Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 12 страница



«Сайтан көпірдің» дәл аузына келіп тоқтағанын, алғашын- да аманның өзі де сезбей қалып еді. Бағанадан бері өкшелеп қуып келген әлгі бір естелік шаршағанын, елес болып елбеңдеген қорқынышын ұмыттырып, жолын қысқартқанды. Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты-жалғыз, оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы – өзінің ОЙы ғана. Көрге дейінгі көрер қызығың мен шыжығыңды қоса бөлісіп,


өзіңмен бірге бір қабірде жататын ең сүйікті жарың да, қаныңнан жаралған балаң да, дос-жаран, ағайын-туғаның да емес, тек қана ОЙыҢ. адамзаттың бүкіл жаратылыс атаулыдан озықтығы немесе сорлылығы да осыдан шығар-ау... Біз саналылығымызды мақтан тұтамыз, ал сол саналылықтан азап шегетінімізді бағамдай бермейміз. Жұмыр жердің үстін шыңдап, астын тыңдаған БІЗДЕр дүннеге үстемдігін жүргізген ОЙ-СаНамыЗДы ақылдылықпен ешқашан, ешқашан да жұмсаған емеспіз. Бүлдіру үшін жасайтын нәрсеміз өзімізден басқа – жаратылыстың қай-қайсысына керегі жоғын білеміз бе?., білеміз, бірақ қасақана ерегесіп істейміз. БІЗ жанымызды қинағанда, арпалысып алға ұмтылғанда, жақсылық деп жар сала істеген әр әрекетіміз бен ілгері басқан әр қадамымыз арқылы – жамандық жасарымызды, артқа шегінерімізді зерттеген емеспіз. Ұшқан құс, жүгірген аңды атқан сайын, немесе өзен- көл, орман-тоғайды құртқан сайын – өзімізді де кеміктеп, өлтіріп жатқанымызды зерделеген емеспіз. Біз қазір алып өткелдің аузына – «Сайтан көпірге» тіреліп тұрмыз.

аман «Сайтан көпірге» келіп жетті де, салып-ұрып өте шығуға

жүрегі дауаламай, селтиіп тұрып қалған. Енді не істеу керек?

Енді не істейтінімізді БІЗ де білмейміз. БІЗДІҢ білетініміз мынау ғана:– өлермендікпен алға ұмтылу; ал өткенге қаншама шегінгенімізбен тарихқа керегіміз жоқ, қабылдамайды. Иә, өткеннен тірілерге орын жоқ, ол – өлілер мекені. БІЗ не істейміз сонда?..

аман «Сайтан көпірдің» бергі – Үлкен жер басында, қарсы алдындағы қар жамылған алып алатайға, содан соң төмен үңіліп

– мұз құрсанып жатқан Тар өзеніне қарады. Тәуекел жасауға дәті жетпеді білем, жүрелеп отыра кетті. мұндай қыспақты әрі жұмбақты тұста асқан ақылдылықтың да, жүрегі түкті батырлық- тың да қажеті шамалы. Дәм-тұзың, таусылмаса – өтерсің; ажал айтып келмейді, жеткен жерің, үзілер шағың осы болса – өлерсің, бәрі де бір тағдырдың бұйрығы. Десек те бұл да аДам ғой, ал адам екенің рас болса, мәңгі әрекеттің иесі емеспісің?..

аспандағы ай жарықтық қорғалап, таудың теріскей бетіне қараңғылық ұйыды, бейне бір алып қара мысық көсіле түсіп ұйқтап жатқандай. Тынысыңды тарылтатын тыныштық жайлаған айнала, бейне бір намазға ұйығандай, жаны жай тапқан, – қан- сөлсіз меңіреу өңірдің өлі денесіне қонған қара шыбын секілді.

