Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I 6 страница



Иə, бірде ұмытпаса, күз болар... Ауылдың талқанға то- йып алған тамам баласы ұлар-шу Алтыбақанды қоршап алып: «Шата, шата», – деп хормен мазақтаған екен-ау. Көпке топырақ шашамысың, екі құлағын тас қып басып, сиыр са- уып жүрген шешесіне тіке тартып еді. Бəтима «Шата» деген сөзді естігенде, бір қуарды, бір сазарды, сөйтіп: «Тыңдама, оттай берсін. Кері кеткен ауылдың жалмауыз ұлдары не де- мейді!» – деген. Көбісінің əкесі соғыстан қайтпай қалды ғой. Мүмкін, шешесі «жалмауыз» деп сондықтан айтқан шығар, ашынғанда не демеуші еді əйел заты.

Үнсіздікті тағы да Бəтима бұзды:


– Ұлым не ойлап отырсың? – деген.

– Жай ғой, қалай, аздап бəсең тартайын деді ме?

– Ей, балам-ай, біздің жан сірі ғой. Жазмыштан озу қай- да, жақсылық та, жамандық та өз мезгілінде: əлемге жарық берген күн мен ай да өз мезгілі жеткенде тұтылады екен.

– Бəтимаш-ай, бірге жасасқан, ыстық-суықты бірге тарт- қан оң иығым, бар қуатым, сүрінгенде сүйеген сүйсінерім, керім демеймін, ерім едің. Шошыттың ғой, жаным. Есіңді жишы сөйтіп.

Бүкір кемпір жаңа ғана шындап босап, көзіне жас алды.

– «Арты қайырлы болуына сенген жан, жауын иығына салып арқалап жүрсе де ауырсынбайды» дейді ғой бұрын- ғылар. Қай-қай қысылтаяң шақ та мəңгілік емес, өткіншілік қана. Сырқаттың батпандап кіріп, мысқылдап шыға бастаға- ны осы, өз-өзіңе берік бол, – деп теріс қарап шыланған көзін сүртті бүкір кемпір.

Алакөбең тартып, манаураған тыныштыққа пəруана бол- ған үй-ішінің ішкі тірлігінде қозғалыс пайда бола бастады. Құр сүлдері жатқан қара үйдің қара бəйбішесі ғұмыр жасы əлі де таусылмайды білем, қызыл іңірдегідей емес, ептеп сергіген. Аузына қара су тамыздырмай, өз-өзінен апшысын тарылтып, шайпау жатыр еді, сусын сұратты. Келіні əкеп берген сүтті сыңғыта жұтып ішті. Көздері жаудырап, жүдеп- жадап үрпиісіп отырған екі немересін жанына шақырып, маңдайынан иіскеді.

– «Немере етін жеп, сүйегін көзіңе лақтырады» деген- дердің өзегін өрт жаласын, бəтір. Қос қозысынан айналдым. Қырмызы, алдыңғы үйге апарып, балалардың тамағын бер- сеңші. Мен енді өлмеймін. Аздап көз шырымын алғандай бо- лам ба, оңаша қалдырыңдар. Е-е... е, Жаратқан жаппар Ием.


Алтыбақанның таңғалғаны – бұрын діндарлығы жоқ ше- шесінің ауырғаннан бері Алланы аузына жиі алып, шау тарт- қан шағында құдайға жағынуы-тын. Нені болсын күн ілгері бағамдап, елден бұрын ептеп отыратын тым сақ адамның осы – ажал шаужайға жармасқан шақта да шатасып, дегбі- рінің шашауын шығармауы ұлына да зор өмірлік медет, са- бақ болғандай еді. Сайып келгенде, бұл əз аналардың бойы- на ғана бітетін киелі қасиет шығар. Бəтима жалғыз қалса да ұйықтай алмады. Кірпігі кірпігіне айқаспай, əлдекім көзіне ине тіреп қойғандай, бақырайып ұзақ жатты. Шошынып қал- ған-ау, бүкір кемпір мен Алтыбақан алма-кезек келіп, дема- лып жатыр ма дегендей тың-тыңдап, болжап қайтады. Үй əлі де алакөбең тартып тұрған. Ай терезе тұсынан біртіндеп ау- най бастады. Бұлың-бұлың буалдыр ой мұны да иектеп жүр. Ойламайын деп еді – болмады.

