Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 39 страница



Түсін бұзбастан орнынан тұрды, кесек бітімді тұлғасымен жұмысшыларға қайта бұрылып:

– Жұмысымызға кірісейік, жолдастар, – деп есікке беттеді. Начальниктен осыншалық ірілік, бастықтың күтпегендей артынан аңтарыла қарап қалған жұрт Дархан есік жапқанда ғана біртіндеп тұра бастады.

– Мына қайным райкомда істесе де жарап тұр екен-ау, – деді бір кекселеу әйел.

– Әттең білімі жоқ, – деді Дүрия. – Білімі болса обкомның қызметін де шырқ үйіріп әкетер еді.

– Ағаны түсіну қиын, бір қарасаң бейшара секілді, енді бір қарасаң арыстан секілді, – деді Қазтайдың келіншегі.


– Жүріңіз, Бәке, – деп столдың үстіндегі шақыру қағазын алды Дүрия. – Соғысқа аттанатыныңызды жеңешеме естіртейік. Әй, отының басын сабалап, шашын жұлып ойбайлайды-ау.

Жапа-тармағай далаға шықты. Күн бүгін алабұлтты еді. Желдің өті ептеп қайтқандай. Қаңтардың қағынған ызғырығы түстен кейін басталушы еді. Батимен қатарласа еріп келе жатқан Дүрия оның бетіне жалтақтап қараумен болды. Ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қабағы түйіліп, ауыр ойға берілгендей адымдай басады.

– Ақырын жүріңізші, аға, – деді әрең-әрең ілескен Дүрия ентігіп. – Шаршап қалдым.

– А, байқамаппын-ау, – деп жүрісін ірікті. – Соғысқа шақыр- ғанын жеңгеңе айтпай-ақ аттанып кетсем қайтеді.

– Обал ғой, бәрібір елден естіп-біледі.

– Ол да жөн екен... Өзге әйелдерден жаны артық емес шығар, қайтем енді. Балаларым жас еді... Тым болмағанда үлкенін он беске де іліндіріп кете алмадым, көз қырыңды сала жүр, әйтеуір.

– О не дегеніңіз, аға, шамамның жеткенінше қолұшын беремін ғой, елде бардың ерні қимылдап, ептеп-септеп күн көрерміз. Сіздердің тілеулеріңізді тілеуден өзге не қалды бізге.

– Мылтықты жақсы атушы едім, мерген болатын шығармын...

– Дүрия сықылықтап күлді:

– Аға тіпті сіз бармай жатып, жауды көздей бастадыңыз-ау.

– Қазір менің ойымда – тек қана соғыс. Бағана повестканы Дархан ұсынғаннан бастап аттанып кеткенмін.

– Бастығымызды бүгін танымай қалдық-ау...

– Ол адам емес, одан әлдекайда биіктеу де күштірек бір пәле. Алғашында қайда айдаса сонда жүре беретін ынжық жігіт пе деп мен де ойлағанмын. Бақсам... жо-жоқ, Гүлия кісі таңдаудан қателеспеген.

– Бақсының моласындай жалғыз қала ма деп қорқамын.

– Жалғыздық – оның жан серігі. Өзі таңдаған жоқ па.

– Жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Онымен ешқандай кереметтілікті дәлелдей алмайды. Бір кезде сіз де осы көрбілте соқпаққа түскенсіз.

– Рас. Сенің сөзіңнен соң ес кірген, мың да бір рахмет саған.

Бірақ, Дарханның жолы бөлек қой.


– Ол да екі аяқты пенде. Құлаша шалдан әулие емес шығар.

– Бұл екеуміздің миымыз жетпейтін дүние, Дүрия. Үйге келіп қалдық. Әңгіме жол қысқартады деген осы...

