Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 31 страница



Былғары киген жігітті алғаш көргенде шұрқыраса та- бысқан Дарханның ең әуелі сұрағаны ескі досы Соболевтің хал-жағдайы еді. Сол кісі айтты деген нұсқауларды естігені болмаса, өзін көптен бері көрген жоқ.

– Ол кісі есен-сау. Қазір Семейде. Солтүстік темір жол бас- қармасы бастығының орынбасары, – деді жиналыс өткізуге келген өкіл жігіт. Бұрынғыдай емес, толысып, тікірейген қара шашының әр талын ақ шала бастаған екен. – Гүлия құрбымыз қалай, есен-сау жүріп жатыр ма?


– Аманшылық, – деді Дархан жай ғана. Жігіттің тіпті есіміне дейін ұмытпай дәл айтқанына таң қалды.

– Дәкеңнің үйінде көп ұзамай ұлан-асыр той болады,– деді Оспан қарап тұрмай. – Келініңіз бола ма, құрбыңыз бола ма, ол жағын білмеймін, сіз бен біз жас сұрасқан жоқпыз ғой, аяғы ауыр, айы-күніне жетіп отыр.

– Арты қайырлы болсын, қуанышты жағдай екен, – деді өкіл шын көңілмен.

– Аман-есен босанын, жаны қалса деп отырмын, ал- ғашқымыз ғой... Мұндай нәрсені қазақ сүйіншілей бермеуші еді, Осекең далада кім көрінсе соны ұстап алып, кұлағына сыбырлайтын болыпты, – деді Дархан Оспанның шықылықтап бір емес, екі емес айта берері әйелінің екіқабаттығы жайлы болған соң шамданғандай.

– Ал, халық жиналды, бастайық, – деп орнынан тұрған Оспан есікке қарай қаздаңдай жөнелді, қалған жұрт соның соңынан ерген. Есік көзі дабырласқан адамдар, сеңдей сіреседі. Басқыш үстінде былайғы елден сәл биіктеу тұрған былғары киімді жігіт- ті көрген соң, әңгіме азайып тыныштық орнай бастады. Топтың арасынан әлдекім: «Осы кісінің қаражарғағы тозбайды екен»,

– деп сыбырлап қалғаны бірсыпыра адамға естіліп, топтың арасын майда күлкінің толқыны аралап өтті. Алдында қойдай иіріліп, өзінің қас-қабағын аңдыған елді көзімен сүзіп шыққан өкіл әлдекімді іздеп таппағандай жанындағы Оспаннан:

– Осы ауылда тақуа шал бар еді, қысты күні келгенімізде

«бұл жолмен қайда барамыз» деп қақсап тұрып алған, сол кісіні көре алмадым ғой. Жиналысқа келмеген бе? – деп сұрап еді Оспан қолын сілтеп:

– Ол шал өліп қалған, – деп турасын айтты.

– Апырай, а, жақсы адам еді, иманды болсын, – деді былғары киген жігіт. Дархан өкілдің зерделігіне қайран қалды. «Қалай ғана бәрін ұмытпаған».

– Жолдастар! Қымбатты ағайын-жұрт, сіздер қазір үлкен қуаныштың қарсаңында тұрсыздар. Енді жиырма шақты күннен соң Түркістан мен Сібірді жалғаған ұлы құрылыс аяқталады. Осыған орай РСФСР Орталық Атқару Қомитеті мен Халық Комиссарлары Советі «Түркістан-Сібір темір жолының ашылуы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Жолдың салтанатты ашылуы Бірінші май қарсаңына белгіленіп отыр,


жолдастар. Осы Түркісіб құрылысына қатысқан адамдардың бірсыпырасы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды, оның ішінде алдыңғы жылы қыста Құландыға келіп жиналыс өткізген Соболев жолдас та бар...

Былғары киімді жігіттің артында тұрған Дарханның қуанғаны соншалық, орденді өзі алғандай масаттанып қолын шапалақтап жіберіп еді, қалған жұрт іліп әкетті.

