Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 33 страница



– Баяғыда не істемедік, Омар? Қара суды теріс ағызушы едік қой. Енді міне, сол үміт, сол тіршілігіміз көбелек болып ұшты да кетті, менен гөрі жастаусың ғой, қуып көрші ұстатар ма екен...

Сонадай тұста сарқырап Барлы өзені ағып жатты. Өзеннің оңтүстігінде төбенің басында Хан-Қисықтың моласы жатыр. Ал солтүстігіндегі төбеде Барақ батырдың әкесі Солтабайдың мүрдесі, үшінші тебеде исі Сыбанның мықтысы – Байқора жатыр жарықтық.


Шал өз білегін өзі домбыраша шерте бастады. Көмейінен әлде ыңылдаған, әлде уілдеген зарлы үн шығады. Қол-аяғы селкілдеп, кәдімгі жыны қозған бақсыларша құйрығымен жылжып тақпақтай жөнелді:

Жақсы да болса қарағым, Жаман да болса қарағым, Солтабай төре бере ме,

Артық та туған баласын, у-у-у...

Заманның болып тұрған шағында не істемеп еді бұл шал. Міне, өзінің ожар тентегінен істі болып, абақтыға да қамалған. Семейдің базарына Көкебай келді дегенше – дау келді дей бер, қора-қора қойды тоғыта айдап барып, арзан бағаға сатырлатып сата бастайтын. Базардың құнын күрт құлдыратып, қалған байларды мазақ ететін. Оның ішінде Еркіннің әкесі Омар да бар. «Пайда, пайда дегенде, зиян қайда барып күн көрер», – деп қарқ-қарқ күліп отыратын қайран Көкебайдың қор болып көбелек қуып қалғаны осы.

– Баяғыда біліп едім, айтып едім саған, Омар: «бұл келе жатқан өкіметке қарсы тұра алмаспыз, сауытты ат екен деп»

– тілімді алмадың, енді міне, итше ұлып отырғаның, у-у-у...

Болыстыққа таласқан Көкебай дауыс беруге келген адамдарын да қосып жіберіп еді-ау. Онымен бірге қастықпен адам өлтірген қанды қолдылығы және бар; бір-ақ қандай да бір пәле-жаладан аман-есен құтылып отырған. Архивті ақтарып отырып, Көкебай ісін тіркеген қағазбен танысқан еді Еркін. Әкесінің ертегі-жыр қылып айтып отыратын: айдап қайтуға шыққан солдаттарға «тамағы бітеу емес шығар» деп жеке үй тіктіріп, қойын сойып, қолын қусырып қарсы алады. Қымыз бен етке әбден тойып, ұйықтап жатқандарында бір-бір қой сел- кебайды омырауларына қадап қояды да, олар оянған соң киіз үйдің жабығынан сығалап: «Өңдері шілденің күнінде райланып қалған екен», – деп рахаттана күлетін көрінеді. Көкебай бір даудан осылайша кұтылғанымен, екіншісінде бәрібір абақтыға қамалады. Бұл жолы талай дәмдес болған Абайды араға салып тағы да аман қалған екен. Түрмеден шыққан соң мешіт салдырған досы Қаражан саудагердің үйінде жалғыз-ақ түнеп, шыр айналып Шыңғысты басып Абайға барады. Жидебайда үш күн еру болып, үлкен кісімен ұзақ сырласып еліне оралған. Бірде Абай Көкебайдың сәлемін жеткізуге келген жалғыз ұлын


көріп: «Көкең жақсы-ақ кісі еді, арты жарғаққұлақтанып, тозып барады екен», – деп Кекебайдың ұлына көңілі толмай басын шайқапты деген сөз бар. Әлгінде сандырақтап отырып

«кеудеміз асыл еді, артымыз жасық болды» деп айтқан сөзінің түп төркіні Абай сынын мезгегендей.

– Иә, Омар, көп асаймыз деп жүріп боқ асадық. Мендей емес жассың ғой, анау көбелекті ұстап бер; ырыққа көнбей, ықтасын таппай ұшып-қонып жүрген менің көбелек жаным ғой; арғы бетке жосыла көшкендердің де көсегесі көгермес. Он сегіз мың ғаламда шаласыз ғұмыр кешкен кім бар? Бәрібір құдіреттің ісіне құлдық жасайды. Қуып жете алмайсың, қашып құтыла алмайсың... Әне дүние деген сол...

