Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Арысын тосып əлі отыр 4 страница



Мен басымды тұмшалап алсам да бəрін көріп жатырмын: Ғайнидың күнге тотыққан жүзін де, Қадылбайдың көбең се- міріп көлк-көлк еткен бетін де; мен бəрін естіп жатырмын: Ғайнидың алаңсыз таза, əрі бақытсыз күлкісін де, Қадыл- байдың сорпаны қорп-қорп ұрттағанын да...

Көзім ілініп кетсе керек, жылан шағып алғандай селк ете түстім. Өз-өзімнен булығып, быршып жатыр екем, басымда- ғы орауды жұлып алдым. Қоста қыбыр еткен жан жоқ. Қо- ламта арасында жасықтана сығалаған шоқтар қарауытып сөнуге айналыпты. Бетіме қостың ашық қалған есігінен ай сəулесі түсіп тұр. Тыныштық. Сипалап едім, Қадылбай жоқ. Қостың құбыла тұсындағы саңылаудан күңгірлеген дауыс естіледі. Ғайни мен Қадылбай-ау.


– Мен бақытсызбын (бұл Ғайнидың сөзі).

– Қойшы, қайдағыны айтпай (бұл – «ием» ғой).

– Шын айтам. Мендей бейшара адам бар ма. Шешем бай- ғұс неге ғана тапты екен. Осы күнде жұрттың бəрі жылтыра- ғанға əуес. Əдемі қызды кім жек көрсін. Сырықтай денем- нің сиықсыздығын біреуге міндет еткім келмейді. Басқаның сұлулығын қызғанбаймын да. Етім өліп кетіпті.

– Неге?

– Түсінбейсің, Қадылбай, түсінбейсің. Мен бір қой со- ңында жүрген ғаріп кəрі қызбын. Мұны үш баласы бар саған мұңымды шағып, бай тауып бер, не болмаса əйеліңді тастап мені ал деп айтып отырғаным жоқ. Өзіме өзгеден бір табан жақын санарым да сен. Саған айтпағанда, қара тасқа айта- мын ба? Бір кезде, тамам бозбала мазақ ететінде, сүйгенім де рас. Əлі де жақсы көремін. Несіне бүгейін, несіне шошы- найын, не істесем де сыйымды ешкім сынамайды. Сықпыты басқа болса да, жүрегі бірдей ғой адамдардың. Жақсыға ын- тызар. Кейде, жапан түзде қой өргізіп жүргенімде, осының бəрі есіме түсіп, сай-сүйегім сырқырайды. Ағыл-тегіл бота- дай боздап жылаймын...

– Неге? – Қадылбайдың бұл сұрағы жынымды келтірді.

«Неге, неге? Қайран сөзім қор болған Қадылбайдай езі- ңе». Ғайни ауыр күрсінді.

– Сені ешкімге теңгермеймін, Қалдыбай. Екеуміздің ара- мыз тым-тым алыс екенін білемін. Бірақ…

– Неге? Құшақтап отырмын ғой...

– Иə, құшақтап отырсың. Мені құшақтаған жігіттің, тұң- ғышы да, соңғысы да өзің боларсың, бəлкім. Қайтейін басқа салған соң көнеміз де.


– Е, сөйдеші, Ғайныкеш. Əлі бəрі де ұмытылады. Қызық- тың дəмін татпаса, адам милау болып кетеді. Күрсініс...

Əлден уақытта қақырынып-түкірініп Қадылбай келді. Сырт киімін шешті де: «Өй, оспадар, əрі жат!» деп бүйірден түйіп қалды мені. Көп ұзамай, əдемі қыр мұрыны пысылдап, ессіз ұйқыға кетті. Ғайни қайда жүр екен?..

