Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 34 страница



Қайдан пайда болғаны белгісіз, Гүлияның жанына бірінші болып жеткен жылқышы жігіт еді.

– Қош, аяулы қарындасым! Ол итті қайдан болса да іздеп табамын, – деп бетін асығыс сипап Гүлияның мынау әлемге түсінбей таң-тамаша қарап жатқан жанарын алақанымен жаба берді.

Құдай қосқан қосағының өлі денесін Дархан ауылға дейін жалғыз өзі көтеріп барды.

Айнабұлақта өтетін үлкен тойға бара алмады. Поезд ет пісірім уақыт аялдады да ілгері тартты.

Ертеңінде Гүлияның сүйегін Кеңгір жатқан төбенің басына жерледі, өз қолымен жерледі. Мың жылға бірақ қартайды. Шашы аппақ екен, жалғыз-ақ түнде ағарып кеткен екен. Мұны көрген жұрт қабырғасы қайыса көздеріне жас алды. Адал көңілмен, адамдық жүрекпен қайғырды.

Сонда, сол төбенің басына бір адамды ғана емес, екеуін де бірдей көміп қайтқанын білді... Екеуін де... Жарық дүние- ні көруге үлгермей анасының құрсағында жас құлын кетті шырқырап; обалы кімге, оны әзірге Дарханның өзі де біл- мейді. Оның ұққаны, дүниедегі ең асылын, ең керекті затын жоғалтқаны. Жаққан отын мәңгілікке сөндіріп, қу бас болып, жалғаннан жалғыз өтуге ант бергені ғана... Орны толмас қаза мынау жұмыр жердің бетінде өте аз, сирек ұшырасады. Бітпейтін жара да жоқ шығар-ау... Ал, адам бойынан жүрегін суырып әкетсе ше? Бүгінде Дархан – Дархан емес, жүрегі жоқ қалқайған қу қаңқа ғана... Қаңқа – адам ба?..

Гүлияны жерлейтін күннің таңында әлдекім жол бойына қалдырмай қайтадан көтеріп келіп, кеңсенің бұрышына әкеліп қоя салған қара қобди жарылды да, Омар байдың бұрынғы қыстағының күлі аспанға бір-ақ ұшты. Бұл, Еркін Омарұлының Дарханнан «досына» беріп жіберген «сәлемдемесі» еді...

Сол күннің таңында Айнабұлақ станциясына жиналған жиырма мың адам ұлыжіңгір той бастады. Құрылысшылар ВК(б) П Орталық Комитетінің атына мынадай телеграмма жолдады: «Бүгін Москва уақытымен сағат 7-ден 6 минут өткенде Луговой станциясынан алты жүз қырық километр


қашықтықта Оңтүстік пен Солтүстік рельстері түйісті. Түркісіб бойымен қатынас жасауға жол ашылды».

Социалистік индустрияның тұңғышына айналған Түркісіб- тің тойына тек Дархан ғана қатыса алмады...

Бір ғасырға бір-ақ Құлаша керегін, қаңғыбастық атпалдай азамат басына лайық еместігін сол түні арманының ақ құсындай болған Гүлиядан мүлдем айрылған түні ұққандай болған Бати Ақшиге дейін жаяулап барды да, ауыл шетінде жайылып жүрген кез келген атты ұстап мінді. Үйінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан Дүрия мен Қамбарға ауыр қазаны хабарлаған да сол жылқышы жігіт.