Екі бөлмелі аласа тамнан будақтап түтін шығады. Есік көзінде бүйіріне тұмсығын тығып жатқан аламойнақ иесін көрген соң керіліп орнынан тұрды. Құйрығын бұлғақтата еркелеп сүйкенді. Үйден жылаған баланың даусы естіледі. Аула айнадай таза. Қыстыққа деп жинаған отын, қорадағы шөп – бәрі-бәрі де шаруақор адамның тиянақтылығын аңғартқандай... Табалдырықта жатқан балғаны былай алып қойған Бати:

– Ертең отын жеткізіп беріп кетпесем, қоры азайып қалған екен, – деді.

– Міне, әйелдер үшін сіздей еркектер керек, – деді Дүрия. Ертеңінде қызық оқиға болды.

Майданға шақырылғанын естіген күні Төлендінің бойында жаны қалмай сасқалақтады. Қыршаңқы сөз, бұралқы әңгімені көйіткені болмаса өз көлеңкесінен өзі қорқатын, жұмысқа тақыс еріншек адам-ды. Теріс қарап бүк түсіп қор-қор ұйық- таудан басқа қолынан келері. жоқ, еркек болып бір қазық ұштап шығара алмайтын орашолақ кісі еді. Қуақы тілін безеп, бас десе құлақ деп отырар қиқарлығы көрші-қолаң, ауыл-аймақты әбден мезі қылған. Әйтеуір балаларының алды ер жетіп, қиюы қашқан шаруасын жөнге келтіріп абыройын жапты. Ең ғажабы

– бір қыз, екі ұлының ешқайсысы да әкесіне тартпаған. Шетінен пысық, шаруаға бір тоға ақылды болып өсіп келеді. Төлендінің әйелі де көрікті, кеңінен ойлайтын бес биенің сабасындай байсалды кісі. Жар мен баладан салымы болған Төленді әсіресе ұлы мен қызы ержетіп қолы босаған соң, тәйтектеп, көрінгенге соқтығып бостан-бос көшеде қыдырып жүретінді шығарды. Оның жеті еріншек жалқаулығын Дархан баяғыдан біледі. Бес-алты жас үлкендігі бар ағайынды адам болған соң сыйлап, бетінен алып қатты сөз айтпаушы еді. Ана жылдары темір жол салып жатқан кезде өз бригадасына алды. Басқа ешбір жерге сыймасын білген соң өз қарауында ұстаған. Енді міне, қызы бойжетіп, бір ұлы он жетіге, екіншісі жетіге толғанда соғысқа шақырып зәре-құтын алды.

Тіпті, бұл күтпеген жағдай еді. Жасы елуге жақындағанда әскерге бару деген не сөз... Баласымен бірдей жігіттермен


бірге қолына шошайтып мылтық ұстап, сапсаңдап қарғып- шоршып, өкпесі тала жүгіріп, жер қазып, желе жортып қалай жүреді. Қазірдің өзінде буын-буыны сырқырап түні бойы мазасын алады. Оның үстіне қасқыр жейтін қойдың үстіне шам жанып тұрады дегендей, қаңғыған оқ маңдайынан сарт ете қалса... кепештігін ұшырып әкетпей ме? Жо-о-оқ, бостан-бос өле салуға болмас... Әлі де көрер таңым бар, жиырма – отыз жылдық ғұмыр қалды. Айдалада жау шапты деп шала шабылар артық жаны жоқ. Сонда не істеу керек? Қалай құтылу керек бұл пәлекеттен? Ойлай-ойлай әбден басы қатқан Төленді повестка алған күні кешке дейін үйінде ләм деп тіл қатпай дөңбекшіп жатып алды. Әскерге шақырылғанын әйелі мен балаларына айтқан жоқ, шайға да зауқы соқпаған. Үлкен ұлын өз орнына жұмысқа жібермеді бүгін. «Өзің секілді қыздардың бәрі үйінде қол қусырып қарап отырған жоқ, енді бір кезек сен бар»,

– деп қызын жұмсаған. Қара қасы қиыла аққұба да, сұңғақ қыз шешесінен аумайтын әдемі еді. Қарсылық білдірген жоқ, анасымен ақылдасты да тез киініп, үндемеген қалпы әкесінің орнына кеткен. Бірақ көп ұзамай қайтып оралды.