– Жолдастар! – деді өкіл жігіт саңқылдап. – Ғасырлар бойы тусырап жатқан қазақтың ұлан-байтақ даласына темір жол тартылды. Енді бұдан былай Одақтық темір жол жүйесімен байланысатын ұлы құрылыс аяқталуға жақын. Бұл жасампаз іске сіздердің де қосқан үлестеріңіз ұлан-ғайыр. Түркісіб жол құрылысы Солтүстік басқармасының атынан сіздерге шын жүректен алғыс жариялаймын! – Зор ынтамен тыңдап тұрған халық тағы да ду қол шапалақтап жіберді. Жолдас жұмысшылар, жол салынғанмен сол жолды қиратып, бүлдіруге істен шығаруға әрекет жасайтын қаскөй, зиянкес элементтер- ден әлі де арылып болған жоқпыз. Сіздердің ендігі міндеттерің- із, табан ет, маңдай терлеріңізбен салған шойын жолдың қырағы сақшысы болу, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай күтіп баптау, сайып келгенде осы жолдың толық иесі болу. Осыған байланысты Жарма жол дистанциясы құрылып, Құланды ауылы бүгіннен бастап станцияға айнала- ды. Ал, бұл станцияның начальнигі болып Оспан Көпжасаров, жол мастерлігіне Дархан Таңатарұлы тағайындалып отыр. Темір жол жүйесінің осылайша құрылуына орай, сіздердің өз орталарыңыздан тәжірибелі деген жұмысшылардың біразы стрелочник, обходчик, тағы басқа жұмыстарға тартуымыз керек. Кадр мәселесін жергілікті жерде шешпесек, жоғарыдан келер мамандар жоқ. Түркісібтің ендігі тағдыры өз қолдарыңызда,

– деп сөзін аяқтағанда тұс-тұстан: «Жасасын Совет өкіметі!»,

«Жасасын Түркісіб» деп аңдыздаған ұрандар аспанның астын айғайға толтырып жіберді. Жүздерін күн шалып, қырдың аңызағы ұрған адамдар абыр-сабыр боп көпке дейін ұйлығып тарай алмай тұрысты. Олардың қазіргі қуаныштарында шек жоқ еді. Жаңалық десе жаны қалмайтын ел осы бір себепсіздеу қуаныштың бас-аяғын тұжырымдап жатпады; баяғыдай қарсы сұрақ беріп өкілдің басын қатырмады. Айтшылағандай екі-үштен қолтықтасып қатар аяңдап, үйді-үйіне асықпай


мамырлап тарады. Былғары киімді өкіл асығыс екенін, алда күтіп отырған тағы да басқа станциялар мен ауылдар барын айтып, шайға қарамастан тез аттанып кеткен. «Аулымыздан құр ауыз аттанбаңыз» деп, Оспан мен Дархан жығыла жабысып еді, «күн кешкіріп калады, жігіттер, кейін бір реті болар» деген соң біразға дейін шығарып салған.

Осы күні түстен кейін Құландының қос бастығы жұмыс- шылардың жалпы тізімін алып, кімді қандай іске жұмсарын ақылдасты. Әсіресе, осы станцияға тоқтайтын әрбір поезды сумен қамтамасыз етіп отыру, шойын жолдың амандығын тексеру секілді жауапты жұмысқа баса көңіл бөліп, тісқаққан тәжірибелі, тарлан жұмысшылар мен коммунистерді шақы- рып, жеке мәжіліс өткізуді ұйғарды. Ал, Айнабұлақта өтер Түркісібтің түйісу тойына кімдерді жіберу керектігін тез шешіп жоғары жаққа хабарлайтын болып келісті. Екеуінің қазіргі бастамасы, бір-бірін түсіне тізе қосып кіріскен шаруа- сы, обалы кәне, дөңгелене жөнелген. Кешке жақын кеңседен әбден қалжырап шыққан соң да салқын ауаны кеуде кере жұ- тып, ұзақ әңгімелесіп қыдырды. Бүгінгі күніне аса риза Дархан шайға шақырып еді, Оспан «Гүлияны әурелеп қайтесің, аяғы ауыр ғой» деп ибалық сақтады. Ол үйіне жалғыз кетті.