...Саршатамыздың ұзақ сары таңы емес пе еді. Ел Суық- сайдың қойнауында отырған. Онда ағаш үй жоқ, кілең жұ- мыртқадай ақ шаңқан отаулар-тын. Үркердей үйірілген ша- ғын ауыл қандай көңілді, думаны арылмайтын дуалы ел еді. Бəріміз де балалық шақтан шықтық дегендей. Бəтима да қыз болып көрген. Қыз болғанда қандай десеңші?! Сорпа бетіне шығары. Осы бүкір кемпір екеуі жұбы жазылмайтын тел қо- зылар еді. Ол күйеуге бір жарым жыл бұрын шыққан. Кімге еді? Дəу қара ғой, Жақыпқа ғой. Жігіттің серкесі едің-ау... маңдайымызға сыймадың, Жақып! Сені қара жер суық қой- нына əлдеқашан алған. Бізді – Қырмызы екеумізді тоса-тоса тағатың таусылған шығар. Өзі берген жанды құдай өзі алар деп, бір күндік су ішкілікке тəнті болып, қыбырлап жүрміз.

Шүберекке түйген шыбындай жанды мезгіл-мекенсіз шығын ету қиын екен. Сен бізді – қос бейбақты асықтырма,


жаным... Ей, аллау, онда да осындай мамыражай, манаураған айлы түн еді-ау. Ай астында алтыбақан құрып, еркек-ұрға- шымыз мидай араласып, дүниені басымызға көтеріп жатпау- шы ма едік. Дариға-ай, десеңші, алтыбақан десе, ішкен асы- мызды жерге қойып, қара құрттай қаптайтынбыз. Жақып, есіңде ме? Қоңыртөбенің үстіне шығып, «Алтыбақан» деп айғай салғаныңда бүткіл тау-тас əулеті жаңғырығып:

«Алты...ба...а...қа...а...н...аннн» деп бірінен соң бірі үздік- создық қайталай беретін, қайталай беретін сенің дауысың- ды. Сонда Суықсайдың ар жақ, бер жағында отырған ауыл- аймақтың тайлы-таяғы қалмай андыздайтын тұс-тұстан. Кермеде тігерге тұяқ қалдырмай алтыбақанға мініп кететін. Ортаға маздатып от жағып тастап, «Елім-айға», «Шилі өзен- ге» салатынбыз аңыратып. Ол да бір уайым-мұңсыз, қайғы- сыз қара суға семірген күндер екен-ау.

Бір жолы Қырмызы екеуміз алтыбақанға қарама-қарсы міндік. Бізді Жақып тербелтіп тұрған. Ойпыр-ай, қандай қа- рулы еді. Қос қолдап аспанға асықтай лақтырғанда, төбеміз көкті тесіп кете жаздайтын. Жарықтық, ай қандай жарық, жұлдыздар қандай көп... Олар басқа ай, басқа жұлдыздар еді ғой. Таудың салқын самалы өңірімізді жұлқып, тақия- мызды тартатын, етегімізді тербейтін. Таудың үңірейіп-са- ңырайған қолтық-қолтығынан саумалдай хош иіс шығып, қолқаны алатын. Жақып бізді тербей беретін. Біз тербеле бе- ретінбіз... Қоңсылас ауылдың қотиын жігіттері қой дейтін, кезек бер дейтін. Жақып əлімжеттікке басып, босатпайтын алтыбақанды. Қотиын жігіттердің зəрі бетіне шапшып, тас- талқан ашуланатын. Құдай-ау, сұмдық болып еді-ау, бəрі де сол түннен басталып еді-ау... Қырмызы, білемісің, күнім, есіңде ме? Аттың тұяғының дүбірі... əлдекім ағызып келіп,


ат үстінен алтыбақанды қиып кетті ғой. Екеуміз екі жаққа ұштық. Сонда... сонда... біздерді тербетіп тұрған Жақып – жанындай жары сені ұстамай, қыз-ау, қызығы бар-ау деді ме, мені қағып алды ғой. Сонда... сонда сенің белің шығып кетті. Сен майып болып қалдың...

