Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дPлелдер келтіре талдап жазыңыз.



№11 М.7уезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берілген Pке тPрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттерді дPлелдеп жазыңыз.

   

Ұлы ақын <рі ағартушы Абай Құнанбайұлының қилы тағдырының мыңмен жалғыз алысқан ғибратты ғұмырын сипаттайтын, бізге ұлы ақынның өмірімен таныстыратын «Абай жолы» романы екені анық. Төрт томнан тұратын шығармада ұлы Абайдың керуен жолындай шұбырған өмірінің барлық кезеңдері бір арнаға тоғыстырылған. Абайдың отбасына, халқы мен жауыз болыстарға деген <р түрлі көзқарасы мен ел арасындағы шиеленісті оқиғалар көрініс тапқан бұл романда <кенің балаға деген ықпалы өз алдына бөлек <ңгіме.

Абайдың <кесі Құнанбай өз ортасынан биік, жоғары тұрған жоталы, атын естігенде денең түршігетін азулы тұлға болған деседі. Құнанбайдың Абайдай ардақты азаматтың білім қуып, халыққа пайдасын тигізгенін емес, өз жолын қуып, билік тізгінін оның қолына ұстатқысы келеді. Алайда өмірде б<рі өз дегенің бола бермейтіні анық. Сол себептенде Абай өзінің жаңашылдық бағытын таңдады, елге еңбек етіп, адал нан тауып жегісі келген еді. Алайда бұған қарсы болған Құнанбайдың бейнесі, <деттегі түсінікпен алып қарағанда, жағымсыз кейіпкер. Бұл расында да солай ма? <лде кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы болған Құнанбай т<різдестер жаңаның жолына тосқауыл қойып, жолатпай баққан жоқ па?

Бұл түйткілді м<селені де шешіп көрелік.

Негізінен, менің ойымша, Құнанбайдың осындай қатал да <рі салқынқанды, жауыз болып кетуінің бірден бір себебі қолындағы билігі болса, екіншіден өз дегенін баласына да істету деп түсінемін. Өз тұқымы болғандықтан Абайды Құнанбай өзі жаққан болыстықтың алауына тартқысы келді. Бірақта <кенің дегенімен келісіп, айтқанына жүрмейтін жаңашыл Абайдың ұшқыр ойы қазақ даласын надандықтың бұғауынан босатуға деген жұмсалған күш деп есептеймін. Алайда Абайдың осындай д<режеге жетіп, өркендеуінің себебі <ке т<рбиесінде жатқандай.

Zдетте шығармада жағымсыз кейіпкерлердің дөрекі, дөкір тұстары беріліп, оның залымдық <рекеттері <шкереленіп суреттелсе, бұнда керісінше Құнанбайдың алыстағыны болжай білетін көрегендігі, сөздің түбін түсіреті шешендігі, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қысырма сұғын қадағанды сілетпей тынбайтын, абдыратпай қалмайтын ақылды

<рі сырты суық болғанмен іші жылы кісі екені байқалады. Тек билік қамытын киген қатал

<ке ұстанымы өзгермеген ғой, шіркін! «Zке көрген оқ жанар» демекші, Абайдың да Құнанбайдай нардың т<рбиесін көргендігі оның бар болмысы, тұлғалық қасиеттерінен, шығармаларымен қатар айтқан ақылы мен жазған насихатынан анық аңғаруға болады. оның атаның ұлы емес, адамның баласы болуы да, елге танылып, артынан м<ңгі өшпес із қалдыруы да осының айқын д<лелі болып табылады.

Сайып келгенде, қазақ үшін <кенің балаға деген т<рбиесі – адамзат болып қалыптасу жолындағы алтын діңгек іспеттес. Ата д<стүрінен аттамаған Құнанбай да баласының адам болып, жалындаған жас болғанын қалағандықтан т<рбиесіне ерекше назар аудара білген.

Бұны неде болса тұлғалық даралық деп атағанымыз жөн.

№12 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек басынан өткен жайлар бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін дPлелдеп жазыңыз.

Қазақ жазушыларының арасында елеулі орын алатын Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан

небір кереметтей дүниелер туған. Соның бірі де бірегейі, өзіңді баурап алатын оқиға көркемдігінің б<рі де өмірден алынған туындысы – «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» романы – қазақ аулындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың д<стүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс – <рекеті мен қарым – қатынасын, <сіресе, негізгі кейіпкер – Ақбілектей батыр қыздың қуанышынан қасіреті мол өмір жолы жайында мұң мен шер, толғанысы мол сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде <леуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеріске ұшыраған кезін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі десе болады. Сонымен қатар халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысып, ел мен жер, келешек күндерге деген үміті мен сенімі серпінмен шабытты, көркем кестеленген. Кейіпкерлердің мінезі мен келбеті, іс <рекеттері нанымды жеткізілген. Ал осы қазақ ауылының басынан өткен жайлар Ақбілек басынан өткен жайлармен қандай байланысы бар? Бұл бүкіл халықтық трагедияның көрінісі бола ала ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір тірлігі, ақ гвардияшылар <рекеті кең көрініс береді. Негізінен романда көрсетілген басты м<селе қазақ қызының күрделі тағдыры мен <йел теңсіздігі арқылы сол кездегі халық тағдырын айқын жеткізуде жатқандай. Менің ойымша, Ақбілектің басынан өткен жайлардың барлығы да бүкіл халықьық трагедияның бір ұшқынындай. Себебі, қызды ақ солдаттардың алып қашуы, оны қара мұрт офицердің ойына келгенін жасауы бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, кейін ел бетін көре алмай қиналуы, туған <кесінің Ақбілектен жиіркенуі, атастырған <рі сүйген жігітінің айнып қалуы, ел жұртының біртүрлі аяушылықпен қарауы б<рі де қызын алақанында аялап өсірген қазаққа өлімнен де ауыр жаза. Оның үстіне орысты «к<пір» деп қарайтын ұғым бар. Сол «к<пірдің» қолына түсіп, соған қатын болған деген сөз ауырлата түседі. «К<пірмен» шатасу діннен безу, арам <рі адал атқа сызат түсіретін н<рсе еді. Ал бұдан құтылатын тек бір жол бар, ол жаңа заман өзгерістері легіне ілесіп, білім іздеп, оқу. Ақбілек осыны пайдаланып, қалаға барып, адам болып, өткеннің қалдығын өткенге қалдырып, көзі ашылады, өзінің бақытын таба алады.

Қорыта келе, бұл шығарма арқылы Жүсіпбек роман арқылы, бір қыздың тағдыры арқылы сол кездеге халық тағдырын жеткізгендей. Қыз басына түскен ауыртпалықты қазақ басына түскен қиыншылық ретінде суреттеп, содан құтылудың жолы жарық с<улеге ұмтылып, білім алу деп бізге жеткізгендей. 

 

13. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дPлелдер келтіре талдап жазыңыз.

Қазақ <дебиетнде өзіндік орны бар тұлға Ілияс Жансүгіроатың жазушылық кемелденуінің сапалық бір белгісі, шоқтығы биік шығармасы «Құлагер» поэмасы.  

 Бұл поэмада ақын қазақ халқының өмірін, өткен оқиғаларды бейнелегенде даму, өзгеріс үдерістеріне тарихи тұрғыдан қарап, <леуметтік қоғамдық м<селелерді Ақан өмірі арқылы астарлап жеткізеді. «Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған!» деп Ақан сері мен оның өмірлік серігіне айналған тұлпары Құлагерді д<ріптеп, елге танымал үздік өнер иесінің қайғылы <рі серілік тағдырын д<л суреттейді. 

Ілиястың «Құлагер» поэмасын оқи отырып, біз осы шығармаға арқау болған негізгі оқиға Арқаның атақты <ншісі Ақан серінің адал серігіне айналған тұлпары Құлагерінен айырылған қайғылы оқиғасы деп түсінеміз. Жауыздық пен қастандықтың құрбанына айналған Құлагерінен айырылу өміріндегі ең ауыр соққы болып тиеді. Алайда, бұл поэма, сырт қарағанда, ақынның с<йгүлігі Құлагерге арналған, соған байланысты туған сияқты. Ақынның өзі де: «Zңгіме Ақан емес, Құлагер ғой, Осыдан бастамақшы ек сөзің басын» деп шығармаға өзек болған Құлагер оқиғасы дегенді ны меңзейді. Бірақта, ақын осы оқиғаны арқау етіп, халық тағдырын қалай суреттеген? Бұнда қандай тарихи оқиғалардың ізі жатыр? Ақын қашанда тарихы терең халықтың өткен замандағы көрген қорлық зорлықтарын айтудағы мақсат бүгінгі ұрпақтың кегін қозғау екенін өзінің нысанасы ретінде ұстағанымен, бұл шығармада тарихтың қанды беттерін толық ашып айта алмайды.

Менің ойымша, бұның себебі бұл поэма жазылған кезде халықтың ұлттық ардақтыларының еңбектерін, ұлттық салт д<стүрін патша үкіметі «ұлтшылдық» деп жариялап, тежеу салуында деп білемін. Сондықтанда жазушы осындай жайттарды астарлап жеткізген деп ойлаймын. Ал екіншіден, Сағынай асы үстіндегі қазақ тіршілігінің бүкіл <леуметтік кескінін, сол заманның шындығын, <дет ғұрпымен қатар, қазақтың басынан өтіп жатқан тоталитарлық үкіметтің қыспағын, отаршылдықтың кесірінен көрген қазақ тағдырын, кедейленген шаруалар мен байлардың сараң мінезінде ашып айтады. 

Үшінші себебі деп, сол замандағы арам пиғылды адамдардың былғанышты істерін бір адамның бойынан тауып, Балташ сияқты ашкөз, көреалмаушылық қасиеттерін де <шкерелейді.

 Қорыта келе, ақынның <р шығармасында құнарлы өзгешеліктер, ізденістің арқасында суреткер тапқан тамаша жаңалықтар астасып келетін бұл туындыда Ілияс ерекше шеберлік таныта білді. Бір жағынан Ақан өмірін арқау етіп, бізді асыл қасиеттерге т<рбиелесе, екінші жағынан бұл оқиға арқылы бізді керуеннің көшіндей ілгері басып бара жатқан тарихтың бір бөлігімен таныстырып, өр рухпен бойымызға жалынды намыс ұялатқандай.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.