Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 5 страница




дегенмен оған өкінген жоқ. Сонда кім мұның жоқшысы? Жалғыз ұлы ғана, тек сол аман ғана... ал ұлы жас, кәмелетке әлі толмаған, шикі өкпе, ши борбай. Ендеше, дәл осылай, жападан-жалғыз, терең құздың, ну орманның арасында арғы дүниеге аттанып кеткені иманды шығар. Төлеген сынды қайтқан қаздан сәлем жолдар мезгіл емес қазір. Қазір табиғат та, табиғаттың ерке құсы да өлген... баяғыда өлген. Қазір – қақаған қыс. ағаш сыбдырлағандай болды... рас, біреу ме, бірдеме ме, аң ба, адам ба қыбырлап жүр, әйтеуір. Елеңдеп, мойнын бұрып, жан-жағына қарап еді, ештеңе көрінбейді. Көз байланып қараңғы түскен мезгілде, қар жасырмай қалған әр қарайған зат үрей шақыра үңірейіп, ереуілдейді. ал аспанның бойындағы қорқынышты кеше көшкін ағызып әкеткен. Тағы да сыбдыр естілді, тіпті тура жанында жүргендей... аң ба, адам ба? «аң болса екен, – деп тіледі. – а, Құдай, аң болса екен, бүйтіп ит қорлығын тарттырғанша, жеп тынса екен! Қар үстінде қып-қызыл болып қаным ғана қалса екен. Қан көктем туа қармен бірге еріп кетеді. Сөйтіп, бұл жалғанда сүйегім де қалмай, жым- жырт жоғаламын немесе сол – мені жеген аңға айналып, екінші ғұмыр бастаймын. Жалғыз ұлымның жанында шешесі бар, елде бардың ерні қимылдап ептеп күн көрер...» Оң жақ бүйірден қарды қақ жарып, малтып басып, алтайдың маймақ аюы шықты. Жалт қараған аспан есі шыға қуанды, естірте күлді. Ерсілеу болса да – «ассалаумағалейкум, аюым» деді. Содан соң қолын бұлғап шақырды. – Келе ғой, қорықпа, қаруым жоқ. Қыстың қытымыр күнінде сенің ұйқыңды бұзып, ініңнен айдап шыққан бағанағы көшкін шығар, бағанағы аЙҚаЙ шығар. Келе ғой, қарның ашып жүр-ау, армансыз бір сүйегімді жеші, жарқыным. Түк қарсылық көрсетпейін, қарбыта-қарбыта асашы. Жаныңа жаным қосылып, сайрандайық тау-тасты. рас айтамын, же мені, сенің еркіндігіңді, сенің қаперсіз миқұлалығыңды тәңірім маған берсін. Екеуміз тек осылай ғана бірігіп өмір сүре аламыз. адам аюға айналса дүниеде ешқандай аЙҚаЙ қорқыта алмас еді. Кел, маймағым, асап-асап же мені». Бұл ғажапты қайтесіз. Кісі жеп дәндемеген ақылды аю қарға батып, тұра алмай үйелеп жатқан бейшара пендеге тұмсығын шүйіре қарап-қарап тұрды да, теріс бұрылып  кетті.

«Ей, қайда барасың,– деп ышқына дауыстады аспан артынан.–

Оңай олжаға тырнағыңды қандағың келмеді-ау. Еңбексіз, ерліксіз табылған тамаққа ортақ болуға арландың-ау, хайуаным. рас, бізден гөрі сенде ұят бар. Жоқ, енді мен мың жасайды екенмін. мешел күйімде не өліге, не тіріге пайдам жоқ, ғаріп күй кешерім сөзсіз


