Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 37 страница



Баяғыда туған осы ойын тағы бір рет қайталап еді ішінен. Дархан сонда қайсысына қосылады?..

Келесі күннің кешінде әр үйдің ауласында жерошақтан түтін будақтап, таба алғаны қой, таба алмағаны тоқты-торым сойып, бір-бірінен қарыз алып азаматтарды алғашқы рет майданға шығарып салу ырымы жасап, у да шу болды. Бір үйдегі бас көтерер бір кісіні әскерге алып кету оңай тиген жоқ. Тағдырдың ісіне көну мен төзуден басқа қолдарынан келер айла қайсы, халық басына төнген апаттан жандары артық емес, жылады да шыдады. Ендігі міндет, ер-азаматты ренжітпей, ел боп аттандырып салу ғана. Құланды станция деген аты ғана болмаса, айналдырған қырық-елу үйі бар шағын ғана ауыл еді; ауыл кішкене болғанымен арманы үлкен, жер басып жүрген басқа жұрттан кембіз, қормыз деп отырған жоқ, өз қуанышы, өз қайғысын арқалап ертеңіне асыққан.

Торқалы тойы, тонырақты өлімі бар үркердей үйірілген ауылдың берекелі тірлігі жаңа ғана басталғанда соғыс деген албасты шықты. Ал, адамды адам өлтірмейтін соғыс тарихта болған емес.

Осы күні таңертеңнен кешке дейін майданға шақырылған жігіттер қыңырыстап, бір-бірінің үйіне жиналған. Жайлаудан алған қымыздың буы қыздырды ма, жоқ әлде қызды-қыздымен соғысқа барарын ұмытып кетті ме, жігіттердің қай-қайсысы да көңілді, айтшылағандай ән салып, алақандай ауылды сілкін- діріп тастады. Жол жүретін азаматтардан гөрі соңдарынан


шұбап еріп жүрген қосамжарлары көп. Қамбардың жалғыз бөлмелі үйі адамдарға лық толы. Қақ төрде өзі, оның оң иығын ала Дархан отыр. «Түрікпен төрін бермес, өзің жатып алыпсың ғой, ары отыр» деп жанасалай келген Төленді өзі үй иесінің сол жағынан орын тепті. Әскерге шақырылған Дүйсен, Байғабыл, Қазтайлар да осында. Ауылдың ақ жаулықты әйелдері еркек- терден қалмай ілесе келіп, Дүрияның аяқ-табағын ұстасып сабылысып жүр. Ескілеу қарағай домбырасын алдына өңгер- ген Қазтай әр күйдің басын бір шалып тыңқылдатады.

– Әй, құлағымның етін жемей, шертер болсаң дұрыстап шертші, – деді Төленді ежіректеп.

– Тамақ жеп әлденіп алайын, сонан соң аңыратамыз жарықтықты.

– Тақертеңнен бері аш жүр ме едің, рельс төсеп келгендей кергігені несі, – деп іліп-шалды Төленді.

– Соғысқа аттанатынымыз қандай жақсы болды. Армансыз бір тойдық-ау, – деп кекірді Байғабыл.

– Домбыраңды маған берші, – деді Қамбар малдас құра ыңғайланып.

– Ой, сенің осындай да өнерің бар ма еді, – деп қағытты Төленді.

– Ақжайлаудағы алтыбақан мен қызойнақ менсіз өтпеге- нін ұмытып қалғансыңдар-ау, жігіттер. Бұл жарықтықты содан бері қолыма ұстағаным осы. Саусағым қатып кеткен шығар.

– Домбыраның құлағын бұрап, күйлеп біраз отырды да «иә, біссімілла» деп дірілдеген қос ішекті қаға жөнелді. Перде үстіндегі саусақтары сәнмен сырғып, әуен ырғағына қарай ілгерілі-кейін сыпылдады-ай.