Сол түннен бастап менің сенің қосағыңа – Жақыбыңа де- ген көзқарасым мүлдем өзгерген. Ол менің бойыма жарыл- қаушы жасырын сəуле боп ұрланып кіріп, өзіне деген ма- хаббаттың алтын алауын жаққан. Оның бəр-бəрін жіптелеп қайтейін, менің ең ауыр кінəратым – Жақыппен екі-үш рет қосылуым шығар. Тəуекел деп тас жұтқан сол да. Бұла боп өскен бұлаң қызға бұғалықты сенің күйеуің тастаған. Сенде бала жоқ еді ғой...

Сен асыл жансың, Қырмызы. Сенің асылдығың ақ жү- регіңде. «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» дейді ғой жұрт. Сені өз тағдырыммен шырмаған Жақып қана емес, Ал- тыбақан да. Ендеше ол – сенің де төл ұлың.

Ел бетіне қарарға шыдайтын жүз жоқ, қарабет боп кірерге тесік таба алмай «жарыл, қара жер, жарыл» деп Суықсайда- ғы алтыбақан құрған қарағайдың түбінде қызыл жосам шы- ғып, ойбайлап, босана алмай жатқан жеріме сен іздеп келіп, қол ұшын бергенсің. Құдайшылығымды айтайын, əгəрəкім сен келмесең, мен бұл дүниелік емес едім. Көйлегіңнің ете- гін дар айырып, күнəсіз жас нəрестені орадың, жаулығың- ды шешіп алып, белімді байладың. Дəтің не деген берік еді, Қырмызы, жүрегің не деген кең еді, Қырмызы; не деген бек- зат туған асыл жан едің, Қырмызы. Суықсайды азан-қазан етіп шырылдаған сəбиді бауырыңа жасырып, қара түнде қара шашын қобырата жайып, қалт-құлт етіп бара жатқан қызталақтың қолтығынан демеп, ауылға тартқансың. Сонда


қара басып, қаңғырып қалған қатынға қайыр жасаған жер емес, ел емес, ағайын-туған – зəузəт емес – сен, өсекшілер- ше айтсақ, күндесім едің. Сенің кешірімділігіңде шек жоқ еді.

Ел мені «қыз-қатын» деді. Жақып қызғалдағым деді. Ел мені бақытсыз жаралған бір бейбақ деді. Сен мұңдасым де- дің. Ауыл шетіндегі қайғының қара түтінін шығарған қара- ша үйге сенен өзге жан кірмейтін. Сен келетінсің үш уақ. Сормаңдай болғанда Жақып соғысқа аттанып, даңғарадай бір үйде жалғыз қалдың ғой. Екі жарты бір бүтін боп, алыс- қа аттанған азаматтың түтінін сөндірмейік деп бірге тұрдық, бір отау құрдық. Алтыбақанға менен гөрі сенің алақаныңның шапағаты көп тиді. Иə, ол Жақыптан қалған тұяқ еді ғой. Біз өлгеміз жоқ... біз байға да тимедік. Тағдыр тауқыметін қыл- ша мойнымыз талша болып тарттық. Менің бар бұлдайты- ным: ер-азаматтың жұмысын еңсеріп, еңбеккүн тауып, Ал- тыбақан екеуіңді асырағаным шығар.

Қырмызы, біз екеуміз өлімнен, өмірдің тас-қиясынан қай- мығып, қорқып көрдік пе, айнам. Қайта бізден қорқатын се- кілді еді. Сапасыз өмірден салдарлы өлім артық деп, қиқа- йып қалсақ, буына салуға бұзаудың мойын жібінен көп неме жоқ қой. Үлде мен бүлдеге оранып, барымен базар құрып, баз кешкендерді де көріп жүрміз. Ойлап жатсам, солардың өлімі біздерге қарағанда əлдеқайда аянышты, əрі қорқы- нышты көрінеді.

