Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 19 страница



– Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме деген ғой, ақсақал. – Темекісін құшырлана сорып, көзін сығырайта айда- лаға қараған қалпы әнгімесінің ұшын әрмен жалғастырды.

– Алғашында тапқаның ит, арқасын бит жеп жүрген қы- тымыр, жападан жалғыз қалған қиқар да қу шалсың-ау деп, тосырқағаным рас-ты; ел-жұрттан өмірбаяныңызға қаныға жоғымды тапқандай, барымды бағаламағандай өкіне қуанға- ным тағы рас-ты. Мың бір жасаған Лұқпан хәкім де ажалдың амалын таба алмады... Мұның бәрін жіптелеп отырған себебім, мынау Кеңгір батырдың моласын қызғану, сіздің бір игілікті іс жасап жүргеніңізге қызығу еді, ақсақал. Шынында да тірі жүрген екі аяқты, жұмыр басты пенденің қай-қайсысын да ойлантар, тіпті кейінге сабақ болар әдемі бастама екен. Қожа Ахмет Яссауидің мазарын да қайта жаңартты деп естіп едім. Тәңірім-ау, түбі мәңгі мекен етер жерімізді от оттап, су ішіп жүрген шағымызда қамдап, жылы да жайлы ұя салып алудың не сөкеттігі бар. Біреудің атағы, біреудің байлығы, немесе жазған кітап, салған суреті мұра. Анау, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің мазарына дүниежүзі таңырқамай ма?.. Құдай-ау, күні ертең біздердің артымызда шашы желкесін жапқан ұл мен қыздан өзге не қалмақ... Не қалмақ?! Ақсақал егер кірпішіңіз


жетіспесе мен көмектесемін. Мынау Кеңгір бабамның жанында жер томпайтып қана жатқан жұбайыңыз Гүлияның басына қызыл кірпіштен қалап, мүрдехана тұрғызбақ ойыңыз қандай керемет. Міне, елу жыл өшпеген махаббаттың айғағы. Тіпті, кеңірек жасап, жанына өзіңіздің де жатпақ ойыңыз – не деген құдіреттілік, а?!

– Інішек, тым-тым түңіле сөйледің-ау. Құдайға шүкір, біздің артымызда көп дүние қалады. Қазіргі жастардың бәрі ақылды,

– деді Дархан.

Келесі сәтте екеуі оңаша, ләм деместен Кеңгірдің мүрде- ханасына таласа зер салды. Шалғайдан қараған адам осы екеуін Қызылегіздің азып-тозған мүсәпірлеу көлеңкесі деп ойлар, қаз- қатар шошайып отырған.

– Сіз кімді болсын үндемей жеңесіз-ау, ақсақал, мен бір сағат оттағанда жақ ашпадыңыз, – деп сағатына қарап, кететін ыңғай танытты.

– Олай деп дәркүмән келтірме, інішек. Мен сені тыңда- дым. Жөн айтасың, ақырет үшін де игілікті іс істеу керек. Жазмыштан озмыш жоқ, жақсылық та, жамандық та өз мез- гілінде. Бұл әлемге жарық берер күн мен ай да өз мезгілі жеткенде тұтылады. Сондайлық мұнарлы күн туса, бұл жалған жарық дүниеден күнәсіз аттанудың қамы да. Гүлияның аруағы риза болса, маған бұл дүниеден одан артық үзірдің керегі не. Алатын құдай, осы игілікті ісімді бітірген соң, алып-ақ кетсін. Жаным арымның садағасы.

Солтан:

– Рас айтасыз, ақсақал, рас айтасыз. Бірақ, Гүлия шешеміз осыдан қырық жыл бұрын қайтқан екен, содан бері үйленбей өтуіңіздің сырын бүкіл Құландыда бір адам білмейді екен, – деп шалдың жаңағы сөзін, шалбарының артқы қалтасынан май сіңген қағаз, қарындашын алып ықтияттап жазып қойды.

– Ал, ақсақал, поезд келіп қалар, мен аттанайын. – Ықы- лассыздау орнынан тұрды. – Кешке шайды біздің үйден ішерсіз. Ендігі әңгімені сізден тыңдайтын боламыз.

– Рахмет, шырағым.

Ауылға қарап ендеңдеп аяңдап бара жатқан азамат Дарханның көз алдына сонау жылдары поездан қалып қойған жетім баланың ержеткеніндей елестеді. «Әкесіне тартпағаны қандай жақсы болған... – деп ойлады ішінен, – әкесі Төленнің қылмағаны бар ма еді...»


