Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 4 страница



– Қызыққаның боз айғыр болса, кел ауысып мінейік. астың- дағы жирен қасқа жетеді маған.

– Байға тай мінсе де жарасады дегеніңіз бе бұл...

– Осыдан кейін қалай ғана сапарлас боламын сенімен. – аман кәдімгідей кейіп айтты.

– Боранды түнде қалжың да серік, ағасы. ал аттанайық. – Жирен қасқаны тебініп қалды.

– Жүйесін таппаған қалжың ол да бір омбы қар, – деді басқару- шы боз айғырды шаужайлап. – ал, Әлкө, мұндағы жігіттерді жинап, алатайға қарай қар бұза беріңдер.

– Таңғы тірлік жол салудан басталады, аға, алаңдамаңыз! аман барып, сау қайтыңыздар. Тосамыз!

– Жолдарың болсын, – деді жирен мұрт жылқышы.

Қар бүріккен қараңғы түнге сіңіп, көзден әп-сәтте ғайып болған қос жолаушының сұлбалары көрінбесе де қыстақта қалған үш жылқышы арттарынан ұзақ қарады-ай. Әсіресе, Әлкөнің көңілі алай-дүлей еді. Қауіп пен қатерге басын тігіп, жолдың қиындығы, күннің суығына қарамай түн жамылып аттанып кеткен аман мен Еріктің қайсарлығына сүйсінді. Үйге кірген соң да, темір пештің маздап жанған отына тесіле қарап, ауыр ойдан арыла алмай үнсіз отырып қалған. Екі жолдасы бір-бір аяқ қымызды ішіп алды да, күпілеріне оранып алаңсыз ұйқтап қалған. Оттың жарығына сағатын төседі, тоғыз болып қалған екен. Енді үш сағаттан соң Жаңа жыл. адам баласына тағы бір жас қосылады, бір жылға қартаясың. Осы ағаш нарда жатып- ақ қарттықты қарсы аламыз-ау, – деп ойлады. Өз-өзінен жүдеп, өне бойын мұң қуалады. Үлкен өмір, абыр-сабыр қала тірлігін сағынды. Сонау етектегі ауылда отырған бала-шағасымен бірге, бір дастарқанның басында отырып, жаңа жылды қарсы алмағалы қашан?.. Содан бері жылжып ғасыр өткендей. Жылқыға шыққан бес жылдың беделінде жалғыз рет те жаңа жылда жандарында болып, беттерінен сүймепті. Егер осылай қыл құйрықтың соңында түн қатып, түсі қашып жүре берсе, тау тағысы – бұғыға айналып кетпей ме. Жолы түсіп алматыға барғанда мұның мектепте бірге оқыған, қазір әжептәуір қызмет істейтін досы айтып еді: – міне үш


күн болды балаларымның бетін көргем жоқ. Карта ойнап үйге кеш келемін, олар ұйқтап жатады. мен тұрғанда бірі – детсадқа, бірі сабағына кетіп қалады, – деп. Обал-ай! Пештің отын көсеп, жаңқа тастап үстеп қойды. Қабырғада ілулі тұрған отыз екінші мылтықты алды да, тысқа шықты. Әлгінде бетті сабалаған қар ұшқындары бәсеңсіп, айығуға бет түзегендей. Бірақ аспан қарабарқынданып тұр-ау. ай көрінбейді. Жылқылар қамалған бітеу қораға барып, құр бытыраланған мылтықты басып қалды. Қар жамылған тау-тас дүр сілкініп қоя берді. Жаңғырық басылған соң кісінің есін алып, жындандырып жіберер өлі тыныштық орнаған.

«Жаңа жылды жылқышылар тек қана осылай қарсы алады»,

– деп ойлады.

