Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I. Қаржылық талдау және кәсіпорын экономикасын үйлестіру



I. Қаржылық талдау және кәсіпорын экономикасын үйлестіру

1.1Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.

Нарықгық қатынастары жағдайында кәсіиорынның қаржылық жағдайын

талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие

болуымен, сондай-ак олардың меншік иелері, жұмысшылар,

коммердиялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында

өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық

жауапкершілікте болуымен байланысгы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бүрын, “қаржылық жағдай” дегеніміз немесе “қаржылық жай-күй” дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет “Кәсіпорынның қаржы тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақгылы толеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын корсетеді”.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы “қаржы ресурстарының қалаптасуы- мен, таратылуы және пайдалануымен корсетіледі” деп жазады

Осы берген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

(актив- те жагдайы қаржыны тарагу, пайдалану және оны қалынтастыру коздерімен (меншіктік капитал және мін- деттемелер, яғни пассивтер) сипатгалады” деп жазған.

Кәсіпорынның қаржы жагдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезендегі

қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз

жүргізуі мен өзінің қарыз міндетгемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы

ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгы нені білдіреді?

Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар

қаржылық гұрақтылықты “өз қаражаттарын шебер пайдалану

қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін

қаржының жеткілікгі болуы деп түсіндіреді... Қаржылық тұрақ- тылық –

меншікті және қарыз қаражаттарының байла- нысы деп жазады (6).

қаражаітарды жабатын, сон- дай-ақ өтелмеген дебиторлық жэне

кредиторлық қарыз- дарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін

уақ- тысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржы- лық

тұрақты болып табылады” деп жазады (8).

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде

анықтайды. Олардың ойынша “Қаржылық тұрақтьшық - бұл әрдайым

гөлем қабілеттілігін кепіл- дендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар

жағдайы”.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың (ҚТ) басқа маңызды факторы болып активтердің оптималды құрамы мен құрылымы және оларды басқаруда дұрыс стратегия таңдау табылады және олар өндірілетін өнім түрлері мен өндіріс әдіснамасымен тығыз байланысты болып келеді. Ағымдағы активтерді басқау дегеніміз — ол кәсіпорын шотында ағымды оперативті іс-әрекетке қажетті өнімді қаражаттардың минималды сомасын ұстау.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторы болып қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы және оларды басқарудың тактикасы мен стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстары, оның ішіне таза табыс көп болған сайын, ол өз-өзін тыныштықта сезіне алады. Сонымен қатар таза табыстың жалпы көлемі ғана маңызды емес, оны бөлу құрылымы және өндіісті дамытуға бағытталатын бөлігі де маңызды болып келеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына саудалық капиталдар нарығындағы қосымша тартылатын қаражаттар үлкен әсер етеді. Кәсіпорынның қаншалықты көп ақшалай қаражаттарды тарта алатын болса, соншалықты үлкен оның қаржылық мүмкіншіліктері болады, бірақ қаржылық тәуекел де өседі- кәсіпорын өз уақытында өз кредиторына төлей алу мүмкіншілігі бола ма.

Бұл жерде үлкен рольді кәсіпорын төлем қабілетілігінің қаржылық кепілінің бір формасы — резервтер ойнайды. Жоғарыдағы жалпылай келгенде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды анықтауға болады:

— кәсіпорын салалық түрі;

— кәсіпорын шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құрылымы, жалпы төлемқабілеттілік сұранымында оның бөлігі;

— шығындар көлемі, ақшалай табыстармен салыстырғандағы оның қарқыны;

— мүлік пен қаржылық ресурстардың жағдайы, қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса;

— кәсіпорынның басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізуге экономикалық шарттардың әсерін, қоғамдағы техника мен әдіснаманы, төлемқабілеті сұраным мен тұтынушыар табыстарының деңгейін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің салықтық және несиеік саясатын, кәсіпорындардың іс-әрекетін бақылау бойынша заң актілерін, сыртқы экономикалық байланыстарды және басқаларды жатқызады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.