|
|||
уровень 502 теста 2 страницаФонокардиография// +Эхокардиография// Тамырдың доплерлік зерттеуі// Коронарография// Компьютерлік томография *** 32 жастағы науқас сұйық тағамды жұтынғанда, кеудесінде түйіліп жағымсыз сезім пайда болуына шағымданады, ал тығыз тағам жақсы өтеді. Осы шағымдардың пайда болуына бір жыл болды. Соңғы екі айда жағымсыз әсерлер қобалжығанда және шаршағанда пайда болады. Тәбеті төмендеген, бірақ салмағынан түспеген. Қандай диагноз туралы ойлауға болады:// эзофагит созылмалфы// өңештің диафрагма саңылауының жарығы// эрозиялық эзофагит// өңештің дивертикулы// +гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруы *** Науқастың шағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, топырақ жегісі келеді, шәші көп түседі, етеккірі ұзаққа созылады 6-7 күнге дейін. Қан анализдері: Нв–65г/л; Эрит–2,8х1012/л; ЦП–0,7; тромбоциттер–195,0х109/л; жалпы билирубин–8 ммоль/л, темір сарысуы–3,5 мкмоль/л. Грегерсен реакциясы теріс. Болжам диагноз:// +теміржеткіліксіздік анемиясы// апластикалық анемия// гемолитикалық анемия// жіті постгеморрагиялық анемия// B12-жеткіліксіздік анемиясы *** Науқас 40 жаста табан саусақтарының, шынтақ, тізе буындарының таңертеңгі уақытта қозғалмай қалуына, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына бір неше жыл болған, қаралмаған. Саусақтарында ульнарлы девиация, шынтақ тізе буындары деформациясыз, табаны halux valgus түрінде. Болжамды диагноз:// біріншілік остеоартроз// +ревматоидты артрит// ревматикалық артрит// буындар хондроматозы// подагралық артрит *** 48-жастағы ер адам көптен бері асқазан жарасымен ауырады, кейінгі жарты жыл ішінде жүдеу, әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің жойылуы мен эпигастрий аймағындағы үнемі ауырсыну пайда болды. Қандай диагноз туралы ойлауға болады:// асқазан қақпасының тарылуы// жараның пенетрациясы// жарадан қан кетулер// жараның перфорациясы// +асқазанның қатерлі ісігі *** Манометрия әдісімен өңештің жоғарғы және төменгі сфинктерлерінің қысымын анықтауға болады. Аталған аурулардың қайсысын анықтағанда осы әдістің мәліметтілігі жоғары болып табылады:// өңеш дивертикулы// эзофагоспазм таралған// Баррет өңеші// +ахалазия кардийдің// склеродермияда жұйелі *** Қабылдау бөліміне 32 жастағы ер адам, шаршағыштық, жүрекқағу, физикалық жүктеме кезінде ентігуге, дене қызуының 38оС дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жабындылары боз, бауырдың қыры пальпацияланады, көкбауыры ұлғайған, тығыз. ЖЗА–де: Нв–105г/л, ТК–0,93, L60х109, лейкоцитарлы формуланың солға промиелоциттерге, миелоциттерге және миелобласттарға дейін ығысуы, ЭТЖ–65мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:// +Созылмалы миелолейкоз// Созылмалы лимфолейкоз// Эритремия// Сепсис// Жедел лейкоз *** 53 жастағы науқаста мойын, қолтықасты және шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Лимфа түйіндері жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. ЖҚТ: Hb-100 г/л, Эр.