Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бесінші кітаптың соңы. 57 страница



Төрт аяз он аяз болып амалдап, қаншалық үскіріп, қаншалық ысқырса да жүз неше аруақтан осыдан басқа шындық шықпапты. Қайта тексерілген жарым жылда өздерінің жартыкеш қылмыстарынан да нәр тартырмай қойыпты.

Шофер Саучыңсаудың құлаған жайын да айтты: ол тұп-тура арғымақ боз байталдың үстінен тым биіктен ұшып кетіпті. Басқа бір орында қатал тергеуде жатыр екен...

Саучыңсаудан азат болғанымды енді түсініп, су басқару пунктіне қуана жеткенімде алдымнан шыға келген летчик достыммен құшақтаса түстім. Сүйегі ғана қалған арқама қағып, күшті қолымен күрс-күрс ұра берді ол.

Менен үш ай кейін босаған аға-бауырларым да арсиған арқама осылай күрсілдетіп құшақтасты. Олардың көбі өксіп, қуаныш жастарын төге,  шағына құшақтасты. Еш бірі қалпақ кимей құтылыпты.

Данышпан тергеушім, маған қылмыс-қылмыс деп қылқыңдай беруіңізден ханымыңыз қылмысқа жерік болып қалған ба деп таңырқай беруші едім. Бұл жарықтықтың қасиетін әлмисақтан бері біледі екенсіз. Қылмыс деген қашан да Құдайы иіген шарапатты жерден шығатын киелі өнім екен ғой. Бұрын көбінесе мәнсапты, дәулетті, әулие-машайық шаңырақтарынан ғана мүңкуші еді. Бүгін құқығы жоғары «данақор коммунизмшілердің» шаңырақтарынан будақтай бастады. Самародни сап қылмысқа Лиңфужуши мен Сау зыдауяндарыңыздың басқан іздері мен кірген індерінен-ақ қарық болған шығарсыз. Демек қылмыстың дәулет құсы енді сіздердің бастарыңызға қонды деген сөз. Деңіздің саздықтан су емгеніндей қасқырдың қояннан күнә іздегеніндей бейуаз бізден емініп-сұрана бергенше мол қылмысыңыздан енділікте өзіңіздің зекет бергеніңіз дұрыс шығар!

Бесінші кітаптың соңы.

 

 

 

 


[1] Шужи (ханзуша) – секретар.

[2] Маузыдұң сөзі.

[3] Тақсы (ұйғырша) – тарелке, жайпақ табақша, тақсыпаз – қошаметші, жағымпаз.

[4] Әнзі (қытайша) – дело (іс, жауапкердің қылмыс жинағы)

[5] Әнзі аудару – қылмыстының өзін ақтауы, мойындамау, қабылдамай қайтарып тастау да кері төңкеріс ретінде қаралады.

[6] Маузыдұң сөзі.

[7] Меллатшы (ұйғырша) – ұлтшыл.

[8] Дашуесің (ханзуша) – студент, мұнда жоғары мектеп бітірген қызметкер.

[9] Сәй (ханзуша) – көказық, көктат.

[10] Гүй (ханзуша) – жын, албасты. Гүй (ұйғырша) – әйелінің намысын сатып күн көруші.

[11] Тақсы (ұйғырша) – тәленке. «тақсы көтеру» – жағымпаздық. Қошаметшілдік мағынасында. Тақсыпаз – тәленкеш – көталақы адам.

[12] Қазақ арасында сайтан сарала қамшыдан, тікеннен қорқады дейтін аңыздар бар.

[13] Бужаң (ханзуша) – бөлім бастығы, мемлекеттік үкімет орнында – министр.

[14] Юанжаң (ханзуша) – институт бастығы. Емхана бастығы.

[15] Райыс (ұйғырша) – төраға.

[16] Намайшы – ереуіл.

[17] Дүй бүшүй (ханзуша) – кешірім сұрау, кешіріңіз.

[18] Гансы (ханзуша) – іс жүргізуші (бөлімнің қол салып істейтін төмен дәрежелі кадры).

[19] Лаугай (ханзуша қысқарған атау) – Лаудұң гай зау – еңбекпен өзгерту.

[20] Әшәдді (ұйғырша) – қатерлі, ұшына шыққан.

[21] «Ешкіні Құдай атайын дегенде шопанның таяғына сүйкенеді» деген мақал бойынша ескерткен сөзі.

[22] Шұра – күшті асау жылқыны астыңғы ернінен бұрап көндіретін мықты жіп бет икемді бұрау.

[23] Һошяр (ұйғырша) – қырағы, сергек.

[24] Шәйір (ұйғырша) – ақын.

[25] Сторж (орысша) – күзетші.

[26] Уәзипа (ұйғырша) – міндет.

[27] Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі.

