|
|||
М. Горький 10 страницакүнін өзі көруге әдеттенген; ағалап, жағалап жан сақтаудан гөрі білектің күші, найзаның ұшына сенетін бірбеткей, атасы болса да айыбын бетке айтатын өркеуделеу, бұғылар секілді тағылау ма қалай... Орынсыз қазақшылығы, ашып қалсаң ар жағынан мүңкіп шығатын жымсымалығы жоқ, шаруасынан басқа дүние-баққа шатаса бермейтін қызық кісілер. ағайынның айтқанына елікпейді, қарға тамырлы қазақылықты ерте жоғалтқан өзгеше жат, ерекше суық бір-біріне. Ерік осына мінез-құлыққа көпке дейін көндіге алмай жүрді. Бағамдаса жер бетіндегі әр адамның мінез-құлқы сол өздері туып, өскен табиғатқа аса тартады екен. айталық, алтайдың жері таулы-тасты, орман-тоғайлы, көсіліп көкжиекке сіңіп жатар кеңістік жоқ, ал адамдарды да жарым сөзді басынан асырмайтын мәрт пе деп ойлаған. Әйтеуір, ертең де күн бар, деп ерігіп жүрген кісіні көрген емес.Орталықтан тым шалғайда, республиканың ең шығысына орналасқан Еңбек аулынан ары қазақ елінің жері жоқ, бөтен ел, өзге жұрт. Темір жолдан бес жүз шақырым түкпірде жатқан ауылға әсіресе қыс кезінде қатынау өте қиын екен. Ерік осында келген екі жылдың ішінде, туған жеріне бірде-бір рет барған емес, тек хат арқылы ғана хабарласып тұрады. Тіпті хаттың өзі самолет айлап ұшпай, кешігіп келетін. Өз үйім – өлең төсегім деп, сан рет қайтып кетуге оқталған, бірақ осынау алтайдың қойнауында жатқан жұмбақ жандарды қимап еді. Жаз жайлауда отырған малшыларды аралап, табиғаттың таңғажайып көркіне сүйсінген сайын, осы жақта мүлдем мекендеп қалуға белді бекем буатын да, қылышын сүйретіп қыс келгенде «кетсем» деген желік қайтадан ұялайтын көкейіне. міне, қазір де құм шағылдары сыңсыта ән салып жататын мойынқұмын сағынды-ай... анада бір қойшы айтып еді... «Жылы жаққа үйренген құссың ғой, біздің қырық градусқа жетер суығымыз бен аттың таңбалығынан жауатын қарға көндіге алмайтын шығарсың, шырағым. Есің барда еліңді тапқаның жөн. алтайдың жері көркем, елі кедей, осындағы жұрттың мықтымыз дегенінде бір жылқы, екі сиыр, он шақты қойы ғана бар. Сендердегі секілді құмның арасына жүздеп айдап тастап, байлыққа балықтай жүзіп жүрген жоқ. алдай да алмайтын, алдана да алмайтын алтай қазақтары оқ жыланның баласы секілді, туа сала бытырап жан-жаққа қашып, өз күнін өзі көреді. Біріксе бірін- бірі жеп қояды. ал есейіп, етейіп алған соң бір-бірін қайта тауып, моп-момақан болып, ордаланып жатады. Ешкімді шақпайды, егер бөтеннен біреу-міреу бекер соқтықса аямайды, сол орынсыз тиіскен кісіні қуып жүріп уын салып өлтіреді. Ендеше, сақ бол, жазықсыз жандардың жанын жаралама. Егер осында түпкілікті тамыр жаям десең, топырағы торқалы, он жылдықты беске бітіріп, сақман болып жүрген көп қыздың маңдайынан шертіп таңдап жар ет, сенен ешкім қалыңмал сұрамайды. алтайдың қыздары теңін тауып тұрмыс құра береді. Оны өзің де байқап жүрсің. Ту со-о- нау Өзбекстаннан келіп әкетіп жатыр ғой... алтайдың жеріне өзге ағаштың өсуі қиын екенін де жадыңда ұста, шырақ. мұнда қаталдық пен суыққа шыдамды, қайратты да қайырымды ағаштар ғана өсе алады». Енді ойлап отырса, қойшы шал бар шындығын бүкпесіз әрі әңгімесін үйінің оң жағында отырған өз қызының көзінше ашық айтқан. ар жағында «менің қызыма құда түс»– деген емеурін бар-ау, деп бекер