Заман озды, жан тозды, қайғы ойладық – қартайдық... Ай терезеден əлдеқашан аунап кеткен екен...

Алдыңғы үйден аяқ-табақтың сылдыры, шат күлкі есті- леді...


ІІ

Құралай туа, күн жылынды. Кеше ғана сіреу боп жатқан қар жемтір-жемтірі шығып, өзенге, тау басына қашып ба- рады. Ұзақ қарға əлдеқашан келіп қойған. Маң-маң күйсеп, манаурап күресінде жатқан қара сиырдың арқасын сауысқан шоқып, сауысқанды аламойнақ күшік аңдып жүр. Тіршілік осылайша аңдысып, толассыз жүріп жатыр.

Табиғаттың тас-талқанын шығарып, өз құдіретіне өзі риза болғандай Күн жарықтық мұртынан күліп тұр төбеде. Орын- сыз кеп қалған көктемге опынғандай, пұлығын тіркеген трактор тырағайлап барады. Артынан бүлк-бүлк желе жө- нелген анау сыбай атты жолаушы бригадир болар.

Өлмеген құлға келген жазды мадақтағандай қарға ұша- ды қарқылдап. Алқам-салқам дала салқам сері күйін есіне алып, ию-қиюы мол дүниеге інжілімді қайта бер дегендей дегди бастапты асығыс. Əншейінде айылын жимайтын ар- дақ аталар арбаға мініп, тоғайдан жас шыбық тартып жүр. Екпекші...

«Əне өледі, міне өледімен» қыстай аңдыған кейбір құл- қынды кемпір-шалдың үмітін Бəтима ақтамады. Ақтамаға- ны – өлгісі келмегені емес, ынтызар көңіл тағы бір жазды көруге ынтыққан. Саржамбас боп, сарғая күткен. Əне, енді немересінің иығынан ұстап, сүйретіліп тысқа шығып тұр. Жүзі аппақ. Көзі суалған, шүңгіл. Буындары дір-дір етеді. Басы ақ шатырдай. Не көрмеген бас.

Өлмей қалған Бəтима кемпір қарап жатпай, ауыл-аймақ- та жоқ оқыс қылық жасады. Алтыбақанның жан алқымынан алып жүріп, есік алдына алты діңгек орнатқызды. Үш арқан- ды айқұш-ұйқыш мықтап кергізді. Сосын екі немересін екі


жағына отырғызып қойып, əлдилей тербететінді шығарды. Сөйтті, Бəтима есігінің алдына алтыбақан құрды. Осынау қос немерем білсінші, көрсінші дегені. Басқа ой жоқ. Мүм- кін, сонау ай астына алтыбақан құрып, асыр салған бойжет- кен шағын сарғайған санамен сағынғаны шығар, мүмкін, тіршілікті, жарық дүниені құлай сүйген көңілі көктем туа қайта түлеп қуанғанынан жасаған тасаттығы шығар; мүм- кін, немересін бұдан былай бесікке бөлеп əлдилей алмайтын болған соң, тағы да əлдилеу үшін ойлап тапқан аңсарлы ал- тын бесігі де. Ол тербеп тұр... Тербетіліп те тұр алтыбақан- да... алтыбақанда...

Ел айтты: «Бəтима алжыды», – деді. Бəтима айтты: «ЕЛ алжыды», – деді.

