Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жамбыл шығармалары – халық ауыз əәдебиетінің қайнар көзі екендігін дəәлеледеп жазыңыз.



1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дəәлелдеп жазыңыз.

Қазақ поэзиясының қиыншылықтары мол жылдары – Қазан төңкерсінен кейінгі жиырмасыншы жылдар болды. Бұл жылдарда ақындарымыз əәрқилы шығармашылық тағдырды бастан кешірді. Қоғамға, уақытқа деген көзқарас дараланып, қазақ əәдебиетінде сан алуан поэзиялар дүниеге келді. Осы тақырыпта өлең жазғандардың қатарында Алаш рухты əәдебиеттің іргетасын қалаған ақындарымыз А.Байтұрсынов пен М.Дулатов та болды. Бірі «Маса» боп шақса, екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар салды. Ақындарымыздың өлеңдерінде қандай идея үндестігі жатыр?

«Маса» мысалының басты сарыны – бостандық арманы, ел тағдыры, халық қамы екені белгілі. Негізінен масаның бар күші – шағу, ал ісі – адамды ұйқыдан ояту екенін барлығымыз білеміз. Біздіңше, бұл арада А.Байтұрсынов оқырманына масаның түсі мен күшіне назар аударта отырып, осы өлеңдер жинағына сипаттама жасаған тəәрізді. Олай дейтініміз, кейінгі өлең жолдарында осы масаның түстеріне арнайы тоқталып, мұны да тұспалдап жеткізеді. 

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Сонымен, бұл арада «аяқтары ұзын маса» түсінің сап-сары болуы ақынның ұлт мүддесін ойлаған сары уайымы десек те болады. Ал «біздің» дегені өз үнінің «Оян, қазақ!» деп жар салған алаш азаматтарымен ортақтасып жатқанын білдіртсе керек. Осындай талма тұста ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстандарымыз қатарында болған М.Дулатовтың кітабының алғашқы жолдарын оқып көрсеңіз:

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бəәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды қадари хал көрсетсеңші,

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.

Осындағы «оян» сөзі – автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысаны.

Жекебастың, əәлеуметтік топтың, белгілі топтың мүддесі емес, ақынды толғандырар мəәселе – халықтың тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы. Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай, Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.

ƏӘр халық алға кетіп жатса дағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай...

Халқының басындағы ауыр қасіретті айқын көріп, дəәл басып айта білген ақын енді содан айықтыру жолдарын іздейді. Сол дəәуірде бел алған қыру-жою, қантөгісті мадақтаған төңкеріс идеясы емес, адами игіліктерді, дін, иман жолын əәспеттеп, білімге, адамгершілікке, оқуға, мəәдениетке үндеу – жас ойшыл таңдаған арна.

Қорытындылай келе, қиын қыстау кезеңде өз халқы үшін барын салған екі ақынымыздың мақсаты бір, яғни өз ұлтын оятып, оқу-білімге, адамгершілікке үндеу болды. Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-əәрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Жамбыл шығармалары – халық ауыз əәдебиетінің қайнар көзі екендігін дəәлеледеп жазыңыз.

Халық поэзияларының көпшілігі ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеуі де басқаша, байырғы тілдермен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дəәрежесіне көтеріледі.

Кеңес дəәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығызбайланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дəәуірдің өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дəәуірде де таныта білген жүйрік ақын. Өзінің көзі тірісінде-ақ «Поэзия алыбы», «Жыр күмбезі», «Өлең сөздің пірі», «Алатау сынды ақсақал», ал тоқсаннан асқан кезінде «ХХІ ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абай ақынымыздың құрдасы Жамбыл – халық ауыз əәдебиетінің қайнар көзі.

Ақынымыздың жас кезінде шығарылған жырларының көбі жазылмай, жоғалып кеткен. Өлеңдерінде қазақ ауылдарының тіршілігі, əәр түрлі адамдардың мінез-құлқы, бай-болыстардың іс-əәрекеттері туралы сөз қозғалады. Шығармаларының көбі айтыстар, арнау, мысқыл өлеңдер болып табылады. Жамбылдың үлкен ақындық өмірі ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан, яғни қазақ қауымы үшін ауыр кезеңде Ресей отарлаушылары екі елге де өктемдік жүргізіп, əәбден тізесін батырған, халық көптеген қиыншылықтарға тап болып, тығырыққа тірелген дəәуірде басталды. Бұл отарлаушы өкімет ел арасында алауыздықты туғызу үшін сайлау жүйесін ойлап тауып, жергілікті халықтарды билікке таластырып қоятын тұсы да осы кез еді. Осы уақытта отарлаушы жүйеге байланысты халықтың рухани қарсылықтарын ел ақындары ғана жеткізіп айта алатын. ƏӘдебиет өкілдері тек ақындық міндетін атқарып қоймай, ұлттың жағдайын ойлап, күйзелген қайреткердің де рөлін атқарды. Бір қоғамда өмір сүріп, белгілі тарихи оқиғаларды бастан кешірген, қайраткерлік міндет арқалаған ақын сол дəәуірдің өзін туғызды. Сондықтан ақынның шығармаларында сол тарихи шындығы көрініс тапты.

Жамбылды нағыз ақын ретінде елге танытқан, оның есімін бүкіл Қырғызстанға, Сыр бойына, Жетісуға таратқан – сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырыпсалмалық өнерін шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді жəәне тақырып аясын кеңейтті.

Қорытындылай келе, екі өмірді көрген Жамбыл кешегі мен бүгінгі күннің бар шындығын шынайы жырлай білсе, ертеңгі күннің жарқын жарқын болашағын да солай жырлайды.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.