– Ой, мынауың сау сиырдың тезегі болмай шықты. Бәсе- бәсе, Омар байдың оң босағасындағы Дүрия сұлуды құмар қылған осы өнері екен ғой. – Кең тынысты күйдің толқып, шалқып желдей есе жөнелген күмбірін тыңдап, әлдебір ойға берілгендей тұнжырап ойға батқан жігіттер Төлендінің бұл қыстырма әзіліне мән бермеді. Әркім өзінің жылдар бойы аңсап келген бостандық аралына жүзіп жеткендей, ал аман- есен жетіп алғаннан соңғы бір сәттік тыныштық, өз жігер- қайратына сүйсінушілік сезімін кешер. Шаршаңқы жуастық, ұзақ шайқастан соңғы тыныс алар бейбіт сәт – жеткен жеңісіне мастанудангөріқорқынышыбасымдел-салминуттар...тымалыс-


та әрі өте жақында сағымша бұлдырап, қуған сайын қашатын, қашандаған сайын өкшелейтін алдамшы үміт таусылмас бірақ, бәрібір жетпес арман жүректің баяулап «баянсыз, баян- сыз» деп лүпілдеуі – құйқылжымай, шырқау биікке аспан- дамай қоңырлап есер жайлаудың салқын самалы секілді жан-дүниеңді өзің де біліп түсінбеген түпсіз тұқғиыққа жүр- жүрлеп жетелеген күй әуені... шым-шымдап тартып, таң- қалдыра аймалайды. Тыныштық. Сол тыныштықты өзінің қарапайым да құдіретті сиқырлы үнімен билеп-төстеген дом- быра, сол домбыраның ботасы өлген боз інгендей боздауы; сұлудың көз жасындай әдемі мұңмен сорғалауы; қытықшыл ойыннан аулақ, сарайыңды сайрандап жібектей биязылықпен еркелейді; ертекті жұмақ дүниеге сапар шеккендей жасанда- нып, мынау төрткүл дүниенің бетінде тірі жүргеніңе өкінесің әрі қуанасың; бейіштің соққан самалы, оны кім көріп-біліпті, егер бар болса, сол самал осы шығар-ау; осы қос ішек, қу тақтайдың көмейінен саулаған райыс күйі болар-ау... Күйді көріп отырғандайсың: аппақ-сықылды; қалықтай басып, тана- дай көзі жаудырап, басыңнан сипайды, тамырыңызды басып тыңдайды, өне бойынан нұр жауып, аялы алақанына салып әлдилейді; сен аппақ сүйектен жонып жасаған бесікте бөленіп жатқан секілдісің; басында сені тербеп, жан-жағыңды қымтап- жауып ақпейілді Күй-ана отыр; жаулығының шетінен шыққан ақ шашы қандай; осынау Күй-ана тербеткен бесікте мең-зең халді бастан кешіп, көзің ояу, көңілің мас жата бергің келеді, жата бергің келеді... Осы сәтте әлдекім есікті жұлқа ашып кіріп келеді де, қолындағы найзасын білеп «соғыс» деп айғай салады.

Айғай салған Қамбардың өзі екен. «Соғыс!» Қаттырақ қағып жіберсе керек, домбыраның үстіңгі ішегі үзіліп кетіпті. Өзі сол ішегі үзілген домбыраны маңдайына тірей таянып, төмен қарап тұқшиып отыр. Әлгі минуттағы тәтті сезім быт- шыт болды да, үстінен шашыраған нұрды жинап-теріп алған Күй-ана жоқ болып кеткен. Не болғанын білмей отырған жұрт ұйқысынан шошып оянған сәбидей көздерін ашып-жұмып зеңеді.

– Қамбаржан-ай, – деді жасы егде тартқан Байғабыл. – Кісінің есіне қай-қайдағыны түсірдің-ау.


– Құрысын бәрі де, – деп желпінді Төленді. Саздау тартқан сезімін әдейі серпіп тастап: – ауылдың алты-ауызын айтайық, оған дейін Дүрия келіннің еті пісер...