сезіктеніпті, жо-жоқ, олай емес, шалдың көшелі сөзін ұшқары ұғыпты. Қойшы қызын мүлдем саудаламаған, бойжеткен өткен күзде көрші ауылға күйеуге тиіп кетті. Әдемі-ақ еді, сан соғып өкініп қалды. Өңкей бір ақ құба азанда жауған ақша қар секілді сұлу қыздардан көз сүрінеді. Әсіресе анау... әлгі кітапханашы... Көктем қай-қай жерде де қарбалас шақ қой. Бұл жақтың жаз- ғытұрымы, алла сақтасын, тым өрескел екен. Қой төлдеген уақытта мұқым ауыл маңырап, қозыға айналып кетеді. Жылы жақтағыдай қой қырда төлдеп, қозыларын аяқтандырып, кешке өрістен өзі келетін жайбарақаттық жоқ. Қыстай қорада қамалып, қалың қардың шеті пұшпақтана еріп, жердің көбесі сөгілгенде қарындары жер сызған, құйымшағы сорайған буаз саулықтар қырға шығарылатын. Жердің сызы кеппей жатып жаппай төлдеу басталатын. міне, осы шақта Еңбек аулының қыз-келіншектері, мектеп оқушыларына дейін төл алу науқанына жұмылдырылады. Таудың бөктер-бөктерінде қолтығына қос-қостап ұзын сирақ тақыр қозыларды қыстырған қыз-келіншектер: «Шәй-шәй қойым, шәй қойым», – деп өріп кетер еді. Қалталары толған қызыл ала, көк ала, сары ала қиқым шүберек, сол шүберекті әуелі енесіне, содан соң қозысына байлап, адасып қалмас үшін белгі тағады. Қайда қарасаң да қойдың бауырына жабысып, қозы еміздіріп отырған қыздарды көресің. Үсті-бастарына тоңғақ жабысқан саталақ-саталақ қыздарды жанына келіп өзіңе жалт қараған жүзіне үңілгенде ғана әлемдегі ең сұлуды көріп, әрі таңқаласың, әрі қабырғаң қайысып аяйсың... амалың қайсы? Осындай жан алып, жан берген қауырт науқанда Ерік бөлімше басқарушысы аман- ның тапсыруымен ауылдық кітапхана меңгерушісін сақманға жұмсауға барды. Осында келгелі бұл үйге басын сұққаны осытын. Есікті айқара ашып, кіріп барғанында қыз теріс қарап, жаңадан түскен кітаптарды текшелеп тұр екен. «Есенсіз бе?» – деген сәлеміне бетін бұрмастан: «Есенбіз» – деп жауап берді. – «Сізді сақманға жұмсағалы келдім». «Қай қораға» – деді қыз сол теріс қараған қалпы. «Құмардың қорасына». «Жарайды, былтыр да сонда барғамын. Бүгін киім-кешегімді дайындап, ақырғы рет моншаға түсіп, ертең барармын». – «Ендеше, жақсы» – деп, шығып кеткен. «Тым болмағанда жүзін де көрсетпеді-ау, жүдә, қандай қияңқы қыз екенсің», – деп ғайбаттады. Төл алу науқанының барысын тексеріп, әр отарды аралап келе жатқанда бұтаның түбінде, жүніне қызыл мата таққан қойға сирағына қызыл жіп байлаған қозыны, «гөй-гөй, түбә-түбәны» зарлана айтып, теліп отырған қызға жолықты. Жанына келген зоотехникті байқаған жоқ. Сай- сүйегіңді сырқыратар дауыспен емірене берілгені соншама, Ерік аттан түсіп, арт жағынан «Есенсіз бе?» – деп амандасқанын да естімеген-ді. Қыздың үні өзгеше мұңды, өзегіңді өртер арманға, аса мейірімге толы аналық әлдиге айналғандай сойталдай жігіт қарап тұрып жылағысы келді. Сақманшы орнынан тұрып, үһ деп белін жазып, артына жалт қарағанша мазаламаған. – Сіз екенсіз ғой, – деді немқұрайды ғана. – Иә, менмін. – Қашан келгеніңізді де байқамаппын-ау. мына бір мәліш өз қағынан өзі жеріп, қағынып тұрғаны. – Қарақат көзі жаудырай Ерікке ұяң қарады. – мысық әкеліп алдына тастасаңыз қозысын бас салады, – деп білгішсінген. – Өйтіп алдырған қой қозысын жарытпайды, – деді қыз. – Онда жеңілдім. Тани алмай, сізді мен де