– Әкең әскерге барады, сондықтан жұмыстан босатылған. Орнына ұлы келсін, – деді. Көзі жасқа толып жыламсырап әрең тұр қызы.

– Кім айтты? – деп шаңқ ете қалды.

– Дархан аға...

– Былшылдамасын! Ондай әңгімені естіген жоқпын, барсам дасол қубас итті алдыма салып, айдап кетермін соғысына. Қыр соңымнан қалмай қудалап жүрген сол. Дүниенің бәрін жалмап бітіп еді, енді маған түскен екен.

– Ондай ғайбат сөз айтпа, әкесі, – деді салмақты қалпын сақтаған бәйбішесі.

– Неменеге ара түсе қалдың, ойнасың ба еді? – деп тебітті.

Бойжеткен қызының да, әйелінің де қабағы дір ете қалды.

– Балаларыңнан ұялсаңшы...

– Жә, жетті! Өзімнің де сіркемді су көтермей отыр.

Қызы далаға шығып кетті, әйелі Төлендінің жанына қатарласа отырды:

– Бүгін саған не көрінді, жазған-ау? – деді ұялы жанарын төңкере қарап. – Соғысқа шақырғаны рас па?


– Рас болса менің орныма өзің барайын деп пе едің, о несі- ей...

– Елден жанымыз артық емес, дайындалайық. Бір малы- мызды сойып тілеу тілейік, кергілесіп отырамыз ба осылай.

– Ой, шіркіннің пысығы-ай. Менен құтыла алмай жүр екенсің ғой.

– Қайдағыны айтпашы, ойың қандай харам еді. Адамның сөзін айтып, ақылдасайын десем, ауызға келгенді көкисің. Қағаз келгені рас болса бәрібір үкіметтің міндетінен құтыла алмассың, – деп орнынан тұрып кетті.

– Ой, әкеңнің... – деп тұра ұмтылып еді, өзіне қарап шімі- рікпей айбат шеккен жұбайының жанарынан тайсақтағандай шегіншектеп барып, төсекке сыңар шынтақтап, қиқая салды. Әйелінің үнемі күлімсіреп тұрар әдемі көзін суық та ашулы қалыпта тұңғыш рет көруі еді, сасып қалды білем, ыржың етіп күліп жіберді.

– Жиырма жыл қиқаңдағаның жетеді, – деді әйелі сол ызғарлы пішінін бұзбастан. – Құдайға шүкір, балаларым өсті, енді маған да билік келген шығар. Күн тимесе, жан тимес деп жүрген тұщы етіме ащы таяғың талай рет тиді. Біреудің сол- қылдап отырған жалғыз қызы едім, алдап-арбап түу Қарауыл- дан алып келдің. «Үстіңнен құс ұшырмаймын, әлдилеп ала- қаныма салып отырамын, мал басы, Құдайға шүкір, жетеді» дедің мақтанып. Келсем, бәрі өтірік, мал түгіл сайтан да жоқ, қара өгіздің үстінде қалқайып жүрген байқұс екенсің. Шүкіршілік жасадым. Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қой, бұл пәниден сыйласып, жаман-жақсыны бірге көтерейік деп едім; талай қиыншылықты көрсем де білдірмей, бір дүниеңді екеу етіп, барыңды асырып, жоғыңды жасырып, отбасының береке- сін бұзғам жоқ. Қара су қайнатсам да ошағыңның отын сөндір- гем жоқ. Енді жер ортасы жасқа келіп қартайғанда балағаттап, қол жұмсағалы қоқаңдайсың. Менің әкемді сен түгіл азуы алты қарыс азаматтардың өзі тілдеген емес. Әкемнен садаға кеткір, өмірем қал... балаларым аман болсын.