– Ас дайын, аға, – деді босаға жақта жағын таянып, болмысында жоқ жуастықпен отырған Дүрия. Жылаған секілді. Кірпігінде шық-моншақ секілді ілініп-ілініп тұрған жасты жаулығының ұшымен сүртіп орнынан тұрды.

Осы топта тек Бати ғана жоқ еді. «Ассаламағалейкүм» деп екі бүктетіліп есіктен кірді.

– Жамандап жүреді екенсің, – деді Төленді тек отырмай.

– Оны бір Құдайдың өзі білер, кімді-кім ғайбаттап жүрерін.

Қайын-жұрттан кісілер келіп қалып шыға алмадым.

– Жаман күйеу қайынсақ деген...

– Былжырамай отыршы, құйысқанға қыстырылған...

– Ар жағын айтпай-ақ қой, түсіндім. – Тегі Батидан ығатын болу керек, одан әрі сөз таластырмады.

– Бати ағаның сыбағасы сақтаулы. – Дүрия жеке табақ жасады.

– Жігіттер, – деді Дархан қомданып. – Міне, сендер Құлан- дыда соңғы түнді өткеріп, ойнап-күліп отырсыңдар. Ертең ертелетіп ұлы жорыққа аттанасыңдар, жортқанда жолдарың болсын, жолдастарың Қызыр болсын. Аман-сау елге оралып, дәл осы тобымызбен жеңіс күнін тойлайық. Мен де сендерден қалмайын-ақ деп едім, дәм жазбады. Қайыршыға жел қарсы деген сол... Әскерге алыңдар деп ауданға да барып қайттым, қайтейін, ақталғаным емес, міне түн жамылып отырмын, шынымды айтсам, бірінші болып мен кетуім керек еді. Құдай жалғыз – мен жалғыз, қасық қаным қалғанша алысып, жауыңды жастанып шейіт болу да арман болды бүгінде. Енді міне Құландыдағы қатын-қалашпен арпалысып, тағы да сүйкімсіз болуды маңдайыма жазыпты. Бәрің де үйелменді жігітсіңдер. Арттарыңда қалған бала-шағаларыңа бас-көз болғаннан өзге қолдан келер қайран жоқ. – Көшелі сөзді бәрі ұйып тыңдады. Дарханға деген риза көңілмен мақұлдасты, ал оның үстіндегі мың батпан жүк жеңілденіп, сергіп қалған-ды.

Жұрт үйді-үйіне тарқап, Қамбар мен Дүрия жеке-дара қалған соң үнсіз ыдыс-аяқ жиналды, үнсіз төсек салынды. Бүгін жұп жазбай бірге өткізген ғұмырларының ақырғы түні екенін біле тұра, әлдекімдерше ауыз жаласып, бас ауыртар