Хабарасуын бетке ала түнделетіп жолға шықты. Қолына іліккені мың салса бір баспай құйрығын бұлғап, тырқылдап тұрып алар жабы екен, Батидың жынына тиіп келеді. Тіпті, осы құрғыр тырақыны басқа бір салып қоя берейін деп ойлады да, соңғы кезде сарысуланып, жүргізбей ауыратын аяғынан қорынды. Көптен бері құйрығы жайдақ атқа тимей көбенсіп кеткен бе, екі жамбасына кезек ауысып әрең шыдады. Асуға дәл бүгін жетпей болмайтын еді. Егер асудағы тас үңгірге дәл бүгін жетпесе, қара ниет жауыздан мүлдем айрылатынын білді. Тоқпақтағанда барып шоқырақтаған аттың желісі ауыр, зіркілдетіп қолқаны ауызға тығады. Кеспіріне қарамай жол шетіндегі қарайған заттан қорсылдап үркеді-ей; ол қылығы сүмірейген түріне үйлесіп тұрмаған. Жылқы баласын таңдап мініп өскен жігіт қайтеді енді, барымен базар болып, ілгері ілби береді. Түн жарық. Ай шеңбірек атып толған кез, әлеулайға басып әндетіп жолға шығатын әдемі мезгіл. Талай жүрген таныс жол.

Жылқышы жігіт үшін жылдар бойы жан баласына білдір- мей жасырып өткен жұмбақты махаббатын ақырғы сапарға аттандырғанда өзі де ішінде болғанына қуанды. Жасқа толы жанарын өз қолымен сипап жапты ғой. Тағдырдың осыны қиғанына да шүкіршілік. Бати үшін Гүлия енді ғана өмір сүре бастағандай еді. Ой-қиялының күллісінен еріп келіп, жанын сыздатқан жараны сылып алып тастаған сияқтанды; жоқ-жоқ, Гүлиянын тірлігін, Дарханның бақытын әсте де қызғанған жоқ. Тек бір өзі ғана ұға алар ауырлықтан айыққан еді. Енді ол жер бетінде жоқ, бірақ – бар. Батидың қатарында, тіпті бірге енді ғана өмір сүре бастағандай. Біреулер тапқанына куанады,


біреулер жоғалтқанына қуанады. Адал сүйген адамына оның өлімінен соң қол жеткен Бати бұдан былай бүкіл әлемге «мен оны сүйіп едім» деп жар салуға хақысы бар. Осынау бос- тандыққа, жан еркіндігіне қолы жеткенінің өзі сүйе білер адам үшін бақыт екен-ау. Ғашық адамдардың қатар өмір сүргенін көрген емес, естіген жоқ, тек арғы дүниеде ғана табысады дегені рас па екен? Рас емес-ау, әйтпесе, табанда Гүлияның соңынан ойланбастан аттанып кетер еді. Ол сөз рас болса, Дархан неге тірі жүр?..

Көп нәрсені кеш түсінген Бати бұл заманға құлашалық дәруіштік өмірдің түкке керегі жоғына, адам болып жаратыл- ған соң мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын адамша өмір сүру керектігіне иланды. Баяғыда, былтыр көктемде осы жолдың үстінде Дүриядан оңбай жеңіліп еді, өз бақытына бірінші болып қол созбайтын әрекетсіздігін бетіне басып, жазғырған да еді. Ол шақта мойындай қоймаған. Туған жер, өскен елінде жүріп адасу – қандай өкініш. Екінің бірі – не арғы бетке қашып көзіңді құрт бұл жерден, не елге оралып түтін түтет. Әйтеуір көзге күйік болып, иесіз иттей каңғыма, қарағым. Кісіге жалғыз-ақ жол беріледі, жер бетінен сол өзің өмір бойы жүріп өтер соқпағыңды тандай алдың ба, жарқыным. Жер жаһан үшін сен кімсің? Кімге бұлданасың? Тек түн баласында ғана ұшатын қара қоңызсың... «Жә жетті!» – деп дауыстап жіберді. Өз ішіндегі айғайшыға берген жауабы еді.

Түн ортасы ауа Хабарасуына келіп жетті. Атты ағаш арасына жасырып, тас үңгірге сыбдырын білдірмей мысықша басып жаяу өрлеген, жауы әлі келе коймаған секілді. Жарқанат қана сусылдап ұшып жүр. «Неге кешігіп жатыр екен?».