Төсек үстінде бір жамбастай қиқайып жатқан  Төленді

әйелінен естіген алғашқы ауыр сөзі шымбайын қанша шымшыласа да тістеніп шыдап бақты. Қолынан келер дәрмен жоқ. Дәл повестка алған күні емес, кешелер айтса бір сәрі. Онда төркініне тілім-тілім шығарып жалаң аяқ, жалаң  бас


жаяу айдап салудан тайынбас еді, әттең кеш... Құлағысы келсе, қараспан жалғыз-ақ күнде жалп ете қалады екен-ау төбеңнен.

Соғыстан құтылудың амалын кешке дейін ойлап таба алмаған Төленді басы қатып, бала-шағасымен жым-жырт тамағын ішіп отырған. Үлкен қызы жалғыз кесе шайды майыса ұрттап әрең тауысты да, «болдым» деп төргі бөлмеге кіріп кетті. Әйелінің қас-қабағы әлі ашылмаған, күйеуіне қайтып тіл қатпаған. «Мықтасақ үш-ақ күн шыдарсың, – деп ойлады Төленді. – Күндіз қабысатын, түнде жабысатын қатындардың қашаннан әдеті. Оның өкпесін ұрғаным бар ма».

– Екі қолын тарақтай айқастырып желкесіне жастап, шалқа- сынан сұлап жатқан Төленді ұзақ ойға берілді. Дастарханды жинап, ыдыс-аяқты жуып-шайған әйелінің жыбыр-жыбыр жүрісі тура кеудесінен поезд басып өткендей әрі қапы, әрі ауыр естіледі.

– Ақырын жүрсең аяғың сынар ма еді? – деді. Қарсыдан жауап болған жоқ. «Не істеу керек? Ажалдан бұрын өлген деген осы да».

Осы кезде даладан үлкен ұлы кірді:

– Шайыңды ішпей қайда жүрсің? – деді шешесі.

– Станция жақта болдым. «Ертеңнен бастап әкеңнің орнына кезекшілікке барасың», – деді Дархан аға.

«Тағы да Дархан аға... Ол аға емес, жаудан бетер жауыз. Өзі броньмен қалып, бізді шетімізден қозыдай көгендеп өлімге айдап отыр. Құландының тамам жесір қатындарын иемденіп қалмақ қой. Ит-ай, мұндай зәлім болар ма. Ол ойыңды іске асырмассың, асыртпаспын».

– Үйде отын тақа таусылды, ұлым, – деді шешесі. – Қыс болса табалдырықта. Ертең тамыздық болар қу тал қиып әкел.

– Мен кезекшілікке барамын дедім ғой, тәте. Анау ұлыңды неге жұмсамайсың.

– Оның сабағы бар және тал қиюға әлі кішкентай, шамасы жетпейді. Өз қолын өзі шауып алса қайтесің.

– А... не дедің?! – деп басын қақшаң еткізіп. Төленді. – Отын таусылды дедің бе? – Әйелі үндемеді. – «Отын... отын... ағаш қиып әкелу... қолын балтамен шауып алады... – деп іші- нен ежіктей қайталаған оның ойына бір қулық сумаңдай бас көтерді. – Иә, иә, отын қию, балтамен ағаш шабу... балта тайып тисе ғой, оңбай жарақаттанып қаласың, тіпті мүлдем мүгедек


болып қалуың мүмкін... Уһ, Аллам-ай, таптым-ау әйтеуір, құтылдым-ау әйтеуір күні бойы азаптаған пәле-жаладан. А Құдай, ақсарбас, ісімді оңғара көр...»

