Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 1 страница



САЙТАН КӨПІР

«Өмірдің қандай қиын-қыстау кездері, қандай ауыр минуттары басқа түссе де, менің жүрегім:

«Жасай бер, адам!» – деген гимнді шырқаудан танған емес».

М. Горький

айқай – жаңғырық.

айқай – жаңғырыққа тең. ал жаңғырықтан біздер, біздің іс- әрекетіміз, ой-мақсатымыз, тіпті бүкіл дүние, күллі адамзаттың барлық тіршілігі, өмірінің мән-мағынасы жаратылғандай.

«Жұмыр жердің бетін төрт миллиардтан астам адамның аяғы таптап, дүниені өз айқайларымен күңірентіп жүр. Тек жердің астындағыларда үн жоқ. Егер Құдайдың құдіретімен сол өлілер қайтып оралса, бұл жалғаннан үн-түнсіз, жым-жырт өтуді тірілерге үйретер ме еді, қайтер еді... бір-біріне қатты сөз айтпай, бірінің тыныштығын екіншісі бұзбай, жылқының жусағанындай, бейбіт те берекелі өмір орнатар ма еді, қайтер еді, егер аруақтар зәуде қайтып оралса... (шіркін-ай, қайтып оралса) дүниедегі сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, БІЗДЕр ұяттың отына өртеніп кетер едік-ау... амал қайсы, Олар ешқашан да, ешқашан да қайтып келмейді. Сондықтан да кеңірдегіміз жыртылғанша аЙҚаЙлаЙыҚ! Өйткені, аЙҚаЙСыЗ дүние тұл.

айқайлау дегеніміз – өмір сүру.

Әлі есімде: Өзімнің бала кезімде болар, ауыл іргесінен суыртпақтала басталып, қалың орманға сіңіп кетер жалғызаяқ жолмен іңір сапарына шығатынмын. Сонда: күн алтын ұясына қона, осылып-осылып жатқан тау аңғарын дүр сілкіндіріп аса қатты ЖаҢғырыҚ жарып өтетін; ол кезде әлгі  ЖаҢғырыҚТы

– Күн мен Түн екі арасындағы бейуақ сәттің тым келте кесілетін хабаршы үні деп ойлаушы едім; мынау жұмыр жердегі тіршілік атаулының  осынау  айдай  әлемге  ие  екеніне  куәлік  іспеттес,


көрсеткен сесі шығар деп ойлаушы едім, немесе кіндік қаны тамған туған жер, өскен елге арнап, ардақты ұлының еркелеп айтар әніне жорушы едім, немесе мал қайырған тау қазағының құрып кетпей есен-сау жер басып жүргенін дүние-көкке паш етер ең алғашқы әрі ең ақырғы аЙҚаЙы шығар-ау деп сүйсінуші едім; кешкі жаңғырық ызыңдап барып тарап кеткен соң, мақшар сәтіндей – жұмбақты сәт, бірсін-бірсін ұйиды да, қызыл күрең тау, сары ала орман-тоғай мақпал түннің құмарпаз құшағында тұншығатын; күн ұясына қонған намаздыгер-намазшам арасында тек асқар алтайдың құзар шыңында ғана әлгі сәтте көз жұмған Күннің алтын алауы көпке дейін тарқамай, ал батыс көкжиек жалғызынан айрылған Жер-ананың жылай-жылай қанталап кеткен жанары сықылданатын; анау қарабарқынданып жатқан жер жарықтық қисапсыз үміт-мақсатын, бақыты мен байлығын қапияда тонатып алғандай, соншалықты аянышты кейіпте сыңсып, жоқтау айтқандай қасіретті сезілуші еді.