Аспан ашық. Жұлдыздар самсап, бейуақ шақ туа бастаған. Күндізгі айғай-ұйғай басылған, беймезгіл ымырттың жанға жайлы тыныштығы орнай бастаған. Ай туып, айнала аңғарыңқы тартқанша меңірейіп, темір жол жақтан көз алмай тұрған Дарханның көңілін мынау салқын түн, жаудыр көз аспан, бүк түсіп, мәңгілік ұйқыда қарауытып жатқан төбелер – бәрі-бәрі де жуастыққа бастағандай талмаурайды. Неге екені белгісіз, елегізіп әкесін есіне алды. Осыдан біраз күн бұрын Ақшиге көшіп кеткен Қамбар мен Дүрияны ойлады. Анда-санда арсалаңдап жетіп келер досының ожар мінезін, сарт ете қалар қамшысын сағынды. Адам үнемі бір нәрсені ойлап, алда тұрған қыруар ісін тәмамдағанша асығады, мұрны қанағанша алға ұмтылады, ал сол көксеген биігіне шығып, ойлаған мақсаты орындалған соң көңіл шіркін ортайып, тасуы қайтқан судай таязып қалары несі... Түркісіб! Түркісіб! – деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жар салды. Түркісіб бітті – қуанды, бірақ жүрек құрғыр бұрынғыдай аласұрмай баяулап соғары несі... Қайда күні кешегі мазасыздық? Қайда жеткізбестей болған


асау арман, алып-қашты үміт пен мақсат. Жол бітсе дүниенің бәрі жарқырап ән салып, маздап қоя берердей елестеп еді... Мынау аспан мен түнді, ақау бөртектер мен бұйығы жатқан ауылды құдайдың құтты күні көріп, көзқашты болған. Өзгерген не сонда? Рас, әне Құландының дәл қамшылар жағынан қос сызық – қос рельс тартылды. Ертең тарсылдап, түтіні будақтап поезд өтер. Содан соң?

...Түркісіб осыншалық тез бітіп қалмай жалғаса берсе ғой, шексіздікке созыла берсе ғой, Дархан да көкейіндегі таусылмас арманынан айрылмас еді. Жолдың біткені қуанышты-ақ, бірақ Дархансынды бейнетқор жігітке тағы да сондай аянбай кірісер алып құрылыс керек еді; енді ертеңнен бастап, әрқайсысының ұзындығы он екі жарым метр «ТИП-ІІІА» деген рельсті түрткілеп, саңылау іздеп сандаласың да жүресің.

Даланың төсіне жол салынды. Адамдардың жүрегіне жол сала алдық па?! Ендігі ұлы міндет – осы еді. Ал, бүл құрылыстан қазақтың алғашқы пролетарларының бірі Дарханның да қалыс қалмасы ақиқат. «Жаңа қоғамның жаңа адамдары қалыптаса бастады, – деп еді бағанағы бір әңгімесінде былғары киген жігіт. – Сіздер енді ескіліктің қалдығымен күресіп қана қоймай, сол жаңа өмірден орын алып үлгерген жат қылықты адамдарға қарсы күрес ашу керек. Ондай сырты бүтін, іші түтін сарқыншақтар бізде әлі бар». Олар кімдер? Дархан олармен қалай күресу керек, өресі жетпейтіні осы секілді сансыз сұрақтардың шешілу тұсы. Қолында қылышы, астында аты бар әлгі «жат пиғылдар» алдында тұрса қасқая шауып, айқасар- ақ еді. Ең қиын майдан – көзге көрінбейтін жаумен арадағы қарусыз майдан шығар-ау. Шүкір, ондай жауы жоқ Дарханның, егер жолыға қалса аямайды...

