Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 40 страница



– Бізден қарғалардың күні озық, – деді ұлы қараған жоғары- ға назар салған Төленді. – Отын тасымайды, от жақпайды, бір- бірімен қан төгіс соғыс ашпайды, қарапайым тірлігіне қа-р-ы-қ болып жүргені. – Ұлы тағы күлді.

– Сіздің ойыңызша, әке, әлемдегі аң, құс, жан-жануардың бәрі-бәрі адамдардан артық секілді.

– Артық екені рас. Біз аң-құс болғымыз келеді. Ал олар жалғанда адам болуды армандамайтын шығар. – Орнынан шап- шаң тұрды да ертеректе әлдекім жығып, ұшып, қиып, түбірін қалдырған теректің үстіне балтаны шанышты.

– Мен сенің әкең екенім рас қой.

– Ой, сіз де қызық екенсіз, көке. – Мұрты жаңа ғана тебіндей бастаған бозбала майда ғана жымиды. – Оған кімнің дауы бар, әлде өзіңіз күмән келтіріп тұрсыз ба?

– Жә, жә... Ендеше сен мені соғыс деген сойқаннан құтқар.

– Қайтіп? Қалайша? – деп таңдана сұрады.

– Кел жаныма. – Берік біртіндеп жақындады. Әкесі оң қолын жаңғырық ағаштың үстіне салды да: – Шап мына төрт саусақты, жанымның садағасы! Басым аман болса алты бармақпен де күнімді көре аламын, – деді түсі өзгере қалшылдап. Беріктің көзі шарасынан шыға шошынды.

– О не дегеніңіз, әке?! Мүмкін емес, мүмкін емес... – деп зәре-құты қалмай зәрезап болып шегіншектей берді.

– Шап дедім ғой мен саған! – Бұйыра ақырды. – Қақыраған оқтан өлгенше шолақ болып тірі жүргенім артық. Мүгедек адамды әскерге алсын деген заң жоқ.

– Шаба алмаймын! – Беріктің буын-буыны дірілдеп жылап жіберді.

– Ынжықтан туған ынжық неме, шап дедім ғой, шап!


– Жоқ, әке. Қинамаңыз мені, орныңызға мен барайын, мен- ақ өлейін, тек өз қолыңызды өзіңіз шаппаңызшы! – деп зар еңіреп әкесінің аяғына жығылды.

– Ендеше өзім шабамын, ел-жұртқа байқамай балта тиді деп жариялаймыз. Сельсовет пен милицияға солай деп жауап береміз. Оқыстың аты – оқыс. Мен ұстаған ағашқа сен сілтеген балта тая тиіп, саусақтарымды қиып түскенін ұмытпасаң болды.

– Қойыңыз, әке! Тоқтатыңыз! Соғыстан сонша неге қор- қасыз, елмен бірге көрген ұлы той емес пе? – Әкесінің қолын- дағы жалаңдаған балтаға жабысты.

– Мантырама! Ары тұр! Нағашы жұртына тартқан бос белбеу! – деп ұлын жалғыз-ақ қағып, ұшырып жіберді. Ұшы- рып жіберген соң оң қолының басбармағын бүкті де қалған төрт саусағын біріктіре жаңтырық ағаштың сүтіне салды.

«Біссімілла, түбінің қайырын бере гөр» деп күбірлеп түні бойы қайраған балтаны сілтеп қалды: балтаның жүзі тиген саусақтар барлығы қиылып түскен жоқ, шүлдір-шүмек саусағы терісіне ілініп қалды да кішкене бөбегі ыршыға кетті. Балан үйрек пен ортан терек жартылай қиылғандай. Қарақошқыл қан атқақтап өне бойын, солған шөп, өскен ағашты былғады. Жанын көзіне көрсете ауырса да тістене шыдап баққан Төленді сол қолымен іш көйлегінің өңірінен ұстап дар еткізіп айырды; жер қаба құлап, көзін тас қылып алақанымен басып солқылдап жылаған ұлына ышқына айғайлады.

– Байла қолымды! Әйтеуір көретін қаның көзің үйрене берсін, кел! – деп зекіді, орнынан сүйретіле тұрған Берік әкесі тұрған тұсқа жалт қарағанда, қой бауыздағандай дүниені ластаған қып-қызыл қанды көрді. Көзі бұлдырап, есі ауып құлап қала жаздады.