– аман деген адамның қырықтан асқан жасына дейін, ия осы жасына  дейін  бой  бермей,  бетпақтанып  келген  мінезіне  ұлы


өзгеріс кірді; сірне болып қатқан сіңір дене иге малынған қайыстай ылжырап, балғадай жұдырығы жұмсарған-ай; өне бойының бальзаммен сылағандай балбырағаны-ай! Жұмыстан шаршап келіп, тас моншаның табына түскенде ғана осындай балқыма сәтті бастан кешуші еді. аппақ қар, ақырған аяздың ортасында отырып соншалық бой-бойы жібіп, сойған қойдың терісіне шелдегендей қалжалануы қайран қалдырды. Қызық, тіпті қара тырнағына дейін жіпсігені несі? мүмкін, кісі жарық дүниемен қоштасарда осындай бұлаулы халдің қойнына жатар ма? Қызық, бір бағыттағы ұзақ сапар аяқталып, көздеген мақсатына жетіп жығылған жолаушының қол-аяғын жазып, көз шырымын алуы болушы еді. аман осындай, айға барып қайтқан космонавтай рақаттанып, шалқасынан жатқысы келді-ақ, жатса қайтып тұра алмасын және ойлады. Көңіл шіркін осындайда көбең тартып, жүрегің сазады. Бұған дейінгі өмірінің босқа өтпегеніне, артыңда жосылып із қаларына аса риза сезіммен ойға батасың. Дегенмен, өткеніңе шолу жасаудан қорқынышты не бар екен бұл жалғанда. анау ақ қардың бетін айғыздаған ізің көктем шыға еріп кетері қандай рас болса, жаяулап жүріп жасаған еңбегіңнің де қарғынға айналып, қарасы батарына еріксіз иланар едің. Өз тіршілігіңнің қамынан аспаған қаракетің, тек жер басып жүргенде ғана үзірі ұзақ болып көрінер күнделікті күйбің-күйбің шаруаң осындайлық – жалғыз сәттік тәтті тыныштығыңның садақасы екен ғой. алғашында өне бойынан бұрқырап бу шығып, өртеніп отырғандай еді, енді міне, ол да таусылып бітіп, тоңази бастады. Бірақ аман суықты сезген жоқ, ұйқыға шақырар жым-жырт жуастықты көксеген. Осы кезде құлағына әлдеқайдан, тым-тым алыстан әлдебір әдемі әуен естіліп, жан сарайын әлдилейді-ай! Әуен біресе ұлы сарынға айналып, енді бірде жарын жоқтаған әйелдің сыңсуына ұласып сай-сүйегін сырқыратты-ай! Осы жасына дейін мұндай әдемі әуенді естімеген аманның сірне жаны қорғасындай балқыды-ай. арғы дүниеге шақырған өлімнің оркестрі ойнаған музыка үнін өмір деп соғар жүректің гимніне жеңдірер жігер керек еді. амал не, ондайлық қайрат-қуатын жоқтан өзгеге жұмсап тауысып алған секілді. Ешбір әрекетсіз бүк түсіп отыра берудің ақыры – сөз жоқ, жарық әлеммен қоштастырарын саналады-ақ, қайтеді енді, қара құстан темір балғамен салып қалғандай, еңсесін көтере алсашы. Ол темір балға осыған дейін бекерлеу өткен аз өмірі екенін білген жоқ, білсе бұл сапарға шықпас та еді. Әлгі көк ала үйрек – жанын толқынына салып шайқаған мұңлы әуен әне, өте жақыннан


сыңсыды. «Тұрайыншы» – деп ұмтылды, қозғала алмады. Не сиқырлап тастағаны белгісіз, белі кеткендей тырп етпей отыра берді. Санасы сайрап тұр. Көзі де жұмылған жоқ, дәл төбесінен төнген тауды, анау қар басқан көпірді көріп отыр. аманда жалғыз- ақ қауіп қалды – ең болмағанда әкесінше ерлік жасап, екі аяғы құрысын, аЙҚаЙ өліммен ел-жұртты елең еткізіп, өле алмау қаупі. «Бұл жерде сайтан бары рас екен, әйтпесе мені матап- байлап тастаған қандай күш, анау зарлаған дауыс кімдікі?».Осы кезде: ай алатайдың ар жағында бір жамбастап жүзген шақта, бергі беті ұйқтаған қара мысықтай қорқынышпен қарауытқан дел- сал суық мезетте, үркер төбеден әлдеқашан ауып, енді көп ұзамай таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте, ұйқы мен ояудың, өлі мен тірінің екі ортасында шөкелеп отырған аманның қасына он жасар Бала келді. – Неғып отырсыз?