жатырқап тұрмын, қарындас. Қыз майда жымиды. Бетіндегі шұңқыры жазылған соң: – Онда сіздің алдыңызға ит әкеліп тастау керек екен, таныр ма едіңіз. мен – кітапханашымын. – Е-е, жүзіңізді көрмеген соң, шырамыта алмағаным да. Есіміңіз кім, қарындас?.. Қыз тағы да күлімсіреді. – Сіз біздің жақтың жігіті емес екенсіз, – деді тіке қарап. «апыр-ау, не деген сұлу еді!» – деп жұтына қараған Ерік: – Оны қайдан білдіңіз, қарындас? – деп қайыра сауал қойды. – Біздің жақтың жігіттері қыздарды «қарындас» деп айт- пайды. Өзінің туған қарындасын ғана солай атайды. Білгіңіз келсе, қойныңыздағы кінегіні ақтарыңыз. Құмардың қорасында кімдердің сақманшы екені түгел жазулы шығар... – Ол рас, – деді күмілжіп қалған зоотехник. Содан соң қалтасына қол салып, екі бүктелген дәптерін суырды да, ақтарып қарай бастады. – Тәк, Құмардың отары... мынау емес... мынау да емес... тагі- тым... Тәк, кітапханашы... мәлике... Тәңірова аспанқызы... Ой, сіз бастықтың қарындасы болып шықтыңыз ғой, – деп басын көтер- генде қыз орнында жоқ, әлдеқашан кетіп қалған екен. Жеріген қойды алдына салып айдап, қозыны құшақтап алған мәлике әне, қораға қарай аяңдап барады... – Қарындас, ау, қарындас, өлі-а-а, мұныңыз не?! – Дауыстап еді, қыз артына қайырылмады да. – Әй, бұл жақта мал болуым қиындау, – деп, өз тізесін өзі кеміргендей өкінішпен атқа қонды. Уақытша төл алуда жүрген кітапханашы қыз Еріктің көңіліне алтайдың мәңгі жасыл самырсыны болып орнаған. Күн артынан күн өткен сайын тамырын тереңге жайып, сезім самал ескен сайын жайқалып, сыбыр-сыбыр сыр айтатындай немесе жұмбақтылау жұмсақ жымиысымен әлдеқайда, аспанмен тілдескен зәулім шыңдарға ымдап шақыратын сынды, көрсе де, мейлі көрмесе де жүрегін таудың ақ шарбы бұлты мұң болып басып, санасы саздау тартатын. асқаралы биік шыңдардағы мүк басқан жақпар тасты қақ жарып самырсын-шырша өседі екен.. Жылдың төрт мезгілінде жасыл түсі өзгермейтін шынардың сонау-сонау, таудың теріскей жағына қалың орман өскен ағаштармен бірдей күз туа жеміс береріне қайран қалып еді. Табиғаттың жауыны мен дауылына төтеп беріп, сусыз, көлеңкесіз бойына нәр жиған шыршаның бітімі таңғажайып сұлу еді. Кітапханашы мәлике сол алтай құздарына сыналып өскен шынарға ұқсады. Жалғыздық пен тәкаппарлық өздеріне қандай жарасады десеңізші... Зоотехник ықылым заманнан бері іздеген асыл затын тауып, әрі қуанып, әрі өкінген. Ерік әсіресе Құмардың отарына келгіштей беретін әдет тапты. Оны былайғы жұрт та аңғарып қалған. Жалғыз-жарым тілдесуден басқа, жарытып шүйіркелесе де алмады. Қашан көрсең де екі жанары жаудырап қараған қыздың өз сезіміне осыншалық сақтығы, мінезінің беріктігі жігіттің шақшадай басын шарадай етті. «Өстіп, етегіме намаз оқып жүргенімде сенен де айрылып қалам- ау, қалқам», – деп терең күрсінетін, бар ашу-ызасын астындағы жалы тоқпақтай атынан алып басы-көзге қарамай қамшылап, ала құйын шапқылайтын. Бұл жақтың қыздарының бабын табу қиын екеніне уақыт озған сайын көзі жете түсті.