– Байла қолымды! – деп әкесі қанша ақырғанымен беттей алмады. Өз көзін өзі қос алақанымен басқан қалпы тұра қашты. Бет-аузын тоғайдың бұтағы осқылап, сүрініп-қабынғанына қарамастан жүгірді ауылға қарай. Есек қаңтарылған жерден ұзай бере алдынан Бати кездесті. Ол да отын алуға келе жатқан беті еді.

– Не болды? – деді алды-артына қарамай безген Берікті әрең тоқтатып.

– Әкемнің саусағы жоқ... балтамен шауып...


– Не дейді! – деп Берікті тастай бере атына қамшы басты. Ол келгенде қара жердің дымқыл топырағына өз саусағын өзі тығып, сұп-сұр болып бүктетіліп отырған Төленді қансырап бара жатыр еді.

Сол күні алғашқы поезбен аудандық ауруханаға жөнелтті. Арты не болары белгісіз. Құландының халқы «апырай, оқыс деген аяқ астынан, айтып келмейді», – деп таңдай қағып, бас шайқасты.

Сол күннің ертеңіне саусағы бүтін қос азамат: өлмелі жал- ғыз шешесін тастап – Асқар; шиеттей балаларын қалдырып

– Бати соғысқа аттанды. Олар мінген поезд өкіріп-бақырып орнынан қозғала бергенде ауыл жақтан құстай ұшып келген бозбала жігіт Төлендінің ұлы – Берік соңғы вагонға жабыса түсіп еді. Әкесі үшін қарабет болып ұялған Берік шақыру қағазын күтпей-ақ майданға аттанып еді. Мүмкін алар, мүмкін алмас, әйтеуір батысты бетке алып жүре бермек... жүре бермек... өз саусағын өзі құрбандыққа шалған әкесін – туған әкесін, қорқақ әкесін қайтіп көрмесе болды... Иә, бұл ауылда 1941 жылдың күзінде осындай, кейін «саусақ хикаясы» деп атап кеткен оқиға болды...

1942 жылдың – жылқы жылының қысы қытымыр болды. Қар көп жауып, ұлыған бораны бет қаратпай ел мен жердің зықысын әбден кетіріп еді. Жығылған үстіне жұдырық деген- дей, Батыста жау анталағанда, Шығыстың қысы қысып-ақ тұр. Алдымен төпеп тұрып қар жауады да, артынан жел соғады ұлып. Жерден еңсесі биік тұрған темір жолдың өне бойын қоянжондап, хасаттап тастайтын. Ал мұндай жағдайда бірде- бір паровоз жүре алмай тоқтап қалушы еді. Майданға асығыс тасылатын жүкті бір сағат кешіктіру теміржолшылар үшін қылмысқа саналатын. Құланды станциясына қарайтын жол- ды қардан тазартып, рельсті ашу тек келісіммен істеп жүрген жұмысшылардың қолынан келмейді. Сондықтан ауылдағы қолына күрек ұстауға дәрмені келетіннің бәрін жол тазалау жұмысына ұйымдастыру міндеті тұрды. Станция начальнигін қинаған да, қатты ойландырған да осы мәселе еді.

Елдің жағдайы белгілі, қолына мылтық  ұстап атыспады

демесе, одан өзге ауыртпалықтың бәрін көріп те, көтеріп те келеді-ау. Азық-түлік және жетімсіз, қорадағы бірер малын сойғанын сойып, ал аман қалғаны көтерем, көктемгі көкке


ауызы ілінудің өзі мұң болып тұр. Ұн, қант, май дегенді кейде айлап көрмейді, киім тапшы. Дүкен баяғыда қаңсыған. Анда-санда вагонмен жылт етіп түсетін дүние барған сайын саябырсып, майданнан артылмай жатыр. Батыс күйіп тұр. Жаудың беті қайтар емес. Жігіттердің алдынан қара қағаз келе бастады. Жалғыз басты кемпір ұлы Асқардан айрылған өлмелі шеше өзі шашын өзі жұлып, бір үйде бір өзі қалды аңырап. Уыздай жас келіншек күйеуі Қазтай шейіт болып ол да жесір отыр. Қамбардан хабар ала алмай Дүрия жүр. Кеше Батидан хат келіпті. Сталинград түбіне апарған екен. Әкесінің қылығына шыдамай поезға жабысқан Берік Аякөздегі әскери бөлімге барып майданға сұраныпты, ол рұқсат берген соң, дәм тартып Батимен бір взводқа жазылған екен. Қазір екеуі бірге мергендік міндетті атқарып жүрген көрінеді. Елдің алды болып аттанған молда шалдың кенже ұлы – Ермек, үлкен ұлы – Дүйсендер тірі, жауды қырып жатқанын еміс-еміс естиді. Әсіресе, ұлынан айрылған кемпір мен жесір қалған келіншектің боздағанын көргенде Дарханның сай-сүйегі сырқырады. Мұның жанында өз қайғысы еріккеннің ермегі секілді еді. Осы оқиғаларды дәтке қуат етті ме, станция жұмысына жан-тәнімен кіріскен.