Ол тұңғыш рет қазір бетпе-бет келер дұшпаны жайлы ойлады. Ол кім? Қазақ үшін керек пе мұндай адам? Бай- манаптың тұқымы емес, ол да өзі секілді сіңірі шыққан кедей жігіт. Бүкіл балалықтары бірге өтті, әке-шешеден тым ерте айрылды да кім көрінгеннің есігінде жүрді. Бұл Омар байдың жылқысын бақса, ол аяқ-табағын ұстап, бие сауғызып, алып кел, барып келге шапқылар шабарманы болды. Өзінен гөрі жылпос, қолды-аяққа тұрмайтын пысық жігіт еді. Жаға жыртысып төбелескен, «әй әкеңді» деп балағаттасқан жері жоқ, қулығына құрық бойламайтын зәлімдікті қайдан ғана үйреніп жүр? Әлде аумалы-төкпелі заман, отарбадай зырлаған уақыт па... Әлде


әке-шешенің «құлыным» деп маңдайынан иіскер, бауырына басар тәрбиесін, махаббатын көрмеген соң қасаң да қатал болып өсті ме? Не білген ойы бар, көздеген мақсаты не? Әлде арғы бетке ол да өтіп кетпек ниеті бар ма? Ешкім құйрығына шала байлаған жоқ. Қазіргі халі де жаман емес... Сонда неден үркеді, неден сескенеді?.. Жұмбақ.

Бұта сыбдырлағандай болды. Бати демін шығармай тас- тың тасасына бұға қалды. Қараңдаған әлдекімнің сүлдесі көрінді. Жан-жағына жалтақтай қарап, тың тыңдағандай аз- кем аялдады да тура Бати жасырынған тасты айнала берді. Жылқышы жігіт қолындағы қыл арқанды оқтай ұстап, демін ішіне ала қозғалмай отыр. Үңгір тастың түбіне жетіп, тағы да айналасына сүзе қарады. Мүктенген жақпар тасты сипалап жүріп, бер жағын бұта-қарағанмен бітеген қуысты тапты да қолын жүгіртті; ораулы заттарды ептеп ала бергенде жыланша ысқырып келген қыл арқан сұп-суық болып мойнына орала кетті. Оралған сәтінде-ақ аласұра жұлқынып, алып тастамаққа әрекет жасап еді, жылқышының қарулы қолы тырп еткізбей буындыра түсті.

– Ау, Бати! Бұл сенсің! – деп айғай салды. Артына қарамай- ақ жазбай таныды.

– Иә менмін, Оспан! Міне, кездескен деген осы.

– Бұл дүниеде жалғыз сенен ғана сескенуші едім, ақыры қолыңа түсірдің-ау.

– Мен емес, сен едің ғой мені іздеп жүрген. – Оспанның бұлқынғанын шыбын шаққан құрлы көрмей дедектетіп апарып, тастың саңылауына өскен шынар шыршаға шандып таңып тастады. Тапаншасын алуға да үлгерткен жоқ.

– Қапыда қалдым. Сенімен бұлай кездесем деп ойлаған жоқ едім, әттең кеш...

Жуаси бастады, арқан батқан білектері удай ашып, жанын шығарса да тістеніп, ауырсынғанын білдірмеуге тырысты.

– Өлетін бала көрге жүгірер, өсетін бала төрге жүгіреді деген осы, Осеке. Иманыңды айта бер, – деп қыпынан мүйіз сап, жезмойын пышағын асықпай алып, басбармағымен жүзін ұстап көрді.

– Бауыздама, атып кет! – деді Оспан жан дауысы шыға ышқынып, – қалтамда тапаншам бар, ал да ат.


– Жо-о-оқ, Осеке, мен саған оқ шығармаймын. – Қалтасын қарап еді, бір емес екі тапаншаны қатарынан суырып алды да әлгіндегі асыл тас түйілген шүберекті асықпай шешіп, тапаншаны да соған бірге қосып орады, – бұлардың бәрін үкіметке өз қолыммен тапсырамын.