артық сөзге барған жоқ. Рас арадағы сандаған қиындықтарды жеңіп қолдары жеткен жеңісі – екеуінің. Бір үйелмен болып бірігуі еді, соңғы кезде үй-ішілік ұсақ-түйек сөздер болмаса қабақ шытысып көрген жоқ. Ешкімге өкпелері таға жоқ. Бала жастан бір ауылда өсті. Он жастай алшақтықты жылдың өзі-ақ теңестірген, егіздің сыңары Дүрия Гүлиядай емес тез бойжеткен. Құландыдағы сауыққой сері жігіт – Қамбарды таңдаған да, шешесінің қарсылығына қарамай тұрмысқа шыққан өзі. Енді міне, сол ғашық болып тиген күйеуімен қоштаспақ. Жаратылысында қағылез шайқы жігітгерді жақсы көретін Дүрия келе-келе... бір кезде мінсіз болып көрінген Қамбардан көп кемшілік тапқандай, асығыстық жасадым ба деп өз-өзінен күмәндана бастаған. Көңіл шіркін, ол да бір гүл секілді. Күн сәулесі қай жақтан түссе, солай қарап бұрыла берер босаңдығы бар құбылмалы дүние екен. Бірақ, әрі асығыс, әрі арпалыспен өткен жылдар Дүрияның өмірді қайта бастауына еркіндік берген жоқ, тіпті ондай еркелікті көтермейтін еді. Былғары киген жігіт үлкен бастық болыпты дегенді естігенде, сонау тәргі кезінде бұлқынып барып басылған жүрегі дір етіп, өкінішпен лүпілдеген, лүпілдеп барып әдепкі ырғағына түскен. Ол әсіресе, Дархан мен Гүлияның ұлы сүйіспенішілігін қатты қызғанды. Адам баласында дәл осындай балталасаң да ажырамас махаббат боларын және оның мәңгілік екенін соңғы кезде ғана саналаған-ды. Онда да Гүлияның өлімі, Дарханның аруағын азалап, он екі жылдан бері тірі пенденің бетіне еркектік әуестікпен қарамауы, ұрғашы атаулыға мойын бұрмауы ой салған, толқытқан, тіпті белгісіз бір әуестікпен қызықтырған.

«Егер мен өлсем, сондай ерлік Қамбардың қолынан әсте де келмеседі»дегенқауіпқамалап,дүниежүзіндегімахаббаттуралы жырлардың бәрінің растығына иланған, шыншыл да құштар жүрекпен сенген. Жарынан айрылған соң жалғыздықты таңдап алған Дархан оның көз алдында барған сайын шоқтықтанып, Кеңгірдің жотасындай биіктеп барады, міне, нағаз еркек деп сол кісіні айту керек; әйелінің топырағы кеппей жатып тілін жалақтатып, қолын уқалап көшеге шығатын жеңілтек жігіттер қаншама жер бетінде...

Алғаш Қамбар әскерге шақырылғанын естігенде тұлан тұтқан Дүрия байсыз қаларын уайымдап жыламаған еді. Егер басы қалқайып, шыбын жаны оралса, адал жүрекпен тосу мұның


да қолынан келеді. Өнебойы ажырамастай болған ыстық құшақ кенет екеуін екі бағытқа ала жөнелгенде тез суып, тез шаршап қала ма деп шошынғаны шығар. Екеуінің де болмысында Гүлия мен Дарханның бойындағы күш-қуат жоқтығын сезініп, сезіктенгені шығар. Тар жол, тайғақ кешу сапарында бір-бірінен көз жазып, адасып қалғандай болса; жаман айтпай жақсы жоқ, бір-бірін жоғалтып алғандай болса, тәңірім-ау, жігерсіздік көрсетіп, елге күлкі, дұшпанға таба – ұятқа қалып жүрмей ме... Оның үстіне Қамбар кетіп, Дархан қалып барады... Күні ертең осынау алып адам биіктеуін қоймаса, жалғыз жортуын қоймаса, бәрі қырылып өзі ғана тірі қалуын қоймаса, ұят-ай... сұмдық- ай, мұндай да өмір болады екен-ау... Қалай ғана қылмысты ойға барады екен... әйелдің көңілі қырдың қызғалдағы екені рас. Кімнің күні шықса соған қауызын ашады; оның үстіне алданышқа айналып, екеуарасына дәнекерге жүрер баласы жоқ, осылайша жатыры кеуіп бедеу қатын күйінде қала ма?.. Қамбарға сан рет қақсап айтты: «Семейге барып, дәрігерге, не болмаса бақсы-балгерге қаралайын, осылайша ұрпақсыз, ұрансыз өтеміз бе?» – деді, ал ол үндемеді, күрсінді, бала асырап алайық дейді. Неге? Құдайым-ау, баласыз адам ол да бір

– тамырымен қопарылған ағаш, суалған күйі мәңгілікке қаңсып қаласың. Ертең отқа жағады, содан соң күлге айналасың...