Бірде ол Құмар отарына ымыртшылап келді. Күндізгі абыр-сабыр басылған саябыр шақ еді. Сықырлауық есікті сыңсыта ашып «Есенсіздер ме?» – деп даусын созалаңдата амандасып сақманшылар үйіне кіргенде, керосин шамның әлсіз жарығынан кімдердің бар, кімдердің жоғын түгендеу мүмкін емес-ті. Қара көлеңке бөлменің ішіндегі дөңгелек жозыға қаумалай отырған қыз-келіншектер ұлардай шулап амандасты. – Төрге шығыңыз, мақтап жүреді екенсіз. Қол шайып, тамаққа отырыңыз,– деді алдына алған бір жасар шамасындағы баласы бар жас келіншек. – рақмет. – рақметті ішкен соң айтарсыз,– деп тақымдады әлгі келіншек. Баласын әлі емізеді білем. ашықтау қалған омырауын қымтай берді. Құмандағы суға қолын жуып, дастарқанға жақындағанда, табақтағы етке сұғына кіріскен қыздар бірін-бірі түрткілеп, себепсіз күліп ығыса орын босатты. – Сойған малдарыңыз тым арық екен, – деді Ерік жөніне отыр- май. – Семізін берсеңіз ішімізге май қатып қалмас еді, – деді балалы келіншек. – Қолдарыңыздан қаққан жерім бар ма. – Көкөзек шақта сорпалығы бар қой бүкіл ауданды сауын айтып сандалып іздесең де табылмайды. Көбі ақсыз, қозыларын уызға жарытпай жатыр, – деді сораптай сапырып сорпа суытып отырған егде әйел. – Қыстан қысыр шыққан ту қойымыздың түрі осы, балық көз майы жоқ көк бақа. Әсіресе мына қыздарға обал болды. мені қойшы, соғыс кезінде масақ теріп жеп-ақ күн көріп кеткенмін. Зоотехник жігіт егде әйелдің самбырлап сөйлеген әңгімесін зауықсыздау тыңдады. Есіктен кіргеннен бері іздегені мәлике еді, үркердей үйірілген қыздардың ортасынан таба алмады. Әлде сұранып үйіне кетті ме екен деп және ойлаған. мынандай күйіп тұрған уақытта ешкімнің ешқайда аттап баса алмасы есіне түсті де: – Бүгін кезекші кім? – деп сылтаурата сұрады. – мәликенің өшіреті, – деді балалы келіншек. – Тамақ іш деп үш рет шақырттық, келмеді. Бұл шақта қаздай тізілген төлші қыздар дастарқаннан ысыры- лып, қабырғаға арқаларын сүйеп қалғып-шұлғып отыр еді. ашып- жұмған жанарларына шамның жарығы түскен сайын әлсіздеу болса да жылт етіп, белгісіз бір үміттің, белгісіз бір арманның ұшқыны ойнап, сөнеді. Үстеріне кигені күпәйке, аяқтарында керзі етік, бастарына ораған әр түрлі орамалдың шетінен бобырап қап- қара шаштары көрінеді. «Әттең-ай, – деп ойлады Ерік. – Әдемілеп киіндіріп көрмеге қоятын-ақ арулар». – Біз енді жатамыз, – деді сөзшең әйел. – Сен қонсаң да орын жоқ. Әзірше төл аман, бас түгел. Кеңсеге айта бар, тым болмағанда кино әкеліп көрсетсін. – мақұл, апай, айтайын. Әкелдіреміз, – деп зоотехник қамдана бастады. – ал, қыздар, жатып дем алыңдар, ертең ерте тұрасыңдар, – деп егде әйел де ыдыс-аяқты жинастыра бастады. аядай үйдің іші тым тар болды ма, Еріктің жүрегі алқынып әрең отырған, далаға шыққан соң, көктем түнінің таза ауасынан кеуде кере қарпып жұтып-жұтып жіберді. Осы шағын ағаш бөлмеде он шақты төлші жатады. Кейбірі шешінбестен отырған жеріне қисая салатынын да көріп еді. «апырмай, – деп күбірледі. – Қалада ғой осындай қыздар барын киіп, бақанын қолына алып дегендей, ауыздарында темекі, алдарында кофе, коньяк ішіп ерігіп отыр». ат иесін көріп оқыранып еді, басынан қапсыра құшақтап аз- кем аялдады. Өзі мұнда болғанымен, көңілі сонау буаз қойлар қамалған қорада. Қойшы да шаршап келіп, сылқ құлаған сықылды, жым-жырт, шамы сөнген. Тура желке тұста мінбелей төніп тұрған таудың басында ағараңдап қар жатыр. Сол қыстың қалдығы қардан ызғар еседі. алтай көктемінің ала шабыр шағы, жерде әлі де тістесіп, ырық бермей жатқан тоң бар. Қазір ай тумаған