-3,1х1012/л, ТК-0,9; Лейк- 64,0х109(эозинофилдер-3, сегм./яд –2, лимфоциттер–81, моноциттер– 4), анизоцитоз +, пойкилоцитоз ++, ретикулоциттер- 0,2%, ЭТЖ – 46 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:// Реактивті лимфаденит// +Лимфогранулематоз// Созылмалы лимфолейкоз// Лейкемоидты реакция// Қатерлі ісік метастаздары *** Қай анемия кезінде қан түзілуінің мегалобластық түрі, ферритин деңгейінің қанда жоғарлауы, неврологиялық белгілер байқалады:// +В12- тапшылықты анемияға// теміржетіспеушілік анемияға// гемолитикалық анемия аутоиммундық // анемия апластикалық// Минковский- Шоффар анемиясына *** 47жастағы науқаста сарғаю, спленомегалия, эритроциттердің осмотикалық резистенттілігі төмендеуі бар. Осы симтомдар қай ауруға тән: // В12-тапшылық анемиясына// анемияға апластикалық// гемолитикалық анемияға аутоиммундық // +Минковский – Шоффар анемиясына// теміртапшылық анемиясына *** Мегалобластты қан тузілу; қанда ферритин мөлшерінің көбеюі, неврологиялық симптоматика ... тән. // ТТА// +В12-тапшылық анемияға// аутоиммунды гемолитикалық анемияға// Минковский-Шоффар анемиясына// Апластикалық анемияға *** Науқаста ішімдіктен кейін қайта-қайта құсу қызыл қанмен болғанда мүмкін диагноз: // Өнештен варикоздыкеңеюмен қан кету// +Меллори – Вейса синдромы// Жедел панкреатит// Асқазан жара ауру// Крон ауру *** Қан ауруларының ішінде түзілуінің мегалобластық түрі; ферритин деңгейінің қанда жоғарлауы, неврологиялық белгілер пайда болу қашан кездеседі:// анемия апластикалық// ТТА// +В12- тапшылықты анемия// гемолитикалық анемия аутоиммундық // Минковский- Шоффара анемиясы *** 22 жастағы қыз, қайталанатын мұрыннан, қызыл иектен қан ағуға, қатты әлсіздікке, ентігуге, қызбаға шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, бүкіл денесінде көгерулер анықталады, лимфа түіндері ұлғаймаған. Қалған органдары өзгеріссіз. Қан анализінде: Hb-63 г/л; Эр.-2.0х1012/л; ТК -0.9; Лейк.-1.3х109/л; Тромб.-22х109/л. Миелограммада: сүйек кемігімен май арақатынасы 10%:90%. Болжам диагноз? // +апластикалық анемия// миелолейкоз жедел// эритромиелоз жедел// созылмалы миелолейкоз// тромбоцитопениялық пурпура *** 19 жастағы жігіт, ерте жасынан бастап тізе және шынтақ буындарының гемартозы болады, жиі мұрын қанауы мазалайды, анамнезінде – бұлшықет аралық гематомалар. Анасы жағынан туысқан көкесі дәл осылай ауырған және бас миына қан құйылудан қайтыс болған. ЖҚА – өзгеріссіз, тромбоциттер –218х109/л; АЧТВ – ұзарған. Жгут және шымшу сынамасы – теріс. Болжам диагноз:// артрит ревматоидты// +гемофилия// васкулит геморрагиялық // пурпура тромбоцитопениялық// геморрагиялық телеангиэктазия
*** Науқас К., 36 жаста, денесіндегі петехиальді-дақты геморрагиялар, мұрын және иектік қан кету мазалайды. Үлкейген көкбауыр қыры пальпацияланады. Қан анализінде: Эр.-3,1х1012/л; лейкоцит-4,5х109/л; лейкоцитарлық формула өзгеріссіз; тромбоциттер-12х109/л; қан ағу уақыты ұзарған. Қандай болжам диагноз?// жедел лейкоз// геморрагиялық васкулит// гемофилия// апластикалық анемия// +тромбоцитопениялық пурпура *** 18 жастағы жігіт, жастық шағынан тізе және шынтақ буындарының артрозымен ауырады, жиі көптен бері мұрыннан қан ағу мазалайды, анамнезінде – бұлшықет аралық гематомалар. Анасы жағынан туысқан көкесі дәл осылай ауырған, бас миына қан құйылудан қайтыс болған. ЖҚА – өзгеріссіз, тромбоцит – 231х 109/л; АЧТВ – ұзарған. Ваалер-Роуз реакциясы –теріс. Болжам диагноз?// пурпура тромбоцитопениялық// лейкоз жедел // васкулит геморрагиялық // + гемофилия// анемия апластикалық *** Науқас 53 жаста, жарты жыл бойы сол қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісінде шамалы геморрагиялар, көкбауыры ұлғайған (+7 см). Қан анализінде: Нв-100 г/л; Л.-5х109/л; (мб.-1%, пмц.-1%, нмц.-3%, ю.-8%, п.-12%, с.-55%, э.-5%, б.-2%, л.-12%, м.