Осы ауылға көшіп келген азын-аулақ уақыттың ішінде осынау жігіттің мінез-құлқын қостай алмай-ақ қойды Дархан. Іш пікірін, не ойлағанын ешкімге сездірмейді екен. Ұрсысып та, таласып та, шәуілдеп шаужайға жармасып та жатпайды. Не бар, не жоқ деп кесіп айтпай, «ым...м» деп кілт бұрылады да үйіне кіріп кетеді... Сонан соң сол үндемеген қалпы біртіндеп есесін қайтара бастайды. «Бәлкім айлалы ит дабырламай, жер қазып саңқылдап үрмей үндемей қабар да...»

Шал уәделі уақытта келді. Ол келмес бұрын Солтанның сегізінші класта оқитын қара ұлы әкесінен сөгіс алып үлгерді.

«Қазақ ССР-і тарихының» баяғыда жазылған кітабын оқып отырды да, қолын шошайтып кәдімгі шешендердей сөйлеп ала жөнелді.

– Енді бір ғасырдан кейін архитектуралық ескерткіштерді қорғау қоғамы Дархан ақсақалдың, яғни Дәкеңнің салып жатқан моласын тізімге алып, бас сүйегін зерттейтін болады... және...

– Тәйт әрі! – деп зекіді әкесі. – Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады. Дархан саған ойыншық па? Тірі адам туралы ондай ғайбат сөз айта ма екен...

– Тірі болса өлмейтін адам бар ма? – деп қара бала далаға тұра қашты. Қайтып тамаққа де келмеді.

– Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады деген осы. Суырдың айғырындай шақылдап, әбден бетке шапшиды, бара-бара... Нағашы жұртына тартқан ынжық.

Нәшәндік ашуын Дархан келгенше баса алмады.

– Жаздыгүні ет тұра ма, ақсақал, шыбынға талатып, са- сытып-борсытқанша асып жеп алайық деп.

– Ол да ақыл, ойда жүргенше, бойда жүрсін. Тойған жеріме тоғыз келіп, мен де ұялғанды қойдым.

– «Келген қонақ тоқты жей ме, маңайдағы жоқты жей ме», деген екен атам қазақ. Жұмыстан кеш келдім, үйге кіргенім осы әзірде.

Тамақ ішіліп болған сон тіс шұқысып бір шынтақтай жатты.

– Ал, ақсақал, – деді, – уәде құдай сөзі, бастаңыз.

– Көргенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба?

– Естіген есте тұра бермейді, көргенді көйітіңіз... Шал түйіле ойланып барып, әңгімесін желіледі.


– Баяғыда, осы Құландыда алғаш обходчик болған жылы қызық оқиға болды. Қызық дегенде әңгіменің әуенімен айтып отырмын, әйтпесе мен үшін азап еді... Сонымен аласапыран жылдың бір қысы болатын. Құландының жалап тұрған аязы қысқанда, жаныңды қоярға жер таппайсың. Күн суық, қарын аш деп жатып алуға бола ма. Рельс шегелейтін болат, балға, күрек пен гайка бұрайтын кілттерімді алып жолға шықтым. Өзің де білесің, жолға шықпас бұрын, обходчиктің жұмыс графигін станция нәшәндігі бекітіп береді. Әйтеуір номер танитын білімім бар, бригадирдің үйіндегі журналға шатты-бұтты шимайлап қолымды қойып, панарды қолға алып, түнгі жорыққа аттандым. Әуелгі үш шақырымда-ақ қараңғы түсті. Темір жол бойындағы көзіме түскен ағаш болса тазалап, асықпай тексеріп келемін. Кәрәсінмен жанатын қол шамның білтесі нашар еді, бықсып қарауытып, қайта-қайта сөне береді. Негізінде рельстің әуелгі бір жағын, сонан соң межелі сегіз шақырымнан соң бұрылып, екінші жағын ықтияттап қарау керек болады. Күннің суығы мен шамның өлеусіреген жарығына сенбей бірден екі рельсті тексеріп жүрісім өнбеді. Далада қырық градус суық, алақаншықтана боран басталды. Әсіресе рельстің гарнизіндегі қызылтамақтағы сынық түнде айнаға жақсы түспейді. Күпті деген тұсты қолмен сипап көруге тура келеді. Суықтан әбден ширап, мұздап тұрған темірді ұстай алғаныңда саусағыңды қарып түсіреді-ау. Ол уақта немене «ТИП-ША» деген рельстің көлденеңі жіңішке, сағатына қырық-елу шақырымнан аса алмайтын, доңғалақ әп-сәтте тайқып шығып, оқыс көп болатын. Қазір ғой 43 типті рельстер қалай шапқыласаң да қауіпсіз