– Сол арқылы айыбыңды жуып-шаймақсың ғой, ақымақ! – деді Оспан ысылдап. – Ақымақ болмасаң ғұмырыңа жететін байлықты апарып берермісің?

– Егер бұл байлыққа қызықсам баяғыда, Омармен бірге көрге көмбес едім; ал мына сен аруақтан қорықпай, моланы ақтарып, итше тіміскілеп қазып алдың. – Оспанның тура қарсысындағы тасқа шоқайып отырды. – Сонымен... жауап алу басталады.

– Өлтірсең жанымды қинамай өлтір, Бати. Бірге өсіп, біте қайнасқан досым едің, бөтенім емес бәріміз бір мұрын- сыбанның баласымыз. Арамызда алты ата араламайды. Бұл менің шыбын жанымды сауғалағаным емес, әкесін ұрайын, тумақ бар жерде өлмек бар, ақырғы өтінішім – ағайындық тілегім, қинамай өлтір. Онсыз да тек жер басып тірі жүргенім болмаса, баяғыда өлгенмін; бұл дүниенің, азабын сенен гөрі мен көп тартқанмын.

Оспаннан осыншалық ақылды сөз шығар деп ойламап еді. Жүзіне қарады – боп-боз. Бірақ қорқыныш та, өлімнің үрейі де білінбейді. Ағаш арасынан саулаған ай сәулесі ғана Оспанның бетіне, өне бойына жыбырлаған жапырақтардың тірі көлеңкесін түсіріп, жел соққан сайын тынымсыз қозғалақтайды. Байлаулы тұрған Оспанның үсті-басында сансыз жапырақ қайнап, сыбырласып, сырласып мәңгілік қозғалыста жатқандай.

– Әуелгі сұрағым, – Гүлияның бетін обалсынбай неге тілдің?

– Мен оны өлердей сүйген едім, менің ғана емес, өзіңнің де ойың болған.

– Сүйген адамның бетін тілгенді қай атаңнан көрдің?

– Ол тым сұлу болды да көзі соқыр мені менсінбеді. Өзіме теңессе, алған бетінен қайтар деген үмітім болды. Тыртықбет қызға Дархан қарамас, деген ойым және бар. Өкінішке орай керісінше...

– Оң көзіңді ойып алған Омардан қуған кегің шығар деп едім.


– Жоқ, көзімнің бодауы емес, бір басқа бір көз де жеткілікті.

Егер дұрыс көз болса...

– Солай-ақ делік, айы, күні жетіп отырғанда неге ғана атып өлтіріп кеттің. Іште кеткен сәбиін аясаң етті, хайуан!

– Кімді?! – деп айғай салды.

– Мүләйімсіме, білмей тұрған шығарсың. Әрине, Гүлия- ны...

– Не дейді?! Оқ соған тиді ме, Дарханды көздеп едім-ау, тәңірім-ай, не істедім мен! – Басын қарағайға ұрғылап өкіріп жылады. – Құдай-ай, мәңгілікке айрылдым ба!? Қайран Гүлиям- ай, арманда қалдым-ау. Бұл жалғанда сенен басқа кімім бар еді? Бір ауыз жылы сөзіңді естімесем де күнде көріп, есен-сау көз алдымда көлбеңдеп жүргеніңді медет тұтып едім; мен сені тосып едім, өлгенше тосып едім, қашанғы қайғы жұтып отыра берер, бір күн болмаса бір күні етегімнен ұстар, ықыласы ауар деп едім; ей Бати, ат мені, өлтір ендігі тірліктің әкесін...Мен де аттанайын соңынан.

Бати ойланып қалды. «Мұның да кінәсі жоқ екен-ау, өз бақыты үшін күресіпті. Бірақ күрес жолы басқаша».