[28] Дазыбау (ханзуша) – жуан жазулы газет. (Қылмыс әшкерелеушілер өздері білетін факттерін үлкейітп жазып, дауалға жапсырады.)

[29] Баужаң – ауыл бастығы, жүзбегі.

[30] Қарасарт майданы – Ислам сенімінде өлген адам түгел тіріліп жиналатын майдан. Күнәлі адамдар өте алмай, тозаққа құлайтын «қыл көпір» сол майданда.

[31] Маузыдұң сөзі.

[32] Ұйғыр бақсыларының «жын шақыру» дағы сөзі.

[33] Жұмо (ұйғырша) – «ұғып қой, біліп қой» деген ескерту мағынасындағы сөз.

[34] Абай сөзінен.

[35] О дүниедегі тозақтың тергеушілері.

[36] Абай өлеңдерінен.

[37] «Еркек тоқты – құрбандық» дейтін мақал негізінде алынған атау.

[38] Гүңше (ханзуша) – коммуна.

[39] Домна – шойын темір өндіретін пеш.

[40] Гарди – шахмат ойнындағы уәзір (ең құқықты тас).

[41] Бедек – мал саудасының салакеші, жалданба саудагер.

[42] Құдайды аспанда дейтін наным бойынша айтылған қалжың.

[43] Даяужың (ханзуша) – зор секіріп ілгерілеу.

[44] Дүйжаң (ханзуша) – әтірет бастығы.

[45] Майыл (ұйғырша) – бейім.

[46] Ғазал (ұйғырша) – ән, өлең.

[47] Нақша (ұйғаршы) – ән, өлең.

[48] Таяртап (ұйғарша) – жатып ішер, арамтамақ.

[49] Дашқал (ұйғырша) – қоқыс, қоқ. (мұнда, шойын–темірі толық ерімей, тас, құм, саз топырақ, көмір шақарларымен балқып қосылып қатқан темір тас.)

[50] Мағдан – руда.

[51] Әбләх (ұйғырша) – сұмпайы, оңбаған.

[52] Ғұнсыр (ұйғарша) – элемент.

[53] «Екі шекем солқылдап ауырады, жолдасымның біреуі қыз болмаса» деп айтылатын айтыс өлеңін меңзеп айтылған қалжың.

[54] Лаужяу (ханзуша, қысқартылған атау) – еңбекпен тәрбиелеу, еңбекпен тәрбиеленуші.

[55] Лаужаусо – еңбекпен тәрбиелеу орны.

[56] Зу (қытайша) – жүр.

[57] Лаугай (ханзуша қысқартып алынған атау) – еңбекпен өзгерту. Еңбекпен өзгеруші – заң бойынша кесілген қылмыскер.

[58] Хуйлай (ханзуша) – қайт, қайтып кел.

[59] Гүй (ханзуша) – албасты. Гүй (ұйғырша) – әйелінің абыройын сатып күн көруші.

[60] Зужаң (ханзуша) – группа бастығы.

[61] Дәріпұрыш (ұйғырша–парысша) – дәрі сатушы (шөп дәрі сататын қырық дорбалы саудагер).

[62] Вечерка (орысша) – кештік сауық.

[63] Гүлниса – Гүлбике мағынасында. (ниса (парысша) – қыз)

[64] Ревизионизм (ханзуша шужыңжуий) – марксизмді бұрмалаушылық.

[65] Қараңғы базар – жасырын базар (базар тапшылығында жасырып қымбатқа сататын базар)

[66] Артқы есік – сыбайластарына ашылатын жасырын есік.

[67] Жефаң (ханзуша) – азат, бостандық.

[68] Жұмо (ұйғырша сыпайыласқан мағынасы) – біліп қойыңыз.

[69] Ванлы (ханзуша) – бітті, түгеді.

[70] Жүнджібай – (Мау (ханзуша) жүн деген сөз.) – Маузыдұңды атағаны.

[71] Сәкең – Совет одағы.

[72] Абызтай (татарша) – ұстаз әйел, ұстаздың ықпалды білгір ханымы.

[73] Ни сүй (қытайша) – сен кім. (сүй – кім.)

[74] Зағыра (ұйғырша) – жүгері, ақ каулен ұндарынан тандырда пысырылған күлше нан.

[75] Быңсы (ханзуша) – өнер, хикмет.

[76] Гуанжяу (ханзуша) – басқарып тәрбиелеу.

[77] Дазужаң – әтіреттегі группалар бірлестігінің бастығы (үлкен группа бастығы).

[78] Зыдауян (ханзуша) – нұсқаушы. (әтіреттің саяси жетекшісі).

[79] Текшедестеметр – текшеметрдің мыңнан бір бөлігі.

[80] Бәрі де итке қойылатын аттар.

[81] Баугау зыдауян – Баяндауыма рұқсат етіңіз, нұсқаушы.

[82] Бәнжаң – онбасы (өзін күзетуші әскерді жазаланушылар осылай атауға міндетті).