– рахат. Сөйтіп, жербауырлағандай болып келе жатқанымда Құландыдан ары жетінші шақырымда рельстің гарнизінен сынық таптым. Поездың қашан өтер уақытынан хабарым жоқ, менің міндетім қандай поезд болмасын апатқа ұшыратпау, ал сынықты қалпына келтіру менің қолымнан келмейді, тіпті оған хақым да жоқ. Не істеу керек?

Поезд келер жолға әлгі сынықтан алысырақ битар қойдым. Рачок-сырнайымды әрі-бері озандатып тартып көріп едім, боран разъезд жақтан соқты да, бәлкім естіртпеді білем. Сасқалақтайын дедім. Өйткені кейбір машинистер битардың атылғанына қарамай «ештеңе етпес» деп өте шығатыны бар- ды. Үстімдегі киім жеңіл, қыстың ұзақ түніне шыдай алам


ба? Жел гулеп соғып, ұйтқып ойнаған боран атты кісінің өзін алып ұратындай үдей түсті. Аяғың тайып құлап түссең бас салып сабалап, ақ түтегімен көміп тастардай ашулы. Көк пен жерді тұтастырып шекара қалдырмай біріктіріп жіберген. Тіпті кейбірі бұраң қағып, билеп мойныңа асылып, қойны- қонышыңа кіріп мұздатып ес-ақылыңды алады. Шпалдарды ұйлыққан қар басып, рельспен теңестіріп жіберген. Әлгіде тапқан сызат-сыпықтан айрылып қалмайын деп тас қылып белбеумен шандып байлап, боран етіне арқамды беріп бүк түсе бүрісіп отырдым. Битар атылмай қалса қайтемін деп тағы шошинып. Тіпті тоңып болмаған соң әрі-бері жүгіріп жылын- ған болдым. Боранның басылатын түрі жоқ, бұрынғысынан да құтырып шабына соқты. Жұтып жіберердей жалғанған, тұлан тұтып долданған, екі иығын жұлып жеп айдаһарша ысқырған... Әзірше екі жақтан да паровоздың дыбысы білінбейді. Менің ес-ақылым: сынық заводтың жіберген брагы ма, әлде жаңадан түскен бе? Енді қайсысы болса да бәрібір еді. Қол-аяғым шым- шымдап мұздай бастады. Қолшамның кәресіні таусылып, өшіп тынды. Қалтамды қарманып сіріңке іздеп зорға дегенде тауып тұтатпақ болып едім, жаға алмадым. Тарта-тарта шырпысы таусылып, қорабын лақтырып тастадым. Айқайлап бір боқтадым да орнымнан қарғып тұрып селкілдеп биледім келіп, биледім... билеп жүрмін... бұл менің өз өмірімдегі алғашқы да, ақырғы биім шығар-ай...

Бұл болат жол деген жарықтық үстінен жайлы да жұмсақ поездбен өткен адамға оп-оңай. Ұзыннан-ұзақ салған қос темір сызық секілді. Арқа етіміз – арша, борбай етіміз – борша болып қайла-күрекпен; өгіз, түйе жегіп, қала берді қоларбамен құмтас тартып салған мыңдаған шақырымдық Түркісібтің игілігін тауды тіліп, тасты бұзып ащы тері тамшылаған біздер емес, өзге жұрт, кейінгі ұрпақ көріп отыр. Біздер, кәрі түркісібшілер ұлы жойқын іс тындырғанымызды ғана осылайша, ауызша мақтан етер едік. Әйтпеген күнде осынау жер шарын орап жатқан шойын жолмен анау тұрған Алматыға барып көрдік пе, тәйірі. Сайып келгенде, біздердің міндет жолмен жүру емес, жолды салумен ғана шектелді. Жазған-ау, тіпті қаншама құлшынып, арыз жазып бас ұрсақ та дүниені жалмаған соғысқа да жібермей алып қалды емес пе. Әттең қолыма мылтық алып, жауға атой салып өткен күнді армандаған сәтім де көп