Шалдың шалықты сөзін тыңдағаннан гөрі оның «кебелегін ұстап берейін, не істейді» деген желікті оймен еңбектей жөнелген Еркін байқаусызда бозжорғаның тізгінінен айрылып қалып еді ат қашқан жоқ, басын жерден алмастан жайылып тұра берді. Көбелек көпке дейін оған да ұстатпады. Шалдың қолы ербеңдеп әлі сөйлеп отыр.

– Сарманымды шақырып, қанша сарнасам да баяғы заманым қайтып келе ме? Қаранасыр даланың бетінде қаптаған көбелек, бұл қу дүниеден жарықтық Абай да өткен... Абайдың әкесі Құнанбай да өткен... Кеңгірбай да жатыр әне жер томпайтып... Олардың шыбын жаны да Шыңғыстаудың ішінде ұшып жүрген шығар. Жарықтық кеше Абай түсіме кірді. «Ей, Көкебай,

– дейді, – баяғыда абақтыдан мен алып шығып едім, енді сен құтқар мені мынау көр зынданнан», – дейді. Санға біткен бір толарсақ, бір тобық едік-ау, оман дарияның бетінде қаңғып қалған қайықты көріп пе едіңдер, ей, мұндарлар, көрсеңдер сол қайық – мен. Есетін ескегім жоқ... у-у-у...

Сайтаналғыркөбелектіалдап-сулапұстады-ау,әйтеуір.Қана- тындағы саржағал бояу бармағының басына жұғып қалды. Дірілдетіп тірідей әкеліп беріп еді, Көкебай көзін шүңірейте қарап отырды да:

– Қоя бер, Омар, – деді, – ұшып жүре берсін. Біз өлсек те ұшып жүре берсін, бұл біздің алақапат жанымыз ғой... біз көшеміз бұл дүниеден, бұлар қалады...

Еркіннің қолынан босап шыққан көбелек бұрынғыдай қалықтап еркін ұша алмады. Қызғалдақтың басына қонды да әлсізденген қос қанатын біріктіріп қимылсыз жабысып қалды.


– Ей, Омар, шешеміз тасқа тауып, қасқырдың бауырына теліген жоқ еді ғой. Мынау Барлының жағасынан бізге де бір төбе бұйырар, арғы бетке қашпай менің жанымда қалсаң қайтеді, сен кеткен соң маған кім көбелек ұстап береді... анау таңқы танау ұл ма?

Осы кезде бозжорға елеңдеп құлағын тікті. Қисық хан жатқан жотаның ар жағынан әуелі шошайған тымақ қылтиды да артынша қоңыр өгізге жайдақ мінген кісі көрінді. Оны Еркін әбден жақындап сәлем бергенде ғана таныды, Көкебайдың жалғыз ұлы екен...

– Әкемді іздеп шығып едім, – деді міңгірлеп. Жасы қырықтан асса да кісі бетіне тура қарай алмайтын жасық екен. Өздігінен шешіліп әңгіме айтпады, әр сұраққа тобық жұтқандай тұтығып жауап береді де, сөзінің артын сиырқұйымшақтатып түсініксіз аяқтайды.

– Өзіңіз не істеп жүрсіз? – деді Еркін.

– Артельдің сиырын бағамын.

– Көкең көптен ауру ма?

– Жазгытұрымнан бері...

– Далаға қаңғытып қоя бергеніңіз қалай, обал емес пе? – Үйге қамасаң да тұрмайды, сиырмен бірге өріске шығады да бірге қайтады.

– Е, әкемді де қоса жайып жүрмін деңізші. – Мырс етіп күлді. – Жетесіз-ақ екенсіз.

– Ол рас.

– Не рас?

– Жетесіз екенім. Сіз Омардың ұлы Еркінсіз ғой, енді ғана таныдым. Мен алғашында Бати екен деп қалдым.

– Оны көріп пе едің?

– Көргенмін.

– Қашан, қай жерден?! – деп бастырмалата сұрады.

– Осыдан бір апта бұрын, әкемді айдап қайтайын десем әкем екеуі еңбектеп көбелек қуып жүр екен.

– Тумай туа шөккір! – деп айғай салды. Сиыршының осын- шалық ездігіне ит жыны келді. – Асылдың сынығы екен десем, сиырдың жапасы екснсің ғой, табанда атып тастайын ба өзіңді. Бүйтіп, жер басып жүргеніңнен дүниені ластамай кұрығаның озық-ау. – Неге тілдеді, неге ыза болды – өзі де түсінген жоқ. Ішіндегі қара күшіктер шәуілдеп, қара ала мысықтар тырналап


өз жанына әмір бермей, миын мың миллион құмырсқалар талап жей бастады. Мынау жасыл жайлаудың беті көбелектен көрінбей кеткендей көзі бұлдырап, денесі қалтырады-ай.