Оқыс дауыстан селк ете түскен аман қарсы алдындағы жалаң

аяқ, жалаң бас қар кешіп тұрған баланың бетіне қадала қарады. Жүзі де, үні де таныс, бұрын бір жерден көрген секілді. Әсіресе ірілеу біткен жақ сүйегі, қой көзі, тақырлап алған доп-домалақ басы қазақтың қара ұлдарының көбіне-ақ ұқсағанмен, тура маңдайындағы ат тепкен ай тыртығы өте таныс. Сасқалақтаған жігіт өз шекесін сипалап жүріп, анау баланың мандайындағыдай тыртықты тауып алды. мұңды жанарын қаумалаған кірпіктерін қақпастан қалшиып тұрған Бала,бұдан ширек ғасыр бұрынғы Өзі екенін енді ғана шырамыта бастаған аманның тұла бойынан сұп-суық тер шыпшып шығып, дірілдеген саусақтарын тарбайтып соза берді.

– Сен екенсің ғой, аман. Қайдан жүрсің? Бұл жерге қалай

келдің?

– мен өмір бақи сіздің жаныңыздамын, тек байқай бермедіңіз.

– Оған мұрша болды ма, айналайын. Ерте есейдік те, балалық шағымызды ерте жоғалттық.

– Көріп тұрсыз, жоғалмаған екенмін.

– мен сені, аман, қатты аЙҚаЙДаН шошып, талып құла- ғанымда көрген едім. Көз алдымда ұйыған ал қара дүниенің ар жағынан шықтың да, мені қол бұлғап шақырдың.

– мен әрқашанда сіздің жан дүниеңізде өмір сүріп жүрмін. Жүз жасасаңыз да бір елі қалмақ та, қартаймақ та емеспін. мен сізбен бірге тудым, бірге жасаймын. Сіз – Үлкен амансыз, мен

– Кіші аманмын. айырмашылық осында ғана. Қуансаңыз қоса


қуандым, қайғырсаңыз бірге ортақтастым. Кейде мені ұмытып кеткеніңізде осылайша сіздің де баяғыда бала болғаныңызды есіңізге саламын. Түптің түбінде қартаярсыз, ажалыңыз жетіп өлерсіз, бірақ мен сонда да жасай беремін. Үлкен аманмен мәңгілікке қоштасамын да, жер бетіндегі азап атаулыны білмейтін арман қуған балалардың тобына қосыламын. Сіз білесіз бе, бұл өмірде бірде-бір адам өлмейді, олардың барлығы да балаға айналып, қайта жасайды, міне осылайша ғұмыр жалғаса береді. Қазір қарға көміліп қатып қалсаңыз, мен бәрібір тірі жүремін. ауылдағы сіздің балалардың арасында Үлкен аманның рухына айналып, түтініңізді түтетемін. мен – Сізбін және Сіздің жастыққа айналған жаныңызбын. Оны ешқандай аЙҚаЙ сескендіріп, тұқымын құрта алмайды. Сіз адал өмір сүрдіңіз, адалдықтың аласапыран толқынында адастыңыз да. алайда оған сіз кінәлы емессіз ғой. Әрбір жақсы ісіңіз, жарық әлеммен қоштасқан соң, игіліктің балапаны болып, өніп шығарын білесіз бе? Кеңістік үшін мына сіз құтқарғалы бара жатқан бір қора малдың, оны баққан бір- екі адамның қара тырнақтай да қадірі жоғын білесіз бе?.. айталық, мұқым Еңбек аулының тұрғындары жер бетінен жоғалып кетсе де, жалпақ әлемнің қылшығы қисаймайтынын білесіз бе?.. Білесіз, бірақ осынау иненің жасуындай ғана әрекетіңізді арасанның суындай таза жүректілікпен атқарасыз. Сіздей ақ ниет азаматтар болмаса, монданақтай жер шары өңкей аЙҚаЙға айналар еді. Сонда ғана біздер – үлкендердің рухына айналған балалар өлер едік. Тұрыңыз орныңыздан, тұрыңыз да ақырғы рет ән салыңыз. Шырқаңыз, Үлкен аман, шырқаңыз! аЙҚаЙДы жеңетін ән ғана. Ән!

– Оған шамам жетіп жатыр ма? Қай жерімнен келеді ойын-

күлкі деген осы ғой.