 

* * *

Бұл түнді аспан шал көрер таңды көзімен атқызып өткізді... Немерелері Жаңа жылдық елкаға кеткен. Кешкі асты кемпірі, келіні үшеуі үнсіз ішті де, әрқайсысы үй ішінің бәкін-шүкін шаруасына кірісті. ал үй шаруасы ауыл адамдары үшін бұл жалғанда таусылып көрген емес. Дастарқан басында кемпірі:

– Әлгі біздің ұл алатайға шығып кетіпті ғой. Жөнін айтпай асығыс аттанғанына қарағанда, малы қырылып жатқан болар. Осы бір абыройсыз жұмысты қайдан тауып алды, – деп күңкілдеп еді, шалы мен келіні әңгімеге зауықсыздығын танытты. Шай ішкен кесесін асығыс төңкеріп, бетін сипаған аспан шал төсегіне қарғып шығып, темекісін тұтатқан. Екі қолы алдына сыймай, тықыршып мазасы болмаған соң, жемтірленіп қалған кітапқа көз жүгіртіп еді, әріптері бытысып еш нәрсе көре алмаған. Ол тағы да ұлын ойлады. Екі қолын тарақтап басына жастап, төбеге тесіліп жатып, бұдан отыз жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды. Онда да бүгінгідей қалың қар жауған.

– «Сайтан көпірден» қорықпай өтсе екен, – деп күбірледі.

– ата, маған бірдеңе дедіңіз бе? – ас үйде ыдыс-аяқ жуып жүрген келіні есіктен сығалады.

– Жоқ, айналайын, әншейін өзім ғой, – деп жауап берді.

– Иә, онда да дәл осындай қар жауған... Қандай ұқсастық еді. Тәңірім-ау, қандай ұқсастық... мүгедектік те тұқым қуалап жүрсе... И-и, еріккен адамның ойына қайдағы-жайдағы түседі екен. Ұйқтататын дәрі болса ғой, екеу-үшеуін таңдайға тастап жіберіп, тас бүркеніп жатып қалар еді.


– «Тәңірім-ау, қандай ұқсастық...» – Осы бір сөз қайта-қайта ойына оралып, арадай анталай берген соң, не болса да өткеніне шолу жасаған.

айқай, дүние-ай! Сол жылы да дәл осындай қалың қар жауған... алатай қыстағында жабағы-тай бағып үш жігіт жатты. Сықырлаған сары аязы бар қытымыр қыс жан алқымға жармасып тұрған. Жемшөптің қоры аз, баққан мал күн өткен сайын жүдеп, арық-тұрақтары көбейе берді. Совхоз басшылары: «Ең нашар деген елу шақты жабағыны Тарбағатай қыстағына жеткізсін»,

– деп хабар жіберіпті. Сол елу шақты жылқыны алдына салып, шұбырта айдап жолға шыққан. Қаба өзенін қуалап, Тардың тар жолымен құлдилап келе жатқан. Күн бұлтты болғанымен боран- шашыны басылған тыныш шағы еді. Құмырсқаның ізіндей сілемді қуалап, бірінің артынан бірі ілби аяңдап шұбатылған жабағылардың жүрісі мардымсыз. аспан астындағы ауыздығымен алысқан азбанмен алға түсіп, әуелі қар бұзып, жол салады, содан сол ізбен жылқыны айдайды. Осылайша жүз метр сайын бір тоқтап арып-ашып «Сайтан көпірге» жеткен. Бұдан қырық жыл бұрын тұтқындар салған ағаш көпірден арық-тұрақтарды бір-бірлеп жетелеп өткізбесе, әбден кетеуі кете ескірген ағаш көпір көтере алмай сынып кетеді. Ол аттан түсіп, қасат қарға мелдеп тұрған жабағының мойнына шылбыр байлап кезек-кезек тасымалдай бастады. Терісіне ілініп, әбден көтерем болған жас малда мінез көрсетуге шама жоқ. аспанның ырқына оп-оңай көніп еді. Ең соңғы жабағыны арғы жағалау – Үлкен жерге жетектеп шығарып, атына енді міне берген кезде...

