Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 25 страница



– Құдайдың құдіреті, сол жігітті алғаш көргенде, жа- сарып кеткен Қоңқай екен деп қалдым. Тура аузынан түсе қалғандай...

– Сіз де қайдағыны айттыңыз-ау, ата. Кісіге кісі ұқсай бермей ме... айталық, Бақытжан біздің ауылдың бастығынан айнымаса, бағана мені сізге ұқсайсың дейді жігіттер. Куәға тартар әкеміз жоқ, үндемей көне береміз, – деді күліп.

– мен сендердің ауылдарыңда екі-ақ рет болғанмын... Иә, адамға адам ұқсай береді... Бірақ менің ойыма осыдан жиырма төрт жыл бұрынғы бір оқиға түсіп отырғаны... Иә-иә, ол 1945 жылдың жаз айы болатын.

– Әй, заржақ шал, түн ортасы болды, жатсаңдаршы енді,

– деді кемпірі біржола кейіп.– арғы бетте қалған ұлыңды енді іздеп отырсың ба?..

– Қазір, бәйбіше, қазір... Күбір-күбір сөйлесер кісі таба алмай зерігеміз, ұлым. Жылқы екеш-жылқы да күмбір-күмбір кісінесіп, сауырынын қасысар үйірін іздейді. азбан болып кетсек те Үлкен жерге қарап азынайтынымыз қалмаған.

– О не дегеніңіз, ата, айта беріңіз. мен тіпті тегіннен ұйқыға жоқпын.

– Ол жақсы әдет. О дүниеде мәңгі ұйқтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйқтаған лазым. Сонымен осыдан 24 жыл бұрын кержақ аулы Огневкадан бір қыз жоғалды. Бәріміз ат сабылтып іздеп таба алмағанбыз. Онда да дәл осындай қақаған қыс еді. Бір-екі жыл өткен соң, өліп қалдыға жорып қойдық. Бірақ кейін бір сыбыс естілді. Қоңқай үйіне қыстатып шығарған екен де, екі қабат болған соң, «Қоңқайлар ұрпағы көкек секілді, өз баласын өзгеге асыратып өсірмесе, жұрт тұқымын құртады» деп, арғы беттегі ауылға апарып тастаған екен. Тіпті, Қар қызы туралы аңыз сол кезден бері ел аузында...

Ұйқыдағы аманжан тісін шықырлата қайрап ары аунап түсті.


– Қызық екен... – Нұржан аманжанға үрке қарады.

Үй іші қоңыр, жаяу шам бірде өртейтіндей екіленіп, енді бірде өшетіндей әлсіреп жанып, шалқып тұр. Бөренелі бөлмеде жібектей іңірлік сәт бар. Тау қуысындағы қыстақ жалпақ жаһанның ұмыт қалдырған жетім қозысындай бұйығы, ұйқы құшағында еді. Бәкін-шүкін шаруасын тамамдаған сіріңке қара кемпір жатар орын қамдады.

– ал, балалар, – деп қолын таянып, орнынан тұрды шал.

– Шаршап келдіңдер, жатып демалыңдар.

Кескен теректей сұлап қалған екі досын түртіп оятып, далаға ертіп шықты. айыртаудың кепештігінен сығалаған ай нұр шаша бастапты. Түн суық. Үшеуі бірдей «ища-ай» деп тітіренді. Достары сып етіп, ит қабатындай үйге қайта кіріп кеткен соң да Нұржан сыртта көп тұрып қалған. Қызық, бір- түрлі ұйқысы келер емес, шаршағаны да білінбейді. аяңдап қарауыта созылған қора жаққа барғысы келді. Бірақ жүрек құрғыр дауаламаған. аяз қарыған тракторды бір айналып шығып, тағы да жас бұзаудың мөңіреген үні шыққан қора жаққа қарады. Ербең еткен адамсыз жым-жырт дүние... айнала аппақ қар. Таудың теріскейіндегі барағы – орман қор- қынышпен түнереді. ағаш үйдің терезесінен жылтылдаған әлсіз сәуле әне, жалп етіп сөнді. Тегі, кемпір керосині таусылып қалар деп сөндіріп тастаған болу керек. Нұржан ертеңгі сапарларын ойлады. Шалдың айтуына қарағанда тым алыс емес, осы ашамайлы өзекпен өрлей берсе айыртаудың арғы тұмсығында ғана екен. Күзді күні жер қарада келгенде бәр-бәрі мүлдем басқаша сықылды еді. Онда олар мынау Бекалқа деген қыстақты көрмеген. Басқа жолмен жүріпті. Нұржанның бұдан әрі мелшиіп тұра беруге шыдамы жетпеді. Күрең қабақпен түнерген тау арасынан қуалап үзіліп-үзіліп соққан суық жел өне бойын қалтыратып жіберіп еді. Кеше, иен таудың басында қалайша үсіп өліп қалмағандарына қайран қала есікке беттеген. Есіктің тұтқасынан енді ғана ұстай бергенінде өліктей сұлаған қора тұстан созылта шырқаған ән естілді. Сол тұтқаны шеңгелдеп ұстаған күйі қалт тұрып қалған ол ән әуеніне еріксіз құлақ түріп еді. ай астында күміс нұрға шомылған еңселі таудың үрей ұялаған қойнауынан суырыла шыққан қыз даусы нәзік те еркін самғаумен түнгі ауада бозторғайдай шырылдап, іліне, мәңгілікке қатып қалғандай еді. Үміт пен қауіп кезек жеңіскен әннің қаяулы шырқаушысы


