Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ІДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, басқарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер (жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне зерттеу жасалынған болатын.Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.Кәсіпорынның негізгі проблемаларының бірі — төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.Қаржылық тұрақтығы жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел бола алады.Кәсіпорынның тағы бір негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шы-ғын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге ні-мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасадық. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша іс- шаралар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі және сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дотациялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығындар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланылмайтын активтерді сату болып табылады.Талдау нәтижелері кәсіпорында негізгі проблеманы анықтады: төлем қабілетсіздік және рентабельсіздік.

                       

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ІДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. — М.: ИНФРАМ, 1995.

3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева — Минск: Высшая школа, 1995.

4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. — М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.

6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. — М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.

7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. — М.: Финансы и статистика, 1994.

8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. — М.: «ОМИНТЭК», 1994.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.