Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 23 страница



– Қайда барарымды өзім де білмеймін, қалқам. Қайда жүр- генім ғана аян. Қазақ даласы – адастырмас, қазақ арасы – алжас- тырмас. Күннің суығы, боранның ұлуы үйренген жауым, жалғыз жортқандағы жолдастарым. Менің қорқарым табиғаттың дүлей күші емес, ондай күш өзімде де бар, менің қорқарым ел ішінің ысқаяғы, өсек-аяңы. Оспан секілді пысықтары ертең осы үйден аттанғанымды көрсе кесірім сендерге тиер. Аттанайын. Ал жазғытұрым қайта айналып соғармын. Уәде – Құдай сөзі.


Әкеңнің қабірін көрсетіп қайтармын. Сау болыңдар. Екеуіңнің өміріңе қызығамын, бірақ қызғанбаймын.

«Апырай, әкем де аттанар алдында дәл осылай егіліп қоштасып еді. Аман жүрсе екен азамат», – деп күбірледі Гүлия көңілі іріп. Соңғы кезде көңілі жоқтан өзгеге босай беретінін және ойлады.

Қарақасқа атына үзеңгіге аяғын тигізбей жалғыз-ақ секіріп мінген Бати ұйтқып соққан ақ түтек боранның арасына сіңіп жоқ болды. Оралар ма екен? Оралатын шығар...

Түске дейін соққан боран жол салушыларға кесапатын тигізді. Мардымды жұмыс болған жоқ. Әсіресе, рельс төсеу- шілер барын киіп, бақанын қолға алып шығып еді, бет қарат- пай қар бүркіп сабалағанда жандарын қоярға жер таппай баспаналарына қайта қашып тығылған. Баспана дегенде Құландыдағы біртіндеп отырықшылыққа айналған ескі там, жер кепе, айналасын қар тұтқан қараша киіз үй. Басқа қалалардан көмекке келген әр ұлттың өкілдері, тәжірибелі жұмысшы мамандар Омар байдың қыстағында үш бөлмесіне нар төсеп сол үйде жатады. Жергілікті қазақтар ауыл-ауылдан қатынап, ертеңді-кеш қыр асып, жаяу-жалпылы құндыздай шұбап бара жатар еді. Кейбір ағайын-туғаны, тамыр-танысы барлар Құландының тоқал тамдарынан шығып, кайда ұйықтап, не ішіп жүргендері белгісіз әйтеуір уағынан қалмай жұмысқа келер еді. Қыр жайлап, шет қонып, жаздай қымыз ішіп, бағлан жеп нағыз қол жұмысына түспеген қазақы жігіттер ә дегенде көбеңсіп, төтеден келген ауыр жұмысқа көндіге алмай жүрді. Тиіп-қашып төбе көрсеткен болып, қосақ арасында тек жүргендері де бар. Кейбірі қолын бір сілтеп артельге кіріп,

«көрмегенім шойын жол болсын» деп сырғақсып кеткен. Әйткенмен де кеңдігін, осы еңбекті ерттеп мінген табанды қазақ жұмысшылары даланың завод, фабрикасы жоқ салқар төсінде-ақ қалыптаса бастаған. Дархан-сынды жалпақ табан, құрыш білектілер шойын жол бойындағы ұсақ разъездерде түкпілікті ірге теуіп, өмірімнің күре тамыры болды деп кешпей де қонбай, бар қарекетін қайладан тапқан.