Міне, өзгеше бір қабырғаңды қайыстырарлық, сонша- лықты ауыр, мұңға толы əн естілді. Бұл – Ғайнидың əні. Неткен тамаша, даусы қандай жақсы еді. Басымды еріксіз көтеріп есіктен қарадым. Ұзыннан-ұзақ сұлап жатқан аппақ молақ қарағайдың үстінде екі тізесін құшақтап Ғайни отыр. Сүттей жарық ай нұрына шағылысып ағараңдаған көйлегі оны түн періштесіне ұқсатады. Маған дүниеде Ғайнидан əдемі жан жоқ секілді. Əн толастамады, қайта мынау əсем табиғатты тəтті əуезімен тербеп, əлдилеп ұйықтатқандай созыла берді. Ғайнидың əр түнді осылай өткізіп, пырдай жусап жатқан қойды осылай күзететінін білдім. Терең тер- беніске, қаяу мен өкінішке толы əннің қайырмасы өксікпен аяқталады. Мен Ғайнидың жылап отырғанын сездім. Иə, ол жылап отыр. Мен Ғайниды кінəлай алмаймын. Тағдыр тəл- кегі мен Қадылбай кінəлі. Онда да сезім, онда да жүрек, онда да махаббат бар ғой! Жиырма сегіз жас! Біреуді тұң- ғыш рет те, ақтық рет те сүйіп, бойындағы бар асылын Қал- дыбайдың қанды қанжығасына байлап бергенін тұншығып жатқан сезімінің жанартауша атылғанымен дəлелдеуге бо- лар еді. Қайран, Ғайни!

Ежелгі көңілімнің бостығы ма, жоқ болмаса Ғайнидың мынау аянышты күйі шынымен жанымды баурап алды ма, жүрегім елжіреп жылап жібердім...


* * *

 

Түс əлеті. Бұл – сол түннен бергі екінші күн болатын. Жал- ғыз беттің бауырында шөп шауып жүрміз. Мəшінге жегілген төрт аттың бірдей белін босаттық та, ас ішуге отырдық. Со- надай жерде бүлкек-бүлкек желіп келе жатқан ақ жаулықты əйел бізге жақындай бере:

– Ойбу, енді қайттім! – деп баж ете түсті. Бұл – Ғайни еді. Бақсақ екіге бөліп теңдеген зілдей тұз байлауы шешіліп, сыпырылып қалған. Атқа көтеріп салайын деп еді, шамасы жетпеді білем, сылқ еткізіп тастай беріп, отыра кетті.

– Əй, жігіттер! Ащыны теңдесіп жіберіңіздерші.

– Бар, ей, Қадылбай. Тамырың ғой, – деп тəлкектей бас- тап еді, Қадылбай:

– Қойыңдаршы! – деп теріс айналып кетті. Тісімді қайрап əрең отырмын. Дəрмен жоқ.

– Сендерді де бір үйдің иесі – еркек дейді-ау. – Ашу қыс- қан Ғайни тұзды жерден бөріктей іліп алды да, аттың белін қайқаң еткізіп тастай берді. Лып етіп өзі мінді. Тобылғы торы жəне бір мықшың етіп алды да, бүлкектей жөнелді. Жі- гіттер қарақұстан біреу салып өткендей сілейіп тұр.

«Сол керек, бəлем» деймін ішімнен.

– Ебетейсіздеу, əйтпесе жақсы əйел шығар еді.

– Қадылбай түс-түріне қарамай-ақ қарақтатып жүр ғой.

– Кетемісіңдер! Бармайын-ақ деп едім, Жанмырза ренжи- ді екен деп... Көрді ғой мынау... Айтсын құдайшылығын, жа- мандығым болса.

– Не істеп еді, Ораш?

– Білмеймін.

Əрине, мен бұл сөзді Қадылбайды қорғайын деп айтып- пын. Ғайниға сөз ерткім келмеді.


* * *

 

Жадыраған жаз өтіп, күз туды. Биыл ағаштардың басы тез сарғайып, күз ерте келді. Таудың бөктерінде тоқымдай-то- қымдай қар жатыр.