Әлі есімде: ирелеңдеген көрбілте жол орманға кіре  бергенде

екіге айрылып, бір саласы шұғыл оңға бұрылатын. Оңға бұрылатын соқпаққа түссеңіз, тұп-тура өлілер мекені – қалың қорым бейітке жетелеп алып баратын-ды. Сонда, өзім де сезіп, біле бермейтін белгісіз бір тылсым күш қолымнан тартып, сол төңкерілген астаудай, итжонданып жатқан молаларға қарай ымдап шақырып, құлағыма әлденені сыбырлап, жүр-жүрлейтін. (ауыл шетіндегі аруақтар патшалығына ат басын бұрғандары- ңыз бар ма? Жоқ... бекер жасайсыздар, түптің-түбінде мекен- жайыңызға айналар ордаға оқта-текте тәуәп етіп, тәубаға келіп тұрғанның артығы жоқ). ал өзім болсам: таудан аққан бұлақтай бұлқынған жүрегімнің дүрсілі құлағыма естіліп, кеудемде мың- миллион құлын құлдырай шауып барады-ай; буын-буыным жаңа аяқтанған ботақанның тірсегіндей қалтырап, тәй-тәй басып жақындағанымда... тәңірім-ау, бірі-бірімен сыбырласқан, бәлкім, сырласқан сансыз үнді естіп едім-ау, иә-иә, естігенмін. аруақтар күбір-күбір әңгіме шертіп жатқан. Үлкендер, яғни ақсақалдар айтушы еді: пенденің өзі өлгенмен жаны өлмей, құс секілді әлемді шарлап ұшып жүреді деп; моладан шыққан сиқырлы сыбыр, сол әуелеп ұшып жүрген ҚҰСЖаННыҢ ымырт жабыла өз ұясына оралып, күні бойына жер бетінен – тіршіліктен не көріп, не естіп білгендерін әңгімелеп жатқандай еді. Сонда... сол молалардың ең шетінде басына қайың құрықтан сайғақ шаншыған шағын ғана төмпешік жатушы еді. Басқа мүрдеханалардан ерекшелігі де сол –


сырты қоршалмай, жермен, жер басып, тірі жүргендер мен өлілер арасындағы хабаршыдай емін-еркін-тін. Сонда... әлгі, аспанды нұсқаған құрық саусағы бар төмпешікті орындық қып, міз бақпай жалаң бас жайғасқан аДам – қара санынан төменгі жағы өзі отырған қара жердің астында жатқан аДам – қарсы алдында делдиіп тұрған баланы – мені көзіне де ілмей, немесе көрмей, батқан күнге жүз беріп, жаназа оқығандай әлденені күбірлеп, тас Құдайдай қасқаятын жарықтық. Сонда... құлағыма еміс-еміс естілгені: «мен кісінің басынан емес, аяғынан қорқамын».

ал біз ше?.. – ештеңеден де...Жер мен көкті дір еткізген аЙҚаЙ тағы да естілді. Бірақ Тасқұдай қозғалған жоқ.

айқай, дүние-ай!..Биыл қыс жұмсақ басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты. Әсіресе жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар, сол шаш етектен жауған қарға мелдеген ел мен жер – ұлы тыныштықтың құшағына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай – жым-жырт. Осындайда кісінің бойын бойкүйездік билеп, ес-ақылдан айрылып, басыңды тұмшалап алып ұйықтай бергің келеді. Далаға шықсаң болды, өз- өзіңнен жиіркеніп, үйіңе қайта кіруге асығар едің.

Тау қойнауында отырған ауылдың қазіргі кеспірі албасты басқандай, аянышты-ақ еді. Күні кеше ғана сап түзеп тұрған ағаш үйлер ақ ұлпаның астында қалған. Сол үйілген мақтадай томпайып-томпайып жатқан үйлердің төбесінен жұлындай болып түтін көтеріледі, көтеріле беріп мың-миллион қар-көбелектер қаптаған бозамық аспанға сіңіп жоқ болады. Қыбыр еткен жан көрінбейді. Батыс қайсы, шығыс қайсы айырып болмайтын дөңгеленген беймәлім тіршіліктің ортасында қалың сарбазынан айрылып, ұрыс даласында жалғыз қалған қолбасшыдай, делдиіп тұрған аман (Бөлімше басқарушысы)– аспанға қарап есінеді де:

«Осының арты боранға ұласпасын»,– деп күбірледі. Кірпігіне ілінген қарды үрлеп ұшырып жіберді. Үсті-басын қаққылай үйге қайта кіргенде, әкесі де басын көтеріп, төсегінде шошайып отыр екен. Басқа қыбыр етіп тұрған адам көрінбейді. Даладағы тыныштықтың үйіне де ұялап, жындандырып жіберер қаперсіздік жүйкесін созғылай бастаған соң шыдамады білем, әйеліне:– Қара басты ма, тұрсай!– деп жекіріп қалып еді, өз бөлмесінен терезеден тысқа қарап отырған әкесі тыржың етті – құлқын сәріден апшысы қуырылып, Құдайдың құбылмалы күніне бола, әйеліне ақырған ұлының мінезін жақтырмағаны. аядай үйді басына көтеріп, салдыр-гүлдір теңселіп жүрген аманға енді бұл дауыстаған.