Бүгін үдей соққан боранға қарамай қасарысып көріп еді, табиғаттың мылқау күшіне қарсы келе алмаған соң, толастағанынша жұмысты қоя тұрған. Көкжиекті жалмап- жұтып, ақ көбінге оранып сұлаған қайран даланың апшысын


қуырған жынды боран сап болғанда әр үйдің есігінен інінен шыққан суырдай әркім-әркім сығалай бастады. Қылтиған бастардың қайсыбірі меңірейіп шойын жолға қарады. Кешегі арқандай шұбатылған жолдың сорабы бітеліп, қоянжонданып жатыр. Енді сол шойын жолды қымтап тастаған қасат қарды тазалау үшін күрек, саймандарын сайлап сабылған жұмыс- шылардың қарасы молая түсті. Дархан да осылардың арасында. Үлкен ағаш күректі иығына салып солай қарай беттеп барады. Кеңсе жақтан Оспанның төбесі көрінді. Үстінде кімнен алғаны белгісіз қасқыр ішік, басында құндыз бөрік, бейнебір Омар бай көрден тіріліп келгендей алыстан тым оғаш көрінеді. Сонадайдан қарағанда шонжар тұқымынан тәргіге ілінбей аман қалған жұрнағы іспетті. Атасында көрмегенді ботасында көрген Оспан аз күндік семіздікті көтере алмағандай ырғалып, ата қаздай қаздаңдай басады. Оны көрген жұрттың бәрі таң қалды. Ылғи да бір малақайын баса киіп, екі білегі сорайып дірдектеп жүретін Оспан бой жасағандай, үлде мен бүлдеге оранып шығуы қай қыры, анау асыл киімдерді қайдан алды? Бәрі де жұмбақ еді. Ауыл ортасында жалғыз құдықтан су алғалы шыққан Гүлия ғана бригадирдің үстіндегі Долдаш ағасының ішігін таныды. «Жазған осы киімдерін үстіне іле алмай-ақ кетті-ау».

Осы кезде бір қызық уақиға болды. Атандар мен іңген- дердің барлығы көлік жұмысына жегіліп, ыңған тайлақ, боталардың арасында қалған бұл ауылдың ноқта, жіп көрмей тағы болып кеткен жалғыз бурасы аузынан ақкөбік ағып, уілдеп Қызылегіз жақтағы жотадан қылаң берген. Алғашында ешкім мән бермей өз қаракетімен әуре еді. Наурыздың басын ала жарап, жынын шашып жынданатын бура талай сойқанды бастайтын. Бұрынырақта мұндай жынын шақырар бураларды тас қылып байлап тастайтын. Әйтпесе көзіне не көрінсе соны қуып, шайнап, тізесімен езгілеп тапап өлтіретін-ді. Ақбас бураның алғаш рет бос жүруі әмбесінде іңгеннің бәрінен айрылып, шамданып буырқанған кесапатты шағы еді. Жер қазып, жол төсеген жұрттың хайуанменен ісі болмады. Ақбас бураның әсіресе биылғы жылы қысастайып, шабынуының өзіндік себеп-салдары бар-ды. Кеше ғана тілерсек тістесіп, бұла боп ескен тобынан бір-ақ күнде көз жазып, айырылып қалғанын кеш, осы наурыз басталғанда ғана шындап ұққандай


құтырына бастаған. Өткенің сол өкініші жоқ өтпелі өткенінің қимас қым-қуыт шақтарын іздеп, шудасын жел қағып маң-маң басқан Ақбас бура үлпілдек үміттің жетегінде бұлыңғыр сапар шекті. Хайуан екеш хайуан да аңсап сағына алады-ау... Тек, анау темір жолдың бойында қараңдап, құмырсқаша қыбырлап жүрген екі аяқтылар ұға бермейді. Кеңгірдің жотасына шығып, жауын мүжіп, уақыт қажаған көне мазарды иіскелеп біраз аялдады. Бұл тұстан қарағанда етектегі ел аяғының астында қалады. Ақбас бура туған ауылын көптен бері көрген жоқ еді, қар басып, томпайып-томпайып, анасы атылып қалған қаздың жұмыртқасындай бұйығы жатыр екен. Ой-қырдың бәріне құрықтай мойнын созып, үздіге қарап боздады. Ауыздан ақ көбік ақты. Дала мелшиіп, мәңгілік ұйқыға кетіп, сарыңсыз жатыр. Итше ұлыған алақаншық боран жаңа ғана толас тауып, сан болған. Шабынған бура аппақ буалдыр дүниеде өз ағайын- жұрағатын іздеді, көз қарықтырып ұзақ іздеді, таппады. Жүк арта-арта әбден ығыр болып, мылжа-мылжасын шығарып тастаған атан мен іңгендер шөгіп-шөгіп жатыр еді, көзіне түсе қоймады. Осы кезде үйден шығып, аюдай қорбаңдап, шойын жолдың қарын аршып жүрген тамам жұмысшыларға беттеген жұп-жұмыр пәлені көрді. Көрді де шам шақыра долданып, бұл әлемнің бар билігін өзі алғандай өжеттікпен буырқанды. Аузынан ақ көбік пен будақ-будақ бу атқылап, сол қорбаңдаған домалақ пәлені қарауылға ала тұра безді. Қасқыр ма, адам ба бәрібір сазайын тарттырмақ ниетте тайраңдап бастап, тапырақтай шапқылаған көзінен жас саулап, артына ақ боранды үйіріп шапқылаған.