болды-ау жазған. Иә, теміржолшылардың бар қолынан келгені

– манданта шеру тартқан вагондардың уақытында бүлінбей жетуін қамтамасыз ету. Біз ол міндетті мүлтіксіз атқарып едік. Иә, шырағым, ұлы жеңісте түркісібшілердің де ұланғайыр үлесі бар. Орден, медальдарын саудыратып соғыстан қайтқан солдаттар қаншама менсінбей қарағанымен, қолымыздағы теміржолдың қызыл жалаушасын бес жыл бойы біз де бір сәт босаң ұстап көрген жоқпыз. Аялдамаға кеп тоқтаған поездан түсіп, сусын іздеген кей жолаушы, күні бүгінге дейін өзі мініп келе жатқан поездың амандығын тексеруге май-май болып тұра жүгірген теміржолшыға менсінбей жиіркене қарайтынын несіне жасырайық. Тәңірім, олар жарылқаушы ие, ұзақ сапардағы сақтаушы Құдайы екенін неге ғана ұқпайды екен. Айталық қаңтардың қырық градус суығында қылдай ғана сызықты күзетіп отырған мен қолды бір сілтеп, тартып кетсем, маған сеніп алаңсыз зымыраған поездың тағдыры не болар еді.

Осы кезде үйдің есігі сыңсып қайта ашылып, әлгінде шыға қашқан қара ұл кірді жасқаншақтай. Әкесі жаққа ептеп көз қырымен қарады да, әңгіменің әуеніне түсіп, қаперсіз отырғанын көрген соң ақырын баспалап барып, шешесінің иық жағына жантая кетті.

– Ақсақал, сіз өзіңізді толғантқан ащы шындықты айтып отырсыз, – деді Солтан қомданып. – Оның ешқандай сөкеттігі жоқ, мәселен, теміржолшыларды мәдени-тұрмыстық қамту жағы өте төмен ғой. Мен өткен жылы Прибалтика мен Украина, Белоруссия жағын аралап қайттым. Ойбой, ондағы жасалған жағдаймен бізді мүлдем салыстыруға келмейді. Бәрі автоматтандырылған, тіпті біздегідей «жетім-жесір» разъездер жоқтың қасы. Ал станциялардағы аппақ шағаладай үйлерді көргенде қалып-ақ қойғың келеді, шіркін. Қалай Қазақстанның территориясына кірсең, әр он сегіз шақырымда үркіп-үркіп орналасқан қотыр тамдар мен жалғыз құдық, жайылып жүрген көп есектен басыңыз айналады. Ақсақал, әңгімеңізді бөліп жібердім білем, айып етпеңіз.

– Осының басы-қасында жүрген нәшәндіктерге де бай- ланысты-ау көп дүние, – деді шал.

– Ой, ақсақал-ай, айта-айта жиып-теріп алған азын-аулақ абыройдан айырылдық. Сонымен сіз қырық градус аязда кар- низдегі жарықшақты күзетіп, билеп жүрсіз.


– Қайбір жетіскеннен дейсіз... Бәрі де өлмеудің, өлтірмеудің қамы да. Адам әбден тоңғанда ұйқысы келгендей маужырап бүк түсіп жата бергісі келеді екен. Қалтырап, жаураған денең қанша жылы жерді аңсап аласұрғанмен, удай ашып шыбын жаныңды шырқыратқанымен, жаны кетіп үйреніп алады екен. Мен екі үлкен башпайымнан бастап, үси бастағанымды сезіп тұрсам да, істерге лаж жоқ, шоршып-шоршып шаршадым. Үскірік одан сайын қыр көрсете мазақтап, аласұрып, қаһарлана түседі. Аяқ-қолдан әл де, жан да кете бастағандай болған соң, темір жолдың дәл үстіне қардан үй жасап, жатып алғым келді. Бірақ қасаттанбаған қар сусып, желмен ұшып әлек салды. Қырсыққанда екі жақтан да бірде-бір поезд келмеді. Енді мені өлім қаупі иектей бастаған еді. Мұндайда кісінің ойына қайдағы келеді. Менің есімнен үйімде қалған Мұрат шықпады. Ұлым біресе ақ боранның арасында адасып, мені айқайлап шақырғандай болады, енді біресе жаныма келіп: «Тұр, тұр, аға, тұр» деп жұлқылап қолымнан тартып оятады екен деймін. Қар кебініне оранып, зор тыныштық құшағына алып, гуілдеген әуен әлдилеп ұйықтата берді... Қандай рахат тьныштық! Жаныма Гүлия келгендей, мені сипалап, аймалағандай, рахат!

