектесуге батылы жете қоймады.


– Бүгін шөпшілерге сойған қойдың бас-сирағын алып едім, жеңгең былқытып асып қойыпты... Соны жеп... деген- дейін...

Бесінші күні бригадир келді. Ол атпен келді. Аттан түс- пеген күйі шіреніп тұрды-ай. Сонсоң қамшымен шұңқырды нұсқап:

– Əй, жарты ес, анауыңда не бар-ей, жай түскен ағаштың түбін қопарғанша, сүрлем салатын ор қазсаңшы, ақшасы тиімді.

Алтыншы күні Қиялханның өзі барды ауылға. Барлығы бала-шағасын үйіне қуып тығып, есік-терезеден сығалас- ты. Қызығы сол, ауылдың бірде-бір заржақ иті үрген жоқ, қыңсылап «жынды» жігіттің аяғына оралды. Əр шаңыраққа сауын айтып, сандалып шықты. Айтатыны мына сөз: «Ей, адамдар! Жалғыз қарағайдың түбіне сіңіп кеткен найзағай тасын тауып алсақ, жаһандағы бірде-бір мылтық атылмай- ды, тіпті бекер-ақ болғай, бір-ақ ниет, пейіл, ықылас деген болмай ма».

– Е, мылтық атылса несі бар екен, бізді көздемесе бол- ды, – деп күңкілдеген сөздер əр үйден сыпсыңдай шығып, бүкіл кеңістікке тарайды. Бүкіл кеңістіктегі осы тақылеттес сөздермен ауыз жаласып, ауыр, аса қорқынышты індетке ай- налады да, күнделікті тыныс алар ауаны ластайды.

Жарықтық Ақ апа ғана көзінің жасын көл етіп, соғыста өлген жалғыз ұлын жоқтап тұрып, үш күрек топырақ алып тастады.

Таң ата көзі ілінген Қиялхан жай түскен күннен бері, тұң- ғыш рет түс көрді. «Қазған жерден жасын емес, қызыл көй- лекті қыз шығады екен дейді. Шығады да, Қиялханның əб- ден шаршаған бетін ақырын сипайды. Сонсоң жез құманға


құйылған нұрлы хаяттың суына шомылдырады. Үстіне ақ- парша шапан жауып, аяқ-қолының тырнағын алады. Алдына бетоннан жасалған табаққа салып ас қойды. Дəмін татып еді, астықтың иісінен өзгеше бір түрлі күлімсі химияның түзіл- ген жаңа бір қышқылына ұқсады...

– Мен қазір дұға оқимын, сен дауыстап қайталайсың, – деді қызыл көйлекті қыз, сонсоң: – Ей, тəңірім, есімізді ала гөр, есімізді ал да, ел қатарына қоса көр, – деп зарлай жө- нелді.

– Жоқ, мен бұл дұғаны айтпаймын, есімнен айырылғым келмейді, – деп қасарысты Қиялхан.

– Жазған-ау, сенің есің қазір бар, сондықтан да ессіз ата- нып жүрсің; есіңнен айырылшы, сонда есті атанасың.

Қиялхан қызбен бірге «е, тəңірім, есімді ала көр», – деп сарнады-ай...

Бетін əлдене жыбырлатқандай болды, көзін ашып еді, көкпеңбек аспанды, көгілдір көйлекті қызды көрді. Көгіл- дір көйлекті қыз мұның бетіндегі жабысқан топырақты жұп- жұмсақ саусақтарымен тазалап, күлімсірей қарап отыр.

– Сен кімсің, қалқам?

– Гүлгүлмін.

– Қайдан келдің?

– Мен осы ауылдың қызымын. Қалада оқимын. Жазғы демалысқа келгелі он шақты күн болды. Сіздің жер қазып жүргеніңізді ылғи көріп жүрдім, барайын десем «ол – құты- рық кісі», – деп мамамдар жібермейді. Бүгін олар ұйықтап жатқанда, ерте тұрдым да сізге келдім. Сіз сондай бір тəтті ұйқының құшағында екенсіз. «О, тəңірім есімді ал!» – деп ұйқысырап сөйледіңіз... Аға десе, жүр, бұлаққа барып беті- мізді жуайық. Əне, əне күн шығып келеді! Біз бұлаққа сол


күннің сəулесінен бұрын жетелік! – деді де, аң-таң Қиялхан- ның қолынан жетелей жөнелді...