Төбенің басынан қосаяқтап құлдыраған бураны алғаш байқаған Дархан еді. Сасқалақтап қалды. Құтырған түйені талай көргені бар. Дәл қазір анау аңдыздаған бураға істер еш қайлалары жоқ-ты. Осы үркердей үйірілген жұмысшыларды түгел таптап, кеудесімен қағып мыжғылап тастауы оп-оңай. Атып өлтіретін мылтықтары жоқ. Мұндайда не істеу керек? Ауылды бетке алғаны анық. Ең қолынан келгені: «Бура, жынданған бура шапты! Сақтаныңдар! – деп саңқылдап жұртқа ескертумен болды. Оқтай зулап келе жатқан бурадан қорықпаған адам қалмады. Кейбірі ауылға қарай тырағайлап жөнелген. Оспан делдиіп қарап тұрды да, кеңсеге қарай безді. Әне, сып етіп кіріп кетті, есіктен сығалап тұр. Екі шелек суды есік көзіне


қоя берген Гүлия ақбас бураның ағып келе жатқанын жаңа байқады. Малды ауылда өскен ол құтырынған бура бойында жаны бардың бәрін шайнап, езіп тастайтынын бұрыннан білетін. Үй-үйге тығылып жан сақтамаса қашан айдалаға лағып кеткенше тыныштық жоқ. Оның әсіресе шошынғаны, анау жолдың бойында үріккен қойдай үйме-жүйме болып ес- ақылдан айрыла шошынған жұмысшылардың шарасыздығы, астында ат, қолдарында қаруы жоқ дәрменсіздігі еді. Ал олардың ішінде Дархан да бар. Күректерін көлденең ұстап, не болса да тосып алмақ тәуекел байқалады. Осы кезде Гүлия кеңсенің бұрышында байлаулы тұрған әкесінің бозжорғасын көрді. Ойланбастан тұра ұмтылып шапшаң шешіп, лып етіп қарғып мінді де жұлдыздай аққан Ақбас бураның алдынан шықты кес- кестеп. Түйеге керегі де осы еді. Туралап барып бозжорғаға қамшыны басып-басып жіберіп көлденеңдей шапқылағанда аузынан көбігі бұрқыраған бура қуа жөнелді. Ауылға шапқан алпауытты әлдеқайда бұрып әкетті.

– Ол кім?

– Кім де болса ер екен.

