Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 26 страница




әрқайсысы өз ойын малталап отыр. Жарықтық, техникада мін жоқ, шөп тиелген шананы мықшия тартып, әзірше сыр бермей келеді. Ұзақ жол, ауыр сапарға сыр беріп алған, тек адамдар ғана еді... тракторды Нұржанның өзі жүргізіп отыратын. Түнде қонып шыққан қыстақтың өкпе тұсына келгенде, тормозды табанымен кілт тоқтатты да, газды азайтты. Есіне әлдене түскендей, қабағын түйе сәл үнсіз отырып қалды да:

– ал, достарым, айып етпеңдер, мен сендермен қоштасайын деп отырмын,– деді екі жолдасының суық сорған жүзіне кезек қарай.– Бала жастан бірге ойнап, бірге өсіп едік, артық-ауыз айтылған сөз болса, кешіріңдер. Өмір атты ұзақ сапарды бірге бастасақ та, бірге аяқтау мүмкін емес екен. мен осы жерде – Қар қызы мекенінде мүлдем қаламын, мал-жанның күйзелмеуі үшін қаламын. Егер мен осынау кеңістікте қалмасам Қар қызы өкпелейді. ал ол өкпелесе, бүкіл халық оның кәріне жолығады... Қайыр!

– Шөп тиелген шананы сүйреп өту біздің мойнымызға жазылған шығар. Қалам десең – қарсы емеспін. Қар қызы еліне де еркек керек-ау, – деді Бақытжан. аманжан қол беріп қоштаспады, «сау бол» деп үндемеді. Сол түйілген қалпы меңірейіп отырып қалған.

– Бар ескертерім,– деді трактордан омбы қарға қарғып түс- кен соң Нұржан. – Қанаттарыңмен ұшсаңдар да, құйрықтарың- ды ұмытпаңдар.

аппақ қардың бетіндегі меңдей болып, көкжиекке сіңіп барады, әне...

Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей сірестіріп, қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке, қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа бір- бірін қуалап жарысады. Ербең етер тіршілік белгісі жоқ, салқын бедірейген аязды аймақ. Бұлар Қоңқай асуынын өкпе тұсынан айналып өтіп бара жатыр еді.

ДТ-54-тің рычагын енді аманжан ұстап отырған. Табаны- мен тормозды басты да, тракторды тоқтатты.

– ал, Бәке, – деді жанында қалғыңқырап отырған Бақыт- жанды шынтағымен түртіп.– мынау қарғыс атқан жерде қалып коюға мен де бел байлап тұрмын. мүмкін, аз жылға, бәлкім, мәңгілікке, әзірше өзім де білмеймін... Тағдырдың жазуы осы шығар. Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен өмірге барғым келмейді.


Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады... Хош. Ендігі келгеніңде бұл жер – аманжан асуы аталады.

Трактордан секіріп түсті де, әлі тышқан ізі түспеген тап- таза тың қарды омбылап, тау басына қарай тырмыса өрлеп бара жатты.

алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның көзі ашып, жанарына жас үйірілді. Жиырма жыл бір-бірінен екі елі ажырамаған достарын, мынау аппақ кеңістіктің әр жеріне бытырата таратып, ауылға соқа басы қалай ғана қайта алады. Бірақ өз-өзінен мүжіліп, ақ қар, көк мұзды аязды аймақта тұра беруге әсте де болмайды, тек қана алға жүру керек, толассыз мәңгілік қимыл керек...


 

 

ЖЕТІМ БОТА

ақтау қаласына келіп қонған ақ шағаладай лайнерден жаңаша киінген, сұңғақ бойлы, бұйра шашты, қара көзілдірігі бар сағыз шайнаған қазақ жігіті түсіп келе жатты. Қолында дипломаткасынан басқа ұстаған заты жоқ; жан-жағына алаңдамастан бірден таксиге отырды. Ол – азан шақырып қойған есімі Тасжан, бүгінде Тас деп қысқартып атап кеткен заманымыздың аса дарынды сәулетшісі.

Үш айдан соң жаңа қаланың жобасын тапсыруға дайын- далып жүрген беті...