[83] Оранқұтан – адам тәріздес маймылдардың ең ірі, ең жыртқыш түрі.

[84] Көнші – қалашық аты, Лопнор ауданының орталығы.

[85] Мүсәдіра (арабша–ұйғырша) – көнфеске (мүліктің үкімет қазынасына алынуы).

[86] Гамы (ұйғырша) – жер үй.

[87] Қара-қоңырмай – сумай (өсімдік майы).

[88] Тамады (ханзуша) – шешесін... (тілдеу).

[89] Чаңбу (ханзуша) – майдан штабы.

[90] Шужыңжуий (ханзуша) – ревизионизм–марксизмді бұрмалаушылық.

[91] Шаңмян – жез електен өткен майда ұн.

[92] Пұл (ұйғырша) – ақша. Бір пұл – бір юан дегені.

[93] Му (Жұңго жер өлшемінің бірлігі.) – 660 шаршы метр.

[94] Кожаң (ханзуша) – бөлім бастығы.

[95] Шынсың (ханзуша, қысқарған атау) – жаңа тума, жаңа өмірге шығуды.

[96] Зәнжу (ханзуша) – тоқта, табжылма деген бұйрық сөз.

[97] Шужыңжуий – ревизионизм – түзетімпаздық.

[98] Слиңбу (ханзуша) – қолбасшылық штап.

[99] Аятұл күрсі – «жын–шайтан аластайтын» құран дұғасы.

[100] Ху уй бең (ханзуша) – қызыл қорғаушы. Ху шяубең – балалардан құралған «кішкене қызыл қорғаушы»

[101] Төрт көне – 1. Көне идея және дін уағыздарына сену. 2. Ғұрып–әдет, салт–сана. 3. Ұлттық көне және европа мүліктері. 4. «Сары» ән, «сары» кітап.

[102] Дашызы (ханзуша атау) – Үрімжідегі үлкен төрткөше түйілісі.

[103] Қызыл 1–ші, 3–ші қосындар – автоном районның бас секретары Уаң ынмауды қорғаушы қосындар. Қызыл екінші қосын – оларға қарсы генерал Угуаңды қорғаушы қосын.

[104] Маузыдұң сөздерінен үзінді.

[105] Маузыдұң сөздерінен үзінді.

[106] Маузыдұң сөздерінен үзінді.

[107] Маузыдұң сөздерінен үзінді

[108] Маузыдұң сөздерінен үзінді.

[109] Хұңисансі (ханзуша) – қызыл 1–ші, 3–ші қосын.

[110] Хұңарсы (ханзуша) – қызыл 2–ші қосын.

[111] Қағазға нығыз оралған мылтық дәрісі. Мереке күндерінде ханзулардың көне дәстүр бойынша ататын қағаз ойыншы гранаты.

[112] Хантеңгір – Тяньшань тауының ең биік шоқысы.

[113] Ортеке – ағаштан теке порымын құрастырып жасаған ойыншық. Домбырашылар оны жіңішке жіппен домбыра шертетін саусақтарына байланыстырып билетті.

[114] Икупән (ханзуша) – өткендегі таптық езгіні еске түсіретін тамақ. (Бостандықтан бұрынғы кедейлер мен жалшылардың жейтін тамағы.)

[115] Жекешілдікке, есекшілдікке, ревизионизмге қарсы тұрып, кері төңкеріске соққы беру науқаны.

[116] Лаухан (ханзуша) – шал.

[117] Оңтүстік тау – Еренқабырғаның Үрімжі тұсын ханзуша солай атайды.

[118] Лаусәнпян – ұлы үш мақала (Маужың үш сөзін Ляңбяу осылай атап жаттатқан)

[119] Ляңфужуши – орынбасар төраға Ляңбяу.

[120] Ең жоғары нұсқау – Маузыдұң сөздерінен үзінді.

[121] Әнзі (ханзуша) – дело (қылмыс боқшасы).

[122] Люгүй шесің (ханзуша) –жын–шайтан.

[123] Гуансай – ханзулардың өлгенде салынатын тақтай сандығы.

[124] Маузыдұң сөздерінен үзінді жазуға цементпен қатырылған кең тақталы мұнара.

[125] Келар – Такламаканда жасайтын кесерткі тектес жануар. Жалпақ бас, үлкені 30–40 сантиметр. Өсіп болғанның құйрығы екі айрық болып кетеді. Адам етіне тісі тисе айрылмайтын аса жайыл, улы жануар. Тек үстінен от, иә темір қызуын өткізіп басқанда ғана қоя береді. Денеде тіс қалса қатерлі екен.

[126] Зәнжу (ханзуша) – тоқта, тапжылма.

[127] Куәйзы (ханзуша) – қыспақ, құрсау.

[128] Ұйғыр халқының ең ауыр санайтын иянаты – әйелін тілдеу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.