Ең әуелі жалпы станция бойынша жиналыс өткізді. Халық-

тың қазіргі жағдайын, соғыстың барысына шолу жасай келіп, ауылдағы бойында жаны бар бірде-бір адамның темір жол жұмысына қатыспай, үйде отыруы дұрыс емес екендігін, темір жолдың майдан мен тылды жалғап тұрған ең құдіретті күре тамыр күшін түсіндірді. Қар тазалау жұмысына колхоздан да адамдар келіп көмектесіп жатқанда бала-шаға, шал-шықпыт түгелдей бұл науқаннан қалыс қалмауын өтінді. Сонымен ертеңінде бүкіл ел болып, Түркісібті қымтап тастаған қарды айнадай ғып аршыды. Екі жақтан бірдей поездар жөңкілді. Бірақ, барлық іс мұнымен тамамдалған жоқ-ты. Қар бір күн ғана жаумайды, боран жалғыз рет соқпайды, сондықтан жол бойына қалқандар тұрғызып, ықтасын жасау шаруасы киліккен. Ендігі жұмысты қолға мықтап ала бастады.

Құланды өңірінде аздаған бұта-қараған, үркіп өскен шилер ғана, айырдың сабына жарар ағашы жоқ көселеу. Анау Ақшидің жанынан өтер кішкентай жылға мен Аякөздің сай-саласында там-тұмдаған ағаш бар. Шалқып жайылған қоғалы көлі жоқ, Тарбағатай жоталарына ұласар тұста ғана жер келбеті өзгеріп,


құйқалана бастайды. Қар қалқан тұрғызу үшін қыруар ағаш, не болмаса баулап сүйеп қояр жілікті қамыс керек. Дарханды қинаған осы қиындық еді. Қолда бар көлікпен алыстан шаналап тал, терек тасыды. Аякөз өзені бойына ала-құлалау болып сирек өскен қамысты отап әкелді. Әйтеуір күн демей, түн демей арпалысып жүріп Құланды станциясына қарайтын темір жолдың ұзына бойына лекерлеп қалқан тұрғызды. Жарма жол жүйесі бойынша елдің алды болып ықтасын жасады. Поездың үздіксіз жүрісін қамтамасыз еткені үшін Нарком атынан алғыс алды. Ауыл адамдарына бұл да бір зор мәртебе сықылданған.

Үлкен істі абыройлы тамамдап, қақаған қыстың ызғары қайта бастағанда қаралы хабар тағы да сумаңдап жеткен. Вагоннан түсіріп кететін почтаны ең әуелі өзі ашып қарайтын Дархан, бүгін де газеттер мен үшбұрыш хаттарды тексеріп отырған. Оның көзіне Дүрияның атына келген тілдей қағаз түсті. Шетіне әскери мөр басылыпты. Ежіктеп оқи бастады... «Сіздің еріңіз Қамбар Қалқаманов Москва түбінде болған шайқаста өзін нағыз батырша көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Оның есімін Отан, бірге соғысқан жауынгерлер мәңгі ұмытпайды. Жау сөзсіз жеңіледі. Біз Қамбар секілді қаза тапқан ерлер үшін кек аламыз».

– Осымен болды, – деді Дархан қағазды қайта бүктеп. – Бүкіл тағдыры жалғыз жапырақ сары қағазға сыйды да кетті.

– Көзінің алды жыбырлап, миын мың-миллион құмырсқа талап жей бастады. Көзі қарауытып, басы айналған соң шекесін қарулы саусақтарымен қызарта шымшылады. «Қош бол, бауырым, топырағың торқа болсын, еліңнен бір күрек топырақ та бұйырмады-ау...»