Мені ертеңінде қар көмген мола ішінен, қатып үсіп жатқан жерімнен тауып алыпты. Қолма-қол Аягөзге... одан әрі Семейдегі ауруханаға жөнелтіп, әйтеуір шыбын жанымды аман алып қалған екен. Сонда башпайларымның бәрі үсіп түсіп қалыпты, – деп Дархан екі етігін сыпыра шешіп тастағанда саусақтардан жұрдай топ-тоқал тұқыл табан шолтаң ете түсті. Солтанның бағанадан бері аузынан су ағып сүйсіне әңгіме тыңдап отырған әйелі мен баласы селк етісіп, ішін тарта көздерін тайдырып әкетті. Солтан қабағын қарс жауып, дым сызбаған, бар болғаны: «Ым-м, да-а» деді басын шайқап. Шамды шырқ айналып қонақ таппаған сайтан көбелектің жеңіл сыбдырынан бөтен дыбыссыз – құлаққа ұрған танадай тыныштық ұйыды.

Құландыны солқылдатып тағы бір поезд өте шықты...

Сол поездың ішінде Оспан кетіп бара жатқандай сезілді Дарханға...

Дархан ұйқысының келмегеніне қарамастан кешегідей жолға шықпады. Көршісінің үйінде суыртпақтала басталып, қайыруға келмей қалған тайтері сырдың бір пұшпағы уқа- ланғандай болып еді; өз үйі өлен төсегіне келген соң да сол


оқиғаның әсерінен айыға алмады. Көмейіне түйенің тобығы кептеліп қалғандай қанша жұтқынып жөткірінсе де, не ары, не бері жоқ қылғындырып тұр; қылғындырып тұрған әсте тобық емес, орны толмас өкініш-тін, ішқұсаға айналған уайымның

– келмеске кеткен – мәңгіге сөніп тынған арманның әлдеқашан бітіп, қара қотырланып қалған жарасы қайта қанағаны еді, сыздатып қайта ауырғаны еді, қаншалық кең болса, соншама тар әлемнің бейшара да бейкүнә дәрменсіз көп пендесінің бірі боп жаралғанына әрі өкініп, әрі қуанып, аласапыран күйге ұшырады; кісі дегенің жазған-ау, қартайған сайын, қайғы ойлап өмірге құштар келетіні не, кісі дегенің асарын асап, жасарын жасағанына қарамастан, Құдайдан тағы бір ғұмыр сұрап жалбарынарын, жан ұшыра өлгісі келмей өз-өзінен қорқып, қорқақ тартарын немен түсіндіруге болар; адам өмірі де пара- сат майданы іспетті-ау, санасыз өмірден салдарлы өлім жақсы деп, қаншалық өзіңді ұлы сапарға тас-түйін дайындағаның- мен, қылша мойныңа ажалдың қыл арқаны оралар мүйнетте қалай-қалай шыңғырар едік... Сексенге келдің – селкілдемей өле сал дегенге кім келісер...

Құландыны солқылдатып, бір поезд өте шықты.

Осы поездың ішінде Оспан да кетіп бара жатқандай сезілді...

Баяғыда қандай еді... баяғыда...

 

* * *

Баяғыда:

...Жылан жылының қысы қатты басталды. Әуелі қарлы жаңбырмен сабалап алды да, арты көктайғаққа ұласты. Көксоқ- таланған жердің бетін алғашқы қырбақ қар бүркеп тастағанда асты тоң, беті безерген дала мал мен адамның күйісін әбден кетірген. Сонау қарашадан басталған суық жел бір аптадай толас тауып еді, кешеден бері атына қайта мініп, жұқалау жауған қарды сай-сай, бұта-қарағанның түбіне айдап тастаған. Жалаңаштанған дөңес, қыраттар суықтан осылып-осылып айрылып, ырсиып жатыр.