болды, сөзсіз». Бұдан соң кісесін тінткілеп, қынын іздеді. мүйіз сап, сары мойын пышағы орнында екен, шапшаң суырып алды. Жарықтық-ай, шілденің ыстығында сұп-суық болып жатушы еді, қазір қандай ыстық... Осындай шеңгелдеп ұстағанда жып-жылы, тұла бойыңды қорқыныштың дірілі емес, қуанышты сезім билер сүйкімді пышақты кім көрген... Бармағымен дүзін басты, лыпып тұр. Оқтаңқырап сол жақ кеудесіне апарды. «Жоқ, тонымнан өтпей, жүрегіме жетпей қалуы мүмкін...» Түймесін ағытып, кеудесін ашты. «Ел-жұртым аман-бол, – деді күбірлеп.– Жалғыз ұлымды тәкаппар тауым, саған өзен-көл, саған, аң-құсым, саған, ей, қара көк аспан, саған, самалдап соққан жел, саған, қар жамылған қара жер, өзіңе – бәріңе-бәріңе аманаттадым. Қош, қош!» – деп, жүрегіне қорс еткізіп салып жібермек болып соншалықты ғажап қуатпен қолын жоғары көтерді. Көтеріп тұрып, дауыстап «иә, тәңірім» – дегенде, мына кереметті қараңыз, ыңырана көтеріле берген ай нұрына дүзі шағылыса жарқыраған пышақ өз-өзінен сусып, түсті де кетті. «Жо-жоқ, – деді сасқалақтап қалған аспан,

– пышақты періште қағып жібереді. Бәрібір, бәрібір өлімтігімді

сүйретіп мың жасайды екенмін».

«ажалың жетпесе, өлу қайда», – деп әлдекім құлағына сыбыр- лағандай болды.

аЙҚаЙ естілмейді – өлі тыныштық.

аспандап шырқаған айға жүз беріп сұлық жатқан жылқышы алғаш рет жаурағанын, астынан шым-шымдап сыз өткенін сезді. Қалтасына қолын салып алып шыққан жұп-жұмыр малтаның бірін аузына тастап, малжаңдаған аспанның көзіне ұйқы тығылып, кәдімгі бейалаң кісілерше қалғыды. Тағы да таң атты. аспанда түні бойы той тойлаған сансыз жұлдыздардың тоз-тозын шығарып күн шықты. мұқым дүние дүр сілкініп, тіршіліктің таусылмайтын таңғажайып күйін шерте бастаған. Қанша қытымыр деп ғайбаттасақ та, қыстың өз ерекшелігі, өз сұлулығы бар ғой. Қар күпісін жамылып, тым-тырыс ұйқтап жатқан шоғыр-шоғыр тастар бейне ақ аю сынды әрі айбынды, әрі әдемі көрінеді. ал алатайдың теріскей беткейіндегі қалың ну орманы – самырсын, шыршалары алыстан қарағанда, сап түзеп таудан асып келе жатқан ақ шапанды сарбаздар секілді. Күні кешелер ғана айранданып тұрған аспан шымқай көк, төбеден алып тегенедей төңкеріліп барша адамзатқа ортақ махаббатпен аялай қарайды. Қарсы беткейде ағаш сирек, сонау бұжыр-бұжыр тастарды қақ жарып өскен шыршалар болмаса бірыңғай жалаңаш. Күнгейдің осы көселенген тұсына күн сәулесі