кім? Әлде транзистор ма ойнап тұрған, әлде әлгінде ғана әкесі күрсіне еске алған сауыншы қыз алмажан ба? Кім болса да жалғыздықтан, өгей өмірден мұңдықты күй кешкен жанның жалыққанда, тілдесіп сөйлесер, сыбырласып сырласар адам іздеп шарқ ұрған көңілін әнмен әлдилеген, сабыр сақтап, сап- сап жүрегім деген өз-өзін жұбатуы, өз-өзін уатуы. Тербетер кісі табылмай, өзін-өзі шайқап, ырғалып, өксіп барып ұйқтап қалар сәбидің әлсіз әрекеті секілді. Осына оқыстан туған таңсық күй еліктіріп, солай қарай жетелегендей еді, бірақ табиғатынан салмақты жігіт, алыстан тыңдап, аяғын аттап баса алмады. Сәл қимылдаса, жаңа ғана басталған әсем әннен айрылып қалардай, қаздиып көп тұрды. Неге екені белгісіз, оның көз алдына кеше түнде «тұр-тұрлап» оятқан Қар қызы елестеді. Әлде ән салып, аппақ нұрда жүзіп жүрген сол – Қар қызы шығар. Ән толастап, үйге кіріп, төрге төселген төсекке жатқан соң да, әлдекімді тосқандай елегізіп, көз шырымын ала алмады. Екі досы мен шал-кемпір мұрындары пысылдап, терең ұйқыға кеткен. Темір пешке жатарда ғана толтырып отын салып қойған секілді; маздап, шоқ атып жанады. Үй іші алагеуім. Іргедегі көгершіннен

«кілемі» бар ағаш төсек бос тұр. Нұржан дәл сол ағаш төсектің түбінде еденде жатыр еді.

Шалдың осы ертекке бергісіз әңгімесін тыңдағанда, Нұржанның жүрегін «әттең, сол Қар қызын бір көрсем» деген қиял тербеген, әрі өзінің жебеушісі санаған. Іштей аңқау көңілмен иланған да. «Егер өтірік болса, мені үсікке шалдырмай түнде түртіп оятқан қыз кім?»

Қазір, сол Қар қызын сағынғандай арманды ойда жатыр.

«Бәлкім, әлгінде ән салған алмажан емес, ол Қар қызы шығар... Ол да мүмкін,– бұл жалғанда мүмкін емес нәрсе бар ма?.. Бәлкім, шалдың Қар қызы деп сандырақтап жүргені жалғыздыққа шыдай алмай күйіп-жанған соң, жалаң аяқ, жалаң бас, аппақ іш көйлегімен далаға атып шығып, тізеден қар кешіп, алаулаған ыстық жалынын мұздатып, ән салатын өз қызы – алмажан шығар... Ол да мүмкін; бұл әлемде мүмкін емес нәрсе бар ма, тәйірі. Өң мен түстің, ұйқы мен ояудың арасындағы жұмбақ хал... пештің оты маздап жанады, шал оянып кемпіріне күбірледі: – алмажан бүгін кешікті ғой, жарығым. алмажан кешікті ғой...