«Мен де жындана бастаған шығармын» деп ойлады. Бүйтіп қор қылғанша әкелі-балалы екеуін де атып тастамақ болып тапаншасына жармасты да ол ниетінен тез айныды. «Жүре берсін, бізге керегі осындай қазақтар шығар». Әпігі басылып, есін жинаған соң анау Қисық хан моласы жатқан төбеден асып, қоңыр өгізге мінгесіп ұзап кеткен Көкебай мен ұлының соңынан көз талдыра ұзақ қарады. «Жүре берсін. Көп жасағанның, көп асағанның көрер күні осы».

Барлық үмітіне балта шабылғандай болған Еркін енді не де болса арғы бетке аман-есен жетіп алуға бет алды. Бозжорға оттығып белі босап қалған екен. Жүрісі ширап, ауыздығын сүзе тартып елпек аяңдайды. Қайта көптен бері атқа мінбеген Еркіннің екі қара саны талып, денесі сал болып қалған. Көк шөпке аунап, көз шырымын алса қандай рахат болар еді. Соқыр Оспанның аузы жеңіл, артымда куғыншы бар ма деп және қауіптенген. Осылайша өз жерінен өзі жеріп, жатбауыр тартып бара жатқан Еркін тағдырының мүлдемге тайғанақтана бастағанын білді. Ол жақта да асулы тамақ, салулы төсек тұрмағаны рас. Өзінің ғана жиған-тергені болмаса, әкесінің бүкіл қазынасы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті.

«Қызғанғаның қызыл итке жем болды» деген сол. Дүниенің осыншалық берекесіз қолдың кірі секілді екенін кім білген. Ендігі бар үміт қайран – анау бір жылы өзінің ақылымен Таңатар арғы бетке айдап өтіп кеткен жылқыда ғана. Бір әкеден айрылса, екіншісіне кетіп барады. Тел еміп өспесем де кіндігіненмін... Дәу шал жатсынбас. Оның да іші сезетін шығар. Бірақ туған інісі, жатыры өзге болса да қаны бір Дарханға жасап кеткен қиянатын білсе кешірмес те еді. Дәу шалдың мінезі шатақ, байқап баспасаң болмайды, Еркін... Ол ендігі сәтте Дарханнан беріп жіберген қара чемоданның мыңдаған адам жиналған митингіде қопарылатынын, президиумда тұрған игі жақсылардың күлі көкке ұшарын, тас-талқан боларын көз алдына елестетті. Өзінің ең соңғы әрекетіне аса риза қалыппен бозжорғаны тебініп қалды.

– Түркісібті осылайша түйістіру керек, – деді дауыстап.


Қытайды бетке алып қашып бара жатқан адвокат Еркін Омарұлы Кенжиннің елін, жерін сүйген «азаматкерлігі» осы сөзбен аяқталды да, қазақ даласынан мүлдем жоғалды, мәңгіге құрыды. Көкейінде жалғыз-ақ өкініш кетті:

«Әттең, әкемнің алтын-күмісін ала алмадым-ау».

 