 

* * *

 

– Гүлгүл, мен анау төбенің басына шығып отыра берген- де, – деді Қиялхан қыздың шашынан сипап, – ауылға барып айғай сал:

– Қиялханның қазып жүргені жасын емес, ат басындай алтын екен деп айт. Иə, ат басындай алтын екен де...

 

* * *

 

Қиялхан тоғыз жолдың торабы – төбенің басына шығып ауылға қарағанда, қолдарында бір-бір күрек, сүймені бар бригадир мен Тойғанбайдың жалғыз қарағайдың түбіндегі қазылған орға қарай безектеп бара жатқанын көрді. Ал же- ңешесі бұлақ басында қаперсіз кір жуып отыр... ал ағасы ты- рақы шолақ торысына мініп сиыр қайырып жүр...

Қиялхан айтты: «Қайран жұртым, жынданған екенсің- дер...».

 

* * *

 

Қиялхан бұл күні күнделігіне мынандай сөз жазды:

«Екінші дүниежүзілік соғыста 20 миллион совет халқы қырылған екен, менің əкем де осы есептің ішінде шығар. Ал соғыстың зардабынан өлген шешемді қай тізімге кіргіземін, беу, адамдар!».


 

 

АРДАҚ

Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр айлағында сыңа- рын атып тастаған сарала қаздай болып жалғыз ғана қара- ша үй отыр. Үй жалғыз болса да, өріске маңқыстап шыға- тын малдың қарасы мол. Төрт түліктің қай-қайсысынан да құр алақан емес. Бір қызығы, осы түлік бет-бетімен бытырап жайылмай, жұптарын жазбастан үйір қосып өретін. Ертең- ді-кеш таудың сонысына таскенедей жабысып, оттап жүрген қой-ешкінің топ ортасында қарауыл боп танауы саңырайған ақ бас атан тұратын. Кейде осы үркердей үйірілген үйірге Қожа шалдың мініп кеп тұсап жіберген торы шолағы қосы- лар еді. Қапталына көбік қатып, үнемі қаспақтанып жүретін торы шолақта таң атқанша тойым болмайды.

Тарбағатай тауының қойнауында елден ерек отау тігіп, жалғыз-жарым қазақтың қоныс тебуі бұл өңірге таңсық емес, күні ертең өз бастарына келетін туасы қылықтар. Туырлық- тай жерге таласып, туысынан ат құйрығын кесіскендер тек ағайынның ғана жан жарасы ма, иісі қалың жұрттың басын оңдырмай торлаған айықпас бұлты ғой. Қожа шал құйрық- жалсыз емес еді. Есіркеген кіндігінен жалғыз өзі болғаны- мен, үш-төрт ата аралаған ағайыны бар-ды. Жиырма беске толғанда Есіркеген қайтыс болды да, жамағайындары Ша- лабай мен Далабай: «Есіркеген – саған əке болса, бізге аға» деп, еншіні қылдай ғып бөлісіп алған да, сырғақсып кеткен еді. Қожа жалғыз шешесімен жұрағаттан айрылып жұтаған- дай боп, ескі жұрттарында отырып қалған-ды.