Ертең ертерек тұрайық, ұлым. Шешең дұрыс айтады, Серік бармай-ақ қойсын. Қыстың көзі қырауда ағаш тоқылдатып, шөмшек теріп жүрмесін. Мен болсам бүрсігүні сендермен қоштасамын, қайтып оралам ба, оралмаймын, ба кім біледі, үйдің ендігі иесі сенсің. Анау інің болса әлі жас. Азамат болған деген осы. Бар ауыртпалық бір өзіңе қалды. Жалғыз өзіңнің шамаң келмесе, отынға мен де барайын. Аякөздің сай-саласы талға толып тұр. Балта сілтенбеген талдың қалың түлей жерін білем, – деді көшелісіп.

– Өзім-ақ әкелемін ғой, әке, сіз жолға дайындалыңыз. Тіпті, сіз аттанған соң да уақыт жетеді.

– Жо-жоқ, мен кеткен соң сенің қолың босамайды. Әрі қураған ағашты іздеп табу жер ыңғайын білмеген кісіге қия- меттің қайымы. Жақын жерді баяғыда отап біткен. Шар- шаған шығарсың деміңді ал, таңертең өзім оятамын.

Үйдегі барлық жан жатып қалған соң сықсима шамның жарығымен балтасын ұзақ қайрады. Дүзін ұстап көріп еді, жанды көп қинамайтындай-ау ұстарадай лыпып тұр екен. Аса риза көңілмен қабына салып, қабырғадағы шегеге мұқияттап іліп қойды. Бұл үйдегі әрнәрсені шауып көрінген жерде жататын байғұс балтаның балта болғалы дүзіне қайрақ тиіп өткірленгені осы шығар. Төленді көпке дейін көз ілмей, ертеңгі айласының ау-жайын түйді; көз алдына қайта-қайта елестетіп, қалай шығарын, ел-жұртқа не деп жауап берерін ойластырады. Енді барлық үміт те, күдік те ұлында қалды. «Үйрету керек,

– деді күбірлеп. – Өмір сүруге үйрету керек». Елең-алаңнан тұрған Төленді өздеріне көрші тұратын шалдың көк есегін сұрап әкелді.

Сексенге келсе де селкілдемеген тың, шаруасы тап-тұй- нақтай молда шал жап-жас Төлендінің мойны жар бермейтін еріншектігіне ыза болып, «тақыссың» деп талай рет бетіне басып айтып еді. Тек көр ғана түзейтін қыңырлықпен жеңіл- местей қаруланып алған ол молданың өзін кінәлап «Дүние боқты о дүниеге арқалай кеткеніңді көрермін, сасық қоңыз секілді қидың арасына кіріп алып, түртінектейсіңдер келіп, күні ертең сол тезекке өздерің айналғандарыңды білмей


қаларсыңдар», – деп сақалымен санаспай айтып салған.

«Шырпы басын сындырмаған сенің де мың жасағаныңды көрерміз, ертең имансыз қаласың», – деп еді. Төленді: «Сен кәрі иттен жаназа дәметпей-ақ қойдым» деп бетін қайтарған. Сол уақыттан бері ыдыс-аяқ араластырмай, іргелес отырған екі үйдің түтіні екі жаққа ұшқандай тоң-теріс жүрген-ді. Таң атпай есігін тақылдатқан кім дегендей қарғап-сілеп дамбалшаң далаға шыққан молда шал Төлендіні көргенде қыржың ете қалды.

– Ассалаумағалейкүм, ақсақал! Күйлі-қуаттысыз ба, дені- қарыңыз сау ма? Беліңіздің сырқырайтыны бар еді, одан аман- сыз ба?

– Қашаннан бері сәлем беруге жарап қалып едің? – деді шал сәлемін алмай. Молданың жақтырмағанын сезе тұра, әрмен қарай бастырмалата жөнелді.

– Мал-жаныңыз аман ба? Апамның халі жақсы ма? Соғысқа кеткен балалардан хат бар ма? Анау кенже ұлыңыз Ермек жасың кіші болса да қара нар, бір қалақ суды талай бөліскен жолдасым еді, жауды жеңіп есен-сау оралсын.