алма-а-жан... айнала аппақ қар... Тізеден қар кешіп, ән сал- ған Қар қызы. Нұржан елегізеді, сағынады. Жоқ, сағынбайтын,


сағымдай ұстатпайтын әлденені іздейді, үміттенеді; жүз жыл өтер, мың жыл өтер, Нұржан, әйтеуір, сол Қар қызын іздеп таппай қоймайды... Трактормен бүкіл алтайдың қарын тазалап шықса да табады... Ол енді Қоңқай атты шалды қарғап-сілей бастады. «Бәсе, көзі жаман еді, жылт-жылт еткен, енді бір рет жолым түсіп бара қалсам, ДТ-мен жаман үйіңді түйіп құлатармын... Қайтарда күре жолмен қайтамыз, ол өтірікші шалға енді қайтып жолыға алмаспыз. Қар қызы... Ол қандай екен?.. Бармысың бұл өмірде, жоқпысың?.. Жылы жерде еріп кететін шығар, қызық... Жаздыгүні жер астына түсіп кететіні рас па екен. алмажан кешікті ғой, ал-ма-а-жан, ол қандай екен?.. Ертең ерте тұрып көрермін... Жалғызсыратпай, ала кетсем ауылға, әй, әке-шешесі бәрібір жібермейтін шығар».

мұқым өмір: аппақ қар, сеңдей сірескен ақ сіреу суық дүние, тізеден қар кешкен жалаң аяқ, жалаң бас безектеген қар қызы... дірілдеп тоңады, ыстықтап ән салады, даусы қандай ғажап, кісінің жылағысы келеді, кісінің жылағысы келеді; құлағына күмбірлеген әлдебір үн келеді: «алмажан кешікті ғой, қайда жүр», – дейді; Нұржанның көз алдына аппақ қардан жаратылған ақ сүмбіле қыз елестейді; «алмажан, қайда жүр... алмажан кешікті... алма-жан... ал... ма-жан...» осынау дауыс ызың-ызың қайталанды-ай, құлағын тас қып бітеді, бәрібір естиді; май шам өлеусірей жанады; мұрынға өзгеше: шамның ба, темір пеште қоздай жанған оттың ба, әйтеуір, қаңсық иіс келеді; киіз тұтқан есік ашылғандай болды; әлдекім кірді; сыртқы киімдерін шешті; теріс қарап отырып сылпылдатып тамақ ішкендей болды; Нұржан енді көрпенің шетінен ақырын жасқана сығалады, бірақ келген адамның еркек-әйелін айыра алмады; өйткені: жүзін әлі көрген жоқ; ол енді тағы да шешінді: сонда ғана топ-толық ақ балтырға көзі түскен; ол май шамды ақырын үрлеп сөндірді де, төсегіне беттеді; ол дәл Нұржан жақ іргедегі сықырлауық ағаш төсекте жатады екен; пештің аузынан саулаған сәулеге балтыры шағылысып, жігіттің басын басып кетердей өте жақындап төсекке келді де, аяғын салбыратып, әрі-бері отырды: күрсіңді; сосын жатты; Нұржан өп-өтірік пыс- пыс етіп ұйықтады; сосын көзін сығырайтып болар-болмас ашады да, ақ балтырға қызыға қарайды; шаршаған көңілге ойда жоқта құйылған жұмбақты нұр аяз қарыған сезімін жылатады; қыбыр-қыбыр тіріле бастаған сезім тұла бойын маздатады; ол енді ыстықтады; мұрнын тартып, жөткірініп, ояу жатқанын