өліара мезгіл, қараңғылық ерте түседі. Керги керіліп орнынан тұрған қойшының маң төбеті айдалаға қарап аттың жанында тұрған зоотехник жігітті иіскелеп, үлкен жұмыс бітіргендей еріншектене басып қайтадан барып орнына жатты. Бір ерекшелігі, шопандардың иті алғашында абалап қарсы алып, үйден аттанғанда жолаушыға үрмейтін. Сонау етекте Еңбек аулының отары жымыңдайды. Жарығымен түн түндігін тілгілеп, машина кетіп барады. ал қара аспанда тана көз жұлдыздар жымыңдайды. Жігіт тоңазиын деді. Қозы маңыраған бітеу қораға қарай беттеді. Бұл есік ашқанда шамның жарығымен от болып жанған сандаған көздер жалт қараған. мәлике жаңа ғана туған қозының шаранасын сыпырып, тұмсығынан сығып, құлағынан үрлеп әуре болып отыр еді, төлшілердің біріне жорыды ма, басын көтерген жоқ. Зоотехник: – Есенсіз бе? – дегенде ғана Ерікті байқап: – Е-е, сіз екенсіз ғой. Түн жамылып неғып жүрсіз? – деді қоңыр үнмен. – Қой ұрлап жүрмін. – Жігіт өз сөзіне өзі күлді. – мал сіздікі ғой, отарды түгелдей алдыңызға салып айдап кетсеңіз де қолыңыздан ешкім қақпайды. – Құтты қонақ болыппын-ау, мәлике, қойың егіз тауыпты, – деді қос қозыны мекірене жалап тұрған саулыққа сүйсіне қарап. – Түкіріңіз, көзіңіз тиер. Бұдан соң екеуі де үнсіз отырып қалды. Қораның ішінен қидың иісі бұрқырап, кісінің тамағын қырнайды. маужыратып ұйқыға шақырар ұядай жылылық бар. Дүниеде кереметтей цивилизация барлығын, аспанға адам ұшып, ай мен Күнді зерттеп жатқанын, мықты ел әлсіз елге күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап жатқанын – өзге өмірдің барлығын ұмыттырып, тылсым да тыныш ертекті сапарға бастайтын қозыдай қоңыр, қозыдай момақан бейбіт, бейбіт қана емес берекелі түн. – Келген шаруаңызды айтпайсыз ба? – деді мәлике күрсініп. – Шаршадыңыз ба? –Шаршадым. Бүгін менің кезегімді күтіп тұрғандай, бірі- нен соң бірі туып мазамды алды. – Оқуға неге кетіп қалмағансыз? – Жаз шыға қыздар институтына сырттай түспек ойым бар. – мен көмектесер едім. Онда декан болып біздің ағай істейді. мәлике күлді. Күлді де: – Ендеше, алтайдан барып, тамыр- таныстықпен оқуға түскен алғашқы адам мен боламын. Керек емес, пейіліңізге рақмет. Өзімнің де шамам жететін шығар. – Дегенмен, қиын ғой, – деді Ерік ұсынысы аяқсыз қалғаны- на өкінгендей. – «Қызық адамдар, ешкімге сенбейді, тірі жаннан көмек дәметпейді». – мен сізді соңғы кезде көп ойлайтын болдым, мәлике... Қыз жауап қатқан жоқ, шаңырағы қалқайған шамның қызыл тіл жарығына телміріп үнсіз отыра берді. Жігіттің алқына айтқан сөзін естімегендей қиялдың қыл шылбырынан ұстап дедектеп, көз көріп, құлақ естімеген жыраққа кетіп қалғандай еді. Сәл жасаураған жанары жарқырап, міне-міне шарасынан домалап түсетіндей. Ептеп қоңырқай тартқан ашаң бетінде үміт пен қауіп кезек жеңіскен нышан бар. Томпайған ерні әнтек дірілдеп, жігіт сөзінің әсерін тек сол ғана, әдемі ерні ғана сездіргендей. Осының барлығын қалт жібермей оқып отырған Ерік қыздың ұяң мінезін әсте де жасқаншақтыққа жорыған жоқ, ішімдегіні тауып ал ер болсаң, дейтін тәлімсуі де емес екенін білді; мұның барлығы, таудың бір түкпірінде алғашқы табиғилығын сақтап жасырынып әлде ұмытылып, байқалмай қалған қазақы арудың қайталанбас асыл қасиеттері деп ұқты. Тілсіз тілдескен қос ұлан