Құландыдағы аз ғана жатақ ауылы бұл күнде молайып, қара-құра көбейген үлкен қарбалас үстінде. Түркістан-Сібір магистралі осы Омар қыстағының үстін басып өтетіндіктен мұнда әзірше, артель ұйымдасқан жоқ. Станңияға айналады


екен, деген қауесет сөз тараған. Күзде тамам байды кәмпескелеп, қанталауға түскенде шүлен алып, бірер қаралы болып қалған ауыл, кылышын сүйретіп келген қыстан соның күшімен шығып кетпек ниетте. Қыстық мал азығын дайындап әдеттенбеген кедей-жатақ қазақ ауылдарының көпшілігі-ақ өлгенде көрген тұяқты малды соғымдыққа жығып алған; көресіні көктем шыға көрерін, тек бір күннің амандығын медет тұтар бейқам ел үшін уайым болмады, қарынның қазір тоқтығына мәз. Бұл өңірдегі іргелі-іргелі бай – Омар мен Көкебай, Долдаш секілді орта шаруадан тартып алған малдан жаз шыға тұқымдық қалмау қаупін ешқайсысы да бағамдамады.

Дүркіреп басталған шойын жол құрылысы Құландыға келгенде аяғына жем түскендей шабандап қалған. Күннің суықтығы, жердің қаттылығы, техника күшінің тапшылығы келесі жылы толық аяқталуға тиісті ұлы жұмыстың жан- дануына үлкен кедергі болды. Оның үстіне тек адам қолы- мен атқарылатын ұлан-ғайыр шаруаны шаужайлап әкетер жұмысшы күші жетіспеген. Осы себепті, жан-жақтағы ауылдан кісі жинап, қазақтарды қолына қайла ұстауға шақырған үгіт- насихат қызу жүріп жатты. Сонау Семейден шойын жол жұмысының қарқынын тексеру үшін арнайы өкілдер келмек екен деген хабар тарады.

Шардағы көпір толық аяқталып, топырақ үю, рельс төсеу секілді науқанға кіріскенде Дархан Құландыдағы әкеден қалған қара мекенге біржола көшіп баруға бел байлады. Жұмысшы күші онда да керек және станция орнаса түпкілікті тұрып қалуына мүмкін. Ал шойын жол бойында кәсіп табылады. Жұмысшы жолда старшын басын құрап шай ауыз тигізіп, тойдың ырымын жасаған сон Гүлия да бұдан былай Дарханмен өткізер өмірінің ыстық-суығына үйрене бастаған. Рас, алғашында қиындау тиді. Үнемі үлде мен бүлдеге оранып өскен шырпы басын сындырып көрмеген ерке қыз қайла арқалаған, жер қазып, тас қопарып арпалысқан халықты, қарын тойып тамақ ішпеген қонторғай тірлікті, жұмыстан шаршап келіп, жамбасы тиген жерге жата кетер күйсіздікті көріп, жаны ашыған. Бірақ, бірде-бір адамның бойынан талығуды немесе қабақ шытып ренжу, жалығуды сезе алмады. Шындық үшін, өз ісінің әділдігі мен баяндылығы үшін жанталасқан орыс, қазақ жұмысшыларының шыдам, төзімінің шексіздігі қайран қалдырды.


Ақ дидарын айғыздап түскен жара қылып шапқандай тыртық болып біткен-ді. Жауыздықпен сілтенген пышақ теңдессіз сұлу- лық пен Гүлияның ашық ажарын жасытып, шырақтай жанған жанардың отын сөндіре алмапты.

Ақсақ құлынды ертіп ауылға келгенде жұрт жатырқамай, жатсынбай қарсы алды. Әкесінің көзін көріп қалған бірен- саран шал, замандас жігіттер қайта айналып қазығын тапқан Дарханға шын пейілден ризашылық білдірген. Талай жылдан бері түтін шықпай, есік-терезесі бекітіліп қалған Дәу шалдың отын сөндірмей, қара мекенін тапқанын жөн десті. Оның үстіне анау-мынау емес, Омар байдың ерке қызын ала келгені үлкен ерлік, кез келгеннің қолынан келмес азаматтық санаған.

Дарханды мұнда да қыруар істер күтіп тұр еді. Ең әуелі қаңсып: өрмекшінің торы, тышқанның ініне айналған тоқал тамды қалпына келтіруге кірісті. Балшық илеу, оны аяқпен басу, ағаш қалыпқа кірпіш құю жұмысына әбден төселіп алған жігіт, айналдырған аз-ақ күнде ұядай үй жасап алды. Жердің тоңдығы, топырақтың қаттылығы біраз әурелеп еді, ауылдастары асар жасап, көмекке келді. Тіршіліктің осындай таусылмас бәкір-шүкір шаруасына Гүлия да көндіге бастаған. Ақ саусақ едім, біреудің ерке қызы едім деп қол қусырып қарап отырған жоқ, күйеуі ұстаған заттың екінші басына ұмтылып, қосамжарлана безектеп қалмады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.