жасырудан қалды; ал қыздың жиі-жиі алған демі бетін шарпығандай болды; олар осылайша іштей арбасып, темір пештегі от сөнгенше жатты, бетін бір нәрсе жыбырлатқандай болды; ақырын ұстап еді төсектен құлаған қыздың қолаң шашы екен: өне бойын қытық билеп, жүзін көрмеген сауыншы қыздың шашынан сипады, ол үндеген жоқ: бірдеме десе қазіргі өзінің де, мынау жас жігіттің де жүрегін билеген әдемі әрі аяулы халін үркітіп алардай, ал үркітіп алса енді жүз жылда да, мың жылда да таба алмасын, ғұмыр бойы зар жұтып іздеп қана өтерін, осынау жұлдызды түнді жамылып келіп, қонған жалғыз түндік бақыт құсын (бәлкім, махаббат құсы) мәңгіге ұшырып алармын деп ойлады білем; ол тылсым күшпен Нұржанды өзіне жақындата түсті, өзі де құлап кетердей болып төсектің шетінде жатыр, ол мынау іргесінде жатқан жігітті білмейді, осы жасына дейін өңі түгіл, түсінде де көрген жоқ, бірақ дүниедегі ең қимасындай, ертеңді-кеш зарыға күткен, жылдар бойы іздеген адамын тапқандай, таңғажайып қуанышпен келіп, сиырдың сүті мен қыстың аязы жарған қатқылдау алақанын бетіне басты, Нұржан да шыдай алмады-ау, ол да трактордың рычагы қажаған күс-күс қолын қыздың ып-ыстық қойнына апарды; ол енді жігіт бетіндегі саусақтарын жылжытып, кір басып білтеленген шашын салалады; әлемде осына тарақ тимей ұйпаланған шаштан керемет, осына жанармай мен күн нұры сіңген, суық сорған беттей әдемі нәрсе жоқ шығар оған; өйткені Нұржан да осылайша шексіз бір құштарлықтың, көзсіз ынтызарлықтың құшағында еді (сезім ортақ болса керек) енді ол күс-күс алақанымен түн қызының, бәлкім, Қар қызының көзін ақырын ғана сипады; құдай-ау, екі көз, ол өмір бақида көрмеген жұмбақты жанар ағыл-тегіл жасқа толы; ол ағыл- тегіл жылап жатыр, әлгінде қос анарына қолы тигенде от көсеп алғандай болған денесі аса салқын қандылықпен ақылға, аяушылыққа, қыздың да, өзінің де адасқан арманшыл жүрегін мүсіркеуге көшті; екеуінің қазіргі халі: ұзақ жолдан – аппақ қар басқан қысқы адырда арып-ашып бір-бірін іздеп келе жатқан екі жастың бұл дүниемен қоштасар сәтіндегі ең алғашқы, уа ең ақырғы жалған жолығуындай-тын; олар қар жамылған асқардан аса алмай ұзақ тырмысқандай, көктемді көксеген жүректі алқындыра күресті; бірақ маңдайға екі сызылмайтын тағдыр соқпағы тек осы айыртауды-Қоңқай асуын басып өтпейінше табыспайтындай еді; міне, олар сол құзардың ұшпа


басында тұр: айғайлап бір-бірін шақырады – үндері шықсашы, қолдарын созады – саусағы енді жанаса бергенде, сырғып төмен құлағандай... мүмкін, енді мың жылда да аппақ қарды сықырлатып, қол ұстаса қатар сапар шеге алмайтын шығар... бәлкім, ол екеуі тек қана арғы дүниеде, мүлдем тоқтаған тіршілікті әрмен қарай жалғастырып, рақаттың мұздан жасалған бесігіне бірге бөленетін шығар, иә, сонда ол екеуін ақ киімді, ақ шылауышты Қар – ана ұзақ тербеп ұйқтатады... Оның пейіштен ескен лептей әсем әлдиі жер бетінде бір-бірін іздеп өтер ғашықтардың жерастында табысып, жұмақтан айтар сәлеміне айналады... Шашын салалаған ып-ыстық алақанға ернін басып, есінен айрыла ұзақ сүйді...

Нұржанның дел-сал талаусыраған масаң тыныштығын қыздың ақырын айтқан қоңыр үні бұзды: – Сіз кімсіз, аға?!

Ол да сыбырлап: – аппақ қардың үстімен бос шана сүйрет- кен боздақпын... – деді жүрегі дірілдей.

Алмажан: – Бос шананы неге сүйрейсіз?

Нұржан: – Сүйре! – деді, сүйрейміз. ал, мен Сізді білем, әкең айтқан...

Алмажан: – ал, мен Сізді баяғыдан... жер жаралмай тұрғаннан білем. Бағана, сиыр қораға шөп түсіріп жүрген- деріңізде тағы бір рет – тіпті тым жақыннан көрдім. Таң қалдым, ылғи түсіме кіретін, үнемі қиялымнан іздейтін беймәлім жігіттің Сізге ұқсағанына қайран қалдым.

Нұржан: – мен де... мен де Сізді көп іздедім ғой, құрбым...

Алмажан: – Сіздің іздегеніңіз Қар қызы емес пе?..

Нұржан алақанымен қыздың көзін тағы да сипайды. – Жанарыңызда жас бар ғой. Шаршадыңыз ба мынау аппақ суық дүниеден...