Қырсыққанда бүгін күн шайдай ашық екен. Терезенің, күнгей жағы жылбысқылана еріп, қыстай тұтқан қалың қырау жұқара бастапты. Кеңсенің іші жап-жарық. Үйдің ішін қуала- ған жарық сәуле көп кешікпей келер көктемнің шабарманы секілді. Бірақ, Дархан мұның бірін де байқап, сезіп отырған жоқ. Жан-жары Гүлия өлгеннен бері қыр соңынан қалмай көлең- кеше еріп жүрген ауру тағы да миын, жүрегін сұққылап ойнай бастаған. Осылай қысылғанда «шіркін-ай, жайлауға барып, он күндей демалар ма еді, дүниенің барлығын ұмытып, көк шөптің үстінде аунап, көкке телміріп жатар ма еді» аңсайтын. Жаз жайлауды әсіресе, қақаған қаңтарда сағынатын. Әйтеуір жер


басып жүрген соң азаптың, арбасына жабыса бермей, өзіңмен өзің болып, саяқ тарта сапарлап кеткен дұрыс-ау. Қызықтан қанша рет қашып құтылам дегенмен көңіл шіркіннің ақсақ болса да көк дөнені айғай сүрең алаөкпе жарысты іздеп, оқта- текте жасқана кісінеп қояр еді. Адамсың ғой, адамға қажет нәрседен безіп кете аласың ба?

Басындағы барымта аздап сап болды. Енді оның көз ал- дына сонау жылдары Ақжайлауда өткізген көркем күндер мен барқыт түндер елестеген. «Жалт етті де жоқ болды, бәрі де баяғының садағасы».

Бұл суық хабарды Дүрияға естіртуден ауыр не қалды енді?..

Не қалды?!

Орнынан әрең көтерілді де еңкеңдей басып шығар есікке беттеді. Дала аппақ. Ауыл балалары қаперсіз. Күннің көзіне шыдамай жіпсіген қардан кісі жасап ойнап жүр. Иттерге дейін арсалаңдап көбік қарға аунап, асыр салады. Құланды моп- момақан. Тыныштық.

Батыста соғыс жүріп жатыр. Адамдар өліп жатыр.

Дархан молда шалдың тамын бетке ала Құдайдың зорына кетіп барады. Шалды қасына ертіп алып Қамбардың азалы хабарын Дүрияға естіртпек.

 

* * *

...Соғыс аяқталуына бір жылдай уақыт қалғанда Құланды ауылын қайғының қара дауылы соғып өтіп еді. Тағы да соғып өтті. Әспенсінген жаудың беті қайтып, шыққан ініне қайтадан қуып тыққан саршатамыздың сүйек балқытар тамылжыған күнінің бірінде жарты жылдай хабарсыз кеткен Бати мен Төлендінің үлкені Беріктен... расын айтқанда солардың май- дандас жолдастарынан хат келді. Жершарының үлкен карта- сына сыймай қалған анау алақандай ауылдың пешенесіне жазылған жамандық пен жақсылық атаулыны алғашқы болып еститін Дархан, солдаттар жолдаған үш бұрыш хатты қалта- сына салып алды да үйреншікті орны – Тарбағатай өңірінің Фудзиямасы іспетті Кеңгірдің жотасына өрлеген. Ертерек ке- лер күздің шабарманы секілді ұшпалана ұшқан мизамды жел үрлеп мұқым дала мақталанып жатыр. Сол мақталанған ұлан- байтақ даланың бетінде жілікті де сіңірлі екі аяғымен қара


жерді нық басып бүкіл әлемнің сақшысындай со-о-о-ноу алысқа қадала қараған Дархан осы тұрмысында шойыннан құя салған адам-ескерткіш сынды, көзге аса биік әрі оқшау көрінеді. «Иә, жер бетінде жақсы адамдар көп, – деді күбірлеп, – бірақ жер астында одан да көп-ау».

Гүлияның бейітіне арқасын тірей малдас құрып отырды. Үш бұрыш хаттың бүктеуін асықпай жазып, өз түрін түстеп, көрмеген белгісіз жауынгерлердің хатын ежіктеп оқи бастады.