– Жә, жә, шұбыртпай тоқ етерін айт. Не шаруамен келдің?

– деді тоңып, бүрсеңдеп зорға тұрған молда.

– Фашес деген жетібасты айдаһар шықты, ақсақал. Бір басы кесілгенмен, қалған бастары сумаңдап дес бермей жат- қан көрінеді, ел басына күн туғанда еріншек едім деп үйде қабырғамды қасып қарап жатар еркегің мен емес, өзім сұранып майданға аттанып барамын... – «Майданға аттанып барамын» деген сөзді естіген шал:

– Үйге жүрші қақсамай, үсіп өлдім ғой, – деп есік ашты. Төленді соңынан ерді. Басы дуда-дуда болған кемпірі «астынан су шыққан бұл кім» дегендей көзін ашып-жұмып қарады да, сылқ етіп қайта жатып қалды.

– Ал айта бер, – деді шапанын жамылып, төрге малдас құрып отырған молда. Әлі от жағылмаған үй салқындау екен.

– Өзім тіленіп әскерге... – дей беріп еді «Оны айттың, ары қарай жалғастыр», – деп кесіп тастады.

– Ауыл-үй болған соң, атымыз тебіспей, адамдарымыз керіспей, итіміз қабыспай тұра ма, ақсақал. Сіз айтқан ақылды тыңдамай қызулықпен қатты сөзге барыппын. Міне, киелі сапар – адамның қаны судай аққан алапат майданға аттанар


алдында оразамды ашпай тұрып, өзіңізден кешірім сұрағалы келдім. Міне бас, міне мойным.

– Оу, бәрекелді, – деп қуанып қалды шал. Ұмтылып барып төсек басына ілінген таспиығын алды:

– «Есірік болмай ер болмайды», – деп атамыз қазақ бекер айтпаған екен-ау. – Кемпір-ай, ыңырсымай тұр енді. Төленді соғысқа аттанады екен, бір самауыр шай ішіп кетсін.

– Рахмет, ақсақал, асығыспын. Алдымен жауды жеңелік, талай шай ішілер, талай тай сойылар. Менің құлқынсәріден сізді жылы төсегіңізден тұрғызған екінші бұйымтайым, есегіңізді бере тұрсаңыз, ертең ерте жүріп кетер болған соң, үйдің отын-суын жеткізіп бермек едім.

– Апыр-ай, а, – деді қуақылана күлімсіреген молда, – соғыс болмаса ғой отынға бармай-ақ өтер еді өмірің.

– Ақыл біреуге ерте, біреуге кеш қонады емес пе, молдекем,

– деп әзілге шаптырды.

– Ал арбасымен қоса ал.

– Жүз жасаңыз, ақсақал. Мен соғыстан оралғанда көк есегіңізді мініп барып қарсы алатын болыңыз. Егер аман-есен алжымай отырсаңыз, майданнан оралған соң жан тапсырсам сөз жоқ жаназамды өзіңізге шығартам, – деп орнынан тұрды.

Есек-арбаға ұлын отырғызып алып Ақшиге апарар жолға түскен Төленді ыңылдап әнге басты. Әлдебір әуенді мұрны- нан айтып көңілді келеді. Сүмеңдеген көк есекті қанша шы- быртқыласаң да осы аяңынан танбайтынын ежелден білетін. Сондықтан құйрығынан түрткілеп мазаламады. Мимырт жүрісі, әкесінің саппастығы ержетіп қалған ұлының жынына тиді білем:

– Әке, мен жаяу еріп жүрейінші, – деп тәпене ғана арбадан қарғып түсті. Төленді сол әлдебір әуенді мұрнынан ыңылдаған қалпы бұзбай, басын изеді.