– Сен күшіңе сендің, Дархан түріне, еңбегіне сенді. Мен ше мен неменеме сенер едім, айлалы ісіме, тәуекелшіл қулығыма сендім, сендерден жеңілмес үшін, сендерді желкеме міндірмес үшін... Бұл өмірге екеуіңнен гөрі мен керекпін! Гүлия «сүйдім, күйдім» деп ынжық колхоздың қара өгізі секілді пысылдаған Дарханға тиді, қандай пұшпаққа шықты, егер саған тисе күні одан да сорақы болар еді байғұстың. Ол әлемдегі ең сұлу адам. Ал сұлулықты алақанға салып әлдилеп өтпес пе екен. Дархан болса қатындыққа алды. Жер бетінде қатындар онсыз да жетеді... алсын кез келгенін... Салсын қара жұмысқа салпылдатып... Ал, мен тіземе отырғызып қойып күндіз-түні дидарына қараудан жалықпас едім. Ай, ақымақ, азбан байлық неге керек дейсің? Сұлулықты сақтау үшін керек. Егер менің қолыма Гүлия мен байлықты беріп қойса, бұл жерден мәңгілікке құрымай- мын ба? Қазақтың ұрығы да, ұлығы да жетіп жатқан кең даласынан таңдап жүріп үй салмаймын ба; Гүлиямен қосылып, бақытты шат-шадыман өмір сүрмеймін бе; артыма әдемі ұрпақ қалдырмаймын ба; бұл сенің де, Дархан өгіздің де қолынан келмейді. Ақымақтықтарыңды адалдықпен, әлсіздікпен бүр- кемелегілерің келеді. Пысқырдым ондай ит мініп, ирек қам-


шылаған бүлкек-бүлкек тірліктеріңді, қатты жүрмейтін, қарап тұрмайтын өгіз өлмес, арба сынбас өмірлеріңнен – арғымаққа мініп ағызып өлгенім артық. Не жеңілермін, не жеңермін – екінің бірі. Не жоғары шыға алмай, не етекте қалмай ылжыра- ған дүбәра тірліктеріңді дәтке қуат етіп, мардамсисыңдар. Менен гөрі сендер қауіптісіңдер, неғып мыңқиып отырсың, ат! Өлтір тезірек, Гүлияның артынан тек мен ғана бара аламын. Тек мен ғана... әйтпесе қолымды шеш, өзімді-өзім бауыздайын. Сендердің қолдарыңнан кек алу да келмейді. Қауқайған қаңбақ кеуде, қасиетсіздер!

Бати не деп жауап берерін білмеді. Ақталар сөз де таба алмады.

– Намазыңды оқып болдың ба? Арыстанның ойынынан түлкінің мойны үзіліпті, – деді бар айтқаны.

– Оттамай баста!

Орнынан асықпай тұрған Бати Оспанның қарсы алдына барды да:

– Міне мынау Гүлия үшін, – деп жапырақ жыбырлаған бетін ұзынынан сара тіліп жіберді. Қып-қызыл қан сау ете қалды. Оспанның жалғыз көзі дір еткендей болды да Батиға қараған қалпы сұғын қадап қозғалмай шелейіп бара жатты, қыңқ деп үн шығарған жоқ. – Міне, мынау Гүлияның құрсағында кеткен сәбидің обалы үшін, – деп көлденең және бір сызық тартты. Оспанның денесі тағы да дір етіп басылды, өнебойын қан жауып кеткен ол:

– Гүлия, мен сенің соңыңнан кетіп барамын, сәулем! – деді күбірлеп.

– Жоқ, ол жаққа да жібермеймін сені, Оспан! О дүниеде де тыныш жатпайсың, аруақтардың мазасын аласың. Өлікке айналсаң, бетіңдегі айқасқан сызық ағып кетер, жүре бер жер басып... Енді бұл елге көрінер бет жоқ сенде. Нас адам тек жер бетінде ғана жүре алады.

Пышағын сүртіп қынына салды да түйіншекті қолтығына қысып етекке қарай аяңдап, құлддиап бара жатты. Бетінен қан саулаған Оспан: «Өлтіріп кет! Бүйтіп қорлағанша өлтіріп кет!»