* * *

...Сол күннің кешінде Дархан жолға жиналды. Семейден оралғалы бері ұзақ сапарға дайындалғаны еді. Ал, Дарханға қосылғалы Гүлияның да күйеуін алыс сапарға аттандырғаны осы шығар-ау. Ары-бері жолы бар, небәрі екі-үш күнге созылатын аз уақыттық айрылысу екеуін қажыға аттанардай мұншалық толқытар деп кім ойлаған. Қимас адамыңды шығарып салу мен қарсы алудан озған қуаныш қане, әрине қысқа қуаныш, әйтсе де соншалықты әсерлі. Таң атқалы бір киер киімін тазалап, Дарханға көпір салғаны үшін сыйлаған костюм, жол азығын әзірледі. Әйелі буып-түйген ол ол-пұлын дорбаға салып аузын мықтап байлады. Ұстарасын қайрап, сақал-мұртын басты. Әсіресе, Мұратты ортаға алып ішкен түскі шай өте бір дәмді, қайтып қайталанбас әдемі жарасымдылығын тауып еді. Өткен-кеткендерін есіне алып мәз болып күлген, рахаттанып күлген. Кірбіңі жоқ алаңсыздық әрқайсысын да шыр айналдырып,бақыттың – мейлі кішкентай болса да бақыт- тың маздаған отына жылынғандай; тоқтықтың да, жоқтықтың да мұхитын белшеден кешкен, сол екеуінен де шаршаған адамның қазіргі қоңырқай тірлігіне деген шексіз ризашылығы бар еді өңдерінде. Көп дәулет дәметпейтін, алғанынан гөрі бергені көп бейнетқорлықтың екінің бірі түсіне бермес өз құдіреті нұрын төкті бұл үйге. Жоқ-жо-жоқ, бұл – аштан өліп, көштен қалмаудың, не болмаса қайғысыз қара суды қуат қылар шүкіршіліктің алдамшы сәулесі емес, адам баласының өмір үшін, ертең үшін жасаған шам-шырағындай нұрлы сипатқа толы – тағдыр. Ондайлық ізгі ниеттен, таза сенімнен жаралған болмыстың мықтылығы адамды адастырмайтын түзу жолдарға бастары хақ. Мұндайлық қарапайым еңбегімен ғана қасіретке қарсы күрес ашатын қасиетті еңбеккерлер екі жалғанда да алға түсіп, алғыс алмайды; керісінше артта қалып қарғыс та алмайды; жұмыр жердің өзі іспетті үйреншікті жолымен аспай- саспай айналайын жарық күнді мәңгілікке жалықпастан айнала


бермек; жер бетіндегі адамдардың ең көбі – бұл әлемге айғай- шусыз келіп кететіндер; олардың келіп-кеткенін айғақтайтын ұлы еңбектер, дара белгілер жоқ, бірақ адамзат тірлігінің маздап жанған оты ғана шексіздікке жалғасар өмір көшінің нағыз иесі – қарапайым халық екенін тарихта паш етер еді; сол қарапайым халықтың қолынан туған ғажайып дүниелерді иемденіп кетер пысықайлар қаншама көп, жылдар өтер, жер бетінде айқұш-ұйқыш сандаған темір жолдар салынар, ал Түркісіб сынды құрылысқа қанша қажыр-қайрат жұмсалғанын ешкім есептеп бере алмас. Өйткені, табан ет, маңдай терді есептеп берер есепші туған жоқ, есептеп берер машина ойлап табылған жоқ. Бұл жол – қазақ жұмыскерлерінің рухани күшін салмақтар сынақшы іспетті еді. Біз, сол шақта қайрат танытқан Дархан сияқты мыңдаған қарапайым азаматтардың аты-жөнін білмейміз, әлдеқашан ұмытылған; қара жердің қойнына сіңіп жасырынған; біздің білетініміз – Дархан сияқты ұлдарымыздың Түркісібке шпал болып төселіп, кейінгі ұрпақ үшін болашаққа апарар ұлы жол салып беріп кеткені ғана – тарихта Түркісіб қалады, Дархандар қалмайды. Жұмысшының таңбабасты ерекшелігі де осында – қара басының қамы емес, қаймана халық үшін бақытқа толы қасірет шегуінде, қуаныш пен қайғы деген ұғымдарды бір бүтіндей түсінуінде еді.

– Шайың суып қалды, неғып үндемей қалдыңыз? – дегенде Дархан иірімдеп кеткен ойынан әрең бойлап шықты.

– Қандым, Гүлия, сүтсіз қара шай кісінің ішін кептіреді екен, сиыр сатып алмасақ болмас. Сүт ішетін адамның басы көбейейін деп тұр ғой. – Гүлия ұяла жымиып төмен қарады. Ұяңдығы әлі қалмаған.

– Оныңыз рас, – деді кірпігі дірілдеп. – Сіз оралғанша шыдасам екен.

– Енді оны екеуміз де білмейміз ғой, толғақ мен қашан келер деп тосып тұрар дейсің бе. Тіпті, орныма басқа жұмысшыны жіберіп бармай-ақ қойсам қайтеді.

– Қойыңыз, ұят болар, Соболев жолдас өзі арнайы шақыр- тыпты ғой. Ел көріп сергіп қайтыңыз.

– Сергігенде менен сері шығар дейсің бе. Дорбамды арқалап қайтып оралармын да.

– Әке, маған қағаз-қарындаш ала келіңіз, төртінші кластың оқулығы бар ма екен...