– Жаулығы желбіреген әйел, – деп шулаған жұмысшылар ілгерілі-кейін зулаған аттылы адамға көз жазбай қарап тұр. Бозжорғаға мінген әйелді Дархан ғана таныды. Танығанымен істер айла жоқ, әбден жарап ширыққан ызалы түйені жаяу қуатын емес, бар сенгені бозжорға, «жеткізбей кетсе екен» деп күбірлейді. Тақымын қыса құстай ұшқан Гүлияның да тілегені осы – астындағы аттың төрт тұяғы ғана. Әкеден қалған бозжорғаның шабысы перен, қолтығын сөге жөнелген. Ә дегенде қасат қарды омбылап текіректеп қалған ат жел ұшырып, жалаңаштап тастаған қатқаққа тұяғы ілінуі мұң, сілтеді-ай дерсің жануар. Үстінде отырған қазымыр бригадир емес, нәзік жанды әйел екенін сезгендей, сол әйелдің басына төнген қауіптен құтылу керегін білгендей жер танабын қуыра зымырады. Тұяғынан ұшқан жентек-жентек қар аралас топырақ бұршақша жауып, бурадан оқ бойы озып-ақ кетіп еді. Гүлия артына енді бір қарағанда арқан бойы жақындап қалғанын байқады. Атына қамшыны қайта басты. Тағы да қара үзіп кетпесе екі аралықтың тым жақын қалғанын сезген. Екі көзінен парлап аққан жасты жеңінін ұшымен сүртейін деп қанша оқталса да тізгінге қарысып қалған қолдарын жаза


алмады. Бозжорға болдыруы мүмкін, бірақ бура райынан қайтар емес. Ауылдан ұзаңқырап кеткен сәтте жол бойындағы жұмысшылар да тым-тырақай бөзіп баспаналарына қашып тығылған. Бұдан әрі төзуге шыдамы жетпеген Дархан қолына үлкен сойыл ұстап, қорада шөп жеп тұрған көп тырақының біріне мініп әлгілердің артынан қоқырақтап шығып еді. Әбден жүк тартып екі қапталы саталақтанған торшолақ мың салса бір баспайтын шабан екен, құйрығын шыжбыңдатып әрі-бері шегіншектеп алды да шоқырақтап жөнелді. Қызылегізді бетке алып бірін-бірі қуып кеткен хайуан мен Гүлия төбеден асып зым-зия жоғалған. Қабыршықтанған қар бетіне ойылып түскен іздері ғана сайрап жатыр.

Бозжорға болдырайын деді. Ақбас бура өкшелей қуып қалар емес. «Өлген жерім осы шығар» деп ойлады Гүлия. Басына қауіп төнгенде адамның ойына қай-қайдағы келеді екен. «Егер мен өлсем Дархан басқа біреуге үйленер ме екен». Енді ол әлгінде Қеңгірдің мазарына бұрылмай жанынан зулап өте шыққанына өкінді. Бозжорғаны бос қоя беріп, қарғып түсіп ішіне кіріп кету керек еді. Арқасындағы адамнан айрылған жылқының қашып құтылуы сөзсіз. Кері оралуға кеш болды. Қайта қайырылса Ақбас бура қарсы алдынан шығады. Ие істеу керек? «Шаршамашы, бозжорға, шалдықпашы, атар таңым алда еді ғой; тым болмағанда паровозды көріп, үстіне бір шығып жан тапсырсам арман не... шаршамашы, бозжорғам, шалдықпашы... көрер қызығым алда еді... ең болмағанда Дарханымды жалғыз қалдырмай, сәби тауып берейін, кіндігі үзіліп қала ма...»

Қадау-қадау ши басқан дала жүйткіп келіп бозжорғаның бауырына кіріп жатыр, кіріп жатыр. Үстінде қаршығадай қонып отырған Гүлия сол қырбақтанып көз қарықтырар даладан өзге дүниені көріп те, сезіп те келе жатқан жоқ. Осы кезде анау бір дөңестің үстінен жалғыз атты жолаушы шоқытып шыға келді. Оның кім екенін білмесе де бозжорғаның басын солай қарай жалт бұрып еді, екпіндей жетіп қалған бура ағып өтіп, қайта қайрылғанша ұзаңқырап кеткен. Жалғыз атты жолаушы да бұларды көріп көлденеңдей шапты. Гүлия жалғыз емес екеніне есі шыға қуанды.

Боран басылған соң қансонар қуып, түлкі қағуға шыққан Бати бозжорғаны шабысынан таныса да, үстіндегі жаулығы ағараңдаған әйелді әбден жақындағанша шырамыта алмады.