түсіп айнадай жарқырайды, мың-миллион шыны ұнтағын сәндік үшін шашып тастағандай, көз ұялта жылт-жылт етеді; осынау қарсыдағы таудың жан біткендей нұрланған көрінісіне телміріп жатқан жылқышы жігіт тағы да таңдайына малта тастап, тамсана талмап оразасын ашты. Басы тиіп жатқан күліш етек самырсыннан саулап бетіне қар түсті, бұтақтан-бұтаққа секіріп билеп жүрген ақ тиін құлатқан қар. Тиінның мазақ ойынына ызасы келіп ашулан- ған да, көз алартып қызғанған да жоқ; өзінің мүсәпір халіне өкінбеді де. Әйтеуір, біреу іздеп келеріне сенген. Дәм-тұзың таусылмай тұрып әншейін сеспей қатып марқұм бола салудың аса қиындығын тұңғыш рет сезініп, осы өзі ашқан жаңалықты жапанды жаңғырта, күллі адамзатқа жар салып айтқысы келді. Енді ол өлім сапарына бел буып, бекем кіріспейді, жанын қиюға пенделікпен әрекет жасамайды да. Су ішкілігің таусылмаса таспен ұрса да шыбын жаныңды үркіте алмасын бағамдаған. Қан тамыры, жүйке-жүрегі солқылдап, тіпті бұрынғыдан ары соға түскендей. Әттең-ай, бой мұздатар суықтың күшігі талап, жүйкесін кеміріп барады-ау; әйтпесе тырп етпей жүз жыл жатуға шыдар, шыдар... Көз алдында көлбеңдеген ғажайып бір елес бар. Ол – өмір елесі еді. аспан соған сенген және рухының аса мықтылығына өзі қайран қалған-ды.Суға тиіп, қазір көк сауыт болып қатып қалған мұз тонның ішінде жатқан аспанның санасы сау еді. Неге екені белгісіз, сол сайраған көңіл сарайына қаз бауырлана жүзген сағыныш бар; сарғайыңқы ма, жо-жоқ, атамаңыз, мұңның майда самалы желпіген үлпілдеген ұлпа сағыныш; жүрегін жұлқылап, саздырмаған саумал сағыныш. мұндайда адамның көңілі көбең тартып босамайды, қайта мүсәтір салған күмістей балқып, жанарынан өзі де біліп, сезбеген тап-таза – мөлдір таза шық – моншақ жас ағады: ол жанын қинамай қайнардай шымырлап шыққан шық-моншақ жасты сүртпейді, жылжып ағып ерніне жеткенде, қаңсытқан шөл – сағыныш шөлі кеберсіген ернін жалап, тамсана таусайды; кермек татымайды әсте, уыздай дәмді, балдай тәтті; мұндай зәмзәм жастың себепкері – көзінің қарашығындай көретін жалғыз ұлы – аманды ойлаудан, маңдайынан иіскеп, мауқын басып, мекіренуді көксеген көңілдің көбесі сөгілуден; бәлкім, өлу үшін туарын біле тұра өрсерпін өтер пенде шіркінді аяудан шығар-ау. Иә, адамнан сорлы не бар екен бұл жалғанда?! Оның сорлылығы – ақылдың кеніші деп мақтан етер жұмыр басы екен-ау. Екі аяқпен алшаңдап тік жүруді бекершілік, әншейін әуреге балаған аспан, төрт аяғымен теңселмей тең басатын аң