– Ей, аспан! – деген ұлы аЙҚаЙ естілді де, көкті күңі-

ренткен ұлан-асыр шуылға ұласты. Қапелімде не екенін біл- мей, әуестікпен селтиіп тұрып қалған аспан, «мың-миллион жылқыны қиқу сала қуғандай құдіретті қуатпен дүрілдеген не?» – деп, артына жалт қарағанда, тура қыр желкесінде көкке шаншыла кірген жақпар тасты биік таудың тұла бойы шаңытып, айдаһарша ысқырып, өгіздей өкіріп, найзағай жарқылындай жылдамдықпен ағып  келе  жатқан  жойқын  көшкінді  көрді.  Көрген  бойда

«астапыралла» – деп азбанға қарғып мініп, қамшы басқан. Сатыр- гүтір шапқылап «Сайтан көпірдің» ортан беліне іліккенде сұмдық шапшаңдықпен сусыған аппақ айдаһарлар қуып жетіп, үстінен басып-ақ қалғаны. Дүние: көпір, тау-тас, аспан, анау ілмиіп- ілмиіп елеңдеп тұрған жабағылар – бәрі-бәрі қас қағым сәтте жоқ болды; өлім деген албастының осыншалық төтеден келерін кім


білген, кім білген!.. Таудан құлаған қар селі аспанды қақпақылдай қағып алып, астындағы азбанмен бірге бүктеп апарып, Қабаның қар нығыздалған өзеніне лақтыра салды. Жентек-жентек қызыл суға бір сүңгіп, бір шығып қалқаң қағып, ағып бара жатқан иесіне жаутаңдай қарап, арғы бетте ілмиіп-ілмиіп жабағылар қалды. Секіріп билеп, секіріп билеп, санын сабалап, сақ-сақ күліп сайтан- сағым жүрді тауды шарлап.

аЙҚаЙ әлі жаңғырығып тұр.

Көшкін! Бұл Еңбек елінің жеңе алмай келе жатқан жалғыз- ақ апаты, тілсіз жауы. Сол атаңа нәлет көшкіннің құрбандығы болған адамның алды-арты аспан емес, талайдың көз жасына қалған.Бірақ осы қауіпті біле-сезе тұра алатайға қыстайтыны қалай, осы қауіпті біле-сезе тұра «Сайтан көпірден» өтетіндері қалай?.. мұның шешуін ешкім де, ешқашан да таба алмайды. Бәрібір, алатай мен ауылды жалғайтын жалғыз дәнекерші –

«Сайтан көпірдің» амандығын тілейді. Енді сол қасіретке толы жалғыз көпірден ол айрылды. Әне быт-шыт болып, қармен қоймалжыңданған Қаба өзенінің әр тұсында ағып барады. Тек қана, сорайып-сорайып ағаш бағандары ғана қалған. Енді кісі өлімі болмайды... амал не, өкінішке орай, жер жаннаты алатайға да өте алмайды. Бетоннан құйып жаңасын салып алар дейсіз ғой. Ол – «Сайтан көпір» емес, бірде-бір адам қорықпай, қарқ-қарқ күліп өте шығады да, алатай жайлауынан қадір-қасиет кетеді. адамдар бойынан қатерден сескену сезімі жоғалып, мүлдем құрып бітіп, есінетер ессіздік үстемдік алады. «Сайтан көпір» жер басып, желіп жүрген жүректілер үшін керек еді... Енді ондай көпір салына ма, салынбай ма...

Қар суына қақалып-шашалып ағып баратқан аспан тірі екенін сезіп келеді. Сығымдап жан-жағынан қаумалаған жен- тек-жентек мұздақтар мұны су түбіне батырмай бетіне салып, тербеп, жалмап жұтып қоюға қимағандай асығыс ағызды-ай. Ол көзін енді бір ашқанда сонадай тұста итше шоңқайып ағып бара жатқан азбанды байқады. Өз халін ұмытып, «обал-ақ болды» деп ойлады. амал не, сол «обал-ақ болдыны» өзіне айтар тірі пенде жоқ, тек сансыз сайтандар сық-сық күліп ернін шығарып мазақтай еріп келеді. Дегенмен «Обал-ақ болдыны» бұдан былай қара жер қойнына алғанша естіп өтерін ол шақта аспан қайдан білсін жазған. лықсыған лайсаң су мұны тербете-тербете жағалауға жақындатты. Бұған да шүкіршілік. Әттең саусақтары анау өзенді бойлай біткен қалың тал-терекке бір ілінсе... Дүние