– Ендеше, Сіз қазір Жарық дүниені қиыңыз да, аман- есеніңізде арғы дүниеге аттанып кетіңіз. Сіздің алдыңызда мәңгілік сапар – ақиқат сапары күтіп тұр. Шейіт болу арқылы екінші өміріңіз – дүниенің барлық ызың-шуынан, әлемдегі барлық заттан, тұрмыстық күйкі тірліктен, сөз бен көзден, мансап пен байлықтан, ең ақыры киім-кешек, сусын мен тамақтан, барлы- ғынан азаттанасыз да, ештеңеге алаңдамайтын, еш нәрсеге бас ауыртып, балтыр сыздатпайтын шексіз ғұмырыңыз басталмақ. менменсінген «мЕНІҢІЗ» бірте-бірте майдай еріп, болмыстың бостандығына айналады; тек сонда ғана Жаныңыз, шын мәнінде, кеңістікпен табысып, сарғаймас жасыл түсімен жасай береді.


айтыңызшы, Сіз мұндайлық – өлген соң ғана басталар өшпес өмірге дайынсыз ба?

– Жо-жоқ, атай көрме, дайын емеспін. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық, – деп күбірледі аман. – мүлдем дайын емеспін.

– Ендеше, өтірік өміріңізді тасбақаша тырбаңдап жалғас- тыра беріңіз. рас, аруақты ерлікке рухыңыздың шыдамасын сезіп едім. Жаны мәңгілікке ұласатын Ұлылық – жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті ілініп- салынып алжығанша жасау да емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни, өз өміріңізді оқыс әрі әдемі аяқтау. Дер шағында дұрыс өле білуден үлкен өнердің жоқ екені сол, сол... Ондай жаңғырып қайта туар, қайта жасар иманды талантты Сізге жазбаған, Сіз бар болғаны жер бетімен қи домалатқан қоңыз-пенде ғанасыз... Қандай аянышты мүскіндік десеңізші...

Көзін уқалап еді, әлгі ақыл айтқыш бала ғайып болды да,

қабағынан қар жауған алып таулар қозғала бастады. Ұлы қимылға көшкен таулардың ырғатылып, ыдыранып, бірін-бірі иығымен соққылап қыбырлағанында аманның жаны мұрнының ұшына келді. «Қазір анау алатайдың құзарындағы мұздақ қарлар қопарылады да жер дүниені ұлы шуға бөлеп, сел ағады. мен көшкіннің астында қаламын. мен ғана емес, бүкіл әлемге топан суы қаптайды. Табиғат ашу шақырды, ағайын! Біз, адамдар, жер бетінен тып-типыл жоғаламыз да мұз дәуірі қайта орнайды. Жаяу- жалпылы жүргендер мен бауырымен жорғалайтындар бақилыққа ғайып болады, тек аспанда ұшып жүргендер мен жер астындағы аруақтар, тек солар ғана тірі қалады. Әне, таудың екі иығы селкілдеп күлді; таудың жауырыны бүлкілдеп, өксіп-өксіп жылады; енді аз уақыттан соң арқасындағы қабат-қабат қар жабуын лақтырып тастайды, содан соң... бізге, бір күнгі тоқтыққа мәз кісінеген кісілерге қарай бір басып, екі басып жақындайды; бұдан соң... мыжып таптап өлтіреді, тау көтергіш Толағай қайда, жұртым-ау, Толағай! Бармысың әлде жоқпысың! Құтқара гөр құмырсқадай қыбырлаған ұсақ жандарды... Баяғының батырларын архивтен босатыңдар, ағайын, нағыз ерлік, асқан батырлық сыналар шақ туды. Табиғат ашу шақырды!»

Теңселіп тұрған тау емес, қос шекесін қос қолдай  қысып

тәлтіректеген аманның өзі-тін. Оны саналауға мұршасы болмаған. Төтеден келген сырқаты, сонау шақта Бұқтырманың жағасында ұшына жабысқан ауруы қайталап қозып еді. «Тау қозғалды. Топан


су қаптады» – деп, а-Й-Қ-а-Й-л-а-П барып, сұлап түскен. Бұл, аманның, өзі-өзі болғалы жер жаңғырта дауыс көтеріп, шыңғырған алғашқы да ақырғы ЖаН аЙҚаЙы еді...

аппақ мақта секілді қардың үстіне шалқалай құлаған. миы бұрынғыша сергек көзі ашық, сонау тегенедей төңкерілген қара көк аспаңды көріп жатты. Кім бізгілегені белгісіз, шұрық-шұрық тесілген жыртық аспан дәл осы сәтте өз әкесі аспанға ұқсаған.