Қиырына көз жетпес шалқар теңіздің жағасында төбесі көк, аяғы жер тіреген ақ шағала үйлері сап түзеген алып қала тыныстап жатты. алыстан немесе тым-тым биіктен қарағанда, су жағалап жусаған бір қора қой секілді үйіріліп көрінеді. Шайдай ашық күндері үстін қоп-қою түтін басып, мұнарға тұншығып жатар қаланың көрінісі, әсіресе ішіне кіргенде бар сымбатын алдына жайып салар еді. Дүние жүзіндегі басқа, миллиондаған тұрғыны бар жойқын шаһардан сырт көзге айырмашылығы жоқ болып көрінгенімен, анықтап қараған адам ала бөтен ерекшелігін де табар еді. Әсіресе төрт тағанға орналасқан алты қабатты үйлер қаздай тізіліп, өзінің ешбір елде жоқ әсем архитектурасымен көз тартатын. Күндіз қырдан, түнде теңізден соққан жел иін тірескен қызыл кірпіш үйлердің қалқасында қамалып қалмай, арбайған таған-сирақтардың арасынан сусылдап өтер еді де, қаланы иіс-қоңыстан тазартып, желпіп тұрар еді.

Телегей-теңіз бен салқар сахараның түйісер тұсында соңғы жиырма жылда пайда болған қаланы – ақтау деп, ал анау жанталаса жағалауға ұмтылып, бірақ өмір бақида да өз арнасынан аспаған көк теңізді жергілікті халық атырау деп атайтын. Басқа-басқа, дәл маңғыстаудың күн қақтаған тыр жалаңаш сахарасына әлемнің аузына іліккен әсем қала орнайды деп кім ойлаған. Ендігі үміт, анау шалқып жатқан судың бетіне үй салу, – қандай керемет болар еді. Ол кереметті көруді екі мыңыншы жылы келер ұрпаққа қалдырайық та, ендігі әңгімені қазіргі заманның ұланына берейік.


«менің бұл қалаға келгеніме үшінші күн. «Интер- континенталь» атты қонақ үйдің ең үстіңгі қабатынан ойып орын алдым. Жалғызбын. Жасым қырықтан асты. мамандығым

– архитектор. Үйленгенмін, бірақ сүйіп қосылған әйеліммен алдыңғы жылы айрылысып кеткенім. Қазір бойдақпын. Осыдан жиырма жыл бұрын, осы қаланың алғашқы жобасын жасауға қатыстым. Диплом жұмысым да атырау бойына салынар ақтау деген қаланың архитектурасы болды. Еңбегім еш кеткен жоқ, екі жастың біріне келмей жатып-ақ атағымды аспаннан бір-ақ шығарды. Өмірге жаңа қала келді... Және қандай десеңізші... Дүние жүзілік конкурста бас жүлдені алды. Соның арқасында сан рет шетелге шықтым. Кешегі малшының баласы, бүгінде мемлекет қайраткерлері білетін белгілі адам, беделді азамат дәрежесіне көтерілді. Кең-байтақ Отанымыздың, тіпті жұмыр жердің қай-қай қиырында жүрсем де, қызық, осы ақтауды, анау қатал да қайырымды атырауды сағынамын. Оның заңды себебі де бар, оның себебі сол – мен осы қаланың әкесі секілдімін. Иә, менің жобам бойынша дүниеге келді ғой; иә, менің бүкіл ойым, бұған дейін абстракты болып келген идеям мыңдаған адамның тұрғынына айналған ақшағаладай қала болып орнады. Қонақ үйдің балконына шығып, сонау терезелерінің шамы самаладай жарқыраған үйлерге қараймын, қараймын да қайран қаламын. Шынымен-ақ, осыншама адамға шат күлкі, баянды бақыт сыйлаған менің ақ қағазға түскен әрбір сызығымның жемісі ме; шынымен-ақ, түнгі ұйқымды төрт бөліп, көз майымды тауыса еткен еңбегім жайнаған жастықтың, қайнаған тіршіліктің мәңгі сарқылмас қазанына өшпес от болып жағылғаны ма. Иә, ағайын, өмірдің үнсіз әуенін тудырып, тас пен топыраққа жан бітіретін сәулетші өнерінен асқан, сәулетші мамандығынан ардақты не бар екен бұл жалғанда. рас, анау қарлығаштың ұясындай сәнді үйлерде біреулер өлер, біреулер туар, талай жылдар өтіп, жаңа ғасырдың табалдырығынан да аттармыз, ол күнге менің ғұмырым жетер, бәлкім, жетпес те, бірақ мен салуға қатысқан ақтау қалады артымда; оны жер бетінен жоғалтып жіберетін күш жоқ. Ендеше, оныншы қабаттан қарғып өлсем де арман не... Бар арман, дәл мынадай халықтың керегіне жарар ізгілікті іс қалдыру ғой. Қой, мантырай бермей бүгін ертерек ұйқтап, ертерек тұрып теңіз жағасына барайын. Кәрі атыраудың салқын самалын жұтайын кеуде керіп».