 

III. Ғайни

Таудың салқын тымырсық кеші басталды. Ұясына қон- ған күннің алтын нұры шоқылардың таз басын қызыл тор- ғын орамалмен бүркеп тұр. Тамыз айы орталап қалса да, тау қойнауы жауын-шашынсыз жылы еді. Тек кешке қарай түстіктен қоңылтақ самал есіп, бұлақ бойы дымқыл тарта- тын. Шық та қалың түспей, ат тұяғын бірыңғай жылтыратып емес, шашыранды сулайтын. Биылғы жаздың жадыраңқы қабағы əлденендей ырыстың ұшығын сездірген-ді. Бұлттан ада шымырқай көк аспан жақпар тастан тəж киген көгілдір тауға қаяусыз телміріп, кеседей төңкеріледі де тұрады.

...Таудың салқын, тымырсық кеші бірте-бірте ымыртта- нып, ашық аспан мен көлбеген көгілдір таулар қарақұрық- тана бастады. Жұмыс күні аяқталған. Шөпшілер қосы да- бырға толы. Бірін-бірі іліп-шалған дала жігіттерінің зілсіз


жайдақ қалжыңына аяқ-табақтың сылдыры ұласады. Оқта- текте:

– Енді бірді...

– ДП бар ма?

– Ой, өліп пе едіңдер, ыстық көжені қолына құя салайын.

– Ей, осы «қурай» көжеден құтылар күн бар ма, жоқ па?

– Кет-ей. Кепиеті атқыр.

– Аттарыңды үйірге жіберіп, ер-тоқымды қосқа енгізіп барып ішсеңдер, күнə бола ма. Ертең ана іші бұраудай боп шиыршық атып тұрған аттар жоғалып кетсе, иттей боп өз- дерің іздейсіңдер, – деген жылқышының сөзі тенор дауысты хорға баритон қосылып кеткен секілді күркіреп естілді.

«Қурай» көжені ішіп болып, доп ойнап жүрген балаларға беттей бергенімде:

– Ораш, бері кел! – деген дауыс шықты. Қадылбай екен.

Бұл – менің машинисім. Жапалақ көз, қызыл шырайлы нығыз жігіт. Ұйып қалған «қурай» көжеге турап-турап нан салып, күйсеп отыр. Қолындағы қалайы қасықты жалап-жа- лап алды да, көжеге тікесінен шанша салды. Қасық дірілдеп барып, құламай тұрып қалды.

– Əй, аттарды түгел жібердің бе?

– Иə.

– Иə деме, жібердім де. Сайтанқұланың арқасын шапа- лақтасаң етті. Қатты жүріп, терлеп қалды. Қапталынан ыс- тық шығып кетсе, жауырға айналады. Онсыз да арқасы шилі неме.

– Иə, шапалақтадым.

– Иə, деме, шапалақтадым де. – Бұғағын мыжырайта қат- ты бір кекіріп алды да:

– Тамағыңды іштің ғой.


– Іштім.

– Дұрыс. Ендеше, жылқышыдан салтақ құланы сұрап ал да, ертте. Жанмырзаныкіне барамыз.

– Неге?

– Негеде жұмысың болмасын, оспадар неме, «қурай» көже ішпей, бағыланның етін жесең, ішің өте ме. Дабай-да- бай, тездет, күн кешкіріп кетті. Недəуір жер.

Қадылбай əмірін беріп болды да, «қурай» көжені кертіп- кертіп сылпылдата бастады. Мен ойыннан құр қалғаныма ішім удай ашып, «тəңір қосқан иемнің» əмірін орындауға кі- рістім.

Мені құланның бөксесіне артып алған Қадылбай жолға шықты. Қас қарайып, көз байланған уақыт. Қара көк аспан- ға қағып-қағып қойған күміс шеге секілді қуақы жұлдыз- дар қылмың-қылмың кағады. Таудың батыс жақ жиегі қара барқын тартып, шығыс жағы ақ жолақтанып тұр. Қою мұ- нар шөгіп алған сілемдеріне. Жалғыз ағараңдаған тау жолы құр жіптей шұбатылып, бізді жетелеп барады. Байғұс салтақ құла көмпіс-ақ. Арыстай Қадылбай мен менің салмағым қоя ма, екі бүйірін дамылсыз солықтатады. Бағанадан бері үнсіз келе жатқан «иемнің» тілі шығайын деді.