Әкесінің аяқ астынан өзгерген мінезіне ұлы да түсінбей келеді. Осы Құландыда жанына жақындасаң болды жынын шашып, бақырып қоя беретін сары атан бар. Ауыл адамдары мазақтап «сары атан» деп атап кеткен. Міне, сол «сары атан» деген лақап ат алған әкесі қойдан жуас, көпті көрген көсем қарттай ойлы адамның кейпінде әндетіп, ұлыңа анда-санда ақыл айтып келеді. Есік алдында ұсақтап қойған отынды үйге ала кірмейтін жалқаулық, жоқ, қағылез де пысық, бір қарағанда


осындай ақылгөй шаруақорлық – тіпті өзіне жараспайды екен, қараға ақ жамалғандай өзгеше лайықсыз сылқылданған.

– Ұлым, арбаға қатарласа жүрші, – деді Берікке. Жас жігіт- тің көк есекке ілесетін шамасы бар ғой, қатарласа аяңдады. Алыстан қарағанда арбаға қосақтап қойғандай ерепейсіз көрінеді екен. – Атам қазақта «Әкенің қадірін өлгенде білесің» деген ұлағатты сөз бар. Мен болсам шикі өкпе, ши борбай сендерді тастап, оқ пен оттың ортасына кетейін деп отырмын. Сен қалай ойлайсың, менің соғысқа барғаным жөн бе, әлде бармай қастарыңда қалқайып есен-сау отырғаным дұрыс па?

– Әрине, үйде жүргеніңіз жақсы бізге... бірақ олай етуге болмай қалды ғой.

– Әлі де кеш емес, Берікжан.

– Түсінбедім., әке, қалтаңызда шақыру қағазы бар...

– Бар болса қайтейін, – деді Төленді көк есекті сауырлап. Есек құйрығын бұлғағаны болмаса мыңқ етпеді. – Кейде есек болмағаныңа өкінесің. Бала-шаға асырамайды, соғысқа бар- майды. Не жесе соны жапалап тұрғаны. Қәпірсіз-ақ хайуан.

– Ал менің өлсем де есек болғым келмейді, әке. – Ұлы күлді.

– Баласың ғой, қазір түсінбей тұрсың, өзіңнен өзің есек болып ақырарыңды кейін, менің жасыма келгеніңде бір-ақ білесің, – деп әкесі жайбарақат тіл қатты.

– Әке.

– Оу.

– Сенің орныңа әскерге сұрансам жібере ме?

– Жасың толмайды ғой...

– Жарты-ақ жыл толмайды.

– Өздері де шақырар, қайтесің асығып.

Әкелі-балалы екеуі Ақшиге барар күре жолдан бұрылып, Аякөз жылғасына қарай құлар жалғыз аяқ сүрлеуге түсті. Ербиген бұта, қарағай көрініп, жер репеті қуқулана бастады. Алдарынан соққан суық жел бүйірлеп қалған соң жүрістері де шираған. Көк есек арбаны еңіске қарай жақсы тартады екен. Қарақатқақ жердің бедері доңғалақты қаққылап, қолқаңды үзердей шиқылдатады. Төленді арбадан сонда да түспеді. Шіліктеніп басталған тоғайдың шетіне ілінгенде көк есекті қаңтарып, тал-қайыңы аралас өскен қалың жыныстың ішіне


енді. Екеулеп жүріп қурап қалған ағаштарды бұталап, бірі қиып, бірі тасып арбаның жанына тау ғылып үйді. Енді қайтамыз-ау деген кезде Төленді ұлына «демалайық» деп шөп томардың үстіне құйрық басқан. Ұлы талға сүйеніп тұр.

– Отыр, балам. Аяғың талды ғой.

– Ештеңе етпес. – Езуіндегі қырық буынның қураған сабағын тістелеп ағаш басына қарады, бір топ қарғалар қонып отыр. Ағашты жел тербеген сайын қоса итіңдеп, қалбалақтайды, бірақ сонда да ұшып кетпейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.