Өзіне-өзі аса риза болған Тас салқын суға шомылды да, балконның есігін ашып қойып, рақаттанып тұрып ұйқтауға


кірісті. Дегенмен әлгіндегі ризалық сезім, қанағаты мол ойдан көпке дейін арыла алмады. Дөңбекши ары аунап, бері аунап мазасы әбден кеткен соң, төсек үстінде шалқалап жатқан қалпы темекі тартты. Қала жым-жырт. Оқта-текте көшеден өткен бірлі-жарым машинаның гүрілі ғана енді-енді көз шырымын алған тыныштықты тілгілеп өтеді. аңқайта ашылған балконның есігінен теңізден соғар самал желпіп келеді, тек өзі ғана емес, теңіздің жағасында қойбатпаққа ұйлыққан жалбыздың күлімсі иісін қоса ала келеді. міне екінші күн болды, Тас осы жағымсыз иістен зәрезап күй кешті. Басын тұмшалап орап жатса көрпені лақтырып жіберетін. Қанша елемеген, қанша ойламағанмен мұрнынан күлімсі иіс кетпей-ақ қойды. Қарғып тұрып есікті жабады. Бірақ бөлмеге қамалып алған аптап, темекінің түтініне қосылып тынысын одан ары тарылтады, өне бойы жіпсіп терлеп, ій жаққан қойдың терісіндей ылжыраған өз денесінен өзі жиіркеніп есікті қайтадан аңқайта ашып тастайтын. Осындайда таңдайың кеберсіп, шөл қысатыны бар. Кранның суы жуынудан басқаға жарамайды, ал күндіз кезекші әйел толтырып кеткен шыны құмандағы суды ерте жарықта ішіп тауысқан. Бағана қайнардың суын сұрап буфетке барып еді, бес күннен бері бүкіл қалаға түспегенін айтты. Енді не істеу керек дегендей, жалаңаш күйде балконға шығып еді, теңізден мүңкіген иіс қолқасын қапты. Бағанағы желікті ой, тоқ пейіл көңілі масқара жасыған ол осы қалаға келгеніне тұңғыш рет өкінді. атыраудың иіс-қонысына әлдеқашан үйренген тұрғындар желдеткіштерді, терезе-есіктерін шалқайта ашып тастап, мұрындары шуылдап кәперсіз қорылдайды-ай. Балконда жападан-жалғыз, темекісінің оты жылтырап секиіп тұрған Тас маса талағандай мазасыз, шырт ұйқыда жатқан қаланың үстінен үңіледі. Бұл тұстан бүкіл ақтау алақандағыдай болып байқалар еді, тек жердегі кісілер ғана құмырсқадай қыбырлап, түр-түсі анық болжанбайтын. Ол алғаш рет өз қаракетінің байыбына бара бастады. Осы қаланың жобасын жасап отырғанда, апыр- ау, сызықтардан басқа ештеңе көре алмап еді ғой, соншалықты дәлдікпен есептелген айқыш-ұйқыш быжынаған сызықтар ғана, бірде-бір адам көз алдына елестемеген.

«Осыдан екі ай бұрын маған атыраудың жиегіне салынар жаңа қаланың жобасына қатысуды өтінді. Әрине, келісімімді бердім. Тағы да жер мұнайы табылған екен. менің талантыма сенгені ғой. Әйтпесе қазір архитекторлардан көп кім бар.


Жаңадан салынар қала, сөз жоқ, тағы да тағанның үстіне орналасады. Қырдан соққан аптапты теңізден ескен салқын жел кері қайырып, ауаны табиғи түрде тазартып тұру үшін бұрынғы тәсілімізді қайталауға тура келер. Бірақ үйлердің түр-түсін өзгертпесе болмайды. Қалай? Сирақ қайталанған соң оның үстіндегі құрылысты өзгерте аламыз ба. мәселе осында... ал егер ақтаудың жобасын екінші рет ұсынса қайтер еді. Өйткені бір ғасырда салынған үйлер бір-біріне ұқсап жатса, несі айып, керісінше сол дәуірдің өз қолтаңбасын танытпай ма?.. Ондай, егіздің сыңарындай, ұқсастық атақты қалалар Париж, Вена, ленинградта да бар ғой. Біздің ойлап тапқанымыз іргетастың орнына төрт таған қойдық, ендеше, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына осы ерекшелік те жетпей ме. Кейде біз бояушы-бояушы дегенге сақаламызды бояп жүрміз. Бүйректен сирақ шығарып, жоқтан өзгені ойлап таба беру – архитектурадағы футуристік, тіпті хулигандық. Ондай жеңілтектікке қоғам жібермейді, өнер кешірмейді. Қазіргі заманға керегі – әрі күрделі құрылыстың арзан, тиімді әрі тез салынуы. моноструктураның заманы өткен. мен – полиструктураның өкілімін. Олай болса...»