-1%). Болжам диагноз:// көкбауыр абсцесі// тромбофлебитті спленомегалия// +созылмалы миелолейкоз// жедел миелолейкоз// бауыр циррозы *** Науқас 62 жаста, Аддисон-Бирмер анемиясымен ауырады, жағдайы күрт төмендеді; субфебрильді температура, әлсіздік, санасы шатасқан, бас ауруы. Қан анализі: Нв-50 г/л; Эр.- 1,09х1012/л; ТК- 1,3. Не деп ойлауға болады?// аурудың рецидиві// жедел қан жоғалту// жедел инфекция// + гемолитикалық криз// бас ми қанайналысының бұзылысы *** 63 жастағы науқастың сүйектері ауырып қақсайды, әлсіздік және шаршағыштық үдемелейді. Қан анализінде: ЭТЖ–63 мм/сағ, жалпы белок 92 г/л, сүйек кемігінде: плазматикалық жасушалар көбейген. Қандай ауру туралы ойлауға болады?// созылмалы миелолейкоз// жедел лейкоз// созылмалы лимфолейкоз// +көптеген миелома// эритремия *** А. науқас, 68 жаста, оның диагнозы: созылмалы лимфолейкоз, ісіктік формасы. 2 жылдан кейін науқаста бірден сарғаю және күшті әлсіздік дамыды. Қан анализінде – нормохромды анемия, абсолютті лимфоцитозды лейкоцитоз, жалпы билирубин 45 ммоль/л, тіке билирубин 11 ммоль/л, Кумбс сынамасы оң. Жағдайының нашарлауына не себеп болды?// бластты криз// өт жолдарының обтурациясы// жедел гепатит// агранулоцитоз// +аутоиммунды гемолиз *** Науқас 30 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсыну мен айқын циркуляторлы- гипоксиялық синдроммен түсті. Анамнезінде 12-елі ішектің ойық жарасы. Тері жамылғысы бозарған. Қан анализі: Нв–90г/л; Эр–3,5х1012/л, ТК–0,7; тромбоцит–80,0х109/л, ретикулоцит– 0,5%. Билирубин–12ммоль/л, қан сарысулық темір–4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Болжам диагноз:// апластикалық анемия// гемолитикалық анемия// жедел постгеморрагиялық анемия// B12-дефицит анемия// +созылмалы постгеморрагиялық анемия *** Науқас Б., 16 жаста, лимфоаденопатиямен, белсенді әлсіздікпен түсті. Қанда: Эр. 2,5х1012/л; Нв-79 г/л, ТК-0,8; лейк.-6,1х109/л, лейкограммада: бласттар- 85%, лимфоциттер–10%, с/я–5%, тромбоциттер–100х109/л. Болжама диагноз:// Апластикалық анемия// +Жедел лейкоз// Лимфогранулематоз// Созылмалы лимфолейкоз// Инфекциялық мононуклеоз *** Науқаста физикалық жүктемеден соң тұншығумен сипатталатын ентігу ұстамасы, көпіршікті қызғылт бөлініспен жөтел мазалайды. Қарағанда: өкпесінің екі жағынан әр түрлі калибрлі сырылдар, жыбыр аритмиясы, бауырдың ұлғаюы, төменгі аяқ қолдарда ісіктер байқалады. Көрсетілген симптомдар қандай патологияға тән?// Бронх демікпесінің ұстамасы// +Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілігі// Өкпе артериясының тромбоэмболиясы// Спонтанды пневмоторакс// Инфаркті пневмония *** Стационарға жүрек тұсындағы қағу шағымдарымен науқас жеткізілді. ЭКГ- да синусты ритм фонында, Р тісшесі деформацияланған қалыпты QRS комплексі анықталады, толық емес компенсаторлы үзіліспен PQ арақашықтығының қысқаруы. Қандай ритм бұзылысы, ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдар нені білдіреді?// Жыбыр аритмиясы// Қарыншалық экстрасистолия// Атриовентрикулярлы тосқауыл II дәрежелі// +Жүрекшелік экстрасистолия// Пароксизмалды қарыншалық тахикардия *** 29 жастағы науқас жұрек тұсындағы белгісіз сипатты ауырсынуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жүрек қағуына, физикалық күш түскенде тершеңдікке шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,3оС дейін көтеріледі. Өткен айда науқас суық тиіп ауырған, басқа ешқандай аурумен ауырмаған. Пәтерінде жұмыссыз, туберкулезбен ауыратын қарт адам тұрады. Қан және несеп талдауы өзгеріссіз. Жүрек үстінен систолалық шу естіледі, ЖСЖ минутына 100 рет. ЭКГ: PQ-0,26с. Қарынша ішілік өткізгіштік бұзылған. Сіздің диагнозыңыз?