Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





II.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау



II.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

2.1Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мерзімді кезеңде төлеуқабілетілік пен өтімділік сипаттары негізінде бағаланады.Жалпы төлеуқабілеттігі және өтімділік дегеніміз — қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дер мезгілінде және толық көлемде жасау. Бір активтің өтімділігі дегеніміз — оның ақшалай қаражатқа айналу қабілеттілігі, ал өтімділіктің дәрежесі осы айналу кезеңінің ұзақтылығымен айқындалады. Кезең неғұрлым қысқа болса, активтің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорынның өтімділігі туралы айта отырып, оның айналым қаражатының теория жүзінде қысқа мерзімде орындамаса да, оны жаба алатын көлемінің бар болуы.

Төлеу қабілеттілігі дегеніміз — ақшалай қаражаттардың және олардың эквиваленттерінің жедел жабуын талап ететін, қарызды есептерді толтыру үшін жеткілікті көлемде бар болуы. Осыған қоса баланстың өтімділігі деген түсінік бар, ол кәсіпорындардың міндеттемелерін олардың активтері мен орнын толтыру дәрежесі ретінде анықталынып, олардың ақшаай түрге айналу мерзімі міндеттемелерді төлеу мерзіміне сәйкес. Баланстың өтімділігін талдау кәсіпорынның өтімділігімен төлеуқабілеттілігіне қатынасы бар.

Өтімділікті талдаудың сұранымы нарық жағдайларында кәсіпорынның қаражаттық шектерін күшейтумен және несие төлеуқабілеттілігін бағалау қажеттілігіне байланысты. Баланстың өтімділігі талдау — өтімділіктің дәрежесі бойынша топтастырылып, өтімділіктің кему тәртібінде орналасқан, ал активтерді өтімділік орны бойынша топтастырылып және мерзімнің ұлғаю тәртібінде орналасқан пассивтермен салыстырады. Төменде берілген топтар балансқа қатынасы бойынша кәсіпорындардың активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1 — ең өтімді активтер-ақшалай қаражаттар және қысқамерзімді қаржылық салымдар; А2 — тез өткізілген активтер-дебиторлық қарыз және басқа активтер; А3 — төмен баппен өткізілетін активтер — тауарлы-материалдық құндылықтар; А4 — қиын өткізілетін активтер — негізгі қаражаттар және басқа айналымнан тыс активтер. Баланстың пассивтері оларды төлеу мерзімінің дәрежесі бойынша топтастырылады:

П1 — ең жедел міндеттемелер: дер мезгілінде өтелмеген кредиторлық қарыз және ссудалар;

П2 — қысқа мерзімді пассивтер: қысқа мерзімді несие мен қарыз;

П3 — ұзақ мерзімді пассивтер: ұзақ мерзімді несие мен қарыздар;

П4 — тұрақ Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассив пен актив бойынша берілген топтардың қорытындыларын салыстыру керек. Егер төменде берілгендей қатынастар болса: А1 ³ П1 ; А2 ³ П2 ; А3 ³ П3 ; А4 £ П4 онда баланс абсолютті өтімді деп саналады.ты пассивтер: кәсіпорынның меншікті капиталы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.