жүзінде аспанның қолынан қарулы қол жоқ шығар, әй, жоқ-ау. Шу асауды құлағынан тұқыртып жүгендеп, құйрығынан басып тоқтатар алапат күштің құр бекер қор болып, су бетіндегі салынды ағаштай қауқарсыздықпен қалқып аққаны мынау. мықтылық дегеннің өзі шарттылық екен-ау. Өзіңнен зор шықса – екі көзің сонда шығады, деп халық бекер айтпаған. Батырып лақтырып, батырып лақтырып қалтқыдай ойпап ағызған топан су, Құдай-ау, шынында да жақындата түсті. міне, құрық тастам-ақ қалды. Суға ағып жүріп су ішпеу қайда, қар араласқан қоймалжың суды сан рет қақала жұтқан. Әне, қол созымда жағалау. Иә, сәт! Ұмтылмақ болды, тырп ете алмады. Табаны бір нәрсеге тигендей ме-ау... Жоқ, өтірік екен. Толқын бір рет лақтырғанда армандай болған жиекке соғылды, екпінімен соғылды... Екі тізесі қан қақсап қоя бергенде ғана шыр айналып өзін іздеп тапқан ақыл-есі быт-шыт болды да, талықсып кеткен. Таяқты судан емес, жерден жеген аспан бұдан әрі ештеңе білмейді, ештеңе. Жағалауға жапсарласқан жақпар тасқа оңбай ұрылған дене бірсін-бірсін жансызданып, арғы дүниенің дәм-тұзын татуға аз-ақ қалған. Өлді деген осы! азаптамай алған аллаға адамдардың не себептен алғыс жаудырары түсінікті болды. аспан жоқ! Елу шақты қыл құйрық жылқы аман қалды.

айқай, дүние-ай, кісіден ит жанды не бар бұл жалғанда!

аспан қыбырлап, есеңгіреген есін жинағанда Қаба өзеніне сұлай құлап, әлі де тамырынан айрылмай суға бас иген молақ қарағайға қыстырылып тұрғанын сезді. Өлмегеніне өкінсе де, тіршіліктің қылықты қыз-қызығы қытықтап көзін ашып еді, тәңірім-ай, жап-жарық әлемді көрді. анау, ұмытпаса – аспан, анау

– тау, сонау тау баурайын жүндеген қалың ағаш – бәрі-бәрі өз орнында, мың жылдық мекенінде тапжылмай төніп тұр. Екі аяғы салбырап суда жатыр. Қозғай алмады. айналайын, екі қолы ғана толассыз жұмыс істеп, қарағайдың қабағын сығымдай бүркітше бүріп ұстаған. Басы да орнында, бүлкілдеп шала-шарпы болса да бір нәрсені ойлағансымақ. Саусақтарын қозғап еді, жан бар екен, қимылдады. Ендеше, бас бар, екі қолы сау болса, несіне қақпанға түскен қасқырдай бұралып жата береді. Әрекет жасау керек. Жағаға шығып, суын сығып, от жағып кептіріну керек. «атаңның басы» – дегендей еді сықылықтап күлген сайтандар. Қорыққанға қос көрінеді деген осы-ау. аспанға анау тау беткейіндегі қар жамылған самырсын, шыршаның барлығы ақ жынсайтандай елестеді. Сабалақ-сабалақ. Тегі, сайтан сайқалдың бұл дүниеде бары рас та. Әйтпесе анау сап түзеп сандалып жүрген салдақылар