– Баяғыда, – деп бастады сөзін, – баяғыда мектепте оқып жүргенде, осы тау мұрын маған ғашық болып...

– Тау мұрыныңыз кім, аға?

– Ой, оспадар неме. Тау мұрынды білмейсің бе? Жанмыр- заның қарындасы – Ғайни ше...

– Е, е, – дей салдым, енді бірдеме десем аттан түсіріп ке- тер деп. «Иемнің» ондай да тентектігі бар. Жол жиегіндегі шөптің басын шалмақ болып, салтақ құла тұмсығын соза бе- ріп еді:


– Ой, мес! Ашқарағын! – деп бауырды ала салып қалды. Кəперсіз отырған мен түсіп қалдым. Қадылбай құланы бор- байлап-борбайлап алып, алдыма көлденең тарта берді.

– Ой, оспадар! Ердің басынан ұстап отырмаймысың... Керзі етігінің басын шірене қайқайтып қолын берді. «Ием- нен» қорыққаным болар, мысықша атылдым.

Аспанның батыс жағы ағарып қалды. Бағанағыдай емес, қараңғылық бірте-бірте сейіліп, жетім сəулелер қаңғып жүр орман ішінде. Біз қайқаңнан асып, Мылтыққарағай өзегіне құлдап барамыз.

– Сонда мазаққа ұшырағаным-ау! Соңымнан қалсашы. Бір-екі рет «кет!» – дедім. Омайын болмайды тіпті. Сүйемін дейді. Өзі бізден екі класс төмен оқитын, ұп-ұзын боп үнде- мей тұрушы еді, кім білген оның жүрегінде қандай қызыл көз пəле жатқанын. Сондағы балалардың қылжақ еткені есіме түссе, аза бойым қаза тұрады. Осы Нұрбикешке үйленгенім- де, сыңсып екі күн жылапты. Махаббатшылын... Ха... ха... ха... Кейін үйлі-баранды болғанда, өткенді ұмытып, Жанмыр- заға еріп үйіне барып жүрдім. Сыр білдірмейді, тасқайнат қой. Қазір де жақсы араласып тұрамыз. Қызық қуайын деп

келе жатқаным жоқ. Əлгінде Жанмырза:

«Мен ойға ащыға түсіп барамын. Ғайни қойда жалғыз қалды, елегзиді ғой. Ес болыңдар. Ет те бар. Погоншігіңді ерте кет» деп еді. Аузыңа ие бол тегінде.

– Өзі де талайға келіп қалды ғой. Менен үш жас кіші, жиырма сегізде. Не бай алмады, не құдай алмады. Немене жетісіп жүр дейсің бе. Обал-ақ. Қайтеді енді. Мұрынды ке- сіп тастайтын емес. Заман деген сол, шырақ...

– Оспадар неме, – деді ием бұрылып, – құдайдан көрік тіле. Əйтпесе...


– Тілегенмен бола ма. Туып қойдым ғой.

– Рас-ау. Нешауа, онша сұрықсыз емессің.

Ит үрді. От жылтырады. Құла кісінеп жіберді. Жалпақ жұрт аталатын алаңқайда асықтай иірілген қой жатыр. Жал- маң-жалмаң күйсейді. Біз қотанды сырттай жүрдік. Дəу қара төбет аттың құйрығына жабысып, арсылдайды.

– Жолдыаяқ! Жат əрі. О несі-ей. Бұлары кім əкəу...

– Өзіміз ғой...

– Ой, Қадылбаймысың, адасып келдің бе?

– Жоғ-а. Сен қорқа ма деп... Ет иес?

– Табылар сендік. Əскере ашқарақсың ғой, аға, – деп Ғай- ни сыңғырлай күліп, наздана тізгінге оралды.

Мен аттарды шідерлеп отқа қойдым. Ғайни мен Қадыл- бай қоста. Үйге кіруге зауқым жоқ. Жайлаудың сылқым түні сиқырлап алды жанымды. Ай туды. Үлкен тіпті. Тайқазанға шіпілдеп сүт пісіріп тұрған секілді. Табиғат талаурап, тыл- сым күйге енген.