Ендігі ойы Ақбас бурадан екеулеп жүріп құтылу. Жынын шашқан құтырық түнеден тірідей босанып шығу мүмкін еместігін сезген жылқышы қанжығасынан бір елі тастамай байлап жүретін қыл арқанды асығыс шешіп, шиыршықтап ұстады. Аттың екі рет аттағанын жалғыз-ақ қарғитын бура шудасы желбіреп тура жанынан өте бергенде өкпе тұсынан келігін қатарласа шауып қолына ыңғайлап ұстаған шалманы көздеп тұрып лақтырып, бір ұшын тақымына орап ала қойған. Өлген-тірілгеніңе қарамай шаптыға шапқан Ақбастың мойнына сарт етіп іліпген арқан қайта буындыра түскенімен екпінін баса алмай мұрттай ұшты. Тақымына арқан оралған Батидың батырлығы түкке аспаған. Арыстанша атылып келе жатқан алып түйенің күші мұны да ат үстінен жұлып алып допша домалатты. Ә дегенде хайуан да, адам да тоң жерге тоңқалаң аса құлап ауырсына жатып қалған. Ғажабы, адамнан түйе бұрын тұрды. Тұрды да керіскедей аузын жалмаңдата өз жынын өзі шайнап, астыңғы ернін салпита уілдеп ақ көбігін ағызды-ай. Содан соң анадай тұста итше бұралып жатқан Батиға тап берді. Не істерін білмей сасқалақтаған жігіт мойнына асынған мылтығын іздеп еді, таппады. Құлаған кезде өзінен бұрын ұшып кетсе керек. Жалма-жан пышағына жармасты. Мойнына түскен қыл арқанды сүйретіп маң-маң басқан Ақбас тіпті асығар емес, жаяу қалған жауының енді қайтып қашып құтылмасын білгендей омыраулап келеді. Жылқышының жүрегі аузына тығыла алғаш рет қорыққаны осы шығар-ау, кездігін кезеп «айт! шөк-шөк!» – деп айбаттана ақырды. Көзі қанталап әбден шабынған бура алдында адам түгіл аю тұрса да сасар емес; аузын арандай ашып бақырып, қарпи тістеп шайнап тастамақ. Олай бұлтарып, бұлай бұлтарып маңайлатпаған Бати аяғын бура қағып құлағанын өзі де байқамап еді. Қайта тұрамын дегенше дәл екі қарасаннан Ақбастың шөкелеген қос тізесі басып тырп еткізбеді. Алпамсадай түйе шапшаң шөгіп езгілеп, екі тізесін ырғап жынын шашқылады. Басы мен екі қолы бос қалғанына қуанған Бати сармойын пышақпен түйенің қолтығынан сұққылай берді, сұққылай берді...

Қашықтап кеткен Гүлия қайта айналып келгенде бураның да, Батидың да жанарлары жылтырап, бір нүктеге қадала қатып үнсіз жатыр еді... Аттан домалап түсіп, ағатайлап ұмтылды. Бура қауіпсіз, мойыны иір-иір болып ақ көбік аққан басы оң


қапталға қылжиып қалған. Қолтығынан саулап аққан қып- қызыл қаннан бу шығады. Жылқышы да қыбыр етпеді. Бар қуатын жинаған Гүлия шидем шекпенінің омырауын ағытып жіберіп, күн тимей ағарған алып кеудеге құлағын тосып еді, әлсіз дүрсіл естігендей болды. Тамырын ұстады – сұп-суық екен... Түйені аударып астынан суырып алуға дәрмен жоқ. Өркешінен ұстап тартқылады. Мизете алмады. Сонан соң өлі түйенің мойнындағы арқанды ағытып, шалмалап бозжорғаның омырауына байлап шу дей қалғанда ғана Ақбас бура былқ етіп қабырғасына құлап түскен.