Маған Ғайниды бұдан кейін қыз күйінде көруге жазбап- ты. Тек бір күні шай ішіп отырғанда:

– Байғұс Ғайни орнын жаңа тапты, – деді шешем.

– Неғып! – Елден бұрын даусымның шығып кеткенін бай- қамай да қалдым.

– Қызылқайыңда былтыр кемпірі өлген Жақып деген шал бар еді, соған тиіп кетіпті.

– Е, əйбəт болған екен.

– Енді бағы ашылады байғұстың.

– Жақып алпысқа толған да жоқ емес пе.

Жүрегім зу ете қалды. Ернімді тістеген бойы тұрып кет- тім. Бес-алты күн өткен соң, Ғайнидың өзін көрдім. Сабақ- та отырғанбыз. Парталасым: «Ғайнидың шалын қарашы», – деп түртіп қалды.

Мұғалімге білдірмей терезеге көзімнің астымен қарадым. Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қарыстай ұзын Ғайни кетіп барады екен... Жүрегім сыздап қоя берді... Бұл кезде физикадан сабақ беретін мұғаліміміз бидай өңді сұлу қызға күлімсірей қарап бес қойып жатыр еді...


 

 

ЖАСЫН

Ел айтты: «Қайран Қиялхан, жынданыпты».

 

* * *

 

Кеше күн батпаса екен деп ойлаған, бірақ күн батып кет- ті; енді таң атпаса екен деп тіледі, бірақ таң атып-ақ келе- ді. Таң атып келеді! Бұл отызыншы жылының тағы бір таза таңы еді деп жүрегіне сəуле жүгіріп алақайлаған да, көңілі жібіп қуанған да жоқ. Əр күннің ұрланып басталып, ұрандай жөнелер мазасыз тірлігі жанын жараламағанымен, онсыз да сынық көңіл шіркінді зəрезəп ететіні рас: жалпақ жаһандағы құлаққашты қылар мың-миллион жаңалықты ести-ести əб- ден титықтап, мынау жер бетінде, тіпті іргесінде болып жат- қан ақ пен қараның – жақсы мен жаманның қан-жоса шай- қасын көре-көре көз еті қашқаны ғой. Бəлкім, былайғы жұрт біле бермейтін арманның ақ қозысы бауыздауына қанжар қадалғанда қорқырай қансырап, жатбауыр əлемде ғұмыр кешкен азғана өміріне өкінгені шығар. Таң атты – баяғы таң: тау тұтқынынан сытылып шығып, көтеріле бере айналасына күлімсірей қарады. Күліп шығып, ұялып бататын Күн мəңгі мейірбандықпен жер бетіндегі жақсыға да, жаманға да сама- ла нұрды саулатып тұр. Үркердей үйірілген шағын ауылдың қыбыр-жыбыр тірлігі осы, күн шыға басталып, қас қарая


аяқталатын. Керісінше ұзақты күн тырп етпей, тек қас қарая жорыққа аттанатын «жарғанаттар» жəне бар...

Қиялхан өзенге беттеді. Қос бөлмелі ағаш үйдің есік алдына шығып, тыртыңдап жаттығу жасап тұрған үшінші кластың оқытушысы Тойғанбай мұны көріп, айғай салды.

– Киеке, ау Киеке, совхоз помошқа шақырып жүр ғой, барамыз ба? Көмектесіп жіберелік те... Қол күші жетпейтін шығар.

– Дəндеп алып, құдайдың құтты күні қыдиып тұрмаса... Ей, одан да жылқылы ауылға тартып кетсек қайтеді, қымыз ішіп кекіріп қайтамыз.

– Қымызды жұмыс басында да ішуге болады ғой.

– Əй, солар су қосып береді... Сен барсаң, өзің жүре бер.

Менің кегежегім кейін тартып тұр.