«...қазақта мықты жігіттер көп. Олардың қай-қайсысы да майданда нағыз ерлерше соғысты. Үркіп-қорқуды, жалған тартып жан сақтауды білмейтін ержүрек азаматтардың бірі Бати еді. Інісі Берік қаза тапқан соң, Еуропаның қара топырақты сұлу жерін өз қолымен қазып, қастерлеп жерледі. Жүз метр қашықтықтан ұстараның жүзін ұшырып жіберетін мерген Бати күн сайын үш-төрт жау солдатын атып өлтіріп, оқтан босаған патронды Беріктің қабірін айналдыра қатарлап тізе берді. Осылайша інісінің кегін алған ол жас қабірді ораған патрондардың бір-біріне түйісуге екеу-үшеуі-ақ қалғанда тура жанына жарылған бомбаның астында қалды. Біз досымыздың денесін таба алмадық... Бомба ойып кеткен шұңқырда майысып, балқыған құтысын ғана іздеп тауып, інісінің жанына жерледік. Батидай асқан ер, Отан үшін пида болған азамат өлмек емес. Оның рухы ауаға айналып кетті. Сол Батидың рухы сіңген ауамен біз, тек біз ғана емес бейбітшілік сүйгіш күллі адамзат тыныстайтын болады. Ұлы ерлік деп, міне осыны айт! Сіздердің жерлестеріңіз, біздің, майдандасы- мыз, қазақтың қаһарман ұлы – Батиға шейіт болған соң Совет Одағының Батыры атағын берді. Ол хабарды газеттен оқыған шығарсыздар. Осындай ұл туғызған қазақ халқына мың да бір рахмет!

Жауынгерлік сәлеммен, орыс, украин, белорус, молдаван,

латыш, эстон, қырғыз солдаттары. 1944 жыл».

Мизам ұшқан дархан даланың бетінен жоқ іздегендей телміре қараған Дархан мұнартып тұрған аспанға қарады.

«Бати қай жерінде ұшып жүр екен». Ал, Бати батырдың қара жерде емес, көк тәңірісіне аттанып кеткені рас еді... «Міне, нағыз өлім деп осыны айт».

Ал, Дархан ше?.. Сол ұлылардың рухынан жаратылған аспанға ұша ала ма?..


Көз ұшынан тағы бір поезд көрінді. Сол поездағы көп жолаушының бірі ғана...

 

* * *

Бүгінде:

Ел аяғы саябырсып, ыстық-суығы басылғандай болғанда Дархан немересін ертіп Кеңгірдің биігіндегі құрылысы әлі аяқталмаған мазарға барды. Бұл мезгілде аспан қиқулап ұшқан құстан тазарып, сұрқай да ауыр тартып, тым-тым аласарып, әрі кішірейіп қалғандай еді. Жыл құсы жылы мекеніне күнді жайлата, қарлы-жаңбырлатып қайта бастаған мезгілде анау сұр аспан – құс базарына айналатын, осы өңірде палендей көп болмағанымен, сонау Балқаштан көтерілген тырна, аққу, үйректер қысқы мекеніне Құландының үстімен ұшып өтер еді. Сонда қайтқан құсты шығарып сап, мұңлы күйде тұрған Дархан өзіне де қос қанат бітсе әйтеуір өзі де білмейтін жерұйық

– бейбіт те берекелі еркін жаққа ұшып-ақ кеткісі келер. Бірақ ондай жерұйықты бұл түгілі Асан қайғының өзі таба алып па еді... Қазір сарғайған қуаң дала сол думанды шақтан, бәрінен жұрдай болып, қаңсып қалған.

Ертеңгілік күзгі суық екеуін де жауратты. Шал мен немере төбенің басына шыққанша үндеген жоқ. Моланың дәл түбіне жеткенде Жалғас ең әуелі Кеңгір батырдың мүрдеханасын шыр айналып алақанымен қабырғаларын шапаттап:

– Да-а, – деді.– Умно сделано. Ешкім тимесе әлі талай ғасыр тұра береді. Ақсақал, осыншалық құдіретті ғимараттардың кірпішін неден құйған? Біздің қызыл кірпіштер елу жылға жетпей мүжіліп, қирап қалуы қалай?

– Қайдан білейін, қарағым. Менің естуімше Кеңгір бабам- ның моласын: сары жабысқақ топыраққа аттың қылын аралас- тырып, биенің сүтін, ешкінің майын ерітіп құйып, қыш жасап соққан. Ол кезбен бұл кезді салыстыруға бола ма, тәйірі.