// Өкпе туберкулезі// Тұрақсыз стенокардия// Жүрек ырғағының пароксизмалды бұзылуы// + Миокардит// Перикардит *** Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз, мойынға берілетін, ұзақтығы 2-3 сағат, күйдіріп ауырсыну пайда болды, әлсіздік, тершеңдік. Ең алдымен қандай ауру деп ойлауға болады?// Мойын остеохондрозы// Спонтанды пневмоторакс// Өкпелік жүрек// + Миокард инфаркті// Өкпе инфаркті *** 55 жастағы науқасты бүгін кешкі тамақтан кейін басталып 20 минутқа созылған сол жақ иығындағы ауырсыну мазалайды. Бұрын осындай ауырсынулар күш түскенде пайда болатын. Бұл ауырсыну синдромы қай ауруға тән?// + Жедел миокард инфаркті// Тұрақты күш түсу стенокардиясы// Вазоспастикалық стенокардия// Миокардит// Мойын остеохондрозы *** Науқасты обьективті қарағанда бетінде цианозды қызыл шырайлы, жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, аускультацияда І тонның әлсіреуі, жүрек ұшында І тоннан кейін систолалық шу естіледі, ол сол жақ қолтық астына беріледі, сонымен қатар патологиялық ІІІ тон. ЭКГ: сол қарынша мен сол жүрекше гипертрофиясы белгілері. Сіздің диагнозыңыз?// Митралды стеноз// +Митралды жетіспеушілік// Қолқа стенозы// Қолқа жетіспеушілігі// Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі *** Науқаста көп жыл бойы ревматизм. Эпигастралды пульсация және «мысық пырылы» жүрек ұшында. Салыстырмалы жүрек тұйықтығы оңға және жоғары кеңейген. Аускультацияда: жүрек ұшында күшейген шапалақ тәрізді І тон және диастолалық шу естіледі. ЭКГ-де қандай өзгерістер болуы мүмкін?// оң қарынша мен сол қарынша гипертрофиясы// оң жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясы// + сол жүрекше мен оң қарынша гипертрофиясы// сол жүрекше мен сол қарынша гипертрофиясы// сол жүрекше мен оң жүрекше гипертрофиясы *** 74 жастағы науқаста кенеттен жүректің жиі соғу ұстамасы пайда болды (минутына 154 рет), ұстаманы дәрігер каротидті синустың массажымен тоқтатты. Қандай диагноз болуы мүмкін:// тахикардия синусты // +пароксизмальді қарынша үсті тахикардиясы// қарынша тахикардиясы пароксизмальді// жүрекше фибрилляциясы пароксизмальді // жүрекшенің жыбырлауы пароксизмальді *** Военкоматпен зерттелуге 18 жасты науқас бағытталған. Қалыпты дамыған. Жүрек астында 2-ші қабырға арасында кеуденің оң жағы бұрышынан ұйқы артериясына өтетін тұрпайлы систолалық шу аңықталады. Аортаның үстінде екінші тоны әлсіреген. Пульсі минутына 64 рет, ырғақты. Иықтың артериясының АҚ–95/75 мм.с.б., бөксе аретриясының АҚ-110/90 мм с.б. Сіздің диагнозыныз?// +аорта құйылысы стенозы// жүректің қосарлас ақауы// аорта коарктациясы// қарыншаның арасы дефекті// ашық артериальді жолы ақауы *** Инфарктан кейінгі кардисклероз, артериялық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі бар науқастың жағыдайы нашарлап, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, көз алдында екеулену пайда болды. Дәрілерді жүйелі түрде қабылдайды. АҚ-150/85 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин 48 рет. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформацияланған, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен ығысқан. Бұл неге байланысты:// Гипертониялық криз// Жүрек жетіспеушілігінің үдемелеуі// +Жүрек гликозидтерімен интоксикация// Миокард инфарктісі қайталмалы// Мидың қан айналымының ауыспалы бұзылысы *** Науқас Д., 25 жаста, жүрек аумағындағы шаншып ауыруына, жүрек жиі соғуына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын гриппен ауырған. Қарағанда жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүректің барлық аумағында иррадиациясыз систолалық шу естіледі, ЖЖЖ–90 рет минутына. Дене қызуы 37,70С. Лабораторлы зерттеуде лейкоцитоз аңықталды, ЭТЖ жоғарлаған, С реактивті белок. ЭКГ: реполяризация бұзылысы және қарынша ішілік өткізгіштігі баяулануы. Сіздің диагнозыныз?// Перикардит// Кардиомиопатия// Миокардиодистрофия// Нейроциркулярлы дистония// +Миокардит *** 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда: қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ-72 рет мин. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400 мл/тәул. ЖЗА:эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.Диагноз қойыңыз:// Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0// +Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0 *** 44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда: беті бозарған, ісінген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:// Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен// +Жедел гломерулонефрит, аралас түрі// Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0 *** 62 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы ауырсыну, таңертеңгі уақытта қол аяғының ісінуіне шағымданады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Пастернацкий белгісі оң. Несеп талдауында: протеинурия, цилиндрурия. ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:// Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0// +Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, СБЖ 0 *** Бұрын өкпе туберкулезі себебінен ем қабылдаған 30 жастағы науқаста ісінулер мен тәулігіне 2,5г дейін протеинурия байқалады. Бүйректің қандай зақымдануы мүмкін?// Созылмалы гломерулонефрит// Созылмалы пиелонефрит// Бүйрек туберкулезі// + Екіншілік амилоидоз// Интерстициальды нефрит *** 15 жастағы науқас әлсіздік, жүрек айну, құсу, бас ауырсыну, көру өткірлігінің төмендеуіне шағымданып келді. Бетінде және аяғында ісінулер пайда болып, басы қатты ауырып, дене температурасы 38оС дейін жоғарылады. Қарағанда: науқас қозған, қабығы мен тері асты шел қабатында ісінулер анықталады. өкпесінде ісінулер жоқ. АҚ 180/110 мм.с.б., жүрек тондары қатты, ЖСЖ 60 рет/мин. Зәрі аз мөлшерде шығады. Науқас шұғыл түрде нефрологиялық бөлімге жатқызылды. Диагноз қойыңыз:// Жедел гломерулонефрит, нефротикалық түрі, жедел бүйрек жетіспеушілігі, олигуриялық кезең// + Жедел гломерулонефрит, аралас түрі, жедел бүйрек жетіспеушілігі, олигурия кезеңі// Созылмалы гломерулонефрит, СБЖ алғашқы белгілерімен латентті ағым// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түр, өршуі, СБЖ2// Айқын гипертоникалық синдромен идиопатиялық жылдам өршитін гломерулонефрит *** 44 жастағы науқас дәрігерге физикалық күш түскендегі ентігуге, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауырсынуға, бөлінетін несеп мөлшерінің азаюына, оның түрінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезінде жиі суық тиіп ауырады. Қарғанда: беті бозарған, үрленген, мойын веналары ісінген. АҚҚ-180/110мм.сын.