–Осылайтілқатпағанқалпымыздақоштасамызба?–дедібаға- надан бері тым-тырыс жатқан Қамбар мұрны пысылдап үндемеген соң, ұйықтап қалдыға жорып еді. Ол да ояу екен.

– Бір түнде не айтып тауысамыз, сөзден жалыққан жоқ па едік? Бәрібір ойша сырласып жатырмыз...

– Сенің көңіліңді алағызатын менің соғысқа аттануым емес, басқа нәрсе...

– Оның рас, басқа нәрсе.

– Менің кетуім емес, қайтып келуім шығар... сені қинайтын...

– Әзірше ондай жамандыққа қимасақ етті. Қызу қанды едің, оқтың ортасына өзің кіріп кетесің бе деп қорқамын.

– Соғыс жасырынбақ ойнайтын жер емес, Дүрия. Әділдік- тің, батылдықтың алаңы.

– Мен сені адал сүйдім, Қамбар. Оған тырнақтай да күмәнің болмасын. Оны дәлелдеу үшін ант-су ішіп қарғанудың қажеті жоқ. Міне, түн жамылып жатырмыз, мінезімнің жеңілтек


екені рас, бірақ сенің алдыңда арым таза. Бұл дүниенің талай қуанышын бірге бөлістік, енді қайғысына да ортақтасып көрелік. Сын сағаты екеуміз үшін енді басталды. Гүлия мен Дарханның көргенінің біз жартысын да көрген жоқпыз. Осы өкімет орнамай тұрғанда сен сал-сері болып, бар өміріңді қызықпен өткізгенсің. Одан соң бірден оқуға кеттің, оралған бетте ел билігі – кішкентай болса да қызмет тиді қолыңа. Дархан құсап мың өліп, мың тірілген жоқсың; қолыңды қайла, аяғыңды шарқай етік қажаған жоқ. Қазіргі тұрмысымыз да біреуден ілгері, біреуден кейін, шүкіршілік, жаман емес. Менің де Гүлия секілді бетім тілінген жоқ, денім сау, киімім бүтін, тамағым тоқ қалпында. Дүние қанша өзгеріп жатса да, қиыншылық көрме- дің. Басынан өткен аласапыран жаңбырдың ара-арасынан жүріп келе жатқандаймыз... Қабырға қайыстырар қайғы, бал- тыр сыздатар ауыр жұмыс, табан тоздырар ұзақ сапарды бастан кешпедік. Міне, енді сол кедергілер мен кезеңдерге төтеден тап болып қиналып жатқанымыз? Біздің өмір, Қамбаш, тым-тым әдемі басталған, тым-тым жеңілдеу жеткен секілді едік осы межеге... Осылардың барлығын салыстыра, салмақтай келе өз-өзімнен әлденеден қорқамын... Екеуміз бұл азапты сапарға мүлдем дайындалмаппыз. Дархан мен Гүлия болса... тіпті біз құсап бірін-бірі жаңа көргендей қойындасып жатпас та еді, бәлкім. Көзімізді жұмып елестетейікші, осындай сәтте не істер еді? Гүлия Дарханның жолына керекті ол-пұлын дайындап, Дархан қора-қопсысын жөндеп, таңатқанша көз ілмес еді; өйткені олар үшін соғыс дегеніміз тіпті де қорқынышты емес; Дархан тағы да бір Түркісіб салуға аттанардай ғана әсер етер еді. Өйткені олар, нендей бір қауіпке сақадай сай; өйткені олар бұған дейін жүріп өткен жолын біледі, сондықтан да алға басудан сескенбейді... біз енді ғана бастадық сол жолды, Қамбаш.

Ұзақ сөйлегенін жаңа байқағандай жастықтан басын көтеріп іргесінде өзін аса шыдамдылықпен тыңдап жатқан күйеуінің кеудесіне басын қойды. Оның жанарынан аққан жасты омырауын шылағанда ғана сезді Қамбар.