– Әй, аман, бері келші,– деді. арғы бөлмеден аттап-бұттап жеткен, жігіт ағасы болып қалған қара бұжыр жігіт, «Е, не айтайын деп едің», – деген сыңайда, ләм деместен әкесіне бағына қарады.

– Отыр, – деп, аяқ жағын нұсқады аспан шал. Шал деуге келмейтін қара мұртты, үлкен ала көзді шомбал кісінің қызыл шырайлы бетінде жалғыз сызық жоқ. Темір төсекті солқ еткізіп, сықырлата отырған баласына тесіле қарап, аз-кем үнсіз отырды. Содан соң:– Бала-шағаңды бидайдай қуыратындай не көрінді саған. Оразаңды ашпай тұрып, одыраңдайсың кеп. Бар, пешке от жақ, ермек таба алмай, ерігіп жүрсең, – деп зекіп еді, анау қарсы жауап қайырмады. Қалбалақтай орнынан қайта тұрып, ауызғы бөлмеге шыға жөнелді. Басы төбеге тиген еңгезердей ұлының жас балаша жаутаңдап, пештің күлін алып, от тамызған тіл алғышты- ғы аспанды риза көңілге бөледі. Қырыққа келген, бес баланың әкесі атанған, жаман-жақсы болса да бір ауылдың бастығы – аман- ды, көзімді ашып көргенім, аузымды ашып сүйгенім, жар деген- дегі жалғызым демей, күні бүгінге дейін бір шыбықпен айдап жұмсайтын қаттылығы қанына сіңді қадеті емес, өзімсінген әкелік еркелігі еді. Сол... төсекте отырған қалпы, жастығының астынан сипалап темекі тауып алды. Қағаз қораптың жартысы босап, жартысын бүктеген «Приманың» бірін суырып, әбден тозған, тістей-тістей кесіктеген мүндіштікке тықты. Сіріңке іздеп еді, таппады. Күнде осылай. Өз сіріңкелерін әрқайсысы бір ұстап көрінген жерге тастап жоғалтады да, кезек-кезек келіп аталарінікіне жармасады. Олардың осы бір қырсыздықтарынан әбден зәтте болған аспан шал най тұтататын шақпағын төсегінің іргесіне сүңгітіп-ақ жіберуші еді. міне, сипалап-сипалап таба алмаған соң, тағы да шаптыға шаңқ етті.

– Әй, аман, бармысың? – ас бөлмеден «бармын» деген ұлының үні естілді.

– Бар болсаң сіріңкемді әкеліп бер. – Әкесінен сөз естіп қалмаудың қамымен елбек қағып,қорапты қолына ұстата берді.

– Әлгі ұлдар ғой алып кеткен.

– Осы үйді өртеп жіберсе де дүкеннен бір жәшігін әкеліп тасташы, әкеңді ұрайынның, – деп, темекісін тұтатты. – Суың жылыса әкел, беті-қолымды жуайын.

Әкесінің бүгінгі жаман түс көргендей бас терісі келіспей отырғанына таң қалған аман, шәугім-шылапшынды дайындаған, сүлгіні мойнына салып, әрбір әмірін орындаумен жүр. аман аспан шалдың жалғыз ұлы болғанымен, жалғыз баласы емес, екі


аяқтан бірдей айрылған жылдан бері әйелі екі қыз көтерді. Ол  екі қыздын бірі оныншы бітірген соң, осы ауылда кітапханашы болып жүр де, екіншісі – биыл тоғызыншы класта оқиды. Тегінен балажанды кісі, ұлдан көрген үш немересінің үстінен құc ұшырмай, мойнына мінгізіп еркелетіп ұстаушы еді. Осы аманның да бетіне келіп, қолын қақпай өсірді. Тек атқа мініп, осы Еңбек аулының басқарушылығына тағайындалған үш жылдың беделінде оған деген мейірбан мінезін күрт өзгерткен де, әр ісінен ілік тауып, жоқтан өзгеге кейіп, қазымырланып отыратынды шығарды. Ондағы ойы – ептеп төрелікке жетіп, ел басқарған аманның кісіліктеніп, аяғының басын қайқайтып, менменсіп кетпеуі үшін жасаған айласы сынды. Осылайша, тәубасын есіне түсіріп, ықтырып алмасаң, әркімнің басына әңгір таяқ ойнатып, аз күндік дәулет, аз жылдық дәуреннің буына пісіп, кекейіп сөйлеп, кекіріп жейтін, кедіреңдеп жүретін, атақаз – бастық болып кетер деген қаупі, – аспан шалдың тек өзіндік тәрбиесі-тін.