– Табылса іздестірермін, ұлым. Ал тұрайық, уақыт болып қалды. Гүлия, сен еріп шықпай-ақ қой, жүкті темір жолға дейін Мұрат көтерісіп барады.

Бұлар далаға шыққанда ай сүттей жарық еді. Мұңлы нұрын ымырт әлеміне сабырмен төгеді. Дүние ақбоз... Маужыраған далада салқын да бейқамдық бар, мүлги салбыраған көгілжім мұнар айналаға жұқалаң перде тұтқан. Есік алдына қоса шыққан Гүлия күйеуінен именбей, жасқанбай мойнынан тас қылып құшақтағысы келді, батылы жетпеді.

– Аман барып, сау қайтыңыз, – деуге шамасы әрең келді. Өз- өзінен қысылып, жүрегі лүпілдеп, жанынан әрі ұзай қоймаған жарын соншалықты қимастықпен сағынды. Алабұртқан көңілін жасқана жасырып үйге қайтадан тез кіріп кеткен.

Шойын жолдың басына жеткен соң да Дархан біраз уақыт меңірейіп тұрып қалған-ды. Семей жақтан шығар шағын

«кукушканың» қарасы көрінбейді, айнала жым-жырт. Осы кезде ауылдан бұларға қарай қараңдап келе жатқан жалғыз жаяудың қарасы көрінді. Жақындағанда барып бір-ақ таныды, қолында қара сандығы бар Гүлия екен, самбырлап сөйлей келеді.

– Еркін ағаның сәлемдемесін ұмытып кетіпсіз, Дәке, соны алып келдім.

– Қалай байқамағанбыз, сені әуре қылдық-ау. Мұратжан, жас басыңмен сен де ұмытшақсың.

– Мен дорбаны ұстадым ғой, ұмытып кеткен өзіңіз, әке.

– Өзім, өзім, айналайын, Гүлиямен қайта қоштасуға бұйырған ғой.

Мызғып жатқан даланың кеудесін қытықтап шапқылаған ат тұяғының дүрсілі естілді. Ат та бөтен, үстіндегі адам да бейтаныс. Алғашында түнделетіп шапқылаған бұл кім болды дегендей үшеуі де солай қарай адыра қарап қалған-ды. Бірақ ешқайсысы шырамытқан жоқ, оқтай зулап өте бергенде шаңқ еткен тапаншаның ащы даусы шықты. Омыраулап келгенде есерсоқ неме басып кетпесін деп, Дархан жалт бұрылып Гүлияны құшақтай алып еді. Оқ кімге дарығаны белгісіз, басы бітеу салт атты жұмбақ адам алды-артына қарамай ай астына сіңіп жоғалды. Дарханның құшағында тұрған Гүлия әлі де ажырамай:


– Сол, – деді сыбырлап, – менің бетімді тілген кісі осы еді, қайтейін, қайтейін, үлгермедім-ау, – деп әлсіреп күйеуінің қолынан сусып түсіп бара жатты.

– Не болды, Гүлия! Не болды деймін?! – деп өте жат дауыс- пен қайтадан жоғары көтермекке әрекет жасаған Дархан қап- сыра құшақтаған әйелінің арқасынан қолына жұққан жып- жылымшы нәрсені сезді. Мұрат та «тәтелеп» ұмтылып сүйемелдеген болып жатыр.

– Сол, – деді сыбырлап Гүлия, – соның өзі...

– Айтшы атын! Кім?

Жауап болмаған-ды. Өз салмағын ұстай алмай шойын жолдың үстіне сылқ етіп құлап түсті.

– Құдай-ай, Құдайым-ай, көрсетпегенің көп екен-ау! – деп жан дауысы шыға зар еңіреген Дархан аппақ дидары аймен шағылысып сулап жатқан әйелін тас қылып құшақтап, өкіре жылады. Оның аю талаған бұғыдай ышқынған қорқынышты үніне Мұраттың қасқыр талаған қозыдай шырылдаған жіңішке даусы қосылып дүниені азан-қазан айғайға бөледі. Алқара аспанның асты даңғаза шуға, айтып жеткізгісіз мұңға айналды. Саумаңдай мөлдіреп құйылған айдың сәулесі осы айғай-шудан қандана дірілдеп, әлемдегі ең әдемі адамнан айрылғанына қамыққандай еді; аспан төсіндегі өз жол, өз бағытынан тан- бай жүзген ай екеш ай да секіріп-секіріп қалып, әлемдегі ең құдіретті әйелден айрылғанына өкінгендей еді; төбенің басында сонадайдан бой көтеріп, маңқайған Кеңгірдің мазары