бағ. Несеп талдауында: протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Сіздің диагнозыңыз:// Жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, ЖБЖ 0// +Жедел гломерулонефрит, аралас түрі, ЖБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі,СБЖ 0// Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0 *** Науқас С., 18 жаста, ЖРВИ ауырғаннан кейін, анда-санда зәрінің түсінің өзгергенін, зәр шығару кезінде ауырсынуы байқайды. ЖЗА: белок 0,099 г/л, Эр 10-12 к/а, несеп нәрі 8,0, креатинин 0,012 ммоль/л. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:// + Ig-A-нефропатиясы. Бүйрек функциясы бұзылмаған// Ig-A-нефропатиясы. СБЖIIБ// Ig-A-нефропатиясы. СБЖI// Ig-A-нефропатиясы. ТСБЖ// Ig-A-нефропатиясы. СБЖIIA *** 60 жастағы науқас әйел 15 жыл бойы үдеусіз өтетін ревматоидты артритпен ауырады. Несеп талдауы өршу болмаған кезде алынған. Несепте: тығыздығы-1,010, белок-1,65 г/л; эритроциттер жоқ; Лейк-көру аймағында5-6. Сіздің диагнозыңыз:// Созылмалы гломерулонефрит// Жедел гломерулонефрит// Бүйректе ауру жоқ// Созылмалы пиелонефрит// +Бүйрек амилоидозы *** 45 жастағы науқаста артериялық гипертензия көпжылдар бойы. Бірақ, соңғы жылда артериялық қысым тұрақты түрде жоғары деңгейге көтеріледі (200/110 мм.с.б.). Қосымша аурудан аяқ тамырларының облитерациялаушы атеросклерозы бар. Бүйрек зақымдануының клиникалық белгілері жоқ. Артериялық гипертензияның ағымын ауырлатуға себепкер болып табылады:// +бүйрек артериясының атеросклероздық стенозы// ұзақ уақыт артериялық қысым жоғары болғандықтан аорта мен магистральді артериялардың серпінділігінің төмендеуі// нефроптоздың қосылуы// бүйрек артериясының тромбозы// аорта доғасының зақымдануымен жүретін панартериит *** 48 жастағы науқаста анықталған АГ себебі бойынша тексеру кезінде зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы 1,012, ақуыз-1,2г/л, эритроциттер көру аймағында 10-15 анықталды. Бүйректің УДЗ: бүйрек патологиясы анықталмады. Қандағы мочевина және креатинин қалыпты. Анамнезде – ерекшеліктер жоқ. Болжам диагноз:// Подагралық нефропатия// Гипертониялық ауруы// Созылмалы пиелонефрит// +Созылмалы гломерулонефрит// Бүйректің екіншілік амилоидозы *** 31 жастағы науқас әлсіздікке, қуық тұсының ауырсынуына, аз порциямен жиі-жиі зәр шығаруға, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады, ауруын суық тиюмен байланыстырады. Қарап тексергенде: терісі бозарған, акроцианоз. Жүрек тондары аздап әлсіреген, ритмі дұрыс. Пульсі 80 рет мин. АҚҚ 130/100 мм.сын.бағ. ЭТЖ 32 мм/сағ. Лейкоциттер 10,2х109/л. Бүйрек УДЗ - патологиясыз. Клиникалық диагнозын қойыңыз:// Жедел пиелонефрит// Созылмалы пиелонефриттің өршуі// +Созылмалы циститтің өршуі// Жедел гломерулонефрит// Созылмалы гломерулонефриттің өршуі *** 36 жастағы науқас басының ауыруына, әлсіздікке, бел аймағындағы ауырлық сезіміне, ентігуге, зәрінің аз бөлінуіне шағымданады. Анамнезінде 1 ай бұрын лакунарлы баспамен ауырған. Қарап тексергенде: беті ісінген, бозғылт. Жүрек тондары аздап әлсіреген, ритмі дұрыс. Пульсі 55 рет мин. АҚҚ 155/100 мм.сын.бағ. Тәуліктік диурезі 550 мл. ЭТЖ 26 мм/сағ. Лейкоциттер 9,6х109/л. Қан креатинині 154 мкмоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,018, белок-2г/л, эритроциттер 35 көру аймағында. Шумақтық фильтрациясы 68 мл/мин. Нечипоренко сынамасы бойынша: эритроциттер 6700, лейкоциттер 240, эритроцитарлы цилиндрлер – 65. Клиникалық диагнозын қойыңыз://
|
|||
|