...Осы кезде «Интерконтиненталь» қонақ үйінің астынан құлаққа соншалықты жат үн естілді де, Тастың қиялын тас- талқан қылды. алғашында ұлып жатқан қаңғыбас көп иттердің бірі шығарға жорыған. Түн тылсымын бұзған қыңсылаңқы дауысты қаланың саққұлақ иттері де естісе керек, әр балконнан абалап үре бастады. Әлгі тұрпайы үн тіпті де хайуандікі емес, ойбайлап көмек сұрап жалбарынған әйелдің бажылы екеніне күмәні қалмаған жігіт беліне дейін шығара ұмтылып төмен қарап еді, ештеңе көре алмады. Қонақ үйдің қарсысындағы тұрған үйдің шамы жанды да, ала қалат киген егде еркек шықты. Қолындағы аңшыларға арналған үлкен дүрбімен әуелі

«Интерконтинентальді» бір сүзіп шықты, содан соң айқай естілген жерді тіміскілей бастады. Қорлана жылаған әйелдің сыңсуы одан ары үдеген соң, Тас шыдай алмады білем, тез киініп дәлізге шыққан. Қырсыққанда лифті түнгі сағат бірден кейін істемейді, амал жоқ, оныншы қабаттан ирелеңдеген сатымен жаяу түсті.

Қонақхананың бүгінгі кезекшісі қартаң кісі:

– Оны қайтуші едің, балам, рестораннан шыққан мас біреу шығар,– деп есікті еріншектене ашты.


– Көмек сұрап жатыр ғой, обал емес пе, ақсақал.

– Қаланың қатындарына обал жоқ, – деп күңкілдеді. Танауды сасытқан күлімсі иіс далада тіпті мүңкіп тұр екен, тыжырына мұрнын басып, төрт тағанның астына асығыс жетті. Бүк түсіп, қорсылдап жылап жатқан әйелді «Не болды сізге?»

– деп көтере беріп еді: – Что тебе нужен, дурак! – деп бетінен сарт еткізіп ұрып жіберген. алақан оқыс тигені соншама, Тас ауырсынғандай сілейіп тұрып қалған. Шашы дола-дода мас әйел сұп-суық жанары жарқылдап, қадала қарады. Содан соң Тасты бас салып жұлмалай жөнелді.

– Елім-ау, жұртым-ау, қайдасыңдар, қорлады ғой, зорлады ғой. Көмектесіңдер, ойбай! Помогите, ей, люди!

маңайдағы иін тірескен үйлердің шамы жағылмағаны қалмады. Барлығы да жалаңаш-жалпы терезеден, балконнан үңіліп, дабырлап сөйлей бастады. Қала дүр сілкінгендей болды. Жігітте ес қалмады. Ендігі қаракет келіншектің бүркіттей саусақтарынан құтылып шығу ғана. мас адамның, оның ішінде, долданған әйелден қарулы ештеңе жоғына әбден көзі жеткен Тас жағасына жармасқан айғыз бет келіншекті сүйрей қонақ үйдің табалдырығына ілікті. «масқара-ай, пәле болды-ау».

– Ей, люди, помогите! мынау мені зорламақ! «Құдай-ай, ұятқа қалдым-ау. Енді қайттым».

– Жібер деймін, босатыңызшы. Бар жазығым көмектесейін дегенім бе.

– Не болтай! Сен мені қорлағың келді!

– Қойыңызшы. Қайдағыны айтады екенсіз.

Осы кезде қонақ үйден кезекші милиционер шықты. Оны көрген келіншек одан ары азандады.

– мына сүмелек мені зорлап, ақшамды тартып алды. Ішкізіп, мас қылған да осы! – Әлгіндегідей емес, қолын боса- тып, мүләйімси қалған.