Ол əкесіне тартып пысық, біртоға болып өсті де, əкеден қалған шағын шаруаны дөңгелете айналдырып, шалқытып əкеткен. Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жа- ман Қожаның өз ақылымен іштеніп, төрт құбыласын сай етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құртын түсіріп, көре алмас күңкіл-күңкіл сөз тудырды. Інісі арғы ауылдан біреудің бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір той жасап жатқанда: «Өзі болған қыз төркінін танымас» деп, бізбен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз!» – деп, үш рет ат сабылтып кісі жібергенде, аяқтарының басын қай- қайтып жатып алған. Жайымен жатса тағы бір сəрі: «Қожа тоқты сойып, Есіркегеннің сүйегіне таңба етті», десіп, ғайбат- тасыпты. Шалабай мен Далабайдың жат бауыр, қайырымы жоқ қатыгез болып өсуі Қожаның шешесі Қадишаның көңі- ліне сынық түсіріп, ақ сүтін тел еміп өспесе де, қайындары- ның айында-жылында: «Жеңеше, аман отырмысың?» – деп сəлем бермеуі арқасын аяздай қаритын. «Шалдан қалған дү- ние тең бөлінген жоқ, кемпір өз ұлы болған соң, Қожаға екі тұсақты бізден жасырып берді, қазір бес қойы артық болып отырса, ол – сол тұсақтан өрген тұқым», – деп Шалабай мен Далабай тапа-тал түсте қозылы қойын айдаттырып алған. Есірген қайныларының бұл қылығына Қадиша ашуланған жоқ. «Ауыл-аймақтан ұялмай дəті барып істеген ерліктері ғой», – деп қабақ шытып, күйінген де, іштей тынған. Сосын Қожаға оқыс байлам айтты:

– Ағайынмен алысқанша, алысқа кетіп абыройыңды сақ- тағаның жөн, балам. Ырылдаса беруге аналардың жүзі шы- дап, қарабет бола берсін, сенің инабатың бар еді ғой. Ел- жұрттан ұят-ты. Марқұм əкең көксей беретін жері бар еді- ау, анау Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр сағасында иен


жатқан алаңқай бар, ауылдан безіп ауа көшіп кеткендердің алды-арты біз емеспіз, үйді жығып, ертең таң құлан иектене аттанып кетейік сонда. Аш құлақтан – тыныш құлақ.

Қожа отауының түтіні ертеңінде кемпір меңзеген жерден шығып жатты.

Содан бері аттай зулап ширек ғасыр өткен екен. Осынау уақыт Қожаны ырыс болып қонып, жарылқап тастамағаны- мен, тым жайсыз қоныс емес екен. Бар байлығы – бір шай- лығы. Қадишаны бұл дүниеден өзі көксеген тынышты мүр- десіне арулап аттандырған. Дүниеден кемпір кеткенімен, Ардақ атты қыз келді. Қожа қаншама тықыршып қыңқылда- ғанымен, қатыны Ардақтан соң қайтып бала көтерген жоқ.

Қожаның көз алдынан шешесін қалай арулап аттандырға- ны əлі де кетпейді. Бəрі күні кешегі запыран құстырар зарлы оқиға. Ол күн-күн сайын абзал анасының томпайып жатқан қабіріне барып, етпетінен түсіп құшақтап, өксіп-өксіп ұзақ жылағысы келетін. Өксіп-өксіп ұзақ жылағысы келетіні – ет- бауыр шешесін сағынғанда, басына қиын-қыстау кезең ту- ғанда, ақыл сұрап сырласқысы келгені еді.

Ежелден сүйекке сіңді бір беткей қыңырлығы бар кем- пір жарық əлеммен қоштасар шала-жансар сəтінде де кө- ңілі босап, көкірегін қарс айырып күрсінген жоқ, сергек, əмірін жүргізіп, самбырлай сөйлеп жатты. Əжім əдіптеген көзі кіртиіп, үзілер үміттің аса бір қорқынышты үнін паш еткенімен, жанар түбінде болымсыз сəуле жылтырап, əлі де сөнбегені несі... Қош деп ұшар тіршілік құсының ең ақырғы сілкінісі тəрізді осынау жанарда жасырын жатқан қоламта арасындағы жалғыз шоқтай болар-болмас сəуле кемпірдің, қайтып келмеске кетер кемпірдің ұлы өмірге деген іңкəрлігі- не шырақшы ғана.


Ол өлетінін, өлген соң ағайын-туған қайтып көре алмай- тынын сезген, сезе тұра іштей таусылып, босаған жоқ. Өйт- кені ол, əйтеуір, ақыры бір мəңгілікке көз жұмарын ес біл- геннен біледі. Ес білгеннен соң аруақты сапарға дайындап та жүретін. Кемпірдің өлімі сондығынан жеңіл тиді. Бірақ Қожаға оңай соққан жоқ.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.