Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





аржылық жағдайды талдау әдістері



1.3Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Қаржылық есептің аналитикалық оқуының негізгі принциптері — бұл дедуктивтік әдіс, демек жалпыдан жекеге деген сөз. Бірақ та ол бірнеше рет пайдаануы керек. осындай талдау барысында шаруашылық фактілер мен жағдайлардың тарихтың және (оның қызметінің нәтижелеріне) логикаық дәйектілік бағытның және оның қызметінің нәтижелеріне әсерінің күні қайта көрсетіледі.

Тәжірибе жүзінде ҚЖТ 6 негізгі түрлерге бөлінеді:

1) көлденең (уақытша талдау);

2) құрылымдық талдау (тік);

3) трендтік;

4) коэффициенттер талдауы;

5) салыстырмалы;

6) факторлық талдау.

Қаржылық есеп берудің көлденең (уақытша) талдауы — есеп беруді өткен жылғы есеп берудің әр деректерімен салыстыру; ол зерттелінетін көрсеткіштердің іс жүзіндегі базалық деңгейінен абсолют және салыстырмалы ауытқуларын анықтау үшін қолданылады. Берілген талдаудың түрі, бухгалтерлік есеп берудің құрамына кіретін бөлек баптар мен олардың топтарының өзгерістерінің тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл талдаудың негізінде, баланстық баптар және қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп-қисаптық баптарының базалық өсу қарқынының есептеуі болып жатыр.

Тік (құрылымдық) талдау — есеп берудің әр деректерінің жалпы (тұтас) нәтижесіне әсерін анықтап, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын айқындау.

Тік салыстырмалы талдаудың көмегімен жеке бөліктердің жалпы тұтасының ішіндегі үлесін (меншікті капиталдық оның жалпы сомасындағы үлесі), бөліктер мен тұтастың ара-қатынастарын (мысалы: меншіктік және қарыздық капитал, негізгі және айналым капитал) және де факторлардың нәтижелік көрсеткіштердің деңгейіне әсерін олардың мөлшерін өзгертуге дейін және одан кейін салыстыру арқылы. Экономикалық құбылыстар мен процесстердің құрылымы зерттелінеді. Талдаудың міндетті элементі — осы мөлшерлердің динамикаық қатары, ол шаруашылық қаржылар құрамындағы және олардың пайда болу көздерін құрылымдық қозғалысты бақылауы мен болжауына мүмкіндік береді.

Трендтік талдау — есеп берудің әр деректері бойынша өткен кезеңдердегі қатармен салысыру және трендті белгілеу, демек әр кезеңнің жеке ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерінен тазартылған, көрсеткіштің динамикасының негізгі тенденциясын айқындау. Трендтің күшімен болашақтағы мүмкіндік көрсеткіштердің мәндері анықталады және перспективтік болжау жүргізіледі.

Коэффициенттер (салыстырмалы көрсеткіштердің) талдауы дегеніміз — есеп берудің жеке деректерінің арасындағы немесе әр түрлі есеп берудің деректер арасындағы қатынастарды есептеу, көрсеткіштердің өзара байланыстарын айқындау.

Баланстанудың негізгі қалаушыларының бірі — Н.А.Блатованың топтастыруына сәйкес, қыржылық көрсеткіштердің салыстырмалы көрсеткіштері бөлу және коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіші, қорытындының (абсолют көрсеткіштерінің топтарын кіргізетін) қай бөлігін құрайтынын айқындау үшін пайдаланылады. Бөлу коэффициенті және оның есеп беру жылындағы өзгерістері субъектінің қарылық жағдайымен алдын ала таныстыру жолында үлкен роль атқарады. Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың мәні бойынша әр түрлі абсолюттік көрсеткіштерінің немесе олардың әр түрлі экономикалық маңызы бар үйлесімдерің арақатынастарын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржылық коэффициенттерді талдау — есеп беру жыына және бірнеше жылғы олардың мәндерін базалық мөлшерлермен салысыру және олардың динамикасын зерттеу. Салыстыру базасы ретінде, теоретикалық негізделген немесе тәжірибелік сұрау нәтижесінде алынған олардың оптималдық немесе престикалық мәндерін сипаттайтын мөлшерлер бола алады.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау дегеніміз — фирманың, еншілес кәсіпорын, бөлімдердің жеке көрсеткіштері бойынша есеп берудің жиынтық көрсеткіштерінің ішкі шаруашылық талдауы және де берілген фирманың көрсеткіштері мен бәсекелесердің шаруашылық деректерімен бірге шаруа аралық талдауы. Салыстырудың негізгі шарты — көрсеткіштер салыстырмалы болуы керек.

Факторлық талдау — детерминделген немесе стохастикалық зерттеу әдістерінің көмегімен факторлардың (себептер) нәтижелік көрсеткііне әсерін талдау. Сонда, факторлық талдау тіке (талдауды өзі) нәтижелік көрсеткішті құрама бөіктеріне бөлгенде және кері (қорыту), оның бөлек элементтерін жалпы нәтижелік көрсеткішке қосқандағы, талдаулары болуы мүмкін. Факторлық талдаудың негізгі әдістері — тізбекті алмастыру тәсілі, интегралдың әдіс, айырмашылықтар әдіс, индекстік әдіс.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.