– Өтірік,– деді ширыққан Тас. – Жалған айтады. Бар жазығым...

– Қарашы бұлталаққа салуын, – деген әйел жігітке қайта ұмтылды. мұншама жасып, намыс отына өртеніп көрмеген Тас жасқана шегіне бергенде, оны енді милиционер қапсыра құшақтай алған-ды.

– Екеуің де милиция бөлмесіне жүріңдер.

– Жігіттің кінәсы жоқ, – деді шал қалам-қағазын сайлап, жауап алып отырған аға сержантқа. – мен бәрін көрдім,


жалғыз куәң – мына мен. Пайғамбар жасына келгенде сақалды басыммен жалған айта алмаймын.

– Ей, қақбас, сақал текеде де бар, жоқтан өзгеге саудаламай- ақ қой.

– албасты-ау, үйдің астында қыңсылап жатқаныңда қол ұшын берейін деп барған жігітті нақақ неге күйдіресің. Сені кім білмейді бұл ақтауда. Қысыр жыландай сумаңдап, ресторанның босағасын босатпайсың.

– Жазыңыз, жолдас милиционер, – деп шаптыққан келін- шек қамаудағы қасқырдай қанталаған көзімен шалды ішіп-жеп барады. – личносымды оскорбит еткен сөз айтты. Бұл да мені бірнеше рет қорламақ болған.

– астапыралла! – деп жүрегін ұстады кезекші шал. – лағынет! лағынет! – Келіншекті шапалақпен осып жіберді.

– Құры, сайтанның сапалағы.

– Қойыңыз, ақсақал. Жұмыс бабында қол жұмсамаңыз.

– мұны қоса қама, – деді келіншек екі мықынынан таяна жұлқынып. Шалдың шапалағын шыбын шаққан құрлы көрмеген, екілене түсті.

– азамат, аты-жөніңіз кім? – деп сұрады мең-зең тұрған жігіттен.

– Танимын деді ғой, анадан сұраңыз, – деп қитықты.

– айтсаң да алдап, өтірік айттың. – Тіпті шімірікпейді-ау, шімірікпейді.

– атым – Тас, фамилиям – Тасболатов.

– Жалған! – деп шаңқылдады келіншек. – Тас деген ат болмайды.

– Енді әкесі азан шақырып қойған атын өзгерте ме, – деп кезекші қайта араласып еді, милиционер: – ата, сіз бара тұрыңыз, артынан шақыртам, – деген соң күңкілдей сөйлеп, басын шайқап бөлмеден шығып кетті.

– Паспортыңыз қайда?

– Бөлмеде.

– мамандығыңыз...

– архитектор.

– Қашан, қайдан келдіңіз?

– Осыдан бір тәулік бұрын, алматыдан.

– Нендей мақсатпен?

– Осы ақтау қаласын жобалаған менмін. Туған баламдай болған соң, тағы бір көріп, қандай адамдар тұратынын білгім келді. Енді өкініп отырмын.


– Неге? – деді аға сержант таңырқай сұрап.

– Біріншіден, мынадай ар-ұяттан безген келіншек үшін қала салғаныма, екіншіден, осында бекер келгеніме.

– Бәрі өтірік, – деді әйел әлі де тайынбай. – ақтауды сен салсаң, біз неге білмейміз. Есіміңді ойып, қабырғаға неге жазбайды?

– архитектордың есімі – қала, құрылыс салғанда әріппен жазылмайды, тек қана кірпішпен.

– азамат Тасболатов, философияны қоя тұрыңыз. Әзірше бөлмеңізге бара беріңіз, ертең анық-қанығына жетерміз. ал сенімен басқаша сөйлесеміз, – деді әйелге. Ол баж ете қалды:

– Оңбағанды босатасың, жазықсызды жазалайсың, а!

Үстіңнен управлениеге арыз беремін.

– маған десе одан арыға айтыңыз. Бұдан былай «Интеркон- тинентальдің» маңына жоламаңыз, айтпады деме, абақтыға қаматамын.

– Оны көреміз, кімді-кім қаматарын. Сенің бастығың менің... Одан арғы сөздерді естіген жоқ. Есікті тез жауып шығып кеткен Тас: «Уһ, құтылдым-ау», – деп демін ауыр алып еді. Қолын артына ұстап ары-бері теңселіп жүрген шал бұған жақындап келді де:

– Балам, есіңде болсын, – деді шыншыл да қамқор көңілмен.