«Ұлым-ау, не болды саған? Осыншалық дәрменсіз бе едің?» – деп, үстінен төне үңіліп тұрғандай. Өзеннің жағасында жығылғанында жанары сансыз қан түйіршіктеріне толып жамырап кетіп еді, қазір олай емес, жаудыр көз жұлдыздар ғана самсайды. Әзірдегі Бала қайтадан келіп, басымды сүйер, деген үміт жылтырады, амал не, ешкім қол ұшын бере қойған жоқ. Сәбиін ұйқтатқан анадай мәңгі тыныштық, сол тыныштықтың құрбаны өзі. Бұның жан даусынан қар көшкіні де ақпады. Теңселе қозғалған жарықтық тау да «Сайтан көпірден» бері өте алмапты. «Сайтан көпірден» өту үшін қорықпау керек»,– деуші еді әкесі. аманды мұндай мүшкіл халге ұшыратқан өзінің қорқынышы; сескенбей, аялдамай, ештеңе ойламай салып- ұрып өте шыққанда, ендігі алатайды асып, жылқышыларға есен- сау жетер еді әлдеқашан. алғашында сайтанның салқыны шалды ма, деп ойлаған аманның әуелгі әрекеті «бисмилладан» басталды. Әлде өзін-өзі сендірген соң ба әлде сырқатының беті бері қарады ма, әйтеуір, ептеп сергігендей ме... «апыр-ау, осы күйімде серейіп қатып қалсам қайтемін. Балаларды қойшы, елде бардың ерні қимылдап жетіліп кетер. Екі аяқтан айрылған әкемді тағы да жер жастандырғаным емес пе? Бұған дейін неғып қана есіме келмеген. адам дегенің не өлген, не болмаса кең дүниенің бір пұшпағында тірі жүрген басқа біреудің өмір болмысын, іс-әрекетін қайталайды екен-ау. мен жалғыз емеспін. мен сияқты мыңдаған адам бар. Соның барлығы да бірінің тірлігін бірі, бірінің ой-мақсатын екіншісі қайталайды... Иә, қайталайды. Жақсылығын, ерлігін ғана ма, жамандығы мен сатқындығын да... а, Құдай екі аяғым үсісе екен, тым болмағанда, өзгені емес, әкемнің тағдырын бере гөр, бере гөр...»

адам баласы бақытты Құдайдан жалбарына сұрап ала алмайтыны секілді, өлімді де мойнына бұршақ салып қанша тілегенімен, ажалы жетпесе, азаптың отына өртеніп, кірпігі ғана қимылдап жата бермек. мұны қазақтар алланың бұйрығынсыз, дәм-тұзың таусылмақ емес, деп түсіндіреді. Қалай болғанда да ғажап, аспанда ұшып бара жатқан самолеттен құлап аман қалатын сәттіліктер өмірде өте сирек кездесетін кездейсоқтықтар


болып көрінгенімен, ажалсыздықтан құтыла алмай арпалысқан адамдарды сан рет көріп те жүрміз. Дегенмен «Қырық жыл қырғын болса да тек ажалды өледі» деген сөздің бекерден-бекер айтылмағанын мойындататын уақиғалар болады.

Қар-қатынның әрі шоқтай ыстық, әрі мұздай суық құшағында жатқан аман жарық дүниеден, ес-ақылы ауыспай тұрғанда, толық азаттануды бар ділімен көксегенімен, әлгі айтқан «бұйрығы» жетпеген екен, болымсыз ғана тыныстап, бозамық әлемнің бозөкпе тірлігімен мүлдем қоштасуға қуаты жетпеді. Әл-дәрмені құрыған, өмірден күдерін үзген, бірақ белгісіз бір күш мұны арғы дүниеге аттандырмай мықтап ұстап тұр. Сана сайрап жатыр. Бала кезінде үлкендердің аузынан көп еститін өлімесірікке ұшырамай, жан тапсырудан иманды өлім жоғын білсе де, сол, әйтеуір, бір бармай қоймайтын абзал сапарға аттана алмай ышқынған. «рухым осыншалық осал ма еді» – деген ой миын салқындатып тұр. «Иә, оуп!» – деп, басын көтерді.

Дәл осы сәтте «Сайтан көпірдің» бергі басында қаздиып тұрған... кісісі жоқ екі аяқты – әкесінің жер астына көміп тастаған қос сирағын көрді. Өз көзіне өзі сенбей, жас парлаған жанарын сүртіп қайта қарады, сол – әкесінің аяғы! «Өңім бе, түсім бе».