– Дәкесі-ау, жалғыз өзіңіз неғып күбірлеп тұрсыз, – деген дауысқа жалт қарап еді, Гүлия екен.

– Жәй әншейін. Өзімнен-өзім есеп алып тұрғаным да.

– Иә, есеп алатын жасқа келдіңіз. Ертең Дүриялардың жаңа қонысын көріп қайтайық, қарсы емессіз бе? Ақши ауылы деген әне, иек астында. Қолыңыз тисе аяңдап барып келерміз.

– Саған қиын тиіп жүрмесе...

– Ештеңе етпес. Әлі қырық күндей уақыт бар, – деп күлді.

– Мұратты ертіп алайық. Даланы сағындық. Қырға шығып, бой жазбасақ үйде отыра-отыра құса болдық. Былтырғыдай шөп


шабатын емес, ақсақ құлын қолды болған. Ала жаздай үйде омалып отырамыз да...

– Құлын кеткенмен, құлын келеді ғой дүниеге, – деп әйелін құшақтаған Дархан қараша тамына беттеді.

Қеңгірдің ар жағынан ыңырана көтерілген буаз ай нұрын жер бетіне толық жая бастады.

...Өмір ол да бір ағыс. Дауылды күндері толқын атса, күзде сабасына түсіп өз ырғағымен, өз әнімен жайма-шуақ жылып ағады. Көбік шашқан тентек күндері тасып, шанағынан асар долы шақтары болар. Ал қыс бойы ыңырсып, қорлана мұз құрсаудың астында жатар. Сол өмір атты ұлы өзеннің, әсіресе, көктемгі уақытта арпалысып, ашу шақыра екі жағалауын жұлып жеп, толқынына жармасқан қоқыр-соқыр, тамырынан қопарылған ағаш салындыларды айдап, күндердің күнінде жағаға лақтырып тастап кетер. Ондай аққұла мінезін жан- жануар, адамзат біткен неғұрлым аузын арандай ашқан арыстан ашулы шағында ағысына қарсы жүзіп, қанқұйлы ай- қасқа түсетіндер – жүрек жұтқандар. Олардың әлсізі өледі, мықтысы жүзіп арғы жағалауға шығады. Осындай аласапыран майданында шыңдалып, аман қалғандар қатарына Дарханды да қосуға болар. Үнемі бір тасқынды жылдарға үйреніп қалған ол кәнігі теңізшілердей-ақ, қазіргі майда малтуларды менсінбей, ұлы күреске толы асау толқынды өжет өзенді сағынып еді; қазіргі тірлігі де жаман емес, мамыражай уақыт туды. Ертелі- кеш бас-аяғы он шақырымдық темір жолдың үстінен құс ұшырмай аңдумен екі тәулік өтті. Айнабұлаққа жол тартарына енді жалғыз-ақ тәулік қалған. Осындай бір бала-шағасымен тып-тыныш шай ішіп қәперсіз отырған кештің бірінде мұның тоқал тамының есігі сыңсып ашылды да үйге Еркін мен Оспан кірді.

Ойда-жоқта ымыртшылап келген ағасын алғаш таныған Гүлия «Аһ» ден ұмтылып барып, ішін басқан күйі сылқ етіп құлап түсті. Қапелімде не болғанын білмеген түнгі қонақтар аңырып тұрып қалған. Тұра ұмтылып, әйелінің басын көтерген Дархан келгендердің кім екенін жыға таныған жоқ. «Не болды, Гүлия?» – деп өңі сұрланған жұбайының қолын уқалай берді, ол ептеп есін жиды. Оқыс кездесуден басы айналып кетсе керек, «Еркін аға» деп есік жақта әлі де селтиіп, не істерін білмей тұрып қалған көзілдірікті жігітке қолын созды.


Сонда ғана барып өз қарындасын әрең шырамытқан Еркін елбектей келіп, тізерлей отырып Гүлияның қолынан сүйді. Қарындасының бетіндегі осылып түскен тыртықты сипап, басын шайқады. Шешесінен естігені болмаса, көрген жоқты. Аямай-ақ тілген екен.