алмажан да жігіттің көзін сипайды: – Сіз де жылап жатырсыз. Шаршатқаны-ау, мынау аппақ суық дүние... Сіз білесіз бе, атам мен апамның Қар қызы деп жүргені – менмін. Иә-иә, іргеңізде жатқан сол аты аңызға айналған Қар қызы...

Нұржан шошып қалып, басын қақшаң еткізе көтеріп еді.

– мүмкін емес... Ол өлген! Қарға айналып кеткен... мүмкін, емес, ол жәй ертек қана... – деді зәрезап болып.

алмажан да басын көтеріп алды.

– Қорықпаңызшы... мен қорыққандардың қорғаны болу- ға жаралған адаммын...


– Сіз шынымен-ақ адамсыз ба?! – Нұржан есі шыға сұрады.

Алмажан: – Иә, адаммын!..

Енді екеуі өз төсектерінде тізелерін құшақтап отырды. Қалған кісілер қалың ұйқыда. Бұлардың сыбыр-күбіріне оянар емес.

Нұржан: – Сонда қалай, Сіз шал-кемпірдің баласы емессіз

бе?

Алмажан: – анамыз бала көтермеген кісі... мен... сол

түні адасып кеткен Қар қызымын... Боранды түнде үсік ұрып, кірпігім ғана қимылдап, қарға көміліп жатқан жерімнен осы үйдегі ата тауып алды. Жан адамға сездірмей бір жыл бағып- қақты. Кейін... ауруханадағы шешемнің қайтыс болғанын естідім... «Шешеден қыз қалмасын, түйеден тұз қалмасын» деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисынын таппадым. Содан бері тіпті тірі адамның бетіне қарағым келмейді. Екі аяқты атаулының бәр-бәрінен көңілім қалды да, үстіме аппақ көйлек киіп қырға шығып ән саламын... ал Қар қызы туралы аңызды өзім ойлап таптым. атам екеуміз әдейі ел-жұртқа таратып жібердік. міне, содан бері күндіз – сауыншы, түнде – Қар қызы бейнесінде жүрмін... Кейде жападан-жалғыз жата беруге шыдамай, мынау ағаш үйден атып шығып, тізеден қар кешіп алаулаған ыстығымды басамын... Бәлкім, сізді іздеген сезімнің сергелдеңі шығар...

– ғажап екен!.. Бәрі түсімдегідей! – деді жүрегі атша тулаған Нұржан. – Қар үйшікте жатып үсуге айналғанымда

«тұр-тұрлап» мені оятқан да сіз бе?

– Ол мен емеспін. менің кісім, менің ием, яғни менің елесім. Сол түні Сізді қатты сағындым, көп ойладым. аяғыма шаңғы іліп алып, тау-тасты кезіп ән салдым. Өзім осында жүрсем де, елесімді сізге жібердім. Сізді мен бұрын көрмеді деп ойлайсыз ба?

– Әрине, көрген жоқсыз.

– Көргенмін,– деді күліп. – Күзді күні машинаға шөп тиеп жүргендеріңізде көргенмін... Тура жаныңызға бардым, бірақ сіз байқамадыңыз. міне, содан бері сенсеңіз, есімнен ешбір шықпадыңыз... Содан соң, шыдай алмай әнімді сіздің ауылға жібердім. Осында, мынау жетім қыстаққа жетелеп келген де, сол – менің сағынышым... Қазір өзім осында отырсам да,


елесім сонау ақ қар, көк мұз шомылған қарлы тауларда сыңсып ән салып жүр.

– Ол да мүмкін-ау...

– Кеше Сіз менің түсіме кірдіңіз.

– Сіз де... Сіз менің бетімнен сипап оятып жібердіңіз, қолымнан тартып тұрғыздыңыз.

– Ол мен емес, менің елесім ғой... Сізді оятуға әдейі жібергенім.

алмажан кеше көрген түсін толқып, өзгеше мұңмен айтты: – ...Ұзақ жолдан екеуміз де шаршап-шалдығып келе жатырмыз екен деймін... Үстімізде ақ кебіннен өзге еш нәрсе жоқ – жалаң аяқ, жалаң баспыз. мойнымызға іліп алған шана

