Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дPлелдеп жазыңыз.



№10 О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі реализм мен романтизмнің астасып келуін дPлелдеп жазыңыз.

Романтизм мен реализм бір – біріне қарама қарсы <деби бейнелеу т<сілдеріне жатпайды. Бірақ екеуі екі бөлек дүние деп қарастырылады. Мысалы, алғашқысы шындыққа жанасымды келсе, кейінгісінің романтикалық сарыны басым. Алайда кез келген шығармада олар ажырамас бірлікте болуы бек мүмкін. Академик Зейнолла Қабдоловтың сөзімен айтсақ, <р суреткер осынау екі <дістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол не таза реалист, не таза романтик болуға ти<с деп түсінсек қателеспес едік.

Қай кезде жасамасын, б<рібір барлық қазақ жазушылары жайлы осыны айтуға болар еді: б<рінің шығармашылығында реализм мен романтизм астасып жатады. Сөзімнің д<леліндей, Оралхан Бөкейді алып қарасақ.

Кейбір зерттеушілер О.Бөкейдің шығармашылық өсу жолында «романтизм мен реализге қарай бет бұру» байқалады дейді. Бірақ осыған қарап жазушы шығармашылығының өсу жолында романтизмнен реализмге қарай толық көшу деп түсіну керек. Алайда жазушының алғашқы қаламынан туындаған шығармаларындағы романтикалық сарын кейіннен реалистік прозаға ұласты деуге <бден болады. Оны біз Оралхан Бөкейдің ескі аңызға орай жазылған «Қар қызы» повесі арқылы талдап көрелік.

Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатында шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығымен қатар қыстағы ауыл көрінісі реалистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ кейіпкер Нұржанның сол сапарға шыққандағы негізі мақсаты шөп жеткізу емес, аңызға айналып, сағымдай болған қар қызын көру еді. Романтикалық сипат осы кезде толығымен ашылады. Себебі, Нұржанның сезімге бой алдырып, қызды көруге ынтығуы шығармаға ерекше өрнек қосқандай. 

Менің ойымша, «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі автордың көрген түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары <сер еткені байқалатындай. Себебі, кеіпкер Нұржанды тани отырып, Оралхан Бөкейдің болмысын анық танығандаймыз. 

Қорыта келе, осы оқиғаның жазушы өз басынан өткізгендігін тани отырып, өмірде түйгендерін қорытып, жасақтау арқылы романтизм мен реализм тұрғысында жеткізе алу жазушы шеберлігі екенін айқындайтындай.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.