екеш аңның күні әлдеқайда озық, деп тұжырымдады. Олар – өлетінін әсте де білмейді, сондықтан да бақытты. аспан енді бұдан былай аң іспетті, өзінің емес, өзегінің керегіне ғана жарайтын санасыз, яғни хайуандық адал ғұмыр кешпек. Түнде келген аюдың жаны өзіне ауысқанына қатты қуанды.Бесікке тас қылып бөлеп тастаған баладай тұяқ серпуге шамасы жоқ, шалқа- лап жатқан аспан жаз жайлауда жылқы бағып жүрген әдемі бір сәттерін есіне алды. Шуаққа толы, қызығы мол сауық-сайранды жылдар адамның жүріп өткен жолында неғұрлым көп болса, басыңа қиыншылық орнап қысылған сәттеріңде солғұрлым өзіңді сергек сезінеді екенсің. Бұл жігіт осы жасына дейін қыңқыл- сыңқылды білмей шоласыз ғұмыр кешті. ат жалын тартып мінген уақыттан бері ауру-сырқаудың не екенінен хабары жоқ, айға шапшыған шу асаудай арқырап, арпалысып келген. Енді міне, басын көтеруге зар болып, ажалмен арпалысып жатқан мүсәпір шағында, сол асыр салып, құлдыраңдаған жастық шағының көп- көп әдемі кезеңдерін көз алдына елестетіп, ойша тағы бір қайталайды. мұндайда әлемдегі барлық затты мың есе артық сүйіп, баршасын құшағына алып аяғың келеді екен; мұндайда жамандық атаулы көңілден дүркірей қашып, өмірдің тек қана күнгей жағы қалады екен.Әлі есінде: әкесіне айтпай жылқыдан ат ұстап мініп, арғы бет – марқакөлге түн жамылып сан рет барып еді-ау. Сармөңке деп аталатын ауылда танысқан қызды кейін аНаУ алып қашып кетіп еді... алтай аруы – марқакөлдің жағасында отырып, жан дүниесі талай-талай ай нұрына семірген сырлы түндер күні кешегідей жадында: сондағы лаулата жаққан от, сондағы шырқата салған ән, сондағы ыстық-ыстық сүйістер, ынтыққан, бір-біріне саусақ жая ұмтылған жүректің асау толқынын сап-саппен әрең басқан үнсіз отырыстар... дүрбімен көргендей көз алдынан өтіп жатты. Жарықтық жайлаудың саумал самалын жұтып, бір тілек, бір үміттің қыл арқанына шырмалаған күйі сонау аспанда  кәперсіз  жүзген  айға  телміріп,  сол  айналайын  аЙға

«бізді бақытты ете гөр» – деп, әрқайсысы өз ішінен  мінәжат

айтқан. ай қос ғашықтың тілегін бермеді. Қыз «Сайтан көпірдің» ар жағында, жылқышы бозбала бер жағында қалды. аспан қыс ішінде бұл жаққа жете алмады. Уәделі уағында келгісі келді-ақ, амал не, онда да аЙҚаЙ естіліп Тарға көшкін түскен де, жалғыз жолды қар басып қалып еді. алатайда қалған қыздан күні бүгінге дейін хабарсыз, мәңгілікке жоғалтқан. Өзі қазіргі келіншегіне үйленіп, дүниеге аман атты ұл келді. Дүниеге ұл келген соң, ұлы


махаббаты ұмытылғандай еді ғой. Қарашы, өлімнің есік алдында қыңсылап жатқанда аппақ сүлде болып қайтадан қылаң беруін. адам өлімнің босағасында жан тапсырайын деп, арғы әлемге дайындалып жатқанында өмірдің бел-белестері алқабелге айналып, бейне бір кинодағыдай көз алдынан аса шапшаң елестеп өтеді екен-ау.аспан жылқышы азды-көпті ғұмырында тымағын алшысынан киіп, шаттықтың шанасына шалқайып мініп, тұнығын шайқамай, желдей есіп, желе жортып көрген жоқ. азабы мол еңбегінің жемісін теріп, қызығына масаймаса да, әйтеуір, бір айналып соқпай қоймайтын бақытты күннен күдерін үзген емес- ау. рас, басы ауырып, балтыры сыздаған кездері көп-ақ, дегенмен қаншалықты қанжілік болып жүрсе де өкіметті де, Құдайды да қарғаған жоқ, өзінен, өзінің тайқылау біткен маңдайынан көретін. Бұл жалғанда әлін білмейтін әлектер аспансыз да жеткілікті, ендеше, аш отырып ас таңдайтын, жаяу жүріп ат таңдайтын кергіме мінез, басқаның талайына біткен қаспағына көз аларта қарайтын нәумездік сыбай атты жылқышы үшін мүлдем жат хадеттер еді. Тіпті бала жастан біртоға, бұйығы өсті. ауылды алатайдай бүлдіретін алаңғасар тентек ұлдардың тобына қосыл- май, әкесінің қанжығасындағы жанторсығы секілді, таңды таңға ұрып, бір елі қалмай ере беретін. Қаршадай ғана ұлының балалықтың базарына елікпей, ерте есейгені үшін мың да бір шүкіршілік жасап, жалғызсыраған жанына жалау іспетті, көз қуанышы, көңіл медеті еді. Тұқымынан қаталдау, балаға онша- мұнша бауыр еті елжіремейтін, әйтсе де, соңынан бір елі қалмай томпаңдап еріп, жылқы қайырысып, тыным таппай жүретін ұлын көргенде: «артымда қалар тұяғым, өмірімнің жалғасы, түтін шығарарым», – деп күбірлеп, әкелік қатал да қайырымды жүрекпен елжірей сүйетін. ал аспан болса әкесін жанындай жақсы көретін, әрі сол ала бөтен махаббатын жасқана жасыратын. ғұмыр жалған- да да «құлыным» деп, маңдайынан сипап, бетінен сүймепті. алдына алып еркелетіп, әлдекімдердей әспенсітпепті. Әке мен бала арасындағы осына суықтау қарым-қатынас әсте де салқын сезім туғызған емес, қайта қажымас қайраттылыққа, өр серпіген өжеттілікке бастайтын. Бір-біріне иек сүйемей, әрқайсысы мынау жалпақ жапанды нық басып тұрарлық дара да оқшау бітіммен баз кешкен. Енді міне, өлім әлдилеп қар бесікте жатқан аспан жылқышы сол өмір бойы жылқы соңында жүріп, жан тапсырған сартақым әкеден мирас болып не қалды десе, алатайда сары жұрт қалды, сартаптана қатқан қайың құрық қалды. Өзінен кейінгі