Темекісін будақтатып, өзінің ширек ғасырдан бергі мекен-

жайына айналған шағын бөлмені көк ала түтінмен ыстап, қайта- қайта қырау тұтып, мазасын ала беретін терезеден үлкен әлемге көз сата қарап отырған аспан шал, бүгін, шынында да, өз-өзінен алағызып, әлденеге көңілі көбеңсіп отыр еді. Желтоқсанның ұзын түнін жамбасына итмұрын төсегендей, әрі аунап, бері аунап, аса тынышсыз өткізді. Тауық шақырар кезде ғана, әбден талығып барып, көзі ілініп еді, тіпті жоруға келмейтін сұмдық түс көрді, кірпігі айқасқаны сол, осыдан отыз жыл бұрын, ауыл шетіндегі бейітке өз қолымен көмген екі аяғына жан бітіп, ат-шанамен отын әкеле жатқан мұны самбырлап сөйлеп, сартылдап қуады. алғашын- да бұл ғажапқа қайран қалған аспан аңтарыла қарап тұрды да, кісісі жоқ, қара санынан төменгі сирақтардың ақша қарды сықырлата адымдап тура жүгіргенінде шыбын жаны шырқырап, тұмсығына сүңгі қатып сүлкиген торы биесін сауырлап еді. Торы бие қайбір ұшқыр жануар, құйрығын бұлғап көткеншектеп алып, орнынан қозғалғанша екпіндей қуған өзінің кос сирағы жан дәрменімен жетіп-ақ қалған. Ес-ақылдан айрылған аспан «алла-алла» – деп отын тиеген жайдақ шанаға құлап түсті. Құлап түскені сол еді, екі аяқ айқасып алды да, буындыра бастады. «Өлдім, – деді көзі ақиған аспан, – өлдім, өлтірді ойбай». Құдайдың құдіреті, мұндай да ғажап болады екен-ау, ағаш тездей сығымдаған екі аяғына тіл бітіп, адамша сайрап қоя бергені...

«Сен бізді ұмыттың», – деді.


«Екі аяқсыз-ақ өмір сүре алатын болған соң, көзіңе шел бітті»,

– деді.

«Бала-шағаң өсіп, бақытты ғұмыр кешкеніңе масаттандың»,

– деді.

«Екі аяғың бүтін кезінде істемегенің, бүлдірмегенің бар ма?»

– дейді.

«Бізді тастап, өзің тірі жүргеніңнен өлгенің артық», – дейді. Жаны  мұрнының  ұшына  келіп,  көгеріп-сазарған  аспан:

«Бәрібір жер басып жүргенім жоқ», – деп безектеп, өлім сапарына, бұдан отыз жыл бұрын екі аяғын өз қолынан аттандырып жіберген

– жер асты әлеміне ыңғайлана бергені сол еді, ұлы аманның тұрып, тақтай еденді дүрсілдете басқан аяқ дүрсілі оятып-ақ жібергені. Бірақ албастыдай басқан қорқынышты түстен құтқарған ұлына рақмет айтқысы келмеді. Қайта, сол бұдан отыз жыл бұрын өз қолынан көміп тастаған екі аяғының соңынан еріп, еңбектеп кетіп қалмағанына өкінді-ақ. Ол күні бүгінге дейін өмір сүрсем, тірі жүрсем, өлмесем – деп арман қылған жоқ және осы адамзаттың ізгілікті ұрандары үшін, кез келген жұмыр басты пенде сынды, жан кештілік жасап, жанталаса күрескен де емес. Зәудеғалам тірі қалды,ендеше, тіпті де тірі қалғанын қанағат тұтып, тағы да талтаңдап, тамашаға ұмтылып күйкі тірліктің күйбеңіне түсе жөнелудің түкке қажеті жоғын сезді, сезді де екі аяқты арулап қойған соң, әрмен қарай жалғады да өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүру керегін ұқты. Оның нақты ұққаны сол – екі аяқтың тек өзіне ғана керегі! Тәңірім-ау, аяқ-қолы балғадай кезінде кімге, қандай жақсылық жасапты. рас, жасағансымақ болатын, оның өзі шыр айналдырып келгенде «өзге» – дегенді желеу еткен өзінің қара басынан асқан жоқ. Қазір қандай рақат, қоқиып тірі отырған әр күнімен, жер басып, желігіп жүрген екі аяқтыларды, екі аяғынан айрылмауға, өмірді сүюге, өлмеуге үйретеді. Иә, аспанның тірлігі басқаға, басқаларға керек. Олардың төрт құбыласы тең, сауысқаннан сақ, сақадай сайланып жүруі үшін керек.