қой қорада сүт пісірім уақыт ләм деспей оңаша отырып қалған-ды. – Баяғыда, осы алтайда қарақат теруге барған алты қыз бірдей адасып кетіп, аю жеп кеткен екен. Содан бері сол жерді «алты қыз», деп атайды. Жігіт аң-таң. мәликенің бұл әңгімені не себептен, нені меңзеп айтқанын бағамдай алмады. – Көзім ілінсе болды, – деді қыз ауыр күрсініп, – сол алты ару түсімнен шықпайды. Олар өлмегенде алты төлшіңіз сақадай сай тұрар еді. Сақманшы қыздар жердің астында да көп-ау... «Осының есі дұрыс па, – деген қауіп меңдеді Ерікті. – Қалай- қалай сөйлейді». – Кісі дегенің бұл дүниеден түбі бір аттанатын болған соң, он екі де бір гүлі ашылмаған таза қалпымен көз жұмғанға не жетсін. Күнәлінің барлығы жердің үстінде жүретініне қайран қаламын. алтайда адасып өлген қыздардың қаны тамған жерге қазір қып- қызыл гүл өсті. адамдар жегенше, аюдың асап қойғаны иманды ғой. Оны былай қойғанда есімдері елдің есінде қалды... Сіз білесіз бе, аға, менің кейде өлгім келеді... Бірақ қол тимейді... балалар үйіндегі жетім сәбилердей маңыраған жас қошақандарды қиып кете алмай қиналамын... оның үстіне... сіз пайда болдыңыз... егер сіз келмегенде... Онда алты қыздың артынан еріп кетер ме едім, қайтер едім... Жігіт жанында шоқайып отырған мәликенің сөз төркінін енді ғана ұқты. абдырап барып қыздың қолын алақанына салып еді, ып-ыстық екен... ып-ыстық. мәлике қарсылық білдірген жоқ. Бұдан соң бойын еркін билеп, қапсыра құшып икемдей сүймекке ыңғайлана бергенде: – Бұған әлі ертерек шығар, – деген мәлике жігіт қолынан жеңіл босанып, қарғып тұрып кетті. – Енді сіз ауылға қайтыңыз. Тәттінің дәмін ептеп татсақ та жетер, асап қоятындай аю секілді аш емессіз ғой... «менің бұл жақта мал болуым қиын екен, – деп түйді таудан ылдилап келе жатқанында. – апыр-ай, екі аяғы қара санынан жоқ жарымжан адамнан да осындай асыл қыз туады екен-ау. Тәңірім, осы қызды есен-аман қалдырса екен. Құдайға да жақсы адамдар керек деуші еді». Жаз шығып, алтайдың толықсыған шағында мәлике астанаға оқуға аттанатын болды. аудан орталығына дейін шығарып салған Ерік қыздың сүйріктей әдемі саусақтарын ұстап тұрып, алтын жүзік кигізді. Қабағы дір ете түскен қыз саусағын шоқтай қарыған жүзікті асығыс шешіп, жігіттің омырау қалтасына сала салды. – мұңыңыз не, мәликеш, ескерткіш үшін сыйлап едім, – деп быж-тыжы шықты. – Біздің жақтың қыздары мұндай сыяпатты алып дәндеме- ген. меніңше, сыйлықтың ең үлкені – айнымас сыйластық. махаббат – табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ол әркімге де тән қасиет. ал нағыз сыйластық кез келгеннің қолынан келмейді. – Кітапты көп оқығаныңыз көрініп тұр. Сөз жоқ, оқуға түсесіз, – деді Ерік қиқарлана. – Немене, өкпелеп қалдыңыз ба?.. Бастамай жатып аяқтап алмайық. Егер менде шын көңіліңіз болса, тосыңыз, аз ба, көп пе – уақыттың билігінде. Күтуге сіз жарасаңыз, мен шыдаймын. Одан артық не айтайын. Сіз өте ұнайсыз маған. ал, әзірше сау болыңыз, – деп жігіттің бетінен шөп еткізіп сүйді де автобусқа секіріп мінді. Осының барлығына куә болып тұрған алтай тұрғындарының ешқайсысы «бетім-ау» – деп беттерін шымшылап, күбір-сыбыр көбейткен жоқ. арқыраған автобус орнынан қозғалғанда: – адам болып кететін секілдімін, – деді Ерік. Әрине, ішінен айтты.
|
|||
|