ұрпағына мұра жинау иісі қазақтың табиғатына өгейлеу болса, ал сіңірі шыққан қара сирақ кедейден теректен ойған келіден, шеті жырық астаудан өзге не қалушы еді. Бұл халық артына рухани байлықтан, ұлағатты сөз бен ұлттық дәстүрден өзге дүние жинауға салақ-ақ. Ой безбеніне салса аспанның да балиғатқа толмаған шикі өкпе ұлына аманаттары аз екен-ау. Тым болмағанда, сілбелеп жаңбыр жауса сорғалап су ағатын тоқал үйді де төбесін жауып, шатырлап бере алмапты. Қандай сорлылық... сорлылық емес-ау, осының барлығы да кәперсіздіктен туған салақтық емес пе? ағаштың ішінде отырып ағашқа жарымайтын ағайынға айттың не, айтпадың не, баяғы айдай – сол айдай, әлеулайы таусылса, бойдайталайына салып, сүзбебуаз күйінде күн кешеді. Иә...

«ойхой, дүние серуен, адам бір көшкен керуен» – деп, торы шолағын сабалап, торсаң-торсаң желген ауылдастарым-ай, менің мүсәпір халім бастарыңа түскенше түңілмей, таңғы нәсіпті тәңірден дәметесіңдер-ау.аспан жылқышының тәтті елестерін тура қарсыдағы балапан шыршаға қонып, шықылықтаған сауысқан бөлді. «аузыңа май» – деп күбірледі. Әдетте қазақ үйдің бұрышына сауысқан қонып шықылықтаса алыстағы жолаушы ораладыға, не болмаса сыйлы қонақ келдіге жорып, осы сөзді айтатын. Өтірік, шынын қайдам, қысы-жазы адам жанынан ұзап шықпайтын сауысқан бекерден-бекер таңдайын қақпайды. Әлде, аспанның жемтігін аңдып жүр ме екен... Қыста құзғын болмайды. Қыста тек, құстың сағы – сауысқан, құстың қоры – қарғалар ғана қалады. Неге? мұның сырын жылқышы күні бүгінге дейін білген емес. Түн қатып, түсі қашып мал соңында жүргенде, жанынан жалбалақтап ұзап кетпейтін, осы қарапайым құстарды ел медет тұтушы еді. Тіпті, ақындар жырға қосатын бұлбұл, аққу-қаздан гөрі атағы ауызға іліне бермейтін қарапайым құсты анағұрлым жақсы көретін де, күз түсе өзін тастап, жылы жаққа ұшып кетер сұлтан құстарды ұнатпаушы еді. Қарға мен сауысқан, бұтаны қорғалаған шымшық аспандап та, басқа жаққа ауып та кетпейтін, туған жердің құсы, жер басып жүрген жаяу адамдардың өзі сынды. Қарабайыр құс пен қарапайым халық арасынан үлкен бір ұқсастық іздеуші еді. анау құйрығы шошаңдап, шықылықтап отырған сауысқанның келісін жақсылыққа жорып жатуы да содан болар. Бұл жердің тауында бүркіт те бар, пайда не одан... Табиғаттағы мықтылар мен әдемілер әңгіменің ғана арқауы, тек өздері үшін ғана жаратылған. ал өмірдегі мықтылар ше?.. Олар кімдер үшін