Сырттағы суық, үйдегі жылу жаңа ғана ерітіп тазалап қойған

терезеге тағы, тағы да қаз табанданып әдемі өрнектер сала бастапты. аспан алақанын үрлеп-үрлеп алды да, шарбы қырауға басып, қабыршық мұздақты ерітті. арғы бөлмеден ұлының дүрсілдете басқаны естілді. Оқыс шыққаны соншама, әлгінде ғана өз ойымен отырған аспан селк ете түсті, Тіпті оған түнде түсінде сартылдап тұра қуған өзінің екі аяғы есіктен кіріп келе жатқандай сезіктеніп қалған.


– Шал, шайға келіңіз,– деді басын есіктің мандайшасына тіреп, серейіп тұрған аман.

– Құдай-ай, тағы да сен бе едің? Балалардың бірін жұмсасаң етті, зәремді алмай.

– Әке, бүгін сізге не көрінді? – Ұлы кейіп қалған секілді.

Осыны сезген аспан даусын жұмсарта сөйледі.

– машақат түс көріп, бастырықтым ба-ау...

– Толассыз жауған қардың әсері де.

– Қарды жаңа көрді дейсің бе, бір зұлматты жүрек шіркіннің сезгені де...

– Қойыңызшы, қайдағыны айтпай. – Үні қаттырақ шықты. Осы кезде жүгіріп, ең ерке немересі келді «аталап». Жүгірген бойы, төсек үстінде тас құдайдай жүрелеп отырған атасының мойнына асылды. аспан «құлыным» деп, бауырына басып, маңдайынан мейірлене иіскеді.

Бөлімшенің кеңсесі. аман жападан-жалғыз отыр. ағаш үйдің шағын аласа терезесінен сыртқа қарап еді, бұлаңытып еш нәрсе көрінбейді. Бар болғаны, мың-миллион қар-көбелектер ұшып жүр. Бейне бір жер астындағы бүкіл аруақтар көбелекке айналып, сайран салып жүргендей. Кеңсе іші қара көлеңке. алтайдың қысы ұзақ әрі сықырлаған сары аязды болып келетіндіктен, үйлердің терезесін кішкене жасайтын. Қазір сол шағын әйнектен түскен болар-болмас жарық үлкен тіршіліктен әлсіз де болса хабар жеткізгендей ме-ау... Әшейінде сиыры мөңіреп, иті үріп, балалар шулап азан-қазан даңғазаға толып, тіршіліктің арбасын даңғыр- дұңғыр сүйреп жүретін ауыл бір-ақ күнде жер жұтқандай – жым- жырт. Осынау адамды бойкүйездік пен есінеген ессіздікке жете- лер өлі тыныштық – жапалақтап жауған қар тыныштығы аса қызық, жүрек соғысын баяулатар мұң шақырады екен. Таңертеңгі әкесінің ажырая қараған көзі, сол алақандай төңкеріле қараған жанар «Ұлым, күн райы бұзылды, неғып қамсыз отырсың?» – деген ескертпе жасаған секілді еді... Дастарқан басындағы үнсіздік те осыны аңғартқан. арқасын аяздай қарып отырған да сол – әкесі айтпай ұқтырған шаруа қамы болатын. Оның үстіне аспан шал, қорадан торы биесін алдырып, ерттетіп қойды. Күннің түрі болса мынау, белшеден қар кешіп қайда бармақ?

Сағат тоғызға жақындап қалды. Тау қойнауындағы  Еңбек

аулы әлі де ұйқысынан ояна қоймағандай. ашық күндері кеңсені көк ала түтінге толтырып, әр нәрсені айтып, қалжыңдасып- қарқылдасып отыратын бөлімшенің тамам мамандары жым-


жылас, шошаң етіп көрінген ешқайсысы жоқ. Тоса-тоса шы- дамы таусылған аман тағы да сықсиған терезеден сыртқа үңілді. Қар-шыбындардың арасынан қалтақтап келе жатқан әлдекімнің сұлбасын болжаған. Оған да шүкіршілік, тәуекел жасап далаға шыққан біреу табылды-ау, әйтеуір. Есіктен зоотехник Ерік кірді. Үсті-басына қонған қарды қаққылап босаға жақта аз аялдады да, көзін сүзе қарады. Даладан келгендіктен кеңсе іші қараңғы тартып, еш нәрсе байқай алмай тұр білем.