«не болды, ұрпақтарым» дегендей, моладан мойнын созып қарағандай еді... Далаға бәрібір, тыныштығын бұзған жылау- сықтаудан мезіленіп, түн көрпесін қымтаңқырап бүркеді, естігісі келмегені де... Ұзыннан-ұзақ созылған Түркісібтің үстінде қанға батып, иісі қазақтың ең сұлу қызы – екі қабат ана жатты: аналыққа үлгере алмай арманда жан тапсырған асыл жар жатты – айналайын Адам жатты! Иә, дүние – жалған деген осы. Дүние жалған қаншалық ыстық болса, соншалық суық екен-ау. Кісінің діңкесін құртып шаршататыны осы ғой, осы... әлемде өзіңнен мықты жан жоқ деп қара нардай қасқая маңатын жігітіміз найзағай түскен қарағайдай морт сынды, сұлап құлады – баспен жер сүзе құлап кеңістікке қарай зымырады- ай». Ес-ақылдан айрылды. Ес-ақылдан айрылған тек өзі ғана емес, жорғалап тіршілік құрған жан-жануар, адамзат барлығы,


барлығы... Гүлиямен бірге өзін алмаған Құдайды қарғады, Гүлияға атқан оқ өзіне тимегеніне өкінді...

Тіршіліктің құны бес тиындық қарабақыр екенін сонда... алғаш рет ұғып еді. Кеше ғана өз қолымен салған шойын жолды тырмалап, жұртта қалған байлаулы иттей ұлып еді; өле салуға да болушы еді, амал не өлу сапарына даяр емес еді... Мұрат ендігі мезетте орнынан атып тұрып:

– Тәтемді атып кетті! Тәтемді өлтіріп кетті! Тәтемнен айрылдық! – деп ботадай боздап, Құландыға қарай құйын- перен безектеп барады әне.

– Көзіңді ашшы, жаным, тіріліп кетші, орныңнан тұршы, Ақжайлауға алып барайын алақаныма салып әлдилеп, алып барайын... баяғыдай ай астына алтыбақан құрып, армансыз бір тебейік, ешкімге бермей әуелеп бір тербелейік...

Аппақ болып айға қарап жатқан Гүлияның көзі онсыз да ашық еді. Ұзын кірпіктері қаумалаған мөлдір әрі тұнық жанары жансыз, бірақ әдемі де әсерлі. Қарашығы ғана қимылдамайды, мәңгілікке қатып қалған. Сол қарашықта қаперсіз жүзген ай- дың әдемі бейнесі, кейде алдамшы үміттің сәулесін таратқан- дай қимылдатады. Әлі суымаған, суып үлгермеген дене өмірдің қантамыры тоқтағанымен ажары таймаған албырт жүзі, көзінен жылап ағып тұрып қалған жас – бәрі-бәрі Дархан үшін әлі өлмеген; осы қазір аздап демалған соң «қолымнан тартшы, жаным, тұрайын» деп тіл қатардай марқұмдыққа қимаған. Ашық қалған көзді өз қолымен жаппағаны да сондықтан-ау. Жаңа ғана жүгіре басып келген Гүлияның жанарын жабу өзін- өзі бауыздағаннан әлдеқайда қорқынышты еді. Ол аяған жоқ, тек қорықты – тұңғыш рет қорықты. Құшағы ажырамастан ағыл да тегіл жылаған. Танауы пысылдап, тым жақын қалған паровозды байқаған жоқ. Қос рельсті зырылдатып түсініксіздеу бір сарын талмаурап жеткендей болып еді, денесіндегі бағанағы қорқынышты зымзия болып, қанқұйлы қарақшы қайтып оралдыға жорылған ол «ой әкеңнің!» – деп орнынан қарғып тұрғанда сонадай жерден жалғыз көзі жарқырап өздеріне қарай тура тартқан паровозды көрді. Гүлияның денесін жатқан орнынан қозғағысы келмеген. Егер қозғаса өлтіріп алатындай шошынды да басына байлаған алқызыл орамалды ептеп шешіп алып жоғары ұстап, алқызыл тудай желбіретіп Түркісібтің бойымен алғаш рет жүріп келе жатқан поезды қарсы алды...


Танауынан бу атқылаған паровоз салдыр-күлдір тоқтады. Бұл шақта Құланды жақтан андыздап бүкіл ел қаптап келеді әне...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.