жаратылған? аспан оның байыбына күні бүгінге дейін барған емес. адам баласы тек екі аяғы бар кезде ғана, құстар тек екі қанаты бар кезде ғана құдіретті екеніне тұңғыш рет көзі жетті. Иә, екі аяқ керек!

«Екі аяқ» дегеннен шығады-ау... Баяғыда, өзінің жас кезінде әкесі – Тәңір де осы Қабаның суына ағып өліп қала жаздапты. Сонда әкесі айтқан әңгіме күні бүгінге дейін есінде.

– Наурыз туып, күн жылына бастаған шақ еді, – деп еді Тәңір.

– Таудың қары жылбысқылана еріп, көшкіннің қаупі азайған соң ойдағы елмен хабарласып, азық-түлік алып қайтайық деп атқа қондық. Жанымда көмекші жылқышы бар, көбіктеніп ақ айран болған жолмен ілби аяңдап келеміз. Таңертең тоңданып жатқан жер күн көтеріле жіпси бастаған. Сол жылы, неге екені белгісіз, көктем тым ерте шықты ғой. алатайдағы қыстақты артқа тастап, Қабаның суына қарай құладық. Өзен бетіндегі мұз әлі ерімеген, атты кісіні көтеретіндей қауқары барына күмәнданған жоқпыз. Сондықтан да көпір айланып жүргенше деп, сенімді түрде төтелей тарттық. Таудан терең сайға қарай ылдилаған аттардың тұяғы тағалы болса да, сүргектеп, әрең аяңдап келе жатыр. Қалың мұздың астында бұлқына аққан өзеннің күркіреген даусы жаздағыдай емес, құмығып әрең естіледі. Салба-салба самырсындардың бұта- ғында ілініп тұрған қар ери тамшылап, діңіне дейін суланған, бейне бір ағаш қуаныштан жылап тұрғандайтын. Тау басына кешеу- ілдеп әрең келетін көктемнің осы секілді кейбір нышандары көңілімізге ептеп жылу таратқандай еді. Былтыр осы мезгілде ұлып боран соғып, қиғаштап қар жауған. Табиғаттың биылғы төтенше пейіліне риза көңілмен үсті жіпсіңкіреп жатқан мұзға қарай бет қойдым. астымдағы ат алғашында түсе кетуден жасқанып шегіншектеп еді, шу-шулеп, тебініп едім, тағасын кірш-кірш қадап, тапырақтай жөнелді. Жолдасым мен арғы бетке аман-есен өткен соң ғана, тәуекел жасағысы келді ме, өзеннің шетінде дізгін тартып, аңтарыла қарап тұрған. мұзды кітірлете дәл орта шеніне жеткенде атты адамды көтере алмаған көксіреу сатыр-сұтыр ойылып-ақ кеткені. Көзді ашып-жұмғанша болған оқыс оқиға еш нәрсе ойлап үлгертпеді. ат күмп ете түскенде сасып қалған мен мұздың ернеуінен қапсыра ұстай алдым. Екі аяғымды су жұлқылап, уақыт өткен сайын қойнына тартады. ал ат болса мұздың астымен аға жөнелген. Жан дәрмен айғай салдым... Жолдасым менен ары қорықса керек, алғашында қызықтағандай делдие қарап тұрды да, енді бір рет жан ұшыра айғайлағанымда аттан домалап түсіп,