– амансың ба, Ерік,– деген аманның сәлемін естігенде барып кірпігін жыпылықтата төрге озған.

– Саусыз ба? – деп, қолын берді. – Жалғыз отырсыз ғой.

– Омбы қарға үйелеп қалды ма, бірі жоқ. Құдай айдап сенің тірі келгеніңе қуанып отырмын.

– Шылымыңыз бар ма? – деді зоотехник қалтасынан алған қорапты шылдырлатып.

– апыр-ай, Ерік, сәлеміңнің басы темекі сұраудан басталады екен. Он сом ақша берейін, бір дорбасын сатып алып қойшы. Қашанғы алақаныңды жайып, саусағыңның басын үйкелеп жүресің.

– Ой, соны құнттамаймын, аға, – деп, аман ұсынған «Прима- ның» бірін суырып алып, езуіне қыстырды. – Керісінше, сіз қалтаңызға сіріңке салып жүрмейсіз. – Тұтығын басқарушыға ұсынды.

– Бір жоқты, бір бар толтырады дейсің ғой.

Екеуі де темекілерін құшырлана сорып аз-кем үнсіз отырды. алагеуім бөлмеге түтін көрінбей сіңіп кетті.

– Жаңа осында келе жатып, сіздің үйдегі шалды көрдім. Тымағының бауын тас қып байлап, торы биенің үстінде мығым отыр.мені айғайлап шақырып алды да, дүкеннен бір қызыл арақ алды. Оны қайтесіз? – деп едім, мелисаға хабарлайын деп пе едің, ішем. мені тергегенше анау алатайдағы жылқыға барыңдар, құрыққа мініп қалып жүрерсіңдер, – деп, желе жөнелді.

– Бағыты қай жақ? – деді аман елеңдеп.

– мотының қабағын бетке алды.

– Түсінікті, – деді аман, – түнде бір жаман түс көрдім деп апшысы қуырылып отыр еді, екі аяғын көмген молаға құран оқуға кеткен екен ғой.

– Біздің шал алатайды бекер аузына алған жоқ, – деді бұдан соң Ерікке. – Бағана шай үстінде соңғы отыз жылда дәл осындай үш күн, үш түн бас алдырмай жауған қарды көрген емеспін деді.


Әншейін сөздің сыралғысы ретінде айта салғанмен, көкейінде көп ой қамалғандай көрінген. анау алатай қыстауындағы екі жүз жабағы тігерге тұяқ болмай қырылып қала ма деп шошынамын. Жем-шөбі жетер жерде емес, әр үш-төрт шақырымға шоқайтып- шоқайтып үйіп кеткен маялардың шетінен кертіп, ат-шанасымен тасымалдап алар жылдағы жайбарақат күн қош-қошын айтып тұр-ау. Кісі бойы жауған қарды бұзып шөп әкелетін күш қайда? Өздерінен бір хабар күтіп едім, тіпті бергі Тарбағатай қыстағында отырған жігіттер де міне үшінші күн ат ізін салмай тұр. Соған қарағанда, олар да қарға қамалып қалған секілді. Не істейміз, Ереке? – Темекісінің тұқылын мыжғылап сөндірді де, қолын артына ұстап, тақтай еденді сықырлатып әрі-бері теңселіп жүріп кетті.

– Бұл қауіп мені де меңдеп отыр, – деді Ерік. – Бір амалын

қарастырған жөн.

– мұндайда қолдан келер жалғыз-ақ қайран бар, – деді аман жүрісін тоқтатып, енді терезеден тысқа қараған қалпы. – Бұл жақты Құдайға тапсырып екеуміз атқа қонуымыз керек.

– Қашан? – деді зоотехник басын шалт көтеріп.

– Дәл қазір. Бір сағат та кешіктіруге болмайды. Тарбағатай үстіндегі жігіттерді ертіп алып қар бұзып, алатайға жету керек. міне, – деді саусағымен әйнекті шерте көрсетіп, – кешеден бері ұрлана жауған қарыңыз ұлы боранға ұласа бастады, кісінің қоясын түсіретін лаң басталды деген сөз. Әкем осыны сезген екен ғой. Бұдан отыз жыл бұрын әкемді көшкін-қар құрсаулап тастаған қыста да осылайша орай да борай қар жауған екен. аттанайық!



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.