солар емей не? Періште ме? Су иесі Сүлейменнің сұлу қыздары ма? Қарашы, мұны мазақтап тілін шығарып ыржақтауын, ырғала сыңсып ән салуын, қарашы... «Бисмилла» – деп күбірлеп еді, әлгі сайтан болып елестеген аппақ сүлделер зым-зия жоғалып, оның орнында қозғалған ағаштар ғана қалды. Қозғалып тұрған ағаш емес, екі қара саннан төменгі жағын ағынды су жұлқылаған өзінің денесі екеніне көзі әрең жетті. «Уһ, аллам-ай!» – деп аһ ұра күрсінгенде, кеудесін өртеген жалын пештен қарғыған қара мысықтай атып шығып, ақылы орнына түсті. «Уһ, аллам-ай, – деп қайталады. – рас, бойымда жан бар екен». Үшінші рет: «Уһ, аллам- ай», – деп ауырсына күрсінгенде, бұлайша сойған суырдай ілініп, аспаққа асылып тұра беруге болмасын, тірі адам тіршілігін жасау керегін саналады. Саналауы мұң екен, миы сартылдап жұмыс істей жөнелді. адамның қос қолы аман болсын де... адамның құдіретті қолдары аман болса... онда... аспандағы айды алуға қуаты жетеді. адамның құдіретті қолы аман болса... онда... жер шарын алақанға салып, әлдилеп тұруға шамасы жетер; егер адамның қолы аман болса... онда...аспан бар күш-қуатын жиып, қарағайдан қапсыра ұстады да, «әуп» – деп жер жаңғырықтыра айғайлап барып, қар суына малшынған өзінің алпамсадай денесін жұлып алды; жұлып алды да, ағашқа атша мініп отыра қалды. Оқыс жасаған ерлігіне сүйсініп-ақ еді. Енді молақтан ұстап жорғалап жағалауға жету ғана қалды. Ол үшін аз-кем аялдап, ақыл-есін бүтіндей жинап алу керек шығар. Ет қызумен «осы екі аяғым сау ма» – деп қозғап көріп еді, тізеден төмен сырқырап қоя бергенде, құлындаған даусы Құдайға жетіп, қарағайды қапсыра құшып жата кетті. Солқылдап миы шақты. Көз алдында миллиардтаған жап-жасыл ұшқындар қаптап, сай сүйегі сырқырады-ай. Жүрегі суырылып, түпсіз тереңге шым батып, құрдымға құлап бара жатқандай мең-зең хал кешті. ысынып, суып ұзақ жатты. Талықсып, талмауыр тартса да, қапсыра құшақтаған қарағайдан айрылған жоқ.

Бұл шақта күн екіндіге тақап, тау қойнауына көлеңке ұялай бастаған. Бағанағы қорғасын бұлттар ыдыраған, ірімшіктеле пышырап, көкпеңбек аспанның әр тұсы жалаңаштана бастап еді. Көшкіннің сесі бәсеңсіп, ашуы байырқалаған өзеннің қызыл суы қаймақшып қатқан. Қар кебінін айқара жамылып тау-тас, қарағай- самырсындар тілсіз телміреді. Тырс еткен дыбыссыз. мұз құрсау киген өзеннің арылы сап болған. алатайдың ақырған аязы шым- шымдап тарап, біртіндеп мұқым тау қойнауына уытын жаяды.


аспан көзін қайта ашқанда, тағы сабалақ-сабалақ сайтан- дарды көрді. «аллам-ай» – деп ышқына тісін қайрағанда, әлгі ібілістер жоқ болып, тек қана ақ тонды орман қалды. Бойында шыбын жаны бар адамға еш әрекетсіз қарағайға жабысып жата беру өлімнен күшті қорлық еді. аспан енді сол етпеттеген қалпы сойдақ-сойдақ бұтақтардан ұстап, ілгері жылжыды. Екі аяқтан дәрмен кетіп, барлық күш, сенім, жауапкершілік екі қолға түскен соң, қайтсін байғұстар, аюдай денені сүйреп жағаға алып шықты. Жағаға тұяғы ілінген соң, не болса да тұрмаққа әрекет етіп көріп еді, қай-да-а-ан, өкіріп барып, кескен теректей құлап түсті омбы қарға. Осылайша – қыбыр етпестен бір сағат жатты қар құшып. Күн тау артына сүңгіп түсіп кеткен. Баспалап қараңғылық туа бастаған. Сонау бір ұшпа шоқының иығынан түн хабаршысы қойшы жұлдыз жымыңдады. Бетті шымшылап аяз келді. Дүние ауыр ұйқыға қам жасап, маңайды жуас тыныштық басқан. Жылқышының қолынан келген бар қайраты етпетінен аунап, шалқалап жатты. Сонда ғана ал қара көк аспанды, сол аспанға тана болып қадалған жұлдыздарды, біртіндеп қарауытып қалғып тұрған қапсағай қарағайларды көрді. Көрді де, шыншыл көңілмен езу тарта қуанды. «Тәңірім-ау, тірі екенмін ғой!»

