Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау



        2.2Баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктері- нің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті жэне салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып санала- тын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құры- лымын және оның жеке топтарын талдау, олардың раңионалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің есуі (артуы) кәсіпорынның болашақтагы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кэсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңғейі баланстық есептің номинал- ды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлық- тай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тэжірибеде инфляңияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның колемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борышчың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Деби- торлық борыш барлық уақыпа есептеулер тәртібінін бұзылуы нвтижесінде туындап, барлық уақытга да қар- жылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сон- дықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есентеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екігс бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айна- лым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты тал- даушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құиы бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барльпы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайта- рымдылығы өткен тэжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде аныкталады. Бухгалтерлік тәуе- келдің мәні. сол өтксн кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зиян- дар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық бо- рыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдар* дың орташа мәліметтері бойынша есептеледі. Мысалы, есептеу үшін 3 жылдың мәліметтері алынған, олар: 1,9%, 3,3% және 6,8%-ды құрайды. Үш жыл үшін деби- торлық борыштың қайтарылмауының орташа пайызы- ның 4,0%-ға тең. Алайда оны зерттеліп отырған кезең- дерге ұгынбай таратуға болмайды.|Нақты жағдайларды ескеру кажет, мысалы, кайтарылмайтын пайызының байқалған өсу бағытын. Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

• бір немесе бірнеше негізгі қарыз тұлғалардың үлесіне қайтарылмайтын дебиторлық борыштың қанша пайызы келеді (бұл пайыз қайтарыл- майтын қарыздың шоғырлануын сипаттайды);

• негізгі қарыз тұлғалардың ішінде біреуінің бо- рышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

• қалыптасу мерзімі бойынша дебиторлық борыш- ты қалай бөледі;

• ескі вексельдерді ұзарту дебиторлық борьшітағы вексельдердің қандай үлесін көрсетеді;

• тұтынушының иайдасына жеңілдіктер (бағасын кеміту) мен басқа да жағдайлар есепке алынған ба, мысалы, оның өнімді қайтару құкылы

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.