Түйенің қанына малшынған Батидың денесі де бурадан кем емес, соншалық ауыр көрінді Гүлияға. Арыстан азаматты алдына алып сұлатып салып, жылаудан өзге қолдан келер қайран жоқ дағдарыста отырған. Түйенің қанталаған үлкен көзі жұмылмай, қорғасын бұлт туырлықтай тұтастырған аспанға қадалған қалпы мәңгілікке қатып қалған-ды. Аспанның суреті түскен қимылсыз жанардан жып-жылы жас ағып жатты... Таза да тәкаппар жас... Аппақ қардың бетінде ұйыған қанға қарауға Гүлияның дәті шыдамады. Лайсаңға айналған осыншалық мол әрі қап-қара қанды тұңғыш рет керуі еді, жүрегі лоблыды. Алақанына салып бас бармағымен басып отырған Батидың сіңірмен жарысып білеулене біткен тамырына жан жүгіріп, бүлкілдеп соға жөнелді ме қалай? Соға бастады!

«Ағатай-ай, тірі екенсіз ғой. Кеудеңіздегі шыбын жан шырқырап жатыр екен-ау».

Осы шақта астындағы торшолақты сабалап тепең қаққан Дархан да келіп жетіп еді. Астындағы тырақының мардымсыз жүрісі әбден жанына тиген ол қарғып түсіп, сонадайдан жаяу жүгіре басып ұмтылған. Ес-түссіз жатқан жылқышыны емес, шоқайып жігіттің басын сүйеп жылаған Гүлияны бас салды.

– Тірі екенсің ғой, Гүләйім. Кұдай сақтаған екен ғой.

– Құдай емес сақтаған, Бати аға!

– Ер екен. Бойында жаны бар ма өзінің? – Ол да ашықтау қалған кеудесіне құлағын тосты: – Тірі, талықсып кеткен секілді. – Шүберектенген бет сол жыбырлап, ашылып барып жұмылған көзі қозғалғандай болды, кірпігі қимылдап сәл ауырлап жатты да жанарын ашты. Әншейінде байқамайды екен, жылқышы жігіт соншалықты келбетті, азаматың қайсы десе, мынау дейтіндей сұлу... енді ғана, жаны қиналған минутта ғана


қалқып бетінен көрінді. Қабағын шытып барып «уһ» деп ауыр дем алды.

– Бати аға, қай жеріңіз ауырады? Мені танисыз ба? – деді Гүлия қасқайған аппақ маңдайына алақанын басып. Дархан бетіне қар суын сығып тамызды.

– Алақаның қандай ыстық еді, қалқам, – деді кеберсіген ернін әрең қозғап. Содан соң қозғалайын деп әрекет жасап еді, ышқынып барып көзін қайта жұмды.

– Денесінде сынық бар. Ауылға жеткізу керек. Көзін жалма- жан ашқан Бати басын шайқады:

– Керек емес, – деді тілге келіп. – Керек емес.

– Олай демеңіз, аға. Құландыға жегкізсек онда орыс дәрігері бар, емдейді, жазылып кетесіз. Сіз керексіз бізге, керексіз! – Гүлияның көзінен тағы жас бұршақтады.

– Ер жігіт аттан жығылмай жер танымайды деген, Бати. Сауы- ғарсың, ауылға апарайық, – деді Дархан.

– Құландыға емес, – деп басын шайқады. – Ақшидегі артельге барайын шамам жетсе. Кеудемді көтеріңдерші.

Екеулеп жүріп еңсесін көтеріп еді, шытқынып қатты ауыр- сынды.

– Сынық бұғанада, – деді кеберсіген ернін қанын шығара тістелеп. – Дархан, анау қыл арқанмен кеудетұсымды мықтап тұрып таңып тасташы. Аяғым ештеңе етпес, сіңірім созылып қалған секілді, қасқа құлындай қауқарым бар шығар.

Дархан жылқышының белінен жоғары қарай шыр айналдыра иығынан айқастыра шандып матай бастады.