Қайнағасын Дархан көп жылдан соң көріп отырғаны осы. Бұрынғыдай емес, ашаң тартып жүдеген секілді. Сол жақ са- майына ақ түскен. Оқып жүрген кезінде бетін қаптаған қап-қара сақалы бар еді, қырғызып тастағандыкі ме өңі жас көрінеді; өңі жасамыс болғанымен, дидарында аса қажып-шаршау бар. Не нәрсеге де немкетті, мағынасыз қарайды. Бұрынғы сөзуарлығы да жоқ, аз айтып, көп тыңдауға құлықтанғандай; үсті-басын ежелден кіршіксіз ұстаушы еді, қазір де мұздай болып киінген, қолында басы имек қара таяғы бар; онысын Қамбардың қамшысы секілді жанынан бір елі қалдырмайды екен, жалғыз қаруысынды. Оның әсіресе көңілін толқытып, жүрегін елжіреткен ағасының ұлы – Мұрат болды. Алдына алып, айналып-толғанып ұзақ қарады. Баланың бүлдіршіндей болып алаңсыз таза өсіп келе жатқанына қуанды.

– Долдаш ағадан хабарыңыз бар ма? – деп Оспан Еркіннің оң жағына жамбастай жатты.

– Жоқ. Хабарсыз кетті, – деді көзілдірігін үрлеп қалтасынан алған ақ жібек орамалымен сүрткілеп, – өзің қайда жіберіп едің... Сол жақтан іздеу керек шығар...

– Былғары киімді жігіттің айтуына қарағанда Беломор- Канал деген жерде-ау деймін. Ол кезде біреуді-біреу біліп болды ма, – деп өткенге оралмау сыңайын аңғартты. – Апыр- ай, Ереке-ай, сонда Шардың тұсында жарылыстан атымыз үркіп өліп қала жаздадық-ау. Қайта алдымызда татар дәміміз көп екен.

– Иә, сонда өліп қалсақ та болады екен. Тірі жүргенімізден не пайда... тілерсегіміз тілініп, – деді Еркін. Өтірік-шынын айыра алмаған Оспан:

– Неге, Ереке? Олай демеңіз. Әркім әлемнің бетіне өз ізін қалдырғысы келеді, – деді ырсалаңдап.

– Ол қиын шаруа, Оспан. Із қалдыру, басқаны қайдам, біздің қолымыздан келмейді. Қарынның тоқтығынан артық бақыт жоқ қазір. Семейдегі қымыз сататын бір шал айтып отыратын:

«Базарда кім данышпан, кім жынды, айырып көр», – деп.


Оспан «рас, рас» деп күлді. Дархан әлі үндемей отыр. Қайнағасы өзгермеген екен, көкейін тескілеген әлденендей кек, запыран, қыжыл барын аңғарды. «Қазір білдірмей-ақ қойса еді» деп ойлады.

– Күйеубала, үндемейтін болыпсың, – деді көзілдірігін жалтыратып. – Бірақ, соның жөн. Үндемеуді үйренуден артық өнер бар ма бұл жалғанда. Малымызды мынау Оспан алды, ең аяулы қарындасымды сен, енді бірін Қамбар қу қағып әкетті. Сонда деймін-ау, менде не қалды осы, мына қолымдағы қара таяқтан басқа...

– Ереке, ұмытып барады екенмін, – деп тіпті оның сөзін есті- мегендей кимелей жөнелді Оспан. – Омекең қайтқаннан бері көрісе алмаппыз, артының қайырын беріп, топырағы торқа болсын.

– Артының қайырлы боларына да, топырағының торқа екеніне де күмәнім бар.