– Тағы да жыладың-ау, – деді алақанымен сүртіп.

– Көз жасымды сен кетпей тұрып тауысып алайын.

– Адамның көз жасы өлгенше таусылмас.

– Бәрібір жыламаймын.


– Сенен ондай ерлік шығады.

– Қамбаш, – деді Дүрия басын қайта көтеріп, – соғысқа мен де сұрансам қайтеді?

– Әзірше біреуміз бара тұрғанымыз жөн шығар. Мені тосатын да адам керек қой.

– Ендеше хат-хабарыңды үзбе.

– Мұнда сендерге де оңай тимес. Ер-азамат атқарған барлық жұмыс енді сендердің мойындарыңда.

– Әйтеуір жауып тұрған оқ жоқ, бірдеме етіп күн көрерміз.

– Біз үшін жол енді ғана басталды дедің-ау. Осыншалық шешен сөйлейтініңді бұған дейін білмеп едім. Сен ақылды тентексің, Дүрия. – Әйелінің шашынан сипап аймалады. – Тым болмағанда Мұраттан да айрылып қалдық-ау. Саған ес болар еді.

– Оны Дархан өлсе де бермес.

Өліараның көрдей қараңғы түні. Жылтыраған сәуле жоқ.

Анда-санда жер солқылдатып поезд келіп тоқтайды. Сүт пісірім уақыт өткен соң өкіріп-бақырып қайта қозғалады орны- нан. Тыныштық қайта орнайды. Ауылдың шәу еткен итінен өзге дыбыс жоқ, барлығы да майданға аттанып кеткендей. Осы тыныштық бүкіл әлемнің үстінде ұйып тұрса ғой. Ол қате. Батыста қанмайдан жүріп жатыр. Батыста адамды адам қырып жатыр. Ықылым заманнан бері болмаған ғарасат майданы дәуірлеп тұрғанда жер бетіндегі бірде-бір адам оң жамбасымен қәперсіз ұйықтай алмас еді.

Саршатамызға иек артқан мезгілдің келте түні бірсін-бірсін таң әлетінен жеңіле бастаған сәтінде көзі ілініп кеткен Дүрия ғажап түс көрді: «Жер алып атқа айналыл кеткендей екен... кәдімгі басы, төрт аяғы бар, құйрық-жалы сүзілген арғымақ сынды. Бір кезде қарасаң көз сүйсіндірер әдемі-ақ жылқы бол- ғанға ұқсайды. Қазір кісі қарағысыз, арқасы ақтаңлақ жауыр, кім көрінген мініп ерқашты қылған-ау. Құлағы салпиып, жабыдан жаман сүмірейіп тұр. Жаны ашыған Дүрия аштықтан, орынсыз тепкіден арықтаған тырақыға жем беріп еді, жемеді. Сауырынан аққан қанды іріңді жуып тазалады, кекілін тарады, жалына жабысқан ошағанды алып тастады. Төрт аяғының тағасы әбден тозып, әлдеқашан мүжіліп түскен, жарылып- жарылып кеткен тұяғын көтеріп қарап еді, майы шығып тұр екен. Мал болудан қалған секілді. Осы кезде Қамбар келді де


ерттей бастады. Дүрия қарсыласады, «аяй көр» деп жалынады.

«Енді мен жауға бармаймын ғой» деп міне шабады. Қызық, жаңа туған тарамысына ілініп, жығылғалы тұрған жер-ат Қамбардың қарақасқасындай көкке шапшып орғып ойнап, жұлдызша аға жөнелді батысқа... «тоқта» деп жанұшыра айғайлады Дүрия, –