қалбалақтай жүгірді. Екпіндей келіп екі қолыммен мұздың ернеуінен ұстаған мені осы жаңа ғана көргендей көзі бақырая қарады. Содан соң бүлдіргесі білегіме ілініп жатқан қамшыдан ұстап тартты. ал Қабаның асау өзені сирағымнан жұлқылап әурелейді. Ойылған мұздың астына жұтыла бастағанымды сезіп жатырмын. «арқан әкел» деп дауыстадым. Жолдасым білегімді қия шірене тартқан қамшыны тастай сала, атына ұмтылды. Ол қанжығадан қыл арқанды шешіп алып, қайта бұрылғанда, мен жым-жылас жоқ едім. мұздың ойылған тұсы үңірейіп бос жатқан... Иә, мені асау ағыс ала жөнелген: жалаңаш саусақтарыммен беті жіпсіген тайғақ мұздың ернеуін тырнағымның көбесі сөгілгенше тырмалағаныммен, асау толқын екпіндей келіп бір пергенде шыдай алмады, аяғым төмен, басым жоғары қараған қалпы салындыдай да қауқарым жоқ, қалқи ағып барамын. Есіме ең әуелі түскен сөз:

«Өлдім-ау». Бірақ осыншалық тез, осыншалық қор болып өлемін

деген ой үш ұйқтасам түсіме кіріп пе еді. Суға қақалып-шашалып бір батып, бір шығып ағып келе жатқанымда байқап қалғаным, қыста қысылып барып қатқан өзен кейін суы қайтқанда мұз екеуінің арасына, жүрелеп отырғаныңда төбең тиердей, бос қуыс пайда болған екен. мен сол өзен мен мұз арасындағы қуыста қалған ауамен анда-санда қарпи дем алып сусыдым. аяғым бір нәрсеге соғылғанда... жұлқи ағызған толқын сүйрелеп апарып белгісіз затқа мінгізді де тастады. Басымды көтеріп жан-жағыма қарадым. мұндай ғажайыпты кім көрген, менен бұрын ағып кеткен ат өзен табанындағы үлкен жартасқа ілініп қалған екен. мені де сол өлген аттың еріне мінгізіпті. Бойымда шыбын жаным барда әрекетсіз арам өлейін бе, есімді ептеп жиып, өз-өзіме келген соң төбедегі мұзды басыммен итеріп байқап едім, тіпті мизер емес. Белуардан су кешіп отырған қалпы арқамды сипалап едім, мойныма ілген мылтығым орнында екен, қуанышымда шек болмады. Жалма-жан сыпырып, аузын мұзға тірей шүріппесін басып едім, атылмады, оттығына су кеткен секілді, патронын жұлып алып, лақтырып жібердім. Енді не істеу керек? Су мен мұздың тұтқыны болып, еш әрекетсіз отыра беру – арам қатумен тең. Тісім-тісіме тимей сақылдап, масқара жаурадым. Бар даусыммен өңешімді жырта айғайладым: «Көмектесіңдер! Өлдім! Құтқарыңдар!» Жауап болмады, жым-жырт тыныштық, тек қана Қаба өзенінің өгіздей өкірген ұлы сарылы ғана құлақ тұндырады. Енді не істеу керек?! мылтықтың дүмімен төбедегі көксіреу мұзды бар пәрменіммен ұрғыладым. Қандай құдірет жебегенін кім білсін, әйтеуір, сол



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.