– Жалғанда қаланың қатынына жолама – қарасы жұғады, әсіресе ішіп алып, жылағандарына... апыр-ау, түбі не болар екенбіз.

– Бұл, ата, мен үшін үлкен сабақ. Бұдан былай буынып жатса да жалғыз сүйем жақындамаспын. Қайта бағым бар, милиционер ақылды екен.

– рас, есті жігіт.

– Иә, адамдар әр түрлі.

Оныншы қабатқа көтерілгенше жүрегі қағып қара терге түсті. Еркін күрестің шебері, соңғы кезде жасына қарамай каратэмен шұғылданып жүрген спортсмен жігіт айналдырған он қабат үйге шыға алмай, алқынғанына қайран қалды.

«Нервный шоктың әсері шығар» деп ойлады.

Таң атқанша көз ілген жоқ. Кірпігі айқасса болды, тұлан тұта долданған келіншек шабынып шыға келеді. Күштеп барып жанарын жапса көзінің еті ашып, жастыққа жас саулайды. Әлсін-әлсін темекі тартып, салқын сумен бетін жуды. Салқын деген аты ғана, қайсы шүмекті бұрасаң да жып-жылымшы су ағады. Өзін осыншама, дестелеп шөп шапқандай, шаршаңқы


сезініп көрген жоқ-ты. ал енді балконға шығайын десе, әлгі бір уақиғадан соң белең алып қалған ба, жүрегі дауламады. мұндайда кісінің есіне өмірдің тек жамандық жағы елестері бар. Тастың жүйкесін тоздырған әулекі әйелдің шаңқылы, шіріген жалбыздың жағымсыз иісі ғана емес, туалеттің толассыз сарылдап ағып тұрған суы да. Әлде бұрандасы кеткен, әлде әлдекім сындырып кеткен, құлақ етіңді жеген сарылы тоқтамайды-ау. Тас бірнеше рет жөндегенсымақ болып еді, бәрібір баяғы әуенінен жаңылған жоқ.

«Бекер-ақ келдім. Одан да қазір жайлауда отырған елге тартып кетуім керек еді. Қаланың қапырығына қамалғанша қымыз ішіп, атқа мініп желпініп қалар едім. Енді өкінгенмен не пайда, ауылдың бетін көрмегеніме не заман, жүз жыл өтіп кеткендей. Оған мұрша болды ма. Әкем соңғы рет келгенінде ашуланып қатты ұрсып еді. «Ит пен құсқа жегізгенше малымды санап ал. Таратып беретін қайбір ағайын туғаным бар, жар дегенде жалғыз ұл сен болсаң, ала қағаз бен алматыдан алты адым ұзасаң ұшынатындай айлап-жылдап аттап баспадың. Сен үй тұрғызғанда, қалған қазақ қоңыз теріп жүр ме екен. О, несі-ай, елден безгені. Сен салған қалада тұрмай-ақ жетпісті желкеледім. Кең сарайдай боз үйің өзіңе, кемпірім екеуімізге жаман лашығым да жетеді. Екі кірпішті бірінің үстіне бірін қаламай-ақ қазақ аштан өліп, көштен қалмай мың жасаған. Есің барда еліңді тап, ұлым. мықты болсаң сол үйіңді ауылға неге салмайсың». мен не дерімді білмедім, қанша қазып түсіндірсем де, әкем бәрібір ұқпайтынын сездім. ал біздің шалдың мінезі белгілі, қыңырайған жағынан трактормен тартсаң да ешқашан түзелмек емес. Оның үстіне келінін қоя берген айыбым бар. Ол айып мені талай сыйдан қағып, сандаған есемнен қалдырды. Әйел тастағанның алды-арты жалғыз мендей-ақ, қызметте қадір, туысқан алдында бедел қалмаған. мені қинайтыны, олардың ешқайсысы да «кінә кімнен?» – деп сұрап, істің байыбына барған емес, тек қана еркек кінәлы... Баяғыдан солай, барлық жаланы бізге жабады. Тырнақтап жиналған үй-мүлкімді, тіпті кітаптарыма дейін қалдырып, қамыттан босаған аттай қара чемоданымды көтеріп кете бермедім бе. Қол жұмсағанды қойып, «сен сондайсың»– деп бетіне қараған емеспін. Бәрібір мен кінәлымын. ал ол болса алты айдан соң басқа еркекті кіргізіп алды. Қызметі өсті. Қағанағы қарқ өмір сүріп жатыр. мен жүрмін қаңғыбас күй



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.