Дәм-тұзы әлі де таусыла қоймаған аспанның тірі, кеу-

десіндегі жұдырықтай жүрегі дүрсілдеп соғып тұрғаны рас еді. Саптама етігінің ішіндегі сирағы сынып, жансыздана бастағаны тағы рас-ты. Түн ортасына дейін осылайша көкке телміріп, сансыз жұлдыздардан сауға дәметкендей шалқалап жатты. Оның көк аязданған көңіліне сәуле жүгіріп, жанына жарылқаушы нұр болып тараған ай жарығы ғана, тек сол – аспан әлемінде сылана жүзген айды жаңа ғана көргендей сәбилік сезіммен таңырқай қарады. Осыншалық сұлу, осыншалық өне бойды балқытар ыстықтығын бұрын неғып байқамаған. Жоқ, бұл кешегі, былтырғы, тіпті бұдан жиырма-отыз жыл бұрынғы ай емес, басқа, мүлдем өзгеше көркем, кереметтей келісті ай! Шіркін-ау, сарайың сайрап, жаның маздап жатқанда екі аяғыңды қозғауға дәрменің жетпей мешел баладай бейшара күн кешу қандай азап еді... аЙҚаЙ, дүние деген сол... сол...

Қаңтардың қысқы түні өте ұзақ, ащы ішектей шұбатылып

таусылып бітпейді. Оның ұзақтығы, басқа күндерден гөрі, әсіресе осылай азаптың астауында жатқанында қаттырақ сезіледі екен. Кеше ғана, иә, кешелер ғана ор текедей ойнақтап, қара жерді белшесінен алшаң-алшаң басып жүрген азамат енді міне, сол қар


жамылған қара жерден сынық сүйем көтеріле алмай, өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқаны-ай. Жанарымен қуалай- қуалай аспандағы айдан да айрылды. алатай тұстағы мұзбел деп аталатын таудың қуысына қашып кіріп кеткен. Әлгіндегі сүт әлем ымырттанып, бозамық та сұрғылт дүниеге ұласып, жылауық әсермен мұң-мұхитқа бастайды. Таң құлан иектенген мезетте жұлдыздар шаңытып, бірін-бірі жеп жоғалып, олар да таусылды. Ендігі үміт көп ұзамай шығар Күн ғана... Күн шықса орнынан атып тұрып кетердей сергек сезіммен асыға тосты. Қолынан бар келгені кеудесінен жоғары жағын қаттырақ қимылдатып, бет-аузын, екі құлағын дамылсыз уқалай береді. Жан-жағындағы күпсек қарды аюдың табанындай алақанымен күреп әкеліп, денесін көмген болады. Өзін-өзі қар кебінге орап, көсіліп жатқан аспанды жалғыз ғана ой мазалады. «мені іздеп, біреу келер ме екен».

аЙҚаЙ қайтып қайталанған жоқ. Тыныштық.

Көптен күткен күн де шықты-ау. Әлсіз сәулелері сай таба- нындағы аспанға әбден зарықтырып әрең жеткен. Кірпігі діріл- деп, алғашқы жарыққа көз қарыға ұялып, қарай алмады. Күн нұры ол жатқан терең шатқалдың аяққы айрығын қуалап түсіп тұр. Енді он-он бес минутта анау алып таулардың ар жағымен өтеді. Осыны сезген жігіт жалқы сәттік саулаған сәулені таусап, кеудесін көріктей керіп ақырғы ауаны жұтып жатқандай асыға дем алды. Жанарына тебен инедей қадалған істік-істік ұзынша сәулеге басын көтеріп бетін қақтады. Жазда шақырайған күнге алақаныңды тосқанда саусақ-саусағыңның арасы қызарып, алақаныңды тесіп өтуші еді, қазір олай емес, тым-тым әлсіз дүниенің толайымын әлсіздік билеген, мықтылардың барлығы аЙҚаЙДаН шошып аспанмен бірге мүгедек болып қалғандай. Тау аңғарынан сығалаған Күн леп-лез өте шықты. Жасырынбақ ойнаған Күнді қимаған аспан буыны дірілдеп алғаш рет кеудесін көтеріп еді, көп шыдауға дәрмен жоқ, қайтадан құлап түсті. «Осы менің омыртқам да омырылып қалған ба» – деген ұры ой ұялады. Тұрмаққа тағы да әрекет жасады. Ер кезегі үш дегенде ғана – басы қалқайып отыруға шамасы жеткен.