– Астапыралла, олай демеңіз, Ереке, өлімді ғайбаттауға болмайды, – деп өп-өтірік шошынып жағасын ұстады. Гүлия мен Дархан да тіксініп, Еркінге үрке қарады. Ағасының маза- сыз, әлденеге өкпелі екенін сезген Гүлия жақын тартып, әңгімелесу мүмкін еместігін түйді. Көкірегіне түйді де шеше- сінің амандығын айтуға жарамағанына ренжіді. «Ендеше неге келді екен?» Неге келгенін сұрауға да батпады. Қолындағы барымен сыйлап, күтіп жіберуден басқа амалы жоқ. «Жолда Дүрияға соғар ма екен?».

Семей губерниясының бұрынғы адвокаты, қазір жұмыстан босаған Еркін Омарұлы Кенжиннің бұл жаққа келудегі екі мақсаты бар. Әуелгісі, жолай Құландыға соғып, бүрсігүні Айнабұлақта ашылар үлкен митингіге баратын Дарханнан сәлемдеме беріп жіберу, екіншісі – Тарбағатай асып Барлыға соғу, Көкебай қартқа сәлем беру, одан әрі Хабарасуы арқылы арғы бетке өту. Әкеден қалған азын-аулақ байлықтың қайда жасырынғанын анықтау. Сондықтан да, бұл жаққа келу сапарының әдібін ашпай, алыстан орағытып отыр. «Сезсе – шет жағасын Оспан қу ғана сезіп қалуы мүмкін» деген сақтықпен, ең әуелі соның өзін іздеп тапқан да, содан соң көптен көрмеген қарындасының үйіне келген. Ал, Оспан үшін Еркіннің кім болғаны, кайда барары бәрібір еді.


– Жұмысыңыз орынша ғой, Ереке? – деп бекер сұраған жоқ. Бұл жігіттің өзінен біртабан жоғары тұрған кісінің табанын жалауға дайын осалдығын ежелден білетін Еркін өтірікті соғып жіберді.

– Бір аптадай болды, басқа жұмысқа ауысқанмын. Семейден Алматыға дейінгі темір жол бойының инспекторлығына та- ғайындалдым, адамның басы Алланың добы емес пе, қарсы- ласқаныма карамай, заңды жақсы білесің деп қолқалаған соң амалсыз көндім. – Жібек орамалына сіңбіріп, бүктеп қалтасына салып алды.

– О, о, жақсы қызмет екен, қайырлы болсын, Ереке, – деп ұша түрегеліп қолына жармасты. Ас қамымен жүрген Гүлияның да іші жылып сала берді.

– Ондай болса, аға, біздің үйге жиі келіп тұратын болдыңыз ғой.

–Әлбетте.Қайта-қайтақыдырыпкелеберсем,ерқаштыболар- сыңдар.

– Қазақ қонақтан қашушы ма еді, оның үстіне ел қалаған адам, туған қайнағамызсыз, – деп бүгінгі отырыста алғаш рет тіл қатты.

– Ереке, сіздің жаңа қызметіңіздің құдіреті Дарханға да тіл бітірді-ау, – деп қалжың тастаған Оспанға анау да сөз ақысын жібермей іле жауап қатқан. «Менің тілім қашаннан бері кесіліп еді. Екеуінің арасында жылан бар екен», – деп ойлады. – Ендеше бұл әңгімені ушықтырудың қажеті жоқ».

– Айнабұлақта болар тойға Құландыдан өзің баратын болып- сың, Дархан. Құттықтаймын.

– Рахмет, Ереке. Сол мерекеге барғым да келмеп еді, Гүлияның жайы болса мынадай...

– Біздің Дәкеңді Соболев жолдас өз қолымен тізімге кіргізіпті, – деді Оспан.

– Соболев жақсы кісі. Орыстың ішіндегі иманжүздісі сол. Семейде өтетін үлкен жиналыстарда ара-тұра ұшырасып қалсақ, Гүлия екеуіңнің халіңді жалпаңдап сұрап жатады байғұс.

– Иә, анау жылы жұмысқа адам жинау үшін Құландыға келгені бар, Гүлияны сонда көрген, – деді Дархан қайнағасының сөзіне масайрап.

– Айнабұлақ бір дүрілдейін деп тұр. Дүниежүзінің адам- дары жиналады. – Еркін көп білетінін тағы да аңғартты.