– деп айғайлап ағашқа байлаулы күйінде ит боп қыңсылап қала берді.

Бір атты жетелеп, бір атты мінген Бати асыл тастарды қанжығасына байлап Құландыға қарай бет түзеп барады.


Жылқышы жігітгің ел арасына оралғаны еді бұл...

«Өлтіріп кет!» – деп жан дауысы шыға айғайлаған Оспанның үні көпке дейін құлағынан кетпей, естіліп тұрды.

Бати қайрылған жоқ...

 

БЕСІНШІ САЛА

 

Бүгінде:

«Дарханның немересі табылыпты» деген сөз Құландының ерігіп отырған жұртын аяғынан тік тұрғызды. Құланды талай жылдан бері мұндай зор жаңалықты естіп те, атқарып та көрген жоқ-ты. Алғашқыда сасқалақтасып қалды: бар қолдарынан келгені бірінің үйіне бірі жүгірісіп, өлмелі шалдың өлгені тіріліп, өшкені жанғанын сыбыр-күбір айтумен болды. Әншейінде ерініп есік ашпайтын ауыл үйдің сабасының аузы бір-ақ күнде шешіліп, тыққыштап, жылт көрсетпей отыртан құрт-майы, үнді шайы шықты жарыққа. Он шақты түтін әр шаңырақтан қатар ұшып, қаз-тауық қаңқылдасты. Бала мен иттер де мәз-мейрам, неге қуанысып жүргенін өздері де білмейді, әйтеуір үлкен адамдардың қас-қабағынан болмысында жоқ жайдарылық сезген соң бұлғақтап шаба берген. Қызық, тып-тыныш жатқан разъезді осыншалық мол жаңалыққа кенеп, айран-асыр қылған немере осы жұрттың үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, бөтен ауылдың тайлағы екен деген жоқ, көптен көрмеген тумасындай ізгі тілекпен екі көздері төрт бола тосысты. Баяғыда жеңістен солдат оралғанда дәл осындай қағанағы қарқ қуанып еді, өз әлінше бұл да бір соғыстан қайтқан солдат, соғыста өлген жауынгерден қалған тұяқ, Мұраттың қайта тірілуі, жалғасы. Есімінің Жалғас екенін естіген ел: «Атын да тауып қойған екен» десті.

Теміржолшы шал үнсіз дайындық қамына кіріскен. Ә дегенде жүрек шіркін зәтте ғой, сеніңкіремей жүрді де ел кеу- кеулеп, нәшәндік осынау оқыс қуанышты тізгін ұшынан қағып алып, қосарлап шауып дүрліге жөнелген соң иланғандай болған. Көршісінен семіз қой сатып алып, дүкеннен бір жәшік ақ, бір жәшік қызыл арақ жеткізілді. «Дәкеңнің тілеуіне» деп түтін басы бес сомнан ақша жинады. Дарханның жаман лашығы әктеліп, маңайына су сеуіп сыпырды. Азаматтар қоя ма, бір


машина сексеуіл түсіріп берді. Келіншектер де қарап отырған жоқ, отымен кіріп, күлімен шығып бауырсақ пісірді, шелек- шелек су тасыды құдықтан. Мұның бәрін шашау шығармай ұйымдастырып басы-қасында өзі болып басқарып жүрген Солтанға шал дән риза. Ақсақалдар жағы оны: «Жыланды нәшәндікке жарымаушы еді, ауылымызға келген құт», – деп алғыс жаудырып қауқылдасты.

– Сонымен он күннен кейін аузы-мұрнын көрмеген немереден телеграмма келді.

Ақсақал! Ташкент-Новосибирск поезымен шығамын. Қарсы ал.

Жалғас 10. X. 1975 ж.»

Дарханның түсіне алмай жүргені немересінін «ата» демей ақсақал дегені-тін. «Үйрене алмағандыкі-ау, туғалы көрмеген шалды аталап» бас салудан ұялған шығар, құлыным» деп өзін- өзі жұбатты.

