Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі



1.2Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Қаржылық жағдай дегеніміз — кәсіпорын өзінің қызметін қаржыландыру қабілеті. Ол кәсіпорынның қалыпты міндеттелуіне (жұмыс істеуіне) керекті қаржылық қорлармен қамтамасыздығымен, оларды орналастырудың мақсатқа сәйкестігі және тиімді пайдалануды, басқа заңды ұйым (заңдық құқығы бар) немесе жеке тұлға мен қаржылықтың өзарақатынастарымен, төлеуқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.Талдаудың негізгі мақсаты — қаражаттың қызметтегі кемшіліктерді дер мезгіінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражаттың жағдайын және төлеуқабілеттілігін жақсарту резервтерін табу. Бұл кезде келесі міндеттерді орындау керек:1) Өндірістік, саудалық және қаражаттық қызметтердің әр түрлі көрсеткіштерінің арасындағы өзара себепті — салдарлы байланысты зерттеудің негізінде қаржылық қорлардың кірісі бойынша жоспарды орындау мен оларды кәсіпорын қардылық жағдайын жақсарту үшін пайдалануды бағалау;

2) Шаруашылық қызметінің нақтылы жағдайлары мен меншікті және қарызға алынған қорлардың бар болуынан, мүмкіндік қаражаттың нәтижелерді және экономикалық рентабельділікті болжау. Қорларды пайдаланудың әртүрлі варианттарында қаржылық жағдайдың моделдерін жасау.

3) Қаржылық қорларды тиімдірек қолдану және кәсіпорын қаржылық жағдайын бекітуге бағытталған нақты шараларды қолдану.

Қаражаттық жағдайды талдау — шаруашылық қызметінің жалпы да толық талдауының бөлігі, ол ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы бөлігі баспасөзге шықан есеп берудің деректері бойынша өткізіледі. Оны кәсіпорын тыс айналысатын контрагенттер мен меншік иесі немесе мемлекеттік ұйымдар өткізіледі. Ол фирманың жетістіктерінің барлық құпияларын ашпауға мүмкіндік береді, өйткені ол кәсіпорынның қызметі туралы шектелген ақпаратқа негізделген. Осылардың бәрі кәсіпорынның қызметімен өткізіледі және оның қорытындылары кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау үшін, сонымен бірге ең жоғары табысын алу және алдын ала банкроттыққа ұшырауды ескеруге тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылады. Мазмұны бойынша ішкі талдау өте терең, өйткені ол басқару және өндірістік есептеудің деректеріне (таянады) негізделеді. Қаржылық есеп беруде алғашқы кезеңдегі керекті мәліметтері келтіру тиіс. Қаржылық есеп берудің мақсаты: пайдаланушыларды субъектінің қаржылық жағдайы, қызметтің нәтижелері және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп берудің орталық элементі баланс болып табылады, ол активтердің, міндеттемелердің және кәсіпорынның меншікті капиталдың белгілі уақыт мерзіміне берілген толық көрінісі.

Ол екі бірдей бөлшектерден тұрады. Бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарын қабылдағанға дейін ол оң және сол бөліктерінің (актив және пассив) теңдігімен сипатталынатын екі жақты кесте болған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес баланс баптаының орналасуы қабылданған, баланстың екінші бөлімі меншікті капитал және міндеттемелер деп аталады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Ақша қарааты дегеніміз — субъектінің кассада және банктегі шоттарында жатқан барлық ақшасы. Ақша қаражатының қозғаласы-олардың келіп түсуі және шығуы.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша есеп беру: операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінде есеп беру мерзіміндегі ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысы туралы мәлеметтермен қамтамасыз ете отырып, пайдаланушыларға заңды ұйым (заңды құқығы бар адам) қаржылық жағдайының өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді. Операциялық қызмет — заңды тұлғалардың негізгі қызметіне байланысты табыс түсіру жөніндегі операциялар және инвестициялық қаржылық қызметке қатысы жоқ басқа қызметке байланысты операциялар. Заңды тұлға операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысын тура және жанама әдісті пайдалана отырып ашуына болады. Тура әдіс БЕС №4 “ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке” сәйкес, бұл ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері ашылатын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақшалай операцияны, оны зерттеуге және оның қай қызмет түріне жататынын анықтауға негізделген. Тура әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөнінде есеп берудің әрбір бабын түзетуді білдіреді. Бұл жағдайда өнім өткіуден түскен түсімдерден бастайды және олардан тауарларды алу бойынша, ағымдағы шығындар несие үшін % және бюджетке төлемдер бойынша барлық ақшалай төлемдер шегеріледі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.