«Тұр, айналайын!» – Күркіреген дауыс естілді. Қандай тылсым күш-қуат бергенін тәңірім білер, аман қолтығынан әлдекім демегендей, атып-ақ тұрғаны.

«Ер соңымнан» – деді әлгі үн. амал жоқ, бір басып, екі басып көпірге жақындады. ал әкесінің екі аяғы қозғалақтап барып,

«Сайтан көпірден» дүрс-дүрс басып, арғы бетке өтіп барады. Енді еш нәрсенің де қауіп емес екеніне күмәні қалмаған аман зор сенім, қарышты қадаммен алға, тек қана алға аяңдады. Дүрс-дүрс, дүрс-дүрс...

Жұмыр жердің бетіндегі «Сайтан көпірден» өтіп аДамНыҢ аЯғы кетіп барады.

Жұмыр жердің төсінде сандаған сирақтар тайталасып жүр...

Бұл жалғанда жүру үшін жаратылғаннан бақытты не бар, не бар екен, тәңірім!..

 

* * *

Ертеңінде... алатай жазығындағы аппақ дарияның бетімен бір-біріне қарама-қарсы қар бұзып, қараңдаған екі топ келе жатты. аЙҚаЙ ДҮНИЕ деген сол да... осы ғой, осы...

 

Шыңғыстай, 1980 ж.


ҚАР ҚЫЗЫ

«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1978 жылы жарық көрген еді. Орыс тіліне аударылу барысында мүлдем қайта жазылып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосуға тура келді. Сол секілді айтылар ой түп қазығын тауып, авторлық концепция анықтала түскен секілді. Сондықтан да оқырманның назарына қайта ұсынуды жөн көрдік.

 

Автор                                          Әлдеқайдан, тым-тым алыстан... қар шағылдардың арасынан қыздың сыңсыта салған мұңлы әні естіледі...

БаСТаУ

«алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз», – деседі қариялар.

расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың. ауыл- үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі азабы мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр. Күннің көзі жылт етіп ашыла қалса, аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың жұмыртқасыңдай томпайып- томпайып тілсіз жатқан үйлерді, сол үйлердің қар кептелген мұржасынан жұлындай көтеріліп, жуастау будақтаған түтінді көріп, бұл ауылдың адамдары қарға тұншығып өліп қалмағанына тәуба жасайсыз.

Төрт түлік тебін жоқ, омалып қорада тұр. Тебінге шығар- ғанды қойып, суатқа апара алмай әуре-сарсаңда жүр.

міне, ұрланып басталып жапалақтай жауған қар мәңгілік сабырмен аспан астын түгел жаулап алған. аспан деп, баяғы ұғыммен айтамыз, әйтпесе аспан жоқ, мың-миллион – сансыз қар көбелектер ғана бір-бірін қуа жарысып, ойына келгенін істейді. Осыншалық ғажап, құлаққа қорғасын құйғандай тыныштықты Нұржан бұрын көрмеп еді. «Дүниеде қар


жауған сәттегідей бейбіт те тыныш өмір бар ма екен», – деп ойлады жүзін аспанға қарата. Жыбыр-жыбыр қалықтаған қар жапалақтар бетіне асықпай келіп қонып, жылбысқалана еріп, суға айналып бетін айғыздап аға жөнеледі. Ептеп қытықтай ма- ау...

Өр алтайды жайлаған үш жылғы құрғақшылықтың есесін осынау ес жидырмай жауған қар қайтаратындай. Төпелеп жауған қар алғашында, қызық әрі әдемі болып көрінген. аққала жасап, асыр салып ойнаған балалар, ұлпа мамыққа аунап жетіскен ауылдың қайқы құйрық иттері әсіресе мәз еді. Үлкендер жағы да келесі жаздың жаңбырлы, рысты жыл боларын сәуегейлеп, аса риза пейілде-тін. амал не, сағынып көріскен қардың аяғы, үлкен жұтқа айналмаса неғылсын: елді де, жан-жануарды да әбден зықысын шығарып, мезі еткені рас еді. Борап, ұйтқып соғар тентек мінез де танытпай, үн- түнсіз жауып алғаны ауыр екен: бірде ұйқың келеді, бірде өз- өзіңнен жер тепкілеп айғайлағың келеді – сезімің селт етпейтін сергелдең күй кешесің, әйтеуір, басынан кене шаққан адамдай мең-зең, өз алдына лағып, бұйығы тартқан біреулер.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.