– Есіне әлдене түскендей көзі жасаурап Кеңгірдің зәулім күмбезіне қарады. – Әлі есімде, жеті-сегіз жасар шағымда болар, біздің ауыл сонау Қызылегіздің ар жағында көк мұнар- ға оранып жатқан Тарбағатайда жайлаушы еді. Ол жер – Ақжайлау деп аталатын. Жаз шыға жонға көшкен ел өзгеше бір көрініспен сыңсып, құндыздай шұбап ойнап-күліп барады- ай... Күнгей-күнгейде қызыл ала, көк ала гүлдерден хош иіс


аңқып, сарайыңды ашатын; әлсіз армандай болып лүп-лүп етіп соққан саумал самал; анау сай-сайдағы байдамталдың табанын қытықтап, сыңғырлап күлген, жас балаша былдырлап түсініксіз тілмен әңгіме айтқан бұлақ, бұлақ жағасында құрыл- ған алтыбақан – бәрі бүгінгідей көз алдымда; енесін қақтап емген құлын, маңырай іздеп жамырай табысқан қозы-лақ, тайға мініп жарысқан бала, көкке шапшыған асауды саздақ жерге салып мөңкіте үйреткен жас жігіт – бәрі күні кешегідей жадымда; менің қайран қалатыным – осынау керемет суреттің қай-қайсысы да өмір бойы ұмытылмай, ашыққан, жаураған, жалғызсырап бас ауырып, балтыр сыздағанда көз алдымда қуаныш сәулесіндей елес берері, жүр-жүрлеп сол жаққа – Тарбағатай жайлауына ымдап, қол бұлғап шақыратын; бірақ мен содан қайтып, міне алпыс жыл толды, барған емеспін... алыста, аяқ жетпес шалғайда қалған мамықты арман секілді... жұмысшылық өмір, анау шойын жол менің сол – қызыққа толы үкілі күндерімді ұрлап алғандай еді... кей түні мен түсімнен шошып оянамын: жап-жасыл шөптің ортасында көк аспанға телміріп жатамын...

Немересінің әңгімеге зауқы жоқ, есінеп отырғанын сезді

де, шорт үзді.

– Иә, балам, атаңның осындай қырттығы болады, – деді. – Екі-үш күн той-томалақпен ес жия алмадық. Жалғасжан, айып болмаса ендігі әңгімені сенен күтсем деймін.

– Ой, ақсақал-ай, менде не әңгіме болушы еді. Әкемнің түр- түсін білмеймін. Ол әскерге кете салып туыппын. Мамам елу бесінші жылы қайтыс болды. Өзім қазір Өзбекстанға қарайтын бір қазақ ауылында тұрамын. Қелініңіз, екі шөбереңіз бар. Ауқаттымыз. Общем, қызмет, тұрмыс бәрі жақсы, ақсақал. Мына мазарды тездетіп жөндеп бітірген соң сізді көшіріп алсам деген ой бар. Оған қалай қарайсыз? Шал мырс етіп күлді:

– Жалғасжан-ау, егер мен Құландыдан көшіп кетсем мола- ны «тездетіп» несіне тұрғызамыз? – деді.

– Ә, солай екен-ау, – қып-қызыл боп өз әбестігіне өзі ұялған немере қалтасынан темекі алып тұтатты.

– Көшіріп алмай-ақ қой. Келесі келгеніңде келін мен балаларды ерте кел. Мен Гүлияны төбе басына жалғыз тастап ешқайда бармаймын. Қарыс жерде қаза бар, алда-жалда көз жұма қалсам, Гүлияның қасына қоярсың.


– Обязательно! Осы жолы келініңіздің аяғы ауыр боп ере алмады. Жолда өз әбестігінен ақталған болды. Неге екенін түсіне алмады Дархан, аяқ астынан табылған немересі жаңғалақтау, кеңінен ойлап, тереңнен толғамайтын шолақтау ма деп қалды.

Ол соншалық қатыбастылығы үшін өзін-өзі сөкті де.

– Ақсақал, менің демалысым аяқталуға әлі біраз уақыт бар.

Шамам келгенше көмектесейін, не бұйырасыз?

– Рахмет, шырағым. Аягөзден екі-үш машина кірпіш жет- кізіп берсең жетеді. Нәшәндік нұсқап жіберер, заттарды қай- дан, қалай сатып алуын. Есігіне темір қақпақ жасату керек- ау. Ішіне ешкі, оқыралаған бұзау кіріп кетеді ғой әйтпесе... көлденең өтер көк атты «Мынау кімнін, зираты?» дегенде:

«Дархан өз қолынан қалаған Гүлияның мазары», – деген сөздің өзі көрден қайта тірілткендей болмай ма. Өткендер алдында бүгінгі жер басып, тырбанып жүргендер мәңгі борышты-ау. Әттең артыңа тым болмағанда төрт құлақты бейітті аманатқа қалдыру да арман екен ғой...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.