– Қаттырақ, – деді Бати тістеніп. – Қаттырақ ора! – Байлау аяқталған соң басын көтеріп отырды да: «Моқ-моқ» деп анадай жерде бірінің сауырын бірі қасып жаны кіріп, шұрқырасып тұрған қара қасқасын шақырды. Оқыранып жанына келген аты иесін иіскеп еді, Бати «жат, жат» деп әмір берген. Кәдімгідей шөкелеп барып, тұра іргесіне тақала жатты. Аттан осыншалық ақылдылықты күтпеген Дархан мен Гүлия таң-тамаша.

– Ал енді, Дархан, мені мінгізіп жібер. Ақшиге ептеп-септеп өзім де жетермін.

– Жоқ, болмайды, біз де ере барамыз, – деген сөзді екеуі бірдей жарыса айтты. Қара қасқа үстімдегі ием құлап қалар дегендей жайлап тұрғанда Бати да сау аяғын үзеңгіге салып, бұғанасы сынбаған жақтағы қолымен тізгінді ұстады.


– Әй, Дархан, мылтығымды иығыма іле салшы, – деді.

– Апырай, Батеке-ай, бізді серік қылсаң етті. Жолда бірдеңеге ұшырап, – дей берген Дарханның сөзін бөліп жіберді. Ат үстіне шыққан соң аруақтанып, мерейленіп қалды ма, даусы қар үстінде жатқандағыдай емес саңқылдап шыққан.

– Бірдеңеге жалғыз-ақ рет ұшырайтын адаммын мен. Әуре болмаңдар. Егер артымнан ерсеңдер өкпелеймін, қайтіп көрмеймін беттеріңді. Мені қойшы, Ақшидегі оташы шал жазады ғой, Құландыда қалған ақырғы бураға обал болды, тұқымы жақсы еді хайуанның. Бауыздап таста, Дархан. Арам өлген жоқ, қаны шыққан, етін жеткізіп алыңдар. Жұмыс- шыларыңа бір апта азық етерсің. Құтырған бураны қамшымен қақ басқа бір салып етпетінен түсірген бұл елде сенің әкең Таңатар ғана еді. Мен пышақ жұмсадым, осалдығым да. Ал, қош аман болыңдар. Гүлия қалқам, ептеп тәуір болсам отыз- қырық күнде қайтасоғып, тілегіңді орындармын, – деп қара қасқаны тебініп қалып шоқыта жөнелді. Артынан қарап қалған Дархан мен Гүлия жылқышы жігіттің тіп-тік болып иіні иілмей сау желе жөнелгеніне қайран қалды.

«Япыр-ай, бір адамның бойына осыншалық күш-қуат қайдан дариды екен», – деп ойлады Дархан.

«Жігіттің нарқасқасы едің, аға, аман бол, аман бол», – деп күбірледі Гүлия.

Осы оқиғадан кейін зымырап талай уақыт өтті. Наурыз, көкектің айы суалып, мамырдың көгі қаулай бастаған шақ. Жарықтық көктем адамзат, жан-жануардың кем-кетігін толты- рып, өлмелі нәрсенің бәріне жан салғандай жайната құлпыр- тып жіберер құдіреті бар-ау. Қыстың, әсіресе, биыл сұлап жатып алған ұятсыз қыстың қомағай қонағынан құтылып, кеудесін көтерген дала, әне ол да алжасылданған шөптен көйлек киіп төркініне баратын қыздай жетіседі. Күні кешеге шейін бораны қасқырша ұлып, қары қапалақтап жауған қыстың зияны мен пайдасы бірдей болды. Ойпат-ойпаттың бәрі көлшікке айналып, шолақ сай біткен құйын-перен тасыды. Ой-қырдан кұлдырап қағып, бұлақ ақты саулап. Қар суына тоғайған Ащысу, Аякөз секілді арналы өзендердің сағасы өткел бермей, жайылған су тіпті Шарға салған жаңа көпірдің деңгейіне дейін көтерілген. Жердің дымқылдығы, кенет жылыған күн – осының бәрі көктің ерте шығып, мамыр



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.