«тоқта», зорығып өледі ғой, айрыламыз ғой арғымақтан, тоқта, Қамбар!». – Өз дауысынан өзі шошып оянды. Қамбардың орны бос жатыр, ешкім жоқ. Күн көтеріліп қалған, үй- дің іші аппақ сәулеге толы, орнынан атып тұрып ішкөйлекшең есік алдына атылып шығып еді, станция басы ығы-жығы ел, ұлардай шулаған дауыс. Соғысқа аттанатын азаматтарын шығарып салған шал-шауқан, бала-шаға поезға бір мініп, бір түскен өзге азаматтар құмырсқадай өріп жүр. Ұйқысын қимай, қоштаспай кеткен Қамбарды сол топтың арасынан іздеп еді, таба алмады. Дәл осы сәтте паровоз бауырынан бу атқылап түтін түкірді де қышқырды, мидай араласқан ел одан әрі сапырлы- сып, бір-бірінің мойнынан құшақтап, сүйісіп, жылап-сықтаға- нын естігенде барып, басқышта сілейіп қарап тұрған Дүрия жын ұрғандай жүгірді. Үстіне көйлек киюге де шамасы келмей, ішкиіммен құс болып ұшты. Бірақ, кеш еді, поезд орнынан жылжып, қозғала берген. «Қамбар, – деп айғайлады Дүрия,

– Қамбар-ау, тоқта, неге қоштаспай кеттің». Жалаң аяқ, жалаң бас, шашы жалбырап алды-артын жапқан әйел өкпесі алқынып жеткенше поездың соңғы вагондары ғана таусылып үлгерме- ген, Қамбарондажоқеді. Дүрия жүгіреберді...«Қамбар, Қамбар» деп көзінен аққан жас бұлақ болып омырауына құйылып, қуа берді поезды. Мұқым ел поезбен жарысқан әйелдің жүйрікті- гін тамашалағандай аң-таң қарап тұр. Көзінен парлаған жастан еш нәрсе көрінбейді, дүниенің барлығы бұлдыр-салдыр. Таба- нын тас тілді, оған да қараған жоқ. Қамбар деп аузын аша бергенде теміржолдан алып тастаған сынық рельске сүрініп етпетінен құлады, оңбай құлады. Ауырсынып орнынан көте- ріле алмады. Поезд көз ұшында зымырап барады... Қуып жетіп көр.

– Ұйқышыл әйелдің көрген күні осы, – деді дүрліккен жұрттың ортасында жымия қараған Төленді табалағандай.

– Ұйықтамаған әйелдер жүгірмей-ақ тұр ғой.

– Оспан ортамызда екен, – деді Бати. – Жүр, Дархан, Дүрияны уатып үйіне алып барайық.


Жұрт үн-түнсіз тарай бастады.

Жаз өтіп, күз келді. Қарашаның қара суығы түсіп, ел мен жердің берекесін ала бастаған. Күні кеше ғана тамылжып тұрған табиғат қоңыр күздің маужыраған шуағы үнемі ызыңдап, мазаны кетірер ызғарлы желге ауысқан. Әр үйдің қорасындағы арбалап, арқалап тасып үйген бірер шоқалақ шөбін жұлмалап қанша бастырса да тарамдап суырып әуре-сарсаңға салады. Далаға қарағың келмейді елбектеген қаңбақ сыңсыған ши, уілдеген қурай – сұрқай аспанның астында желдеп ұшқан қарға, сауысқандар. Қар жаумай ауыздарына қылтанақ тимейтіні білген Құландының азын-аулақ малы өріске еріншектене басып амалдың жоқтығынан кетіп барады. Бұл ауылда бес-алты түйе, он шақты жылқы мен сиыр, ептеген қой-ешкінің басы бар. Бір-біріне әбден үйренгендікі ме бытырамай, үйірлеп өретін, жұптары жазылмай өрістен қайтатын. Қазірде желге артын беріп, қуаң тартқан жерге түскеней жабысып жайылып жүр. Осы төрт түліктің ішіндегі сары атан ғана жерге басын салмай алысқа, сонау Тарбағатай қыраттарына мойнын соза қарайды, ойсыл қара хайуан...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.