– Ораш, а, Ораш! Жүр үйге, тамақ іш. – Бұл Ғайни ғой. Дауысы əйбəт өзінің. Шынында да өңі жөндем екен, бойы тым ұзын-ау. Əйел адамның тұрқы сидам болса, бір түрлі оғаш.

Шынтағына жастық салып жанбастай жатқан Қадылбай əдетінше сылпылдатып отыр бір табақ етті. Бес бармағын тар- байтып апарады да, қолына ілінгенін бүркітше бүре жөнеле- ді. Ғайни сорпа суытып отыр. Көжеге нықсырап қалыппын, етке тəбетім шаппады. Ғайни дидары бір түрлі көнетоз сы- қылды. Жалпы, бет-əлпеті жылылықты аңғартпайтындай. Оқта-текте күлімсірегенде, қиық көзі болар-болмас нұр ша- шады. Сөйлегенде сүйкімді, тіпті көрікті болып кетеді. Егер шындап үңілсең, нендей бір жақсылықтың нышанын аңғар- ғандай боласың жүзінен. Бірақ оған аса төзімділік керек-ау.


Өйткені осынау жұмбақты сұлулық көз жеткісіз құдықтағы мөлдір су секілді немесе қол жеткісіз құздағы гүл секілді, өте-мөте алыста, Ғайни дидарының шыңырау тереңінде жа- тыр еді. Оны ұғыну үшін талмас қанат, қайтпас батылдық ке- рек екенін болжадым. Ендеше, ондай жігіттің табылмағаны да... Ғайни көңілді отыр. Байқаймын, Қадылбайдың шыбын үйір бетіне сүйсіне қарайды. Жолдағы «иемнің» əңгімесі есі- ме түсті. Дəл осы жолы өтірік айтпапты.

– Оспадар неме, аңырмай жесеңші! – деп Қадылбай шын- тағымен нұқып қалды. Ол маған бұрынғыдан да дөрекі, сұр- қия болып көрінді.

– Тойдым. Жегім жоқ. Ұйқым келіп отыр.

– Төсек салып берейін. Кішкене балаға қалай-қалай сөй- лейсің?

Ғайни салып берген бөстекке тас бүркеніп жатып қал- дым. Ұйқым келмесе де жаттым. Жаттым да өп-өтірік пы- сылдадым.

Мен басымды тұмшалап алсам да бəрін көріп жатырмын: Ғайнидың күнге тотыққан жүзін де, Қадылбайдың көбең се- міріп көлк-көлк еткен бетін де; мен бəрін естіп жатырмын: Ғайнидың алаңсыз таза, əрі бақытсыз күлкісін де, Қадыл- байдың сорпаны қорп-қорп ұрттағанын да...

Көзім ілініп кетсе керек, жылан шағып алғандай селк ете түстім. Өз-өзімнен булығып, быршып жатыр екем, басымда- ғы орауды жұлып алдым. Қоста қыбыр еткен жан жоқ. Қо- ламта арасында жасықтана сығалаған шоқтар қарауытып сөнуге айналыпты. Бетіме қостың ашық қалған есігінен ай сəулесі түсіп тұр. Тыныштық. Сипалап едім, Қадылбай жоқ. Қостың құбыла тұсындағы саңылаудан күңгірлеген дауыс естіледі. Ғайни мен Қадылбай-ау.


– Мен бақытсызбын (бұл Ғайнидың сөзі).

– Қойшы, қайдағыны айтпай (бұл – «ием» ғой).

– Шын айтам. Мендей бейшара адам бар ма. Шешем бай- ғұс неге ғана тапты екен. Осы күнде жұрттың бəрі жылтыра- ғанға əуес. Əдемі қызды кім жек көрсін. Сырықтай денем- нің сиықсыздығын біреуге міндет еткім келмейді. Басқаның сұлулығын қызғанбаймын да. Етім өліп кетіпті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.