Әне, поезд келе жатыр!

Келе жатқан поезға қарсы Құландының тайлы-тұяғы қалмай жылжи шұбырған. Бұл разъезд күніне он шақтысы тоқтап жататын «товарнякті» дәл осылай, өмір-бақи қарсы алмаған шығар-ау. Ең алда – «ақсақал». Көңілі әлемтапырақ, көзінде жас! Ең ғажабы, жұрттың бәрі аялдамаға қарай шұбырғанда Дүрия кенеп дорбасын қолтығына қысып Кеңгірдің биігіне Гүлия бейітінің басына Дархан тұрғызып жатқан мазарға қарай беттеген...

Екпінін бәсеңдетіп келіп, бір-бірін мүйіздей тоқтаған ауыр составтардың салдыр-гүлдірі сап болған сәтте лап қойған жұрттан көзі әр қорапты кезіп кеткен.

Немере жоқ!

Құландыға тоқтаған әр «товарнякке» жүгіре-жүгіре әбден шаршаған ауыл адамдары енді күдерін мүлдем үзген де, есіктерін тарс жауып нәумез көңілмен күңкілге көшті. Шалдың жүні жығылды. Өстіп тамында ешкім қалмай соқа басы күйзеліп отырғанда «Ассалаумағалейкүм» деп сып етіп, ұзын бойлы қарасүр жігіт кіріп келгені... Шал шалқасынан түсе жаздады. Төбесінен біреу балғамен ұрғандай сілейіп отырып қалған. «Амансыз ба, ақсақал» деп өзін құшақтағанда ғана

«Құлыным, құлыным» деп иегі кемсеңдей бас салды.


Шал мен немере осылайша оңашада ырдусыз ұзақ көрісті. Дархан тіпті көз жасын тоқтата алмады. Қыра-қыра Әбден көктұқылданып, көбең тарта көгеріп кеткен бетін айғыздап жас жуды. Ол шыншыл жүрекпен қуанды, адал көңілмен жылады. Жылдар бойы көні кеуіп, жараның орнындай жансызданған жанарда осыншалық мол көз жасы ешқашанда таусылмайды екен-ау. Оны кім білген, адамның көз жасын жылап тауысу мүмкін еместігін кім білген...

Алғашқылардың бірі болып Солтан жетті.

– Қуанышыңыз құтты, баянды болсын, ақсақал! – деді. Іле- шала кірген әйелі:

– Балаңыз табылып көзайым болып жатырсыз ба, ата? – деді ол. Біртіндеп келе бастаған қадірлі халқы, жағалай жұрты қайырлы болсынды айта-айта бас айналдырды.

Қас пен көздің арасында қой сойылды, екі иығынан демалып самауыр келді. Еденге жайып тастаған далиған дастарханға көл-көсір семіз бауырсақ төгілді, көл-көсір бауырсақтың ортасын ойып құрт-май, қант, кәмпит қойылды. Мұның бәрін кім істеп жатыр, кімдер әкеліп жатыр – шалдың хабары жоқ, тек оң жанындағы немересіне, анау иін тіресе жайғасып, қыбын сездірмей қызмет жасап жүрген ел-жұртына мәңгі тоймас сүйсініс, мәңгі қарыздар риза көңілмен жалтақ-жалтақ қарай берді. Ағайынның көзі алыстан келген азаматты тесіп барады.

– Дү-ре-с-с, – деді келіншектер әперген кеседегі шайды төрдегілерге жағалай жеткізіп, бір тізелеп ыңғайсыз отырған адырақ көз бригадир. – Шай ішіңіздер, «бір бардың – бір жоқтығы, бір аштың – бір тоқтығы бар» деген осы. Шырағым, мекен-жайың, қайда? Аты-жөнің кім? Бұрын қайда болдың? – Оқыс сауалдан жолаушы жігіт сасып қалды. Аузына май жағып енді апара берген бауырсағын іркіп, жауап бергелі оқталғанда Солтан бригадирді бүріп тастады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.