– сол шанада Қоңқай, тағы бір жігіт отырады... Келе жатқанда да қатар, қол ұстасып емес, сіз шығыстан, мен батыстан бір- бірімізге қарама-қарсы жүреміз. алдымыздан қар басқан тау кездеседі. Ол – Қоңқай тауы екен... Сол таудың екі жағынан тырмысып өрмелейміз, ұшар басына енді-енді іліне берген кезде сырғанап төмен түсеміз... мойнымызға қылғындыра іліп алған шана... Сол шанадағы «қоңқайлар» қарқ-қарқ күліп біздерді қамшының астына алады... Сүйрей алмай жан теріміз шығады... Сол уақытта Қар қызы келеді де мойнымызды қылғындырған шананың бас жібін қиып жібереді. Қоңқайлар сол шанамен ағып құзға құлайды... Содан соң екеумізді аппақ күміс шанаға, үлде мен бүлдеге орап отырғызады да, барлық адамзат сүйреп бүкіл әлемді шарлап, аралатады екен деймін... ғажап, екеумізді барша адам атаулы шанаға жегіп сүйреп жүр... сүйреп жүр, сүйреп жүр...

Жақыннан... тым жақыннан қар қызының сыңсыта салған, мұңлы әні естіледі. Нұржанның өне бойы, арасанға шомылғандай балбырап, көзі іліне берді.

– Қатты шаршаған екенсіз, аға, – деді оның көрпесін қымтай жапқан алмажан. – Шаршаған екенсіз... Шаршатқан екен... Сырымды бекер-ақ айттым. Қар қызына сүйіспеншілігі бұрынғыша арман қиялында қалуы керек еді. Енді ондай сезімнен айрылды ол.

Таңертең ояна келсе, төсек бос жатыр; аппақ қардың арасында адасып жүргенде жұлдызбен бірге жауып түскен ақпанның бір тал гүлі жоқ, елең-алаңнан тұрып, сиыр саууға кетсе керек; жастығы шылқыған су, түсінде жылағанға ұқсайды.


Тағы да бозамық сапарға аттанды, енді ол орнын аманжан- ға беріп, өзі темір жәшіктің үстіне теріс қарап отырды; трактор орнынан қозғала бергенде, қыстақтың қалың қырау басқан терезесі алдымен ноқаттанып, сосын бірте-бірте кеңейіп дөп- дөңгелек болып тазарды; еріген әйнектен дөп-дөңгелек қап-қара мөлдіреген жалғыз көз көрінді. Нұржан оны таса болғанша, өзінің әйнектен қараған қара көзіндей кішірейіп, алысқа ұзап, аппақ қардың ішіне әбден сіңгенше жанарымен шығарып тұрғанын сезді; түн қараңғысында Нұржанға оның дидарын, тіпті екінші көзін көруді жазбады, мүмкін, соқыр шығар, бірақ ол үшін оның шолпан жұлдыздай жарқыраған жалғыз жанары да жететін еді. Сол жалғыз жанар арқылы жұмбақ қыздың дидары, беймәлім қыздың айдалада – аппақ қардың арасында адасып жүрген теңдесіз жетім сұлулығын рухани қуат етті; күні бүгінге дейін сол еңбектен жаралған алақанның жылуы жалыққан, тәңірім-ау, кейде бір шаршаған жанын жаннатқа, сол жаққа – Қар қызының отанына жүр-жүрлейді...

Олар үнсіз келеді. Үндесе қызыл шеке болып төбе- лесетіндей. Нұржан быршып терлеп, ал жанындағы екеуі дір- дір етіп тоңады, өйткені олар өмірде алмажандай Қар қызы барын білмейді – алға қарап отыр; Нұржан алмажандай түрін көрмеген қимасынан бірте-бірте алыстап мәңгіге қоштасып барады; өйткені ол артқа қарап отыр...

Бүкіл әлем аппақ қардың астында жатыр... Құлаққа сызылта салған мұңға толы ән келеді, мүмкін, адасып жүрген Қар қызының сыңсуы шығар...

Қар қызы... Ол қандай екен? Бармысың мынау жалған дүниеде, әлде жоқпысың?..

Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке, қарасаң көз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа бірін-бірі қуалап жарысады; ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар- айқара жамылған ақшағи көрпесін қымтап, күрк-күрк жөтеледі

– мәңгілік тымаудан бүткіл табиғат арыла алмағандай...

Нән шана шөпті толтыра тиеп алып, қар-теңізінде жүзіп келе жатқан ДТ-54 маркалы тракторы үш-төрт күнгі тын- ыштықтан, иесіз кеңістіктен әбден шаршағандай, сонау ауылға

– Үлкен өмірге асығыс аттанып барады. Кабинадағы үш жігіт осы айналаны қоршаған аппақ тауларға тілсіз телміріп,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.