Осының өзі бақыт екен-ау.

Отырғанмен не пайда, тұра алмаған соң. Осы отырысы – мәңгілік отырыс екенін, енді мың жылда да екі аяғынан тік басып, адамша жүріп, адамша адымдап ғұмыр кешу мүмкін еместігін, әрине, сезген де білген жоқ. Екі аяғын және тексеріп көрді, қимылсыз. Тіпті не сыздап, не болмаса ашып ауырмайды. Бұдан


еншісін бөліп алып, өзінше ғұмыр кешіп жатқандай жанға жат. Екі пима тоң болып қатып қалған. Күдер үзген соң еңкейіп барып, қармен қымтап жауып тастады. Тұңғыш рет ішегі шұрылдап, қарнының ашқанын сезді. Сонда ғана қалтасына малта салғаны есіне түсіп, қойнына қол жүгірткен. Бір уыс малта қолына іліккенде буы бұрқырап, алдына төре табақ жал-жая әкелгендей қуанған. Бірақ сартылдап жұмыс істей бастаған санасы сақтану керектігін ескертті, тек кішілеуін ғана аузына салды да, қалғанын қойнына тықты. Қыстың көзі қырауды қойып, жадыраған жазда жан аяғы баспайтын Тардың етегінен мұны кім іздеп, тауып ала қояр дейсің. Осылай ит-құстың жемі болып қалғаны да. Дегенмен үмітсіз сайтан, ел бар, жұрт бар,– біреу болмаса біреу іздеп шықпас деймісің. «Іздеп шығар кімім бар?» – деп қарап отырғанша санай бастады: – Біреу, екеу, үшеу – онға жеткізді-ау, әйтеуір. «Ой бауырымдап» аңырап келер ағайын, жоғын іздер жұрағат деген – жанашырлары осы ғана. Басқалары, бүгін дос, ертең қас, қас-қабағыңды аңдып, қашан қателесер деп аңдып жүрер ауылдастары. Жаңағы ұзынырғасы онға толған азары болса да, безері жоқ дейтін азғана ағайынның өзі аузындағы асын бөліп берер ет жақыны емес, аманы дүзу, бар кезде ғана базар боп кетер қарға тамырлар еді. ат жалын тартып мінгеннен бастап, әкеден ертерек айрылған аспан, сол ат төбеліндей аз ағайынға күнін салған жоқ, табиғаттың кішкене жәндігіндей өз ырзығын өзі тауып жеген. атадан ауысып келе жатқан жылқышылықты кәсіп етіп, есімі аудан, одан оза берді облысқа жайылған атақты ерттеп міне бастағанда, жете алмай жетімсіреп жүрген шағында құйрығын теріс салған жұрағаттары қайтадан шаң берді. Енді, ойлап жатса, он шақты туыстың өзі соңғы кезде аспанның көп-көп қаттылығына нәумез болып, тоң теріс кеткендері бар-ды. Бірі құлынымды тай ет дейді, енді бірі тайымды биеге ауыстырып бер дейді... Ежелден діні берік, адамның ала жібін аттамай турашыл болып өскен аспан олардың буынсыз жерге пышақ ұрар азғырындысына көнбеді. Қара қылды қақ жарар әділдігінен талай-талай таяқ жесе де, алған бетінен қайтпаған. Ендеше, қайта-қайта ойша санап, онға әрең- пәрең толтырған он шақты ағайынның да мұны іздері, өлсе... иә, зәуде көзін мәңгілікке жұмса арулап қояры тым қораш-ау. Өлсе дегеннен шығады, алланың үйінде отырса да ажалдың құрығынан кім қашып құтылған, иен таудың арасында ит пен құсқа жем болмай, сүйегін тауып алса, солқылдап жылап, оң жаққа салып, жаназа оқып қояр нағыз туыс таусылғанына іштей иланды,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.