– Коминтерн атқару комитеті Президиумының мүшесі Сен- Катаяма жолдас Жапоннан келе жатыр. Сол іспетті өзіміздің өкіметтің басшылары Тұрар Рысқұлов, Исаев Ораз, Шатов секілді үлкен адамдар қатысады. Ұзындығы бір мың төрт жүз қырық шақырым жерді мерзімінен он жеті ай бұрын салып шығу жанқиярлық ерлік қой.

– Апыра-ай, – деп тамсанды Оспан. – Біз сол жолды өз қолы- мызбен төсесек те, осындай ерлік жасағанымызды білмеппіз- ау аңқау басымыз. Тоқал тамда қаннен-қаперсіз шай ішіп отырмыз...

– Енді жарылып өлеміз бе, – деді Дархан салқынқандылық сақтап.

– Ұлы істі үндемей тындырар болар деген осы. Сендерді де құр алақан тастамас, нарком атынан бес килограм серке шай, екі пар етік, он сомнан ақша аласыңдар.

– Бұл да – олжа, – деді Оспан алақанын ысқылап. – Он сом ақшаға қазір он бес қой сатып алуға болады.

– Ендеше осыған риза боласыңдар, одан артық сый-сияпат үлестіруге өкіметтің жайы белгілі, – деген қайнағасының сөзі Дарханның жынына тиді-ақ, бірақ дауласуға болмайды. Қайнаға

– әке емес, еркелеп ойындағысын ақтара берер. Әрине, қорқып, үркіп отырған жоқ, Гүлияның көңіліне келер деп қарсы уәж айтпады.

– Совет өкіметі жас қой. Енді-енді ғана тәй-тәй басып келеміз, – деп сыпайылық сақтады.

– Буыны қатпағаны рас, – деп келісті Еркін. Қайнағасының қай сөзіне сенерін білмегеп Дархан бұл кісіден үндемей құтылуды жөн көрді. Ал Оспанға бәрібір, өтірік аңқаусып, өтірік жағымсып Омардың оқыған ұлымен тізелесіп, ығын бермей шіреп отыр. Өзін ептеп бүріп те алмақ еді, темір жол бойының тексерушісімін деген сөзден соң қаша соғысқан.

– Фатима жеңгеміз қалада қалды ма, бір айлық курста болған- да қолынан дәм татып едім.

– Осеке, Фатима жеңгеңіз сізге сәлем айтты, – деп кекете жауап берді Еркін. Осыдан бір ай бұрын айрылысып кеткенін саққұлақ Оспан білетін де шығар деген оймен әдейі айтты.

– Сәлемет болсын, айыбы бала көтермегені болмаса, жақсы- ақ адам. – Өзінің үй-ішін қазбалап бара жатқан соң әңгіме ауанын басқа жаққа бұрғысы келді ме:


– Дархан, дәу шалдан хабар бар ма? – деді.

– Жоқ. Алты жыл болды өлі-тірісін білмейміз.

– Апыр-ай, Дархан-ай, өтірік айтуды сен де үйренейін дегенсің бе, осыдан төрт-бес жұма бұрын ғана арғы беттен түнделетіп келіп қайтпады ма, – дегенде Дархан төбесінен жай түскендей болды.

– Оспан емес сайтан шығарсың, – деді басын шайқап.

– Осекеңнің білмейтіні жер астында, – деп қостады Еркін.

– Баяғыда мен секілді бір соқыр айтқан екен: «Бір көзімнің жанары бір көзімде, не қылса да Құдайдың еркі өзінде» деп. Сол кісі айтқандайын, дүниедегі ыбыр-сыбырды көру үшін құлақ пен көздің екеу болуы міндет емес, көңіл, зерде деген алып көз бар. Біз соған сүйенеміз, – деп шалқайды. – Ертең Ақжайлау жаққа бару үшін астымдағы бозжорғаны лауға сұрарыңызды да сезіп отырмын, Ереке.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.