Тау ішіндегі шағын ауылда бастауыш мектеп бар-тын. Қиялхан бұдан бір жыл бұрын іздеу салған ағайынын іздеп келді де, біржола қалаға қайтпай қалған. Қалаға қайтпай қал- ғаны отыз жыл көрмеген ағайын-туғанын қимағаны емес, тіп- ті олардың шын туысы екенін де білмейді, осы өңірдің өзге- ше тұрмыс-салты, табиғатының соншалық сұлулығы қызық- тырған. Мұнда қаладағыдай емес, ой тұңғиығына емін-еркін батуға əбден болады. Ол қалада университеттің философия факультетін бітірген соң, екі жыл жұмыс істеді, сол екі жылы əлдекімнің қораш үйін жалдап тұруымен ырың-жырың өтіп жатқанын уайымдай берген сəтте, газетке мұның аты-жөнін айтып адақтаған іздеу шықты. Сонсоң сол адрес бойынша осы ауылға сапар шекті. Іздеуші – əкесінің інісі. Əкесінің інісі үйлі-баранды: шиеттей жеті баласы, жалқау əйелі бар, жуастау адам екен. Үстінен қой айдап өтсе де, ыржия кү- ліп жата беретін аңқылдақ, тіпті аздап ынжықтау да болып


көрінген Қиялханға. Өзі жастығына қарамай осы ауылдың сиырын бағады. Жеңгей болса жеті баланың киімдерін ер- теден қара кешке дейін жуып, су басынан шықпайды. Қа- зір де елең-алаңнан тұрып алып, тасқа салып мыжғылап отыр. Қиялханды көріп алқам-салқам омырауын далдалаған болды.

– Қайным, неғып ерте тұрғансың, астыңнан су шықты ма? – Қалжыңдаған-сымағы.

– Жоқ, совхозға шөп үйісіп жіберейін деп... Аға қайда?

– Кетті ғой ағаң, сиырын айдап қалқайып. – Сонсоң қо- лындағы көйлекті құшырлана суға салып-салып қалды да күрсінді. – Шөп үйісіп нең бар, өздері қымыз ішіп, қыз аң- дып ала жаздай салаңдап жүреді де, қыс қысқанда, бір-бір қотыр бұзауды асырап бер деп біздің қорамызға тығады.

Қиялхан көшірмедей дода-дода болып кір жуып, бұлақ басында отырған жеңгесін аяғандай ту сыртынан ұзақ қарап тұрды. Ертеректе осы алдындағы сылдырлай аққан су сыңғы- рындай күлкісі бар, қаз мойын, қолаң шашты қыз болғанына сенбегендей. Ескірмеген нəрсенің бəрі жақсы, тіпті не нəрсе көңілден де, көзден де қашаң тартқан сайын құндана бермек. Бұлақтың ар жақ жағалауындағы жалғыз қарағайға назары ауды. Қандай ұқсастық! Түсінде көргендей қаз қалпында... Көзін жұмып еді, сонда да күн сəулесіне шағылысқан кү- міс толқынды бұлақты, қабығы нарттай қапсағай қарағайды көрді. Тек əткеншек теуіп отырған қызыл көйлекті қыз жоқ, кір жуған албастыдай əйел ғана... Ол таң алдында көрген тү- сін есіне түсірді.

...«Көзі ілінсе, көз алдындағы мақпал қара түнекті дүр сілкінтіп, қызылды-жасылды сызықтар пайда болады, ол сызықтар қап-қара шарбыны найзағай отындай айқыш-ұй-


қыш тілгілейді; сонсоң əлгі қара түнек ысырылып, бір түрлі жұмсақ жұмбақты дүние басталады; əлде ақ сары ма, əлде құлакер ме, əйтеуір, өзгеше бояулы таулар əн салып ырғала- ды, бар көрініс балбырап, тіпті əлемдегі ең сұмпайы адамдар қолдарында бір-бір шырақ, мамырлай басып сызылтып өлең айтады; жер бетіндегі ең жабайы ағаштар мəуелеп жеміс беріп, ошаған мен қышымадан хош иісті əтір аңқиды; қы- зық, аспанға қараңызшы: қандай таза, сол таза көкте ақ ша- ғала – ақ қауырсынды адам періштелер самғап ұшады; қара түс жоқ, жамандық, зұлымдық пен қызғаншақтық, күншіл- дік пен өсек-аяңсыз бейкүнə жұмақ тірлік, пейіш өмір, таң- ғажайып құбылыстың сүйек балқытар əсем əні толастамаса екен деп тілейсің, осы мамыр өмірдің дəл ортасында күміс толқын, алтын сағалы өзен ағып жатыр, суын татып көрсең – бал татиды; ал осы өзеннің оң жағасындағы еңсегей бойлы алып қарағай өсіп тұр; қарағайдың қасиеті де тірі адамның қолынан келмейтін сиқырға толы: топырақтан қорек алар та- мырдан тұл, жер өлшеуші орната салған діңгек секілді; ал əр бұтағы əр түрлі: бірі ақ, бірі көк, бірі қызыл – тек қана қарасы жоқ; алақаныңмен ақырын сипасаң, майда қоңыр үн- мен күбірлеп əңгіме бастайды, осы қарағайдың бір бұтағына ақ түбіттен ескен бауы бар əткеншек байлаған, əткеншекте қызыл көйлекті қыз тербеліп отыр; Қиялхан осынау ғажайып көріністің ортасында уайым-қайғы, арман-мақсатсыз серуен- деп жүре бергісі келеді; бірақ қам-қаракетсіз жүре беруге болмайтын, өзі жасамаған жақсылықтың қадір-қасиеті қаша- ды екен; ол енді күндізгі итіс-тартыс мазаң өмірін сағынды; қиындықты аңсады; пенде дегенің қанағатсыз да тұрақсыз – көңілі биікке шықса, аласаны, аласада тұрса, биікті көксей- ді де жүреді осылай; отызға шықса да үйленбеген Қиялхан


қыз таңдай алмай емес, талғамнан шығар қыз таба алмай жүруші еді, анау сиқырлы қарағайға байланған əткеншектегі қызды іздеген екен-ау: бүкіл əлемді əлдилеген тамылжыған əннің иесі де бұл; «Жоқ, енді мен елге қайтпаймын, осылай- ша таңғажайып түс кешіп мəңгі ұйықтай беремін, құдай-ау, мен неге ғана өңімнен – өмірден іздегенімді түсімнен таба- мын, жарғақ құлағым жастыққа тимей, санамның сандалкө- гін тебініп қуған арман, тілек – бəрі-бəрі жұмылған көздің ішінде жарқырап жатыр». Қиялхан аяғын еппен басып қыз- ға жақындады, айтатыны бір-ақ сөз: түсім өңіме айналмаса екен, өңім түсіме айналса екен; қыз үндеген жоқ, екі көзі шырадай жанып, баяу ғана тербеледі, ал сұлу əн сарайынан өзінен-өзі туындайды; қарсы алдындағы жүдеген, екі беті сұп-сұр жігіттің үстіне қарады да, өксіп жылады-ай; не екені белгісіз, əлгі əсем əн бəрібір бəсеңсіген жоқ; «Неге жыла- дың, қалқам?» – қыз жауап қайтармады, өксігін баса алмай, ағыл-тегіл жылап отыр; не істерін білмей сасқалақтаған жі- гіт қарағайды ұстай алып еді, сөйлеп қоя берді: «Ей, ақы- лынан азап шеккен Адам, екі қолыңа қарашы (қып-қызыл қан екен); Ей, бірінің құйрығына бірі шала байлаған Адам, басқан ізіңе қарашы (сап-сары боп күйіп қалған); Ей, жан жықпылы қатпар-қатпар ала көңілді Адам, үстіңдегі аппақ кебініңді шешші! (Қиялхан ақ шағидан көлгірете тіктірген ақ шапанын шешіп еді, белдігіне шыр айналдыра қырық пышақ байланған қап-қара шапанды көрді); Ей, жалпақ жа- һанға сыйыспай қырқысқан Адам, қара ниетіңе сенбей тұр- ған шығарсың, тағы шешін, тағы шешін (Қиялхан əрбір ақ шапанның астынан киілген қырық пышақты қара шапанды ақ тер, қара тер боп қанша шешсе де, тауыса алмай дымы құрыды, сонсоң шаршап отыра кетті); Əне, сендер сондай-


сыңдар, ақ ниетің қара пиғылыңды жасыру үшін керек; ха- лыққа қалқан болуға жарамайсыңдар, қайта халықты қалқан тұтып, қара бастың сауғасын сағалайсыңдар; сен іздеп жүр- ген қыз жарық дүниедегі ең таза, ең адал да сұлу жан болған соң, күнəһарлардан алып қашып ақ өмірге – түс жұмағына əкелгенбіз; бұл қыздың аты қойылмай, анасынан жаңа туған шарана шағынан өлтірдік те, қалған өмірін осылай бағышта- дық; енді ол адамдардың құрбаны емес, мүмкін сен іздеген қыз осы шығар; білем, сен де осы ақ өмір түс жұмақты аң- сайсың-ау, амал не, сені ұрлағанша, есіміңді қойып үлгерген еді, енді сен – адам-періште емес, азап-адамсың».

– Тұр енді, ұлым, тұра ғой. Күн көтеріліп қалды.

Атып тұрып айналасына қарап еді, дəл алдында еміреніп тұрған кемпірді көрді. Шым-шытырық есін əлі де жия ал- май, түн ортасында түртіп оятып сұрасаң да ешбір қателес- пей ағылта жөнелер ақылын айтты:

– Екі тонна көмір 22 сом тұрады, ал екі тонна көмірді ше- лектеп тасысаң айна-қатесіз 150 шелек шығады. Ə, сіз екен- сіз ғой, апа, кешіріңіз, жаман түс көріп жатыр екенмін, сіз оятпасаңыз өліп қалатын түрім бар.

– Олай деме, ұлым, түстің жаманы болмайды. Бұрынғы- лардың ол туралы айтатын аңызын білесің бе?

– Жоқ, апа?

– Ендеше, кешке айтып берейін. Қазір жуынып, тамағың- ды іш, бригадир келіп кетті, мұғалімдерді сүбетнекке шақы- рып жүрмін дейді.

– Барамыз ғой, барамыз, күн ашық тұрғанда көмектесіп жібермесек, шапқан пішені Алтайдың ақ жауынында қалар...

...Екі қолын суға малып мелшиіп отырған Қиялхан селк етіп есін жиды да, көзін уқалады, бəрі баяғы қалпында. Ал


жасыл тау, көтеріліп бара жатқан күн, бүлк-бүлк аққан бұ- лақ, кір жуып отырған əйел, сонау оқшау өскен қарағай... Неге ғана өзгермейді?! Сонда бүгінгі, ертеңгі қайда? Əр таң өз жаңалығын ала келмесе, əр адам жаңа бір іс тындырмаса өмір дами ма екен... Баяғыдай дами береді екен... абсолюттік еш нəрсе жоқ дейміз, дəл осы тірлік абсолюттік... ал, ұзақ уа- қыттағы дамудың нəтижесі – адамның өзі осылай деп отыр- са, əлемдегі əрбір жаңалыққа күмəнмен қарау керек шығар. Шынында да, біз табиғаттың бар сырын бүге-шүгесіне дейін ашып болдық па? Жоқ! Ендеше, адамды жануарлар дүниесі- нен бөліп шығарған еңбек, сол адамның болашағына қауіп болары санамызға кірді ме. Біз еңбекті əсте санасыз жасап жүргеніміз жоқ, тіпті жануарлар дүниесінің белгілі бір мөл- шерде біздің ұғымымызға ұялай бермейтін санасы бар. Ал тұрпайы еңбекті ғылыми еңбекке ұластырған адам ақылы бүкіл əлемнің татулығы жолындағы ізгі ниеттен неге тайсақ- тайды? Неге ғана сана жетілген сайын, азапты еңбекті азалы өлімге қару ғып жұмсаймыз? Неге ғана айдай əлемді күл- талқан етер құрал ойлап табамыз, ал айдай əлемді ауызға қаратар құдіретті рухани күш жасай алмаймыз? Еңбек ету- дің барысында ғана ойлауымызды қалыптастырмай, алды- мен не жасайтынымызды жəне не үшін жасайтынымызды əрі осы ісіміздің нəтижесі адам баласының жарқын өміріне қаншалықты үлес болып қосылатынын егжей-тегжейлі ойда пісіріп, сонан соң санадағы бұлдыр-салдыр жалған қияли сүлделерді қуып шығатын уақыт жеткен жоқ па... Адам сана- сы жетілген сайын, азуымызды айға білеп, бүкіл жаһандағы айғай-шуға айналдырғанымыз қалай!

Түсімдегі қарағай рас айтады. Не нəрсе балаң кезінде таза. Менің таңғалғаным: жоғары білімі бар Тойғанбайдың


қоғамдық санадан екі сағаттық лекция оқи алатыны, бірақ сөйте тұра қоғамдық еңбектен қашатыны... Мұнда қандай тыныштық, маужыраған бейкүнə бейбіт өмір бар секілді. Ештеңеге алаңдамайды, ештеңеге құлай сенбейді де, бүгінгі күн тыныш өтсе болды, ертең дүние өртеніп кетсе де, селк етпейді. Қарны тойғанға қанағат қылған тоқкүлкі адамдар егер пəлен жерде соғыс басталыпты десең, көрші ауылда Иман Жүсіптің баласы мас болып əкесін сабапты деген жа- ңалықтан əлдеқайда кем əсерленеді. Олар айтады: «Енді қай- тейік, осы ауылда бір еркек қалмай қырылып қалған күнді біз де кешкенбіз, одан аспан ойылып жерге түсіп кеткен жоқ. Құдайға шүкір, ұрлықтан тапсақ та ұрпақ бар». Иə, əкесінің кім екенін білмейтін ұрпақтың бірі менмін, əттең, əкем тірі болып, еркелеп өссем тіпті жақсы еді ғой. Иə, менің əкем уа- қыттың құрбаны, тым-тым артық «ақылдың» жолында қаза тапты. Кімнің бодауында, кімнің қолынан өлсе де, топырағы торқа болсын, уа тəңірім-ау, əке тағдырын менің қайталауым міндет пе? Мен өз өліміммен бейбіт неге өлмеймін. Əлде- кімнің оғына ұшу шарт па екен. «Басқа жұрт қайғы-қасірет тартып жатқанда, мен өзімді қалайша бақытты санай ала- мын», – деп Достоевский бекер айтты дейсіз бе? Жер бетінде соғыстың болмауын абсолюттік ақиқатқа неге айналдырмай- мыз. Бұл – шындыққа айналатын мүмкіндік қой».

– Қайным-ау, неғып күбірлеп отырсың? Ақ апа дұға үйре- тіп қойғаннан сау ма?

– Жоқ, жеңеше, əншейін өзім ғой сандырақтап отырған. – Орнынан тұрды да, қайтуға ыңғайланды. Шелекке салған жуылған кірді көтеріп ере жүрген жеңгесі:

– Ел-жұрт өшкені жанып, өлгені тірілген қайнысын шы- датпай, Ақ апаның үйіне квартираға тұрғызыпты деп, өсек-


теп жүр. Жұрттың аузына қақпақ боламыз ба, айтса айта бер- сін, түге. Балалар шулап мазамды алды демесең, өзіміздің қолымызда тұра берсең етті. Біз не ішсек, соны ішесің, саған арнайы тамақ істеп ауырсынбаймын. Əй, қайдам, жазу-сы- зуы